"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 393-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2022 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Энергетика министрінің | |
міндетін атқарушы | Б. Ақшолақов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов
"___" _________ 2018 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов
"___" _________ 2018 жыл
Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 127 бұйрығымен бекітілді |
Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 393-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2022 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:
1) беруші тарап – тұрақсыз конденсаттың меншік иесі болып табылатын және оны құбыр жүйесі бойынша беру арқылы өткізуді жүзеге асыратын тарап;
2) қабылдаушы тарап – тұрақсыз конденсатты беруші тараптан құбыр жүйесі арқылы қабылдайтын тарап.
3) тұрақсыз конденсаттың мөлшерін өлшеу жүйесі – автоматты және қолмен өңдеуге қолайлы нысанда өлшеу ақпаратының сигналдарын беруге арналған өлшеу құралдарының, өлшеу нәтижелерін өңдеу, сақтау, индикациялау және тіркеу құрылғыларының, технологиялық және қосалқы жабдықтардың жиынтығы.
Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мағынада қолданылады.
2-тарау. Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу тәртібі
3. Өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында есепке алу аспаптарына пломбалар салу жолымен пломбалау жүргізіледі.
Пломбалауды беруші тараптың жауапты адамдарының қатысуымен салық органының лауазымды адамы жүзеге асырады.
Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспабы Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес салыстырып тексеруге жатады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2022 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Пломбаларды тұрақсыз конденсаттың саны мен сапасын өлшеу жүйесінің қалыпты жұмысының бұзылуына нақты қауіп болған не авариялық және өрт қаупі туындаған жағдайларды қоспағанда, тек салық органдары ғана өзгертеді немесе олардың рұқсатымен жойылады.
5. Беруші тарап салынған пломбалардың бүтіндігін бұзуға алып келген себептерді түсіндіре отырып, авариялық жағдайларды жою жөнінде жұмыстар жүргізгені туралы салық органына жазбаша хабарлайды.
6. Бөлшектеуге және пломбалардың бүтіндігін бұзуға байланысты жабдықтарды ағымдағы не күрделі жөндеу жөніндегі жоспарлы жұмыстар жүргізілген жағдайда, беруші тарап ол туралы осындай жұмыстар жүргізу басталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын осы жұмыстарды жүргізу күні мен ұзақтығын көрсете отырып, салық органына жазбаша хабарлайды.
7. Пломбаларды салған және алған кезде салық органының лауазымды адамы мен беруші тараптың өкілі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда пломбалар салу (алу) туралы акт жасайды. Акт екі данада жасалады, оның біреуі салық органында сақталады, екінші данасы беруші тарапта қалады.
8. Құбыржол жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу мақсаттары үшін тұрақсыз конденсат мөлшерін өлшеу тікелей әдіспен жүзеге асырылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2022 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Тікелей әдісті қолданған кезде тұрақсыз конденсаттың мөлшерін өлшеу тұрақсыз конденсат мөлшерін өлшеу жүйесі пайдаланыла отырып, тікелей массаны өлшеу бірлігінде (тоннада, килограмда) жүзеге асырылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2022 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2022 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2022 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Құбыржол жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерің алу күнтізбелік бір ай қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
13. Есепті айдан кейінгі айдың бірінші күні салық органының лауазымды адамы мен беруші тараптың өкілі есепке алу аспаптарында пломбалардың болуын және бүтіндігін алдын-ала тексеріп, құбыржол жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алуды жүзеге асырады.
14. Пломбалардың бүтіндігінің бұзылғаны анықталған жағдайда, салық органының лауазымды адамы мен беруші тараптың өкілі еркін нысанда тиісті акт жасайды, одан кейін осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес есепке алу аспаптарын пломбалау жүргізіледі.
15. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген адамдар құбыржол жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу рәсімдерінің нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда құбыржол жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу актісін (бұдан әрі – акт) жасайды.
16. Актіге салық органының лауазымды адамы мен беруші тараптың өкілі қол қояды, одан кейін 1 жұмыс күні ішінде қабылдаушы тараптың өкілдеріне қол қоюға береді.
Акт жеті данада жасалады, оның біреуі салық органында сақталады, қалған даналары осы актіге қол қойған адамдарда қалады.
Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидаларына 1-қосымша |
|
нысан |
20__ жылғы "____" _____________ пломбалар салу (алу) туралы акт
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2022 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Біз, төменде қол қойған_ _________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
пломбалар салудың (алудың) жүргізілгені туралы осы актіні жасадық.
Атауы | Аспап түрі, дәлме-дәлдік сыныбы немесе шекті рұқсат етілген қателігі | Плом ба салу сәтіндегі аспап тың көрсетілімі | Салын ған пломбаның нөмірі (немесе бедері) | Пломбаны алу сәтінде гі аспап тың көрсеті лімі | Алын ған пломбаның нөмірі (немесе бедері) | Пломбалардың саны (салынған/ алынған) | Салыс тырып тексеру туралы cертификат |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
_________________ __________________ ______________
(салық органы маманының лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
________________ ___________________ ______________
(беруші тарап өкілінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
"___" _____________ 20_ж. тұрақсыз конденсаттың мөлшерін өлшеу жүйесін (ТКМӨЖ) өшіру (қосу) туралы акт
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2022 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
20__ жылғы "___" ____________ құбыржол жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу актісі
Күні (айдың 1-нен бастап соңғы күнін қоса) | Өткізілген тұрақсыз конденсаттың саны (тоннада) | өткізілген тұрақсыз конденсаттың жалпы мөлшері (тоннада) | ||||||||
Желі №1 | Желі №2 | Желі №3 | Желі №4 | Желі №5 | Желі №6 | Желі №7 | Желі №8 | Желі №9 | ||
Бір айда |
_________________ __________________ __________________
(салық органы маманының лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
_________________ ___________________ __________________
(беруші тарап өкілінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
__________________ ___________________ __________________
(қабылдаушы тарап өкілінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)