"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 227 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. "Банкке және (немесе) банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 24 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15050 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 23 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банкке және (немесе) банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу қағидаларында:
6 және 7 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Егер құрылатын не иеленетін еншілес ұйым Қазақстан Республикасының резиденті - банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы болып табылса, өтініш Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7552 болып тіркелген "Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысына (бұдан әрі – № 67 қаулы) сәйкес қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтінішпен бір мезгілде ұсынылады.
Банк Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының еншілес ұйымын құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда, Заңның 11-1-бабы 4-тармағының 1), 3), 4), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.
Банк Қазақстан Республикасының резиденті - банктің еншілес ұйымын құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін өтініш не банк холдингі Қазақстан Республикасының резиденттері - банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының еншілес ұйымын құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда, рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты қоспағанда, Заңның 11-1-бабының 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.
7. Егер құрылатын не иеленетін еншілес ұйым Қазақстан Республикасының резиденттері - банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы болып табылса, еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат № 67 қаулыға сәйкес қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге арналған келісіммен бір мезгілде ұсынылады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Қазақстан Республикасының резиденттері - банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының капиталына қомақты қатысуды иеленетін жағдайда, ұйымның капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің қомақты қатысуға рұқсат алуына арналған өтініш № 67 қаулыға сәйкес қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтінішпен бір мезгілде ұсынылады.
Банк Қазақстан Республикасының резиденттері - банктің (банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының капиталына банктің қомақты қатысуына рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда Заңның 11-1-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.
Банк Қазақстан Республикасының резиденті - банктің капиталына банктің қомақты қатысуына рұқсат алу үшін өтініш (банк холдингінің мәртебесін иелену туралы өтініш) не банк холдингі Қазақстан Республикасының резиденттері - банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының капиталына қомақты қатысуға рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда, рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты қоспағанда, Заңның 11-1-бабының 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.".
3. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы | Д. Ақышев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
Министр Д. Абаев
2018 жылғы 14 наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Министр Т. Сүлейменов
2018 жылғы 13 сәуір