Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 207 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 сәуірде № 16722 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 31 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 30 наурыздағы
№ 207 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім нысанын және оны қабылдау және тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14800 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 22 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) өтінім беруші – арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе еркін қойма иесі ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар ұсынуға өтінім берген, моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;

      2) арнайы инвестициялық жоба – арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойма иесі ретінде тіркелген, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған және (немесе) іске асыратын инвестициялық жоба не болмаса моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған жоба.".

      2. "Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14806 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 22 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартында:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) арнайы инвестициялық жоба – бұл Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде тіркелген немесе Қазақстан Республикасының Кеден заңнамасына сәйкес еркін қоймалар иесі ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған және (немесе) іске асырып жатқан инвестициялық жоба немесе моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған жоба;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы арнайы инвестициялық келісімшарттың мәні Заңды тұлғаға:

      арнайы инвестициялық жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасында көзделген, осы Арнайы инвестициялық келісімшартқа қосымшаға сәйкес дайын өнімді өндіру үшін импортталатын технологиялық жабдықты, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерін, шикізатты және (немесе) материалдарды, сондай-ақ дайын өнім құрамындағы шикізатты және (немесе) материалдарды кедендік баждар салудан босату;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың немесе еркін қойманың аумағында өндірілген дайын өнім құрамындағы тауарлар импортының қосылған құнына салық төлеуден босату түрінде инвестициялық преференциялар беру болып табылады;";

      3-тармақ алып тасталсын;

      3. "Арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың және бұзудың қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 8 ақпандағы № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14801 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 23 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың және бұзудың қағидалары мен шарттарында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) арнайы инвестициялық жоба - арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе Қазақстан Республикасының Кеден заңнамасына сәйкес еркін қойма иесі ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған және (немесе) іске асырып жатқан инвестициялық жоба немесе моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған жоба;

      2) арнайы инвестициялық келісімшарт - арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар ұсынуды көздейтін шарт;

      3) өтініш беруші - арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе еркін қойма иесі ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар ұсынуға өтінім берген моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Арнайы инвестициялық келісімшарт өтініш беруші мынадай шарттарға сәйкес келген жағдайда жасалады:

      1) өтініш беруші арнайы экономикалық аймақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенде;

      2) өтініш беруші Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойма иесі ретінде тіркелгенде;

      3) өтініш берушімен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасалғанда.".

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 30 наурыздағы
№ 207 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 6 ақпандағы
№ 74 бұйрығына
1-қосымша
  нысан

Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім

      (арнайы экономикалық аймақ қатысушысы немесе еркін қойма иесі немесе моторлы

      көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан заңды тұлға) болып

      табылатын _______________________________________________________________,

      (заңды тұлғаның атауы)

      арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар

      беруге арналған осы өтінімді жолдайды.

      Қосымша:

      1) __________________________________________

      2) __________________________________________

      3) __________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке куәлігінде болған жағдайда) және лауазымы)

      _________________________________

      (қолы және мөр (болған жағдайда))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады