Төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері және жер учаскелері уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген кезеңдер туралы және төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензияның қолданылу кезеңі, блоктардың сәйкестендіруші координаталары және олардың дара кодтары туралы мәлiметтер нысандарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 377 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16706 болып тіркелді.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 559-бабы 3 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері және жер учаскелері уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген кезеңдер туралы мәліметтер нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензияның қолданылу кезеңі, блоктардың сәйкестендіруші координаталары және олардың дара кодтары туралы мәлiметтер нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      Ө.Е. Шөкеев _____________

      20__ жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      Ж.М.Қасымбек______________

      20__ жылғы "___" __________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 наурыздағы
№ 377 бұйрығына
1-қосымша
нысан

Төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері және жер учаскелері уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген кезеңдер туралы мәліметтер Есепті кезең 20___ жыл___тоқсан

      Индексі:

      Кезеңділігі: тоқсандық

      Ұсынатын тұлғалар тобы: жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында – жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері, жергілікті атқарушы органдар

      Қайда ұсынылады: : аумақтық мемлекеттік кipicтep органдарына

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей

Жер учаскелері уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алу құқығына акт жасалған заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), заңды мекенжайы

Б С Н / Ж С Н

Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші бойынша коды

Жер учаскісінің орналасқан жері

Жер учаскісіне құқық белгілейтін құжаттың атуы, номері, күні

Жер учаскелері уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алу құқығына жасалған актінің номері,күні

Жалға алу мерзімі (күнмен)

Аяқталу күні

Жер учаскісінің нысаналымақсаты

Жер учаскісінің кадастрлық номері

Жер учаскісініңбағалау құны (болған кезде)

Жер учаскісінің ауданы, шаршы м.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13















ЖИЫНЫ:












      _______________________________________________________ ___________

      Басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)       (қолы, МО)

      _______________________________________________________ ___________

      Мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды тұлғаның тегі,       (қолы)

      аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Жасалған күні "___" ____________________ 20___ ж.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 наурыздағы
№ 377 бұйрығына
2-қосымша
нысан

Төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензияның қолданылу кезеңі, блоктардың сәйкестендіруші координаталары және олардың дара кодтары туралы мәлiметтер Есепті кезең 20___ жылғы___тоқсан

      Индексі:

      Кезеңділігі: тоқсандық

      Ұсынатын тұлғалар тобы: жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар

      Қайда ұсынылады: аумақтық мемлекеттік кipicтep органдарына

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей

Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығына акті дайындалған салық төлеушінің атауы, тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), заңды мекенжайы

БСН/ЖСН

Объектінің атауы

Объектінің орналасқан мекен жайы (облас)

Лицензия түрі

Лицензия №

Лицензия берілген күн

Лицензияның қолданыс кезеңі

Өндіруге

Барлауға

Блоктар саны

Блоктардың сәйкестендіруші координаттары

Жекеленген кодтар

Ауданы, ш.км

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13















Жиыны:












      _______________________________________________________ ___________

      Басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)      (қолы, МО)

      _______________________________________________________ ___________

      Мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды тұлғаның тегі,            (қолы)

      аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Жасалған күні "___" ____________________ 20___ ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады