"Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 242 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 сәуірде № 16842 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 280 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 31.03.2020 № 280 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11112 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі – ТЕБ);

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі ‒ Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы да жүзеге асырылады.".

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";

      4,5,6,7,8,9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) ТЕБ-ге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

      құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 90 минут;

      қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;

      бір көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;

      2) порталға жүгінген кезде: құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 60 минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көлік құралын тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – КҚТК) және/немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (бұдан әрі – МТНБ) беру, КҚТК-ға есептен шығарылғаны туралы белгі не болмаса осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға немесе (жеке тұлғалар үшін нотариаттық расталған) сенімхат негізінде әрекет ететін оның өкіліне жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен кезде беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны электронды және (немесе) қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.

      Мемлекеттік баж "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 615-бабына сәйкес:

      1) КҚТК беру үшін – 1,25 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);

      2) автомобильге МТНБ – 2,8 АЕК. МТНБ телнұсқасын 2 бірлікте бергені үшін – 2,8 АЕК, 1 бірлікте бергені үшін – 1,4 АЕК;

      автомобильге цифрлық белгіленуі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгiлерін бергені үшін ‒ 57 АЕК;

      автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгiлерін бергені үшін ‒ 114 АЕК;

      автомобильге цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгiлерін бергенi үшiн – 137 АЕК;

      автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгiлерін бергенi үшiн – 194 АЕК;

      автомобильге цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгiлерін бергенi үшiн – 228 АЕК;

      автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгiлерін бергенi үшiн – 285 АЕК;

      автомобильге әріптік белгіленуі бірдей (цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 777, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қоспағанда) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгiлерін бергенi үшiн – 57 АЕК;

      мотокөлiкке, автомобиль тiркемесiне мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгiсiн бергенi үшiн – 1,4 АЕК;

      мотокөлiкке, автомобиль тiркемесiне мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгiсiнің телнұсқасын бергенi үшiн – 1,4 АЕК;

      көлiк құралын айдап әкелуге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгiсiн (транзиттiк) бергенi үшiн – 0,35 АЕК.

      Бұл ретте мемлекеттік органның қарамағындағы автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері 2,8 АЕК-ті құрайды.

      Салық кодексінің 553-бабына сәйкес көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін мемлекеттік алым:

      механикалық көлік құралын (бастапқы мемлекеттік тіркеу жүргізілетін көлік құралын қоспағанда) немесе тіркемені мемлекеттік тіркеу үшін – 0,25 АЕК-ні;

      гибридті көлік құралдарын қоспағанда, электр қозғалтқыштары бар, жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын және жүргізуші орнынан басқа, отыруға арналған орын саны сегізден аспайтын, М1 санатындағы механикалық көлік құралдарын ‒ жеңіл автомобильдерді (бұдан әрі ‒ М1) бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін:

      шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін – 0,25 АЕК;

      шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін – 25 АЕК;

      шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан асқан – 250 АЕК;

      электр қозғалтқышы бар көлік құралдарын қоспағанда, М1 санатындағы механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін:

      шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін – 0,25 АЕК;

      шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін – 50 АЕК;

      шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан асқан – 500 АЕК.

      Жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын, жүргізуші орнынан басқа, отыруға арналған орын саны сегізден асатын, техникалық рұқсат етілген барынша жоғары массасы 5 тоннадан аспайтын ‒ М2 санатындағы, жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын, жүргізуші орнынан басқа, отыруға арналған орын саны сегізден асатын, техникалық рұқсат етілген барынша жоғары массасы 5 тоннадан асатын - М3 санатындағы, жүктерді тасымалдауға арналған, 3,5 тоннадан аспайтын техникалық рұқсат етілген барынша жоғары массасы бар ‒ N 1 санатындағы, жүктерді тасымалдауға арналған, 3,5 тоннадан асатын, бірақ 12 тоннадан аспайтын техникалық рұқсат етілген барынша жоғары массасы бар ‒ N 2 санатындағы және жүктерді тасымалдауға арналған, 12 тоннадан асатын техникалық рұқсат етілген барынша жоғары массасы бар ‒ N 3 санатындағы механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін:

      шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін – 0,25 АЕК;

      шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін – 240 АЕК;

      шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 5 жылға дейін – 350 АЕК;

      шығарылған жылын қоса алғанда, 5 жылдан асқан – 2500 АЕК құрайды.

      Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер мен жекелеген банк операциялары түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен төленеді.

      Мемлекеттік корпорацияда және порталда мемлекеттік бажды төлеу "электрондық үкімет" порталының төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі.

      Салық кодексінің 622-бабына сәйкес автомобильге, автомобиль тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру кезінде мемлекеттік баж төлеуден:

      Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерімен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын алған адамдар;

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-анасының бірі;

      Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар босатылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) ТЕБ – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіге дейін қоса алғанда (дүйсенбі – жұма: сағат 09.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін, сенбі: сағат 08-00-ден бастап сағат 16-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12-00-ден бастап сағат 13-00-ге дейін);

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру дүйсенбіден бастап жұмаға дейін 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, ал сенбі сағат 12-00-ден бастап сағат 13-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 08-00-ден бастап сағат 15-00-ге дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

      2) Мемлекеттік корпорация – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 09-00-ден бастап сағат 20-00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады.

      Құжаттарды қабылдау кестесі түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18-00-ға дейін, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 09-00-ден бастап сағат 20-00-ге дейін жүзеге асырылады.

      3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

      Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібімен көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ТЕБ-ке немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

      1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу үшін:

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) бекітілген Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тіркеу (есептен шығару) актісі (бұдан әрі ‒ акт);

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі) белгіленген баж бен алымдардың төленгенін растайтын құжаттар;

      Бастапқы тіркеу үшін алымдарды төлеуден дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар және (немесе) оның өкілдіктері, Қазақстан Республикасында тіркелген консулдық мекемелер, Қазақстан Республикасында акккредиттелген, "Дипломатиялық қатынастар туралы" 1961 жылғы Вена конвенциясына және "Консулдық қатынастар туралы" 1963 жылғы Вена конвенциясына сәйкес артықшылықтары мен иммуниттері бар қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері босатылады.

      көлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген кеңейтілген міндеттемелерді орындауы;

      техникалық құжат;

      МТНБ, КҚТК және/немесе кері әкету міндеттемесімен Қазақстан Республикасына әкелінген көлік құралдарының тіркеу құжаттары;

      Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген жағдайлардағы көлік құралы;

      заңды тұлғанының көлік құралын өзінің құрылымдық бөлінісіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы адамның мөрі болуы тиіс болса, осы ұйымның мөрімен куәландырылған (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) бұйрығы (өкімі);

      көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжат, оларға:

      кедендік ресімдеуден өтуін растайтын құжаттардың көшірмелері (кеден декларациясы, кедендік кіріс ордері), уақытша кіргізген жағдайларда кері шығару туралы міндеттеме) (салыстыра тексеру үшін түпнұсқасы);

      сот куәландырған орындалуы тиіс сот шешімінің, қаулысының, мемлекеттік органның әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасының көшірмелері қоса берілген атқару парағы;

      сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының көшірмесі, орындауға жататын, мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасы қоса берілген атқару парағы, азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған келісімшарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;

      Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының Техникалық регламентіне (бұдан әрі – 018/2011 КО ТР) 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті:

      жеке тұлғалар Кеден одағы/Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі ‒ КО/ЕЭО) бірыңғай кеден аумағына өз қажеттіліктері үшін әкелетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;

      көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан көп уақыт өткен жағдайда, бұрын КО/ЕЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттерде жол жүрісіне қатысқан, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына әкелінетін көлік құралдарын заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеген кезде;

      жеке және заңды тұлғалар айналымға шығарылғанға дейін конструкциясына жеке тәртіппен өзгерістер енгізілген, сериялық өндіріс жағдайындағы; немесе сериялық өндірістен тыс жеке тәртіппен құрастыру жиынтығынан немесе жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын; немесе бұрын мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілгендер қатарынан айналымға шығарылған көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;

      пайдаланудағы және қайта жабдықталуына байланысты Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тіркелген көлік құралын мемлекеттік тіркеген кезде 018/2011 КО ТР 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті;

      018/2011 КО ТР 14 және 15-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көлік құралының түрін мақұлдауды, көлік құралы шассиінің түрін мақұлдауды:

      көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан аз уақыт өткен жағдайда, заңды тұлғалар КО/ЕЭО мүшелері болып табылмайтын елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;

      жеке және заңды тұлғалар КО/ЕЭО мүше елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде ұсынылады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, мекенжай анықтамасы туралы, заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтама немесе куәлік туралы, баждар мен алымдар төленгені туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген кезде), мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын көлік құралына салық төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      2) көлік құралын мемлекеттік тіркеу есебінен шығару үшін:

      Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тіркеу актісі (есептен шығару) (бұдан әрі - акт). Бұл құжат Мемлекеттік корпорацияға ұсынылмайды.

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      техникалық құжат;

      Қазақстан Республикасына уақытша әкелінген, оның ішінде кері әкету туралы міндеттемемен әкелінген көлік құралының МТНБ, КҚТК және (немесе) тіркеу құжаттары;

      егер осы адамның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөртабаны болуы тиіс болса, осы ұйымның мөртабанымен куәландырылған (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда), көлік құралын өзінің құрылымдық бөлінісіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы заңды тұлғанының бұйрығы (өкімі);

      көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжат, оларға:

      кедендік ресімдеуден өтуін растайтын құжаттардың көшірмелері (кеден декларациясы, кедендік кіріс ордері), уақытша кіргізген жағдайларда кері шығару туралы міндеттеме) (салыстыра тексеру үшін түпнұсқасы);

      сот куәландырған орындалуы тиіс сот шешімінің, қаулысының, мемлекеттік органның әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасының көшірмелері қоса берілген атқару парағы;

      азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған келісімшарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар (жеке тұлғалар үшін), мекенжай анықтамасы туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік туралы, баждар мен алымдар төленгені туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген кезде), мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын көлік құралына салық төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық құжат нысанында алады.

      мемлекеттік немесе орыс тілінен басқа өзге тілде жасалған көлік құралдарын тіркеу үшін ұсынылатын құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылады және нотариалды түрде куәландырылады.

      Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

      Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ есептен шығаруды жүргізер алдында көлік құралын, иесін және иесінің өкілін ішкі істер органдарының ақпараттық ресурстары бойынша олардың іздестіруде болуы мәніне тексеру жүзеге асырылады. Жүргізілген тексеру нәтижесі көлік құралын тіркеу актісіне қосылады.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері егер өзгеше Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға жүгінбеген жағдайда Мемлекеттік корпорация оны бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жолдайды.";

      10-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынатын құжаттардың тізбесі:

      1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу үшін:

      Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (есептен шығару) көлік құралын тіркеудің электрондық актісі (бұдан әрі - акт);

      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген баждар мен алымдарды төлеуді растайтын электрондық құжаттар.

      Бастапқы тіркеу үшін алымдарды төлеуден дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар және (немесе) оның өкілдіктері, Қазақстан Республикасында тіркелген консулдық мекемелер, Қазақстан Республикасында акккредиттелген, "Дипломатиялық қатынастар туралы" 1961 жылғы Вена конвенциясына және "Консулдық қатынастар туралы" 1963 жылғы Вена конвенциясына сәйкес артықшылықтары мен иммуниттері бар қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері босатылады.

      көлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген кеңейтілген міндеттемелерді орындауы;

      сканерленген техникалық құжат;

      Қазақстан Республикасына кері әкету туралы міндеттемемен әкелінген көлік құралының МТНБ, КҚТК және/немесе тіркеу құжаттары;

      заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлінісіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы адамның мөрі болуы тиіс болса, осы ұйымның мөрімен куәландырылған (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) сканерленген бұйрығы (өкімі);

      көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын сканерленген құжат, оларға:

      кедендік ресімдеуден өтуін растайтын құжаттар (кеден декларациясы, кедендік кіріс ордері), уақытша кіргізген жағдайларда кері шығару туралы міндеттеме;

      сот куәландырған орындалуы тиіс сот шешімінің, қаулысының, мемлекеттік органның әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасының көшірмелері қоса берілген атқару парағы;

      азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған келісімшарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;

      018/2011 КО ТР 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті:

      жеке тұлғалар КО/ЕЭО бірыңғай кеден аумағына өз қажеттіліктері үшін әкелетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;

      көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан көп уақыт өткен жағдайда, бұрын КО/ЕЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттерде жол жүрісіне қатысқан, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына әкелінетін көлік құралдарын заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеген кезде;

      жеке және заңды тұлғалар айналымға шығарылғанға дейін конструкциясына жеке тәртіппен өзгерістер енгізілген, сериялық өндіріс жағдайындағы немесе сериялық өндірістен тыс жеке тәртіппен құрастыру жиынтығынан немесе жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын немесе бұрын мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілгендер қатарынан айналымға шығарылған көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;

      пайдаланудағы және қайта жабдықталуына байланысты Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тіркелген көлік құралын мемлекеттік тіркеген кезде 018/2011 КО ТР 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сканерленген куәлікті;

      018/2011 КО ТР 14 және 15-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көлік құралының түрін мақұлдауды, көлік құралы шассиінің түрін мақұлдауды:

      көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан аз уақыт өткен жағдайда, заңды тұлғалар КО/ЕЭО мүшелері болып табылмайтын елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;

      жеке және заңды тұлғалар КО/ЕЭО мүше елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде ұсынылады.

      Көлік құралын портал арқылы мемлекеттік тіркеуге өтінім бергеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген жағдайларда көлік құралын қарап тексеруге беру үшін хабарламада көрсетілген мекенжайға сәйкес ТЕБ-ке немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді;

      МТНБ, КҚТК алу үшін, сондай-ақ ескі нөмірді тапсыру үшін ТЕБ-ке немесе Мемлекеттік корпорацияға:

      құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат немесе электрондық хабарлама;

      жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі) ұсыну қажет.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті беруші:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу әрекеттерін жасауға салынған (енгізілген) тыйым салулар мен шектеулер болған;

      2) көлік құралдарын тіркеу органына көлік құралының меншік иесінің мүддесін білдіруге өкілеттігі жоқ адам жүгінген;

      3) тіркеу әрекеттерін жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған немесе толық көлемде ұсынбаған, сондай-ақ оқылмайтын, қарындашпен орындалған, түзетулері, қосып жазылулары, сызылған сөздері бар, сондай-ақ ескертілмеген түзетулері бар құжаттар ұсынған;

      4) ұсыну міндетті болған кезде көлік құралын көрсетпеген;

      5) ұсынылған көлік құралын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға уәкілетті емес көлік құралдарын тіркеу органына жүгінген;

      6) көлік құралы конструкциясы немесе оған енгізілген өзгерістер Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына немесе ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризм мен экстремизді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген адамның көлік құралдарын тіркеу органына жүгінген;

      8) көлік құралдарына салық бойынша орындалмаған салық міндеттемесінің болуы.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) www.mvd.kz интернет-ресурсында;

      2) www.gov4с.kz интернет-ресурсында орналастырылған.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жүргізуші куәліктерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) ТЕБ-ге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

      құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 2 сағат;

      қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;

      бір қызмет алушының құжаттарын қабылдаудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;

      2) Порталға жүгінген кезде құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 60 минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      Теориялық емтиханды тапсырғаннан кейін Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі автоматты түрде практикалық емтихан тапсыру басталғанға дейін тоқтатыла тұрады".

      7, 8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.

      Мемлекеттік баж "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 615-бабына сәйкес ЖК беру үшін 125 АЕК-ні құрайды.

      Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер мен жекелеген банк операциялары түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен төленеді.

      Мемлекеттік корпорацияда және порталда мемлекеттік бажды төлеу "электрондық үкімет" порталының төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) ТЕБ – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіге дейін (дүйсенбі – жұма сағат 09.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін, сенбі сағат 08-00-ден бастап сағат 16-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12-00-ден бастап сағат 13-00-ге дейін);

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру дүйсенбіден бастап жұмаға дейін 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, ал сенбі сағат 12-00-ден бастап сағат 13-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 08-00-ден бастап сағат 15-00-ге дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі.

      2) Мемлекеттік корпорация – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін есептемегенде дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 09-00-ден бастап сағат 20-00-ге дейін түскі үзіліссіз;

      Құжаттарды қабылдау кестесі түскі үзіліссіз сағат сағат 9.00-ден 18-30-ға дейін, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 09-00-ден бастап сағат 20-00-ге дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық кезек" тәртібімен көрсетіледі.

      3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

      1) ТЕБ-ке немесе Мемелекеттік корпорацияға:

      жүргізуші куәлігін алу үшін:

      Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізуші куәлігін алуға толтырылған бланк. Осы құжат Мемлекеттік корпорацияға ұсынылмайды.

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      медициналық анықтама және оның көшірмесі;

      курстарды аяқтағаны туралы куәлік және оның көшірмесі немесе автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы алынған құжат (өз бетінше дайындалуды қоспағанда);

      мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат;

      "С", "D1", "D", "Tm", "Tb" санаттарын беру үшін жұмыс өтілін растайтын құжат (жұмыс орнынан анықтама);

      ауыстыруға байланысты жүргізуші куәлігін алу үшін:

      Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізуші куәлігін алуға толтырылған бланк. Осы құжат Мемлекеттік корпорацияға ұсынылмайды.

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      медициналық анықтама және оның көшірмесі;

      мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат.

      Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жүгінген жағдайда шетел мемлекеті берген ЖК мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, мекенжай анықтамасы, көрсетілетін қызметті алушының жүргізуші куәлігінің бар-жоғы және жүргізуші куәлігінен айыру туралы, баждар мен алымдар (ЭҮТШ арқылы төлеген кезде) төленгені туралы мәліметтерді электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге жағдайлар көзделмесе, Мемлекеттік корпорация жұмыскері ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қыметті алушыдан жазбаша келісім алады.

      Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне онда көрсетілген мерзімде жүгінбеген жағдайда, Мемлекеттік корпорация оны бір ай сақтауды қамтамасыз етеді, мұнан соң оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жолдайды.

      2) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      сканерленген медициналық анықтама;

      курстарды аяқтағаны туралы куәлік және оның көшірмесі немесе автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы алынған құжат (өз бетінше дайындалуды қоспағанда);

      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, мемлекеттік баж төленгенін растайтын сканерленген құжат;

      "С", "D", "D1", "Tm", "Tb" санаттарын беру үшін жұмыс өтілін растайтын сканерленген құжат (жұмыс орнынан анықтама);

      ауыстыруға байланысты жүргізуші куәлігін алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      сканерленген медициналық анықтама;

      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, мемлекеттік баж төленгенін растайтын сканерленген құжат;

      көрсетілетін қызметті алушының цифрлық фотосуреті;

      көрсетілетін қызметті алушы қолының электрондық бейнесі.

      Портал арқылы ЖК ауыстыруға өтінім бергеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы хабарламада көрсетілген мекенжайға сәйкес ТЕБ-ке немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.

      ЖК алу үшін:

      жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;

      құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат не электрондық хабарлама;

      бұрын берілген жүргізуші куәлігін ұсыну қажет.

      Жоғалған жүргізуші куәліктерін беруді, ауыстыруды және қалпына келтіруді жүргізер алдында жүгінген адамды іздестіруде болуы мәніне ішкі істер органдарының ақпараттық ресурстары бойынша тексеру жүзеге асырылады. Жүргізілген тексеріс нәтижесі жүргізуші куәлігін алу бланкісіне қосылады.

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) www.mvd.kz интернет-ресурсында;

      2) www.gov4с.kz интернет-ресурсында орналастырылған.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      Д. Абаев

      2018 жылғы "___" _________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады