Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 64 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 сәуірде № 16746 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 34 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14764 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидаларында:

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бастапқы тұрғын үй – құрылыс салушыдан (тапсырыс берушіден) немесе құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) тұрғын үйін өткізетін басқа заңды тұлғалардан сатып алған кезде меншік құқығы бірінші рет тіркелетін жылжымайтын мүлік объектісі (салынған объектідегі пәтер, жеке тұрғын үй);";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Субсидиялау жылдық 16 %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша ЕДБ беретін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ғана жүзеге асырылады.

      7. Субсидия тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінен жылдық 6 %-ға дейін, Бағдарламаның "Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту" деген кіші бөліміне сәйкес пилоттық жоба шеңберінде тұрғын үй сатып алған кезде тұрғын үй ипотекалық қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінен жылдық 7 %-ға дейін қайтарылады.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Субсидиялар қаржы агенті арқылы жіберіледі, оның көрсеткен қызметіне ақы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен төленеді.

      Түпкілікті қарыз алушыларға аударылатын субсидиялардан жеке табыс салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарын ескере отырып, республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Субсидияланғаннан кейін қарыз алушы үшін сыйақының түпкілікті мөлшерлемесі ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша жылдық 10 %-дан аспайды, Бағдарламаның "Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту" деген кіші бөліміне сәйкес пилоттық жоба шеңберінде тұрғын үй сатып алған кезде ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5 %-дан кем емес болады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қарыз алушы үшін міндетті шарттар:

      Бағдарламаның "Ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру" деген кіші бөлімі шеңберінде тұрғын үй сатып алуға арналған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша кредиттеу мерзімі – 180 айға дейін;

      "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҚТҚЖБ) ішкі құжаттарына сәйкес Бағдарламаның "Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту" деген кіші бөліміне сәйкес пилоттық жоба шеңберінде тұрғын үйді сатып алу үшін тұрғын үй ипотекалық қарыздары бойынша кредит беру мерзімі;

      ЕДБ-ға өтініш берген қарыз алушының шотында сатып алынатын тұрғын үй құнының кемінде 30 %-ы мөлшерінде қаражаттың болуы және/немесе сатушыға қаражат төлеу туралы растайтын құжаттарының және/немесе қарыз алушыға немесе үшінші тұлғаға тиесілі жылжымайтын мүліктің құнымен бірдей қосымша кепіл затының болуы;

      ҚТҚЖБ-ға өтініш жасаған қарыз алушының банктік шотында сатып алынатын тұрғын үйдің құнынан кемінде 30 % қаражатының болуы;

      нысаналы мақсаты – бастапқы тұрғын үйді сатып алу;

      субсидиялауға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызының ең жоғарғы сомасы тұрғын үйді Алматы және Астана қалаларында сатып алған кезде – 20 млн. теңгеге дейін, ал басқа өңірлерде – 15 млн. теңгеге дейін қоса алғанда;

      Бағдарламаның "Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту" деген кіші бөліміне сәйкес пилоттық жоба шеңберінде тұрғын үйді сатып алу үшін субсидияланатын ипотекалық тұрғын үй қарыздарының ең жоғарғы сомасы – 20 млн. теңгеге дейін қоса алғанда;

      ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу ай сайынғы аннуитетті немесе сараланған төлемдермен және ЕДБ-нің ішкі қағидаларына сәйкес әр айдың 10 (он) күніне есептелген қарызды өтеудің өзге де әдістерімен жүзеге асырылады (егер өтеу күні демалыс не мереке күндеріне келсе, өтеу одан кейінгі жұмыс күнінде жүргізіледі).";

      17-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Бағдарламаның "Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту" міндетінің шеңберінде 5 (бес) жыл өткеннен кейін алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздары бойынша, сондай-ақ тұрғын үй қарызына ауысқан кезде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тоқтатылады. ҚТҚЖБ Бағдарламаның көрсетілген бағытына қатысатын кезекте тұрғандарға ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен жеке тұрғын үй сатып алу үшін қарыз береді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Ипотекалық тұрғын үй қарызын беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда ЕДБ шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне АТҚАЖ арнайы бөлінген қорғай алатын байланыс арнасы (не ЕДБ мен қаржы агенті белгілеген электрондық құжат айналымының өзге де тәртібі) бойынша ЕДБ-нің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған қарыз алушыға субсидия беру туралы қолдаухатты мынадай сканерден өткізілген құжаттармен бірге жібереді:

      ипотекалық тұрғын үй қарызын алуға арналған өтініш;

      қарыз алушының сауалнамасы;

      субсидия алуға арналған өтініш;

      қарыз алушының жеке басын куәландыратын құжат;

      ипотекалық тұрғын үй қарызын беру бойынша ЕДБ-нің уәкілетті органының шешімінен үзінді көшірме;

      сатып алатын жылжымайтын мүлікке және қосымша кепілдікті қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарды (ол бар болған жағдайда);

      құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) тұрғын үйін заңды тұлғалардың өткізу құқығын растайтын құжат;

      ЕДБ-ға өтініш берген қарыз алушының сатып алынатын тұрғын үйдің құнынан кемінде 30 % мөлшерде қаражатының және/немесе сатушыға осы соманы төлемді бергенін растайтын құжаттардың болуы;

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 болып тіркелген) Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын жылжымайтын мүлікке және қосымша кепілдікті қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке (ол бар болған жағдайда) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Қаржы агенті қарыз алушылардың төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын әр айдың 9 (тоғызы) күнінен кешіктірмей аванстық төлемдермен ЕДБ-дегі ағымдағы шотқа субсидия аударады (егер өтеу күні демалыс не мереке күндеріне түссе, аудару одан кейінгі жұмыс күнінде жүргізіледі), қарыз алушының кодтарын көрсете отырып, электрондық пошта арқылы қаражаттың аударылғаны туралы аванстық төлемдер төленген күннен кешіктірмей өкімнің (бұдан әрі – өкім) көшірмесін жіберу арқылы ЕДБ хабардар етеді.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. ЕДБ ай сайын субсидияны есептен шығарғаннан кейін келесі күні қаржы агентіне АТҚАЖ-ның арнайы бөлінген қорғай алатын байланыс арнасы (не ЕДБ мен қаржы агенті белгілеген электрондық құжат айналымының өзге де тәртібі) бойынша электрондық нысанда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушылардың ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша міндеттемелерді орындауы туралы тиісті тізілім (бұдан әрі – тізілім) жібереді, кейіннен оны уәкілетті тұлғаның қолы қойылған, ЕДБ-нің мөрімен расталған қағаз тасығышта жібереді.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Қаржы агенті қазіргі ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және субсидиялануы мақұлданған жаңаларын субсидиялауға қайта жіберу үшін субсидиялануы тоқтатылған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша, сондай-ақ ішінара өтелген және/немесе мерзімінен бұрын толық өтелген қарыздары бойынша субсидиялар қаражатын ағымдағы шоттан операторлық шотқа қайтаруды қамтамасыз етеді.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Негізгі борышты ішінара не мерзімінен бұрын толық өтеу үшін қарыз алушы ЕДБ-ге негізгі қарыз бойынша және сыйақы мөлшерлемесінің субсидиялауға жатпайтын және субсидияланатын бөлігі бойынша соманы қарызды өтеу күні салады. Бұл ретте, сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінің есептелген сомасы ЕДБ-нің қаржы агентінің дебиторлық берешегіне жатады.

      ЕДБ мерзімінен бұрын өтеу күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыйақының бір бөлігі субсидияланатын қарыздың сомасы мерзімінен бұрын өтелген кезде қаржы агентінің қарыз алушы төлеген бөлігін қайтаруы мақсатында қаржы агентін қарыздың ішінара не мерзімінен бұрын толық өтелгені туралы хабардар етеді. Қарыз ішінара мерзімінен бұрын өтелген жағдайда ЕДБ ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша төлемдердің жаңа кестесін ұсынады.

      Қаржы агенті 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыйақының субсидияланатын сомасын өтеуді жүргізеді.";

      46-тармақ алып тасталсын;

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Банктік қарыз шартының субсидиялау шарттарына байланысты емес шарттарын өзгертуді қарыз алушы тиісті қосымша келісім жасаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей қаржы агентіне кейіннен хабарлама берген жағдайда ЕДБ дербес жүзеге асырады.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Қаржы агенті мынадай жағдайларда:

      1) қарыз алушы төлемдер кестесіне сәйкес, оның ішінде сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігінің сомасын өтеу бойынша ЕДБ-нің алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерін күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен артық орындамаған;

      2) қарыз алушының ағымдағы шоттарының қатысуынсыз субсидияланатын сыйақыны өтеуді пайдалану жағдайларын қоспағанда, қарыз алушының банктік шотындағы ақшаға тыйым салынған жағдайларда субсидия аудармайды.

      Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайлар туындаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ЕДБ қаржы агентін хабардар етеді.

      Қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша мерзімі өткен берешек өтелген немесе оның шотынан тыйым салу және (немесе) шектеулер алып тасталған жағдайда қаржы агенті субсидиялардың төленбеген сомасын аударады.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Қаржы агентіне қызметтер көрсеткені үшін комиссия төлеу уәкілетті орган мен қаржы агентінің арасында жасалған қызметтер көрсетуге арналған шарттың негізінде жасалады.";

      2) "Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14765 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау қағидаларында:

      3-тармақта:

      6) тармақша алып тасталсын;

      8) тармақша алып тасталсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) өңірлік үйлестіруші – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала деңгейінде) деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;";

      "13) жоба – объектінің жалпы алаңының 40 %-нан аспайтын, коммерциялық алаңдардың (бар болған жағдайда) үлесі бар тұрғын үй құрылысының объектісі, пайдалануға берілмеген, Бағдарламада және осы Қағидаларда айқындалған шарттарда субсидияланатын кредит есебінен қарыз алушыға өткізілетін жеке тұрғын үй";

      17-тармақша мынадай редакцияда толықтырылсын:

      "17) орган – жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын жүргізетін орган.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қарыз алушының қатысуы үшін міндетті шарттар:

      нысаналы мақсаты – тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға айналымдағы қаражатты толықтыру және/немесе инвестициялау, тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін айналым қаражатын толықтыру және/немесе инвестициялау үшін бұрын берілген кредитті қайта қаржыландыру;

      кредит валютасы – теңге;

      субсидиялаудың ең ұзақ мерзімі 36 айға дейін қоса алғанда.

      Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенті алғашқы субсидиялау шартына қол қойған күннен бастап белгіленеді.

      Жаңа кредиттерге ӨҮК-ге жобаны енгізгенге дейінгі 18 айдың ішінде бұрын ЕДБ берген қайта қаржыландырылатын кредиттер жатады.

      Осы Қағидалар шеңберінде қаржыландырылатын жобаларға тікелей байланысты емес шығыстарға жол берілмейді.";

      12 және 13-тармақтар алып тасталсын;

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Осы Қағидалардың 5-тармағының шарттарын ескере отырып, Бағдарламаның "Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту" деген міндеті шеңберінде пилоттық жобаларды іске асыруға кредиттерді субсидиялауға рұқсат етіледі.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. ЕДБ-ның оң шешімін алған қарыз алушы өңірлік үйлестірушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға арналған өтініш-сауалнамамен (бұдан әрі – өтініш – сауалнама) жүгінеді, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (мөрмен және қол қоюмен расталған көшірме);

      2) іске асырылатын жобаның (жобаның құрылысына рұқсат беру құжаттамасы, бизнес-жоспар қоса берілген еркін нысанда қалыптастырылады) сипаттамасы;

      3) тиісті өңірдің органынан жобаға кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы;

      4) объекті бойынша ақпарат (таныстыру, жарнамалық материалдар, пәтерлердің жобалары, пәтерлердің саны мен алаңдары), оның ішінде электрондық тәртіпте;

      5) Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда жобаны іске асыру үшін кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар ЕДБ хаты;

      6) ҚТҚЖБ-мен жобаның қаралғандығын растайтын құжат.";

      20-тармақ алып тасталсын;

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Ұсынылған құжаттар топтамасына ескертулер болған кезде өңірлік үйлестіруші үш күн мерзімде қарыз алушыға пысықтау үшін кемшіліктерді көрсете отырып қайтарады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. ӨҮК отырысы жобалардың қалыптасуына қарай өткізіледі, бірақ айына 2 (екі) реттен жиі емес. ӨҮК мүшелерінің саны он екі адамнан артық болмайды.

      ӨҮК қарыз алушының өтінішін кезектілік тәртібімен қарайды.

      ӨҮК-нің құрамына мүшелердің тақ саны кіреді. ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі қатысқан (кворум болған) жағдайда жүргізіледі. Шешімді отырысқа қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісі қабылдайды.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Өңірлік үйлестіруші ӨҮК мүшелері хаттамаға (хаттамадан үзінді-көшірмелерге) қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін (хаттамадан үзінді-көшірмелерді) мәлімет үшін қарыз алушыға, ЕДБ-ге және қаржы агентіне жібереді.";

      30-тармақ алып тасталсын;

      33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Қағидалардың 31-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде субсидиялау шарты уақтылы жасалмаған жағдайда, ЕДБ 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне және өңірлік үйлестірушіге ресми хатпен кешіктіру себептерін түсіндіре отырып хабарлама жібереді.

      34. Қаржы агенті:

      1) субсидиялау шарты бекітілген үлгілік нысанға;

      2) ӨҮК хаттамасы мен банктік қарыз шарты мазмұнының Бағдарламаның шарттары мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда субсидиялау шартына қол қоюдан бас тартады.

      Қаржы агенті аталған сәйкессіздіктердің бар екені туралы ескертулерді жою үшін осы Қағидалардың 31-тармағының 2) тармақшасында көзделген мерзімнен кешіктірмей өңірлік үйлестірушіге және ЕДБ-ге жазбаша нысанда хабарлама жібереді.

      Өңірлік үйлестіруші, ЕДБ қаржы агентінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, өңірлік үйлестіруші түпкілікті шешім қабылдау үшін ӨҮК-ге осы мәселені қайта шығарады.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. ЕДБ қаржы агентіне осы Қағидалардың 46 және 47-тармақтарында көзделген мерзімдерде уақтылы хабарламаған жағдайда, 30 (отыз) күнтізбелік күн өткен соң 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл санкцияларын төлейді.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Егер қарыз алушының қолданыстағы банктік қарыз шартының шарттары (сыйақы мөлшерлемесі, жеңілдік кезең, төлемдер төлеу бойынша жеңілдік кезең, мерзімін ұзарту, өтеу күні, қарыз алушының атауын өзгерту, борышты аудару, міндеттемелерді қайта құрылымдау) өзгерген жағдайда, ЕДБ өңірлік үйлестірушіге тиісті құжаттарды қоса бере отырып, тиісті хабарлама жібереді, ол 5 (бес) жұмыс күні ішінде мәселені ӨҮК-нің күн тәртібіне шығарады. Қараудың қорытындысы бойынша қарыз алушының қолданыстағы банктік қарыз шартына өзгерістер енгізу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылданады және шешімнің көшірмесі ЕДБ-ге, қаржы агентіне жіберіледі.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Осы Қағидалардың 53-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды анықтау мақсатында ЕДБ жоба іске асырылатын жерге барып, ЕДБ ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен есеп жасай отырып, қарыз алушының кредитті мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізеді.

      Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің қарыз алушы бекіткен жоспарынан 3 (үш) айдан астам артта қалған жағдайда, ЕДБ субсидиялауды тоқтату үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне хабарлама жібереді.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Қарыз алушының кредиті бойынша субсидиялауды қайта бастауға осы Қағидалардың 53-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайлар бойынша субсидиялауды тоқтату себептері жойылған кезде жол беріледі.

      Қарыз алушының кредиттік қаражатты мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ЕДБ сот тәртібінде осы Қағидалар шеңберінде жасалған субсидиялау шарты бойынша Қарыз алушы төлеген субсидияны қайтару бойынша шаралар қабылдайды.

      Субсидияның өндірілген сомасы қаржы агентінің операторлық шотына қайтарылуға жатады.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Қаржы агенті субсидиялауды қайта бастау туралы ӨҮК қабылдаған шешім бойынша тоқтатылған кезеңде төленбеген субсидияларды төлеуді жүргізеді.

      Осы Қағидалардың 53-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша субсидиялау тоқтатылған жағдайда, субсидия төлеуді қайта жалғастыру кредит бойынша мерзімі өткен күнінен бастап жүзеге асырылады.

      Қарыз алушыны субсидиялауды тоқтату туралы ӨҮК шешімі бар кредиттер қайта беруге жатпайды.";

      75-тармақ мынадай редакцияда толықтырылсын:

      "75. Қызмет көрсету үшін қаржы агентіне комиссия төлеу уәкілетті орган мен қаржы агентінің арасында жасалған қызметтер көрсетуге арналған шарттың негізінде жүзеге асырылады.";

      көрсетілген бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы " " ________


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы " " _________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы 31
қаңтардағы № 64 бұйрығына
1-қосымша
 
  Тұрғын үй құрылысы
мақсаттары үшін жеке
кәсіпкерлік субъектілеріне
екінші деңгейдегі банктер
беретін кредиттер бойынша
сыйақы мөлшерлемесін
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
 
  Нысан

      Қайда: __________ әкімдігіне

      кімнен ___________________________

      Субсидия алуға арналған № ____ ӨТІНІШ-САУАЛНАМА

      "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес Сізден ____________ кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау туралы мәселені Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына төменде көрсетілгендерге сәйкес шығаруға бастамашылық етуіңізді сұраймын:

1. Қатысушы туралы мәліметтер

ЖКС атауы


Құрылтайшы (лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Нақты мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу күні, нөмірі


Қызмет түрі


Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе бас компания


Жұмыс тәжірибесі


2. Басшылық

      Бірінші басшы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


Лауазымы


Жұмыс/үй телефоны


Туған жылы және жері


Жеке басын куәландыратын құжаттың №


Тұрғылықты (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      Бас бухгалтер (бар болған жағдайда)

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


Жұмыс/үй телефоны


Туған жылы және жері


Жеке басын куәландыратын құжаттың №


Тұрғылықты (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі



      Байланыс жасаушы тұлға

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы


Жұмыс/үй телефоны


3. Меншік иелері

      (құрылтайшы, қатысушылар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін - акциялардың 1 % және одан көп пайызына иелік ететін ортақ құрылтайшылар)

Атауы/ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

%

Деректемелері




4. Ағымдағы қызметі туралы ақпарат

Сала (ЭҚЖЖ сәйкес)


Кіші сала (ЭҚЖЖ сәйкес)


Өнімдер мен қызметтердің түрлері


Жылдық айналым


Соңғы есептік күнге пайда немесе шығын


Жұмыскерлердің нақты саны


Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)


Жобаны іске асыру орны (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


5. Банктік есепшоттар туралы ақпарат

      Банктік деректемелері (барлық қызмет көрсетілетін банктердегі барлық ағымдағы және жинақ шоттарын көрсету):________________________________________

6. Тарихы

      ЖКС-ның жұмыс процесінде пайдаланылған барлық қарыздар, өтелген, сол сияқты қазіргі уақытта өтелмеген қарыздар да көрсетіледі.

Кредитор

Сомасы

Берілген күні

Сыйақыны өтеу шарттары

Негізгі қарызды өтеу шарттары

Банктік қарыз шарты бойынша өтеу мерзімі

Нақты өтеу күні

1







2







7. Қолданыстағы кредиттер туралы ақпарат

      Күні және валюта бағамы: ___/___

Р/с

Кредитор атауы

Банктік қарыз шартының деректемелері (№, күні)

Сыйақы мөлшерлемесі, %

Кредит валютасы

Кредит сомасы

Негізгі борыш бойынша берешек тің қалдығы, көрсетілген күнгі

Кредит мерзімінің аяқталу күні

Кредит мақсаты (қысқаша сипаттама)



















8. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы және ЖКС-ге қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат

Р/с

МБ /МҚШ атауы

МДИ атауы

Қосымша ақпарат





9. Кепілдіктер және келісімдер

      ЖКС өңірлік үйлестірушіге мыналарды мәлімдейді және мынадай кепілдіктер береді:

      1. Осы өтінішпен бірге не өңірлік үйлестірушінің сұрау салуы бойынша өңірлік үйлестірушіге тапсырылған (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама анық болып табылады және төменде көрсетілген күндегі шындыққа толығымен сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгертілген жағдайда, өңірлік үйлестірушіні дереу хабардар етуге міндеттенемін.

      2. Осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпаратты және құжаттарды өңірлік үйлестірушінің алғашқы талап етуі бойынша беруге және ашуға міндеттенеді.

      3. Өңірлік үйлестіруші көрсетілген куәландырулар мен кепілдемелердің дұрыстығын тексеруге міндетті емес.

      4. ЖКС-ға жалған, толық емес және (немесе) анық емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілігі туралы ескертілген.

      5. ЖКС-ның жарғылық құзыреттілігінің осы өтінішті осы өтінішке қол қоятын тұлғаға беруге мүмкіндік беретіндігін ЖКС растайды.

      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың анық еместігі анықталған жағдайда, көрсетілген деректердің анық еместігін растайтын мәліметтер анықталатын кез келген кезеңде осы өтініштің қабылданбайтындығымен келісемін.

      ЖКС өңірлік үйлестірушіге төмендегілер бойынша өз келісімін береді:

      1. Өңірлік үйлестіруші осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және ЖКС ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мемлекеттік органдарға (қаржы агентіне) ұсынады.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ өңірлік үйлестіруші талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін ғана ұсынылған.

      3. Өңірлік үйлестіруші ЖКС хабарлаған өзі туралы кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал ЖКС ұсынған құжаттар мен өтініштің түпнұсқасы субсидиялау берілмесе де, өңірлік үйлестірушіде сақталатын болады.

      4. Өңірлік үйлестірушінің осы өтінішті қарау үшін қабылдауы, сондай-ақ ЖКС-ның ықтимал шығыстары (субсидиялауды алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу шығыстары және басқа да шығыстар) өңірлік үйлестірушінің субсидиялауды беру немесе ЖКС көтерген шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді растаймын, кейін өңірлік үйлестірушіге наразылық білдірмеймін.

10. Қосымшалар

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)_______________________

      (қолы) Күні


Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЖКС

Жеке кәсіпкерлік субъектісі

ЭҚЖЖ

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономика секторы

МДИ

Мемлекеттік даму институттары

МБ

Мемлекеттік бағдарлама

МҚШ

Мемлекеттік қолдау шаралары

БҚШ

Банктік қарыз шарты


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы 31
қаңтардағы № 64 бұйрығына
2-қосымша
 
  Тұрғын үй құрылысы
мақсаттары үшін жеке
кәсіпкерлік субъектілеріне
екінші деңгейдегі банктер
беретін кредиттер бойынша
сыйақы мөлшерлемесін
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
 
  Нысан
 
  (өңірлік үйлестіруші толтырады)

ЖОБАЛАР ТІЗІМІ

      ЖКС қарауы үшін ________________________________ бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесі

Р/с

ЖКС атауы

Жоба атауы (сипаттамасы)

Заңды мекенжайы

Жобаны іске асыру орны

мың шаршы метр

1

2

3

4

5

6








Жиыны:





Жобаны іске асыру кезеңі

ЭҚЖЖ коды

ЭҚЖЖ секторының атауы

Кредит сомасы, теңге

Субсидия сомасы, теңге

7

8

9

10

11












Жұмыс орындарының саны

Басқа МБ-ға қатысу

МҚШ

факт

жоспар

МДИ атауы

МБ атауы

12

13

14

15

16







Өтініш берілген күн

ЕДБ атауы

ӨҮ атауы

17

18

19





      Қосымшалар: (ЖКС ӨҮ-ге берген өтініш және құжаттар топтамасы)

      1)._____________________________________________________________

      2)._____________________________________________________________

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЖКС

Жеке кәсіпкерлік субъектісі

ЭҚЖЖ

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономика секторы

МДИ

Мемлекеттік даму институты

МБ

Мемлекеттік бағдарлама

МҚШ

Мемлекеттік қолдау шаралары

ӨҮ

Өңірлік үйлестіруші


      Лауазымды тұлға ________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)


      Жауапты қызметкер_____________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

 
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы 31
қаңтардағы № 64 бұйрығына
3-қосымша
 
  Тұрғын үй құрылысы
мақсаттары үшін жеке
кәсіпкерлік субъектілеріне
екінші деңгейдегі банктер
беретін кредиттер бойынша
сыйақы мөлшерлемесін
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша

Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының _______________жөніндегі № ____ ХАТТАМАСЫ

Өткізілетін орны


Өткізілетін күні


Кеңес төрағасы


Қатысқан кеңес мүшелері


Қатыспаған кеңес мүшелері


Шақырылғандар


Кеңес хатшысы



      Күн тәртібі


Р/с

Мәселелер атауы






      Кеңес қарады:


Р/с

1-мәселенің атауы






      Кеңес ШЕШТІ:

      1. Мыналарға:

      1) "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес келуіне;

      2) ЖКС жобаларының төменде аталған тізіміне сәйкес мемлекеттік даму институттары арқылы басқа да қолдау шараларын қолданбауына байланысты субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдану мүмкіндігі мақұлдансын:

Р/с

Атауы

ЖКС

жоба

сала

ЕДБ

1

2

3

4

5







БҚШ

Кредит сомасы

Кредит валютасы

Кредит мерзімі

Нысаналы мақсаты

күні

6

7

8

9

10

11








Жоба атауы (сипаттамасы)

Сыйақы мөлшерлемесі (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі +5%)

Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігі

Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігі

12

13

14

15






Субсидиялау мерзімі, ай

Жоба бойынша мәлімет

Жобаның жалпы алаңы
(мың шаршы метр)

оның ішінде

ҚТҚЖБ салымшылары үшін тұрғын үйдің көлемі (жобадағы пәтердің 50%-нан кем емес), мың шаршы метр

коммерциялық бағыты бар тұрғын емес алаң (жобаның жалпы алаңынан 40%-нан артық емес)

жалпы тұрғын үй алаңы

Жалпы пайдаланатын орын

16

17

18

19

20

21








ҚТҚЖБ ұсынған өткізу бағасы ҚТҚЖБ, мың теңге

Пайдалануға берудің жоспарланған мерзімі

Ескертпе

22

23

24




      2. Субсидиялау шарттарын жасасу үшін мақұлданған жобалар тізімі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ға және көрсетілген ЕДБ-ге жіберілсін.

      3. Мыналарға:

      1) "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес келмеуіне;

      2) мемлекеттік даму институттары арқылы басқа мемлекеттік қолдау шараларының қолданылуына байланысты субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдануды мақұлдаудан бас тартылсын:

Р/с

Атауы

Бас тарту себебі


ЖКС

жоба

сала

ЕДБ








      Кеңес мүшелерінің қолдары

Р/с №

Кеңес мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және мәртебесі

"ҚОЛДАЙМЫН"

"ҚАРСЫМЫН" *

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР


Кеңес төрағасы





Кеңес төрағасының орынбасары





Кеңес мүшесі





Кеңес мүшесі





Кеңес мүшесі





      Кеңес хатшысы ____________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Ескертпе:

      *Егер кеңес мүшесі "қарсы" дауыс берген болса, "түсініктемелер" бағанында қабылданған шешімнің себебі көрсетілуге тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады