Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 310 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 сәуірде № 16850 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің мынадай бұйрықтарына:

      1) "Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 383 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9635 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 132 (2700) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Жою мерзімі өткеннен кейін ұйғарымның орындалуы ұйғарымда көрсетілген автомобиль жолының километрлеріне қайта тексеру жүргізу жолымен тексеріледі. Қайта тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп беру кезеңінде пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесін бағалау барысында анықталған ескертулерді жою туралы ұйғарымның орындалуын тексеру актісі толтырылады.

      Егер анықталған дефектілер берілген ұйғарымда көрсетілген мерзімдерде жойылмаса, осындай дефектілер тіркелген автомобиль жолы бойынша тәуекелдер дәрежесінің бағасын бір баллға төмендету жүргізіледі және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады.";

      1-қосымшаның 2-бөлімі:

      мынадай мазмұндағы реттік №2.13-жолмен толықтырылсын:

      "

2.13

Жиектеме

Жол жиегімен түйіскен кезде құрылымдық қабаттың құрылғы технологиясының бүлінуі себебінен жиектеменің нақышталуының немесе үгілуінің нәтижесінде өткелдің немесе бекіткіш жолақ жиегінің бүлінуі

      ";

      2) "Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 12 (27888)) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) көлік құралын есептен шығару – ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) Қазақстан Республикасында тіркелген көлік құралының тіркелген жерін өзгертуге, меншік құқығының өзгеруіне байланысты иелену құқығын тоқтатуға, кейіннен мәміле жасауға, кәдеге жаратуға (жарамсыз деп белгілеуге, есептен шығаруға), иесінің өтініші бойынша жол қозғалысына қатысуға рұқсатты уақытша тоқтатуға, уақытша әкетуді қоспағанда, көлік құралын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге, көлік құралын меншік иесінің заңды иелігінен шығаруға (айдап әкету, ұрлау) бағытталған қызметі;";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және/немесе оның өкілдіктерінің, Қазақстан Республикасында тіркелген консулдық мекемелердің және Қазақстан Республикасында аккредиттелген олардың қызметкерлерінің көлік құралдарын тіркеу және есептен шығару дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйым арқылы жүргізіледі.";

      10, 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Бастапқы тіркеу кезінде (көлік құралын өндірушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы ресми дилерінен (өкілінен) сатып алынған көлік құралдарын қоспағанда) көрсетілген құжаттардағы және/немесе БАЖ-дағы есепке алу деректерiне сәйкестігін салыстырып тексеру мақсатында көлiк құралын ТЕП-ке әкеледі.

      Сырттай қарау процесінде:

      1) тiркелетiн көлiк құралы конструкциясының қауiпсiздiгін;

      2) түстi графикалық сызбаларды, тану белгiлерiн, жазуларды, арнайы жарық және дыбыс сигналдарын салу талаптарына сәйкес келетін жедел және арнайы қызметтердің көлiк құралдарын;

      3) нөмірлiк агрегаттар мен МТНБ түпнұсқалығын (жасырын, жалған немесе қандай да бір өзге тәсiлдермен өзгертілген нөмірлік агрегаттарды, сондай-ақ МТНБ анықтау) және олардың көлiк құралдарының құжаттарында және/немесе БАЖ-да көрсетiлген деректерге сәйкестігін тексеру жүзеге асырылады.

      Дайындалған көлік құралдарының конструкциясы, оның ішінде олардың құрамдас бөліктерінің, қосымша құрал-жабдық заттарының, қосалқы бөлшектерінің және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бөлігінде керек-жарақтардың конструкциясы белгіленген техникалық регламенттердің талаптарына сай болуы тиіс.

      Тіркелген көлік құралының конструкциясына, оның ішінде оның құрамдас бөліктерінің, қосымша жабдықтар заттарының, қосалқы бөлшектерінің және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін керек-жарақтарының конструкциясына өзгерістер енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестігін қайта растауды жүргізу қажет.

      11. Көлік құралдарын қарап тексеру нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тіркеу (есептен шығару) актісінде көрсетіледі және қарап тексеру жүргізген лауазымды адамның тегін, күнді көрсете отырып, оның қолтаңбасымен расталады. Мемлекеттік корпорацияда қарап тексеру нәтижелері ақпараттық жүйеде қалыптастырылады жәгне көлік құралын қарап тексеруді жүзеге асыруға уәкілетті қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.

      Көлік құралдарын қарап тексеру нәтижелері күнтізбелік жиырма күн ішінде жарамды.";

      12-тармақ алып тасталсын:

      13, 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Тіркеу әрекеттерін www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жасауды қоспағанда, ТЕП лауазымды адамдары және Мемлекеттік корпорация жұмыскерлері тіркеу іс-қимылдарын жасау кезiнде жеке басты куәландыратын құжаттың негізiнде көлiк құралдары иелерiнің жеке басын сәйкестендіреді.

      14. Көлік құралының жеке тұлға болып табылатын иесінің өкілі жүгінген жағдайда азаматтық заңнамаға сәйкес берілген құжаттардың негізінде көлік құралдарына тіркеу кезінде иесінің мүддесін білдіруге оның өкілеттігі тексерілді. Заңды тұлға өкілінің өкілеттігі басшының немесе осыған уәкілетті өзге де органның қолтаңбасымен куәландырылған сенімхатпен және заңды тұлғаның мөрімен (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) немесе басшының қолтаңбасымен және көлік құралын тіркеу актісінде заңды тұлғаның (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) мөрімен расталады.";

      16-тармақтың бірінші бөлігінде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тіркеу актісі (есептен шығару);"

      "4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (бұдан әрі – Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген баждар мен алымдарды төлеуді растайтын құжаттар.

      Бастапқы тіркеу үшін алымдар төлеуден Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар және/немесе оның өкілдіктері, консулдық мекемелер, Қазақстан Республикасында аккредиттелген, 1961 жылғы "Дипломатиялық қатынастар туралы" Вена конвенциясына және 1963 жылғы "Консулдық қатынастар туралы" Вена конвенциясына сәйкес артықшылары мен иммунитеттері бар қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері босатылады";

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау;

      8) тармақша алып тасталсын;

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген жағдайларда көлік құралы;";

      11) тармақша алып тасталсын;

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлінісіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы тұлғаның мөрі болуы тиіс болса, осы ұйымның мөрімен куәландырылған (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) бұйрығы (өкімі);";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Көлік құралын мемлекеттік тіркеуді жүргізуге өшірілген не қосып жазылған, сызылған сөздерi және басқа да, сондай-ақ қарындашпен жазылған түзетулерi бар және егер ондағы мәтін анық көрінбеген жағдайда құжаттар қабылданбайды. Жеке тұлғалардың тегі, аты және әкесінің аты тұрғылықты тіркелген жері мекенжайының деректері көрсетіле отырып, ал заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының және өкілдіктерінің атаулары қысқартусыз және олардың заңды мекенжайлары көрсетіле отырып толық ұсынылады. Көлік құралдарын тіркеуді жүргізу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері аталған құжаттарды берген заңды тұлға (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда)мөрінің түпнұсқасымен расталады.";

      24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Дайындаушы кәсiпорындардан, автожөндеу зауыттарынан, мемлекеттік кіріс органдарынан және сауда ұйымдарынан тiркеу орнына өз жүрiсiмен жеткiзiлген, сондай-ақ тұрақты тіркеу орнының немесе меншiк құқығының өзгеруiне байланысты есептен шығарылған көлiк құралдарына бiр рет пайдалану үшін "Транзит" МТНБ-ны тиiсiнше дайындаушы ұйымдар немесе ТЕП береді.

      "Транзит" МТНБ беру кезінде көлiк құралдарына меншік құқығын растайтын құжаттарда көрсетілген белгiлердiң сериясы, нөмірi, берілген күнi мен жарамдылық мерзiмi көрсетiледі және осы жазбаларды жазған ұйымдардың (жеке кәсіпкерлік субъектілерді қосапағанда) мөрлерiмен куәландырылады.

      "Транзит" МТНБ қолданылу мерзiмi – берiлген күнінен бастап күнтізбелік он күн.

      "Транзит" МТНБ қолданылу мерзімін ұзартуды ТЕП қызметкері бір рет жүзеге асырады. Ұзарту мерзімі – күнтізбелік он күн.

      25. Көлік құралдары иелерінің ТЕБ пен Мемлекеттік корпорация үй-жайларындағы МТНБ-нің қолда бар тізбесіне (бұдан әрі - тізбе) қолжетімділігі тиісті ақпаратты ТЕБ пен Мемлекеттік корпорация үй-жайларында стендтерде және ақпараттық тақталарда (табло), сондай-ақ интернет-ресурстарда орналастыру жолымен ұйымдастырылады.

      Көлік құралының иесінің жоғары сұранысқа ие МТНБ-ның цифрлық және (немесе) әріптік белгіленуін, сондай-ақ ТЕБ пен Мемлекеттік корпорация үй-жайларында қолд бар МТНБ таңдауға құқығы бар. Иесі жоғары сұранысқа ие МТНБ-ның цифрлық және (немесе) әріптік белгіленуін таңдаған көлік құралын тіркеу МТНБ дайындағаннан кейін жүргізіледі.

      26. Көлік құралының иесі жүгінген кезде ТЕП-тің лауазымды адамы мен Мемлекеттік корпорация жұмыскері көлік құралының иесі көрсеткен жоғары сұранысқа ие немесе қолда бар МТНБ-ны тізбеден алуды жүргізеді және ақпаратты БАЖ-ға енгізеді.

      27. Бұрын МТНБ тіркелген көлік құралын мемлекеттік есептен шығарған жағдайда бұл нөмірлік белгі ТЕП-ке сақтауға тапсыруға жатады.

      Тапсырылған МТНБ иесінің арызы, ұлттық стандарттың тиісті талаптары бойынша ТЕП-те кемінде 30 тәулік сақталады.

      28. Бұрын ТЕБ-ке сақтауға тапсырылған және ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес МТНБ көлік құралы иесінің сұрау салуы бойынша ол жаңадан сатып алған көлік құралына қайта беріледі.

      ТЕП-те сақтаудың 30 тәулігі өткенге дейін МТНБ оны беру үшін мемлекеттік баж төленбей беріледі.

      29. МТНБ-ның телнұсқасын берген кезде көлік құралының иесі 2 бірлік МТНБ беру үшін АЕК-ның 2,8 көлемінде, 1 бірлік - 1,4 АЕК көлемінде мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжатты ұсынады.

      30. Мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және/немесе олардың Қазақстан Республикасында тіркелген өкілеттіктері, консулдық мекемелері қызметкерлерінің көлік құралдарын қоспағанда, бұрын пайдалануда болған МТНБ-ларды өзге көлік құралдарының иелеріне беруге жол берілмейді.

      31. Тіркеуге бөлінген уақыт кезеңінде көлік құралы бастапқы тіркеу әрекеттерін жүргізу алдында оны тексеруге ұсыну мақсатында, сондай-ақ көлік құралын байқап тексеру барысында анықталған ақауларды жою үшін жеткізу кезінде – көлік құралын тіркеу (есептен шығару) актісінде уәкілетті органның лауазымды адамдарының тиісті белгілері қойылған кезде ТЕП-ке әкелінеді.";

      36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Жол қозғалысының шетелдік қатысушыларына тиесілі көлік құралдарына мынадай сериядағы МТНБ беріледі:

      "D" - Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және/немесе олардың Қазақстан Республикасында тіркелген өкілеттіктері, консулдық мекемелері қызметкерлерінің қызметтік және жеке көлік құралдарына;

      "Т" - Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және/немесе олардың Қазақстан Республикасында тіркелген өкілеттіктерінің, консулдық мекемелерінің әкімшілік-техникалық қызметкерлерінің қызметтік және жеке көлік құралдарына;

      "НС" ‒ құрметті консулдық лауазымды адамдар басқаратын консулдық мекемелердің қызметтік және жеке көлік құралдарына;

      "М" - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің көлік құралдарына;

      "Н" - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдік азаматтардың қатысуымен заңды тұлғалардың көлік құралдарына;

      "F" - шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың көлік құралдарына;

      "D", "T", "HC" сериясындағы МТНБ-сы бар көлік құралдарының жол қозғалысына қатысуы үшін дипломатиялық корпусымен жұмыс жөніндегі ұйым беретін стикердің болуы қажет.

      "D", "T", "HC" сериясындағы МТНБ-ның қолданылу мерзімі стикерде көрсетілген мерзімге тең.

      37. Ақаулы (кәдеге жаратылған) көлік құралдарының қосалқы бөлшектерінен және агрегаттарынан жиналған, техникалық регламенттерді бұза отырып, қайта жабдықталған көлік құралдары тіркеуге алынбайды.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Көлік құралдарын лизинг берушінің атына мемлекеттік тіркеуді, өзге тіркеу әрекетін жасауды және осындай көлік құралдарын тіркеу есебінен шығаруды ТЕП жалпы негіздерде жасайды.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. БАЖ-ға және КҚТК-ге өзгерістер енгізу.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Осы Қағидалардың 49-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, БАЖ-ға және КҚТК-ге өзгерістер енгізу осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2), 4), 7), 12), 13) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың негiзiнде, ал осы Қағидалардың 49-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгертуді растайтын құжаттардың негізінде қосымша жүргізіледі

      Осы Қағидалардың 49-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда БАЖ-ға және КҚТК-ге өзгерістер енгізу осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2), 4), 7) 12), 13) және 15) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың негiзiнде жүргізіледі.

      Осы Қағидалардың 49-тармағының 6) тармақшасында көзделген жағдайда БАЖ-ға және КҚТК-ге өзгерістер енгізу осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың негiзiнде жүргізіледі.

      Сот қаулысының негізінде кәсiпорынның банкроттығы туралы іс қозғалған жағдайда, есептен шығару және тiркеу "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әкімшінің өтініші бойынша тарату комиссиясы шешiмiнің негiзiнде жүргiзіледi.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Көлік құралдарын есептен шығару.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Көлік құралын есептен шығару үшін олардың иелері (иелерінің өкілдері):

      ТЕП-ке осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2), 7), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады, сондай-ақ МТНБ-ны тапсырады;

      Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидалардың 16-тармағының 2), 7), 9) 12), 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады, сондай-ақ МТНБ-ны тапсырады.

      КҚТК-де көлік құралын есептен шығарудың мән-жайларына сәйкес жазбалар жасалады, олар жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның мөрімен расталады.

      Салық салу объектісі болып табылатын көлік құралына қатысты тіркеу әрекеттерін жүзеге асырған жағдайда, меншік құқығын беретін адамның осындай объектіге нақты иелік ету кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы Салық кодексінде белгіленген тәртіппен, көрсетілген іс-әрекеттерді жасағанға дейін бюджетке енгізіледі.

      Есептен шығару ішкі істер органдарының ақпараттық ресурстары бойынша есептен шығаруға ешқандай шектеулер жоқ екені туралы сұрау салулар орындалғаннан кейін ғана жүргізіледі.

      Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамы көлiк құралын есептен шығару туралы шешiм қабылдағаннан кейін бұл туралы ақпарат БАЖ-ға енгізіледі.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Кәдеге жаратуға жататын көлік құралы осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде, байқаудан өткізілмей, есептен шығарылады. КҚТК мен МТНБ ТЕП-ке немесе Мемлекеттік корпорацияға тапсырылады. Кәдеге жаратылатын көлік құралының КҚТК, МТНБ болмаған кезде көлік құралының иесі жазбаша нысанда оларды жоғалту мән-жайларын көрсетеді. Бұл ретте ІІО-ның ақпараттық ресурстары бойынша тексеру жүзеге асырылады.

      Көлік құралының иесі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидалардың 16-тармағының 2), 7) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар ұсынылады.

      Кәдеге жаратуға жататын көлік құралын тіркеу есебінен алғаннан кейін оның иесіне Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес кәдеге жаратуға (ақаулы) жататын көлік құралын есептен шығару туралы анықтама беріледі.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Айдап әкетілген және/немесе ұрланған және көлік құралының иесіне қайтарылмаған көлік құралдарын есептен шығару оның өтініші және көлік құралының іздестіруде екені туралы ІІО берген құжаттың, сондай-ақ көлік құралын іздестіру кезеңінде салық төлеуден босатылғанын растайтын құжаттың негізінде жүргізіледі. Іздестірудегі көлік құралы оның иесіне қайтарылған жағдайда, тіркеу көлік құралын тіркеу актісінің, көлік құралын іздестіру туралы мәліметтердің ІІО ақпараттық ресурстарында болмауы және көлік құралын тексеріп қарау негізінде жүргізіледі.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жүргізушілерді даярлау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "А", "В", "С", "D", "ВЕ", "СЕ", "DЕ", "Tm", "Tb" санаттарындағы және "A1", "В1", "С1", "D1", "С1Е", "D1Е" кіші санаттарындағы механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлаудың үлгі бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      "А", "В" санаттарындағы және "A1", "В1" кіші санаттарындағы механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлаудың үлгі бағдарламаларына сәйкес жүргізушілерді даярлауға рұқсат етіледі.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау тәртібі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Көлік құралдарын тіркеу туралы бланкілерді дайындау, сақтау және есепке алу";

      3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру және дайындау";

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Жүргізуші куәлігін алу үшін жүргізушілікке үміткер:

      ТЕБ-ке:

      1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізуші куәлігін алуға толтырылған бланкіні;

      2) жеке басын куәландыратын құжатын;

      3) медициналық анықтама мен оның көшірмесін;

      4) курстарды аяқтағаны туралы куәлік және оның көшірмесі немесе автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы алынған құжатты (өзіндік даярлық жағдайларын қоспағанда);

      5) мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжатты;

      6) "С", "D1", "D", "Тm" "Тb" санаттарын беру үшін жұмыс өтілін растайтын құжатты (жұмыс орнынан анықтама);

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) жеке басты куәландыратын құжат;

      2) медициналық анықтама және оның көшірмесі;

      3) курстарды аяқтағаны туралы куәлік және оның көшірмесі, немесе автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы алынған құжат (өз бетінше дайындалуды қоспағанда).

      4) Мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжат;

      5) "С", "D1", "D", "Tm", "Tb" санаттарын беру үшін жұмыс өтілін растайтын құжат (жұмыс орнынан анықтама);

      80 және 81-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Жүргізуші куәлігін ауыстыруға байланысты оны алу үшін адам:

      ТЕБ-ке жүгінген кезде – осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2), 3), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және бұрын берілген жүргізуші куәлігін, ал тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен кезде сауалнамалық деректері өзгергенін растайтын құжатты;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – осы Қағидалардың 77-тармағының 2), 3), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және бұрын берілген жүргізуші куәлігін, ал тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен кезде сауалнамалық деректері өзгергенін растайтын құжатты;

      "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде – осы Қағидалардың 77-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, ал тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен кезде сауалнамалық деректері өзгергенін растайтын құжатты ұсынады.

      77-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжат жарамдылық мерзімі аяқталуына байланысты жүргізуші куәлігін ауыстырған жағдайда беріледі.

      81. Қосымша санаттар, кіші санаттар алуға байланысты жүргізуші куәлігін алу үшін тұлға осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2), 3) - 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ бұрын берілген жүргізуші куәлігін ұсынады.";

      89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Жүргізуші куәлігін оның жоғалуына байланысты алу үшін тұлға осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2), 3), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.".

      3) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 386 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11186 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру және дайындау қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер балнкілерін жасау, сақтау және есепке алу";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру және жасау";

      11, 12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. МТНБ-ны жоғалтқан немесе ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда (бір данасы немесе жиынтығы) көлік құралы иесінің ТЕБ-ке немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінуі бойынша КҚТК-ны ауыстырмай, облыстардың ІІД үшін он бес жұмыс күші ішінде және Астана, Алматы қалаларының ІІД үшін бес жұмыс күні ішінде МТНБ телнұсқасын дайындау жүргізіледі. МТНБ-ның телнұсқасын дайындауға өтініш әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін МТНБ-ны алып қою мәніне тексерілгеннен және автомобиль үшін айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 2,8 мөлшерінде және мотокөлік құралдары мен тіркемелер үшін 1,4 АЕК көлемінде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжатты алғаннан кейін қабылданады.

      МТНБ-ның телнұсқасын берген кезде қолда бар түпнұсқа ТЕБ-ке немесе Мемлекеттік корпорацияға тапсырылады. Көлік құралы иесінің еркі бойынша оның атына жаңадан тіркелетін көлік құралына бұрын оған тіркелген, МТНБ берілген көлік құралын есептен шығарған жағдайда МТНБ телнұсқаларын дайындауға рұқсат етіледі. МТНБ-ның телнұсқаларын беру үшін негіз болған құжаттар жеке істерге қалыптастырылады және сақталады.

      12. Ұлттық стандарттың және бір өңірдің шегінде көлік құралын мемлекеттік тіркеу талаптарына сәйкес келген кезде автомобиль үшін АЕК-ның 2,8 АЕК көлемінде және мотокөлік құралдары мен тіркемелері үшін АЕК-ның 1,4 АЕК көлемінде мемлекеттік баждарды төлей отырып, мынадай жағдайларда:

      1) МТНБ берілген, бұрын оған тіркелген көлік құралын есептен шығарған жағдайда, оның атына жаңадан тіркелетін көлік құралына иесінің еркі бойынша;

      2) МТНБ берілген, КҚТК ауыстырған және көлік құралының тіркеу деректері өзгерген кезде иесінің еркі бойынша, егер біруақытта бұрын берілген МТНБ-ның телнұсқасын дайындау немесе жаңа МТНБ беру жүргізілетін болса, бұрын пайдалануда болған МТНБ-ларды бұрынғы иелерінің көлік құралдарына (оның ішінде мемлекеттік органдардың пайдалануда болған) қайта беруге жол беріледі.

      Иесін өзгертпей, КҚТК ауыстырған және (немесе) көлік құралының тіркеу деректері өзгерген кезде бұрынғы МТНБ-ны бергені үшін мемлекеттік баж төлеу жүргізілмейді.

      Ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келген және көлік құралын бір өңірдің шегінде мемлекеттік тіркеген кезде Кодексте белгіленген мемлекеттік баждарды төлей отырып, құқық мирасқорының (мұрагерінің) ерік білдіруі бойынша мұрагерлік мәні болып табылатын көлік құралына бұрынғы МТНБ-ны қайта беруге жол беріледі.

      13. ІІД ӘПБ тіркеу-емтихан жұмысы бөлімдері (бұдан әрі – ТЕЖб) алынған, бөлімшелерден, ауданаралық тіркеу-емтихан жұмысы бөлімшелерінен (бұдан әрі – АТЕЖб), топтардан, ауданаралық тіркеу-емтихан жұмысы топтарынан (бұдан әрі – АТЕЖт) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТНБ дайындауға және жеткізуге арналған, жаңа және МТНБ телнұсқаларына нақты қажеттілікті ескере отырып құрастырылған өтінімдердің негізінде, Қаржы қызметімен алдын ала келісілген, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келесі айға МТНБ дайындауға және жеткізуге арналған өтінімді ресімдейді және бекіту үшін ІІМ ӘПК-ге ұсынады.

      ІІМ ӘПК бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТНБ дайындауға және жеткізуге арналған жиынтық өтінімді ресімдейді және Жеткізушіге жолдайды.

      14. Жеткізуші МТНБ-ны Астана мен Алматы қалаларының ішкі істер департаменттері үшін бес жұмыс күні ішінде, облыстардың ішкі істер департаменттері үшін он бес жұмыс күні ішінде дайындайды және жиынтық өтінімге сәйкес ТЕБ өкіліне МТНБ-ны түсіріп беруді жүзеге асырады. МТНБ орамы мөрленеді және олардың жоғалуын және бүлінуін болдырмайды.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. ТЕБ қоймасындағы МТНБ қалдығының шекті лимиті жылдың соңында алдыңғы өткен үш ай ішінде нақты берудің орташа айлық бір жарым еселік мөлшерінен аспайды. Белгіленген лимитті бақылауды ІІМ ӘПК-нің, ІІД ӘПБ-нің, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің және ІІД, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі қаржы қызметтерінің басшылары жүзеге асырады.";

      4) "Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 1040 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12892 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің нысандары мен үлгілері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      5) "Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 757 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14161 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде 2016 жылғы 19 қыркүйекте жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жобалау кезінде регламенттердің, нормативтер мен стандарттардың сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 208 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10690 болып тіркелген) бекітілген Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларына сәйкес автомобиль жолдарын, көшелерді, жол құрылыстарын, теміржол өтпелерін, жеңіл рельсті көлік жүйелерін және электр көлігі желілерін салуға, реконструкциялауға, жөндеуге және оңалтуға арналған жобалау құжаттамасын келісу арқылы жүзеге асырылады.

      Жобалау кезінде регламенттердің, нормативтер мен стандарттардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ішкі істер органдарының қызметкерлері жүзеге асырады. Бұл ретте, аудандардың (қалалардың) әкімшілік полиция бөліністері жол және техникалық инспекциясы қызметкерлерін тағайындау олар ІІД ӘПБ-де он жұмыс күндік тағылымдамадан өткеннен кейін, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді зерделегеннен және олар бойынша сынақтар тапсырғаннан кейін жүзеге асырылады.

      "ІІД ӘПБ жол және техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы (қызметтердің аға қызметкерлері) лауазымына тағайындалғаннан кейін оның ІІД ӘПБ-да бес жұмыс күндік тағылымдамадан өтуі жүзеге асырылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін, жол құрылыстарын және теміржол өтпелерін және жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын жол жүрісі үшін қауіпсіз жағдайда күтіп ұстау қағидаларының сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау:

      1) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын кешенді тексеру;

      2) теміржол өтпелерін кешенді тексеру;

      3) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын тоқсан сайын тексеру;

      4) жол және коммуналдық ұйымдардың автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға дайындығын комиссиялық тексеру;

      5) мұз өткелдерінің жай-күйін тексеру;

      6) бақылау тексерулер;

      7) күн сайын қадағалау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Жолдарды және/немесе олардың жай-күйін, теміржол өтпелерін және басқа да құрылыстарды немесе жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын бүлдіру, оның ішінде жол төсемін ластау, сондай-ақ көлік құралдарының қозғалысы үшін қасақана кедергілер жасау фактілері анықталған жағдайда кінәлі адамдарға ӘҚБтК-нің 614, 630, 631 және 632-баптарына сәйкес шаралар қабылданылады.";

      44, 45 және 46-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Жол жүрісін ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында автомобиль жолдарының иелеріне:

      1) жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын орнату және қалпына келтіру, сондай-ақ бағдаршам объектілерінің жұмыс режимін өзгерту жөніндегі жұмыстарды орындауға нұсқамалар;

      2) жол белгілерінің қолданыстағы орналасуына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар;

      3) қосымша жол қоршауларын орнату және жол таңбасы сызбаларын түзету туралы ұсыныстар беріледі.

      45. Жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын орнату және қалпына келтіру, сондай-ақ бағдаршам объектілерінің жұмыс режимдерін өзгерту жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған нұсқама екі данада жасалады. Бірі жол белгілерін орнатуды және бағдаршам объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын ұйымға, екіншісі – атқарылуын бақылау үшін бақылау-байқау ісіне енгізіледі.

      46. Жол жүрісін ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі жұмыстарды орындауға берілген барлық нұсқамалар осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес Жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын орнату (алу) жөніндегі жұмыстарға арналған нұсқамаларды және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша анықталған кемшіліктерді есепке алу журналында ескеріледі.";

      67 және 68-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Олардың конструкциясына өзгерістер енгізу кезінде көлік құралдарының конструкциясын бақылау, егер ол габариттерін және салмақ параметрлерін, қозғалтқыш моделін, оның салмағы мен қуаттылығын, отын беру жүйелерін, тежегіш жүйесін, санын, орнату орнын, көру бұрыштарын, жарықтандыру және жарық сигнализациясы аспаптарының жарық және түстік сипаттамаларын, жүру бөлігін, рульдік басқаруын, сондай-ақ көруді, шолуды, сылбыр және авариядан кейінгі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін конструкцияның құрамдас бөліктерін өзгертумен байланысты болса, алдын ала техникалық сараптама жүргізу нәтижелері бойынша және көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін қабылдап сынау кезінде жүзеге асырылады. Бұл ретте М2 және М3 санаттарындағы көлік құралдарының конструкциясына отыратын орындарды орнатумен (бөлшектеумен), жатын орындарын және жүк бөлігін ұйымдастырумен байланысты және №1, №2, №3 санаттарындағы көлік құралдарына М2 және МЗ санаттарына ауыстырумен байланысты өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      М1 санаты үшін отыратын орындарды азайтумен байланысты қайта жабдықтауға жол беріледі.

      М1, М2 санаттары үшін оларды №1, №2 санаттарына ауыстырумен байланысты қайта жабдықтауға жол беріледі.

      68. Алдын ала техникалық сараптама жүргізу қажет болған жағдайда көлік құралдарының конструкциясын бақылауды ӘПБ және/немесе ӘПК жүзеге асырады.";

      78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. Осы Нұсқаулықтың 77-тармағында көрсетілген көлік құралдарының конструкциясына өзгерістер енгізуге өтініштерді ӘПК және/немесе ӘПБ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркелген орнына қарамастан қарайды. Бұл ретте, аудандардың (қалалардың) әкімшілік полиция бөліністерінің қызметкерлері газды баллон жабдығын, құрал-сайман жәшіктерін орнату және жүк автомобильдерінің шанақтарын ауыстыру бойынша көлік құралдарының конструкциясына өзгерістер енгізуге арналған өтініштерді тұрақты тіркелген жері бойынша облыс ауданының (қаласы) аумағы шегінде қарайды.";

      82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "82. Пайдаланудағы көлік құралының конструкциясы мен техникалық жай-күйін өзгерістер енгізілгеннен кейін әкімшілік полиция иесіне көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік бере отырып, осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәліктер беру журналына мәлемтерді енгізіп, 1 жұмыс күні ішінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың талаптарына (КО ТР 018/2011 18-қосымшасы) сәйкестігіне тексереді. Бұл ретте, көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік беру кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы аумақтық бөліністің басшысы деп басқарма және (немесе) бөлім, бөліше бастығын және оның орынбасарын, сондай-ақ жол және техникалық инспекция бөлімінің бастығын және оның орынбасарын немесе оларды алмастыратын лауазымды адамдарды түсіну керек.";

      6-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрі

      __________ Қ. Әбдірахманов

      2018 жылғы "___"_________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 20 сәуірдегі
№ 310 бұйрығына
1-қосымша
  Көлiк құралының сәйкестендіру
нөмірі бойынша көлік
құралдарының жекелеген
түрлерiн мемлекеттiк тiркеу
және есепке алу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Кәдеге жаратуға жататын (ақаулы) көлік құралын есептен шығару туралы __________ № _________ анықтама

      _____________________________________________________________ берілген,

      (КҚ иесі және (немесе) оның өкілі туралы мәліметтер)

      ______________________________________________________________________,

      маркасы, моделі

      _______________________________________________________________________

      КҚ түрі _______________________________________________________________

      сәйкестендіру нөмірі (VIN) ______________________________________________

      мемлекеттік тіркеу белгісі _______________________________________________

      түсі __________________________________________________________________

      КҚ санаты _____________________________________________________________

      шығарылған жылы ______________________________________________________

      шасси (рама) нөмірі _____________________________________________________

      шанақ нөмірі ___________________________________________________________

      рұқсат тілген ең жоғары массасы kg ________________________________________

      жүктемесіз массасы, kg ___________________________________________________

      КҚТКсериясы ___________________________________________________________

      № _____________________________________________________________________

      көлік құралы кәдеге жаратуға (ақаулы) жататын көлік құралы ретінде

      ________________________________ бастап тіркеу есебінен шығарылды.

      (күні )

      М.О.

      20 __ жылғы"___" _____________

      ІІО басшысының қолы ___________________________________________________

      (лауазымы, ІІО атауы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 20 сәуірдегі
№ 310 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1040 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің нысандары мен үлгілері 1-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері

      1. 1-үлгі (1-сурет) – заңды тұлғалардың жеңіл автомобильдерінің алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері, заңды тұлғаларға жататын жүк автомобильдері мен автобустарының алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


1-сурет.

      2. 1А-үлгісі (2-сурет) – жеке тұлғалардың жеңіл автомобильдерінің алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері, жеке тұлғаларға жататын жүк автомобильдері мен автобустарының алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


2-сурет.

      3. 2-үлгі (3-сурет) – заңды тұлғаларға тиесілі жүк автомобильдері мен автобустардың, сондай-ақ бекіту орны 1-үлгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, заңды тұлғалардың жеңіл автомобильдері үшін артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


3-сурет.

      4. 2А-үлгісі (4-сурет) – жеке тұлғаларға тиесілі жүк автомобильдері мен автобустардың, сондай-ақ бекіту орны 1А-үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, жеке тұлғалардың жеңіл автомобильдері үшін артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


4-сурет.

      5. 3-үлгі (5-сурет) – мотокөлік құралдары (мотоциклдер, мотороллерлер) үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


5-сурет.

      6. 5-үлгі (6-сурет) – көлік құралдарының тіркемелері және жартылай тіркемелері үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


6-сурет.

      5А-үлгі (7-сурет) - бекіту орны 5-үлгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, көлік құралдарының тіркемелері және жартылай тіркемелері үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


7-сурет.

      7. 7-үлгі (8-сурет) – жол жүрісіне қатысуға уақытша рұқсат берілген көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


8-сурет.

      8. 1С-үлгі (9-сурет) – Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары арнайы және жедел қызметтерінің жеңіл автомобильдері үшін алдыңғы және артқы және жүк автомобильдері мен автобустары үшін алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


9-сурет.

      9. 2С-үлгісі (10-сурет) – бекіту орны 1С-үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары арнайы және жедел қызметтерінің жеңіл және жүк автомобильдері үшін артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


10-сурет.

      10. 3C-үлгісі (11-сурет) – Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мотокөлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


11-сурет.

      11. 5C-үлгісі (12-сурет) – Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


12-сурет.

      12. 5СА-үлгі (13-сурет) - бекіту орны 5С-үлгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының арнайы және жедел қызметтері көлік құралдарының тіркемелері және жартылай тіркемелері үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


13-сурет.

      13. "SK" сериясының 1К-үлгісі (14-сурет) – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


14-сурет.

      Ескертпе: Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінде қолданылатын, Қазақстан Республикасының облыстары мен қалалары цифрлық кодтарының тізбесі осы Нысандар мен үлгілерге қосымшада көрсетілген.

2-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдары мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің сипаттамасы.

      14. Мемлекеттік тудың үлгісі бар, 1 (1А), 2 (2А), 3 және 5 – үлгілері үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің фоны (негізгі түсі) ‒ ақ түсті, цифрлық және әріптік символдар, "KZ" айыру белгісі ‒ қара түсті.

      15. Мемлекеттік тудың үлгісі бар, 1С, 2С, 3С – үлгілері үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің фоны (негізгі түсі) ‒ көк түсті, цифрлық және әріптік символдар, "KZ" айыру белгісі ‒ ақ түсті.

      16. Мемлекеттік тудың үлгісі бар, "SK" сериясының 1К – үлгісі үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің фоны (негізгі түсі) ‒ ақ түсті, цифрлық және әріптік символдар, "KZ" айыру белгісі ‒ қара түсті.";

3-тарау. Дипломатиялық корпус, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері, шетелдік қатысуы бар кәсіпорындар көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері

      17. 1Г-үлгісі (15-сурет) – шет мемлекеттердің делегацияларына ілесіп жүру бойынша хаттамалық іс-шараларға жұмылдырылған автомобильдерге алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


15-сурет.

      18. 1Г-үлгісі (16-сурет) – шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері дипломатиялық және консулдық құрамының, оларға теңестірілген, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметтік және жеке автомобильдеріне "D" сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


16-сурет.

      19. 2Г-үлгі (17-сурет) – "D" сериясының артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


17-сурет.

      20. 1Г-үлгі (18-сурет) – шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, оларға теңестірілген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктері әкімшілік-техникалық персоналының қызметтік және жеке автомобильдеріне "Т" сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


18-сурет.

      21. 2Г-үлгі (19-сурет) – "Т" сериясының артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


19-сурет.

      22. 3Г-үлгі (20-сурет) – шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, оларға теңестірілген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктері дипломатиялық және консулдық құрамының, әкімшілік-техникалық персоналының қызметтік және жеке мотокөлік құралдарына "D" және "Т" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері.


20-сурет.

      23. 1Д-үлгі (21-сурет) – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген шетелдік мемлекеттер Құрметті консулдарының қызметтік және жеке автомобильдеріне "НС" сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


21-сурет.

      24. 2Д-үлгі (22-сурет) – "НС" сериясының артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


22-сурет.

      25. 1Д-үлгі (23-сурет) – Қазақстан Республикасындағы шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының және өкілдіктерінің автомобильдеріне "М" сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


23-сурет.

      26. 2Д-үлгі (24-сурет) – "М" сериялы артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


24-сурет.

      27. 1Д-үлгі (25-сурет) – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдіктер қатысатын заңды тұлғалардың автомобильдеріне арналған "Н" сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


25-сурет.

      28. 2Д-үлгі (26-сурет) – "Н" сериялы артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


26-сурет.

      29. 1Д-үлгі (27-сурет) – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған "Ғ" сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


27-сурет.

      30. 2Д-үлгі (28-сурет) - "Ғ" сериялы артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


28-сурет.

      31. 3Д-үлгі (29-сурет) - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдіктер қатысатын заңды тұлғалардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мотокөлік құралдарына арналған "Н" және "Ғ" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


29-сурет.

      32. 3Д-үлгі (30-сурет) – Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметтік мотокөлік құралдарына арналған "М" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


30-сурет.

      33. 3Д-үлгі (31-сурет) – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде аккредиттелген шетелдік мемлекеттердің құрметті консулдарының жеке мотокөлік құралдарына арналған "НС" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


31-сурет.

      34. 5Г-үлгі (32-сурет) – шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, оларға теңестірілген, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктері дипломатиялық және консулдық құрамының, әкімшілік-техникалық персоналының қызметтік және жеке көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған "D" және "Т" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері.


32-сурет.

      35. 5ГА-үлгі (33-сурет) - бекіту орны 5Г-үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, оларға теңестірілген, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктері дипломатиялық және консулдық құрамының, әкімшілік-техникалық персоналының қызметтік және жеке жеке көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған "D" және "Т" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері.


33-сурет.

      36. 5Д-үлгі (34-сурет) – Қазақстан Республикасында тіркелген, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған "Н" және "F" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері.


34-сурет.

      37. 5ДА-үлгі (35-сурет) - бекіту орны 5Г-үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, Қазақстан Республикасында тіркелген, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған "Н" және "F" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері.


35-сурет.

      38. 5Д-үлгі (36-сурет) – Қазақстан Республикасында тіркелген, заңды тұлғалар филиалдары мен өкілдіктерінің көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған "М" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


36-сурет.

      39. 5ДА-үлгі (37-сурет) ‒ бекіту орны 5Д-үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалар филиалдары мен өкілдіктерінің көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған "М" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


37-сурет.

      40. 5Д-үлгі (38-сурет) – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген шетелдік мемлекеттердің құрметті консулдарының қызметтік және жеке автомобильдеріне тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған "НС" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


38-сурет.

      41. 5ДА-үлгі (39-сурет) – бекіту орны 5Д-үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген шетелдік мемлекеттердің құрметті консулдарының қызметтік және жеке автомобильдеріне тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған "НС" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.


39-сурет.

4-тарау. Қазақстан Республикасында тіркелген, артықшылықтары мен иммунитеттері бар дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің, консульдық мекемелерінің, қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің көлік құралдары мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің сипаттамасы

      42. "D" сериясының 1Г және 2Г, "Т" сериясының 1Г және 2Г, "PROTOCOL" сериясының 1Г, "D" және "Т" серияларының 3 Г, "D" және "Т" серияларының 5Г (5ГА)–үлгілерінің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің фоны (негізгі түсі) – қызыл; "KZ" айыру белгісі, цифрлық және әріптік символдары – ақ түсті, жиегі қара түсті, жапсырмадағы цифрлық және әріптік символдары – қара түсті.

      43. "НС", "Н", "М" и "F" серияларының 1Д және 2Д үлгілері, "Н", "F", "M" және "НС" серияларының 3Д, "Н" және "F", "М" және "НС" серияларының 5Д (5ДА)–үлгісі үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің фоны (негізгі түсі) – сары, "KZ" айыру белгісі, цифрлық және әріптік символдар, бөлу жолағы, жиектеме сызығы мен жиегі – қара түсті.

      Ескертпе: Осы бұйрық қолданысқа енгізілгенге дейін дайындалған және берілген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері ҚР СТ 986-2012 "Жол көлігі. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелеріне арналған жарық шағылыстыратын қабаты бар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері және белгілерге арналған дайындамасы" Қазақстан Республикасы ұлттық стандартының (бұдан әрі – Стандарт) талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қоспағанда, көлік құралдарын тіркегенге дейін жарамды болып табылады.

      Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін жоғалтқан, сондай-ақ ол Стандарттың талаптарына сәйкес келмеген кезде (1 дана не жиынтық) осы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі ауыстыруға жатады.".

  Мемлекеттік тіркеу
нөмірлік белгілерінің
нысандары мен үлгілеріне
қосымша

Қазақстан Республикасының облыстары мен қалаларының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінде қолданылатын цифрлық кодтар тізбесі

р/с

Өңірдің атауы

код

1

Астана қаласы

01

2

Алматы қаласы

02

3

Ақмола облысы

03

4

Ақтөбе облысы

04

5

Алматы облысы

05

6

Атырау облысы

06

7

Батыс Қазақстан облысы

07

8

Жамбыл облысы

08

9

Қарағанды облысы

09

10

Қостанай облысы

10

11

Қызылорда облысы

11

12

Маңғыстау облысы

12

13

Оңтүстік Қазақстан облысы

13

14

Павлодар облысы

14

15

Солтүстік Қазақстан облысы

15

16

Шығыс Қазақстан облысы

16

17

Резерв

17, 18, 19, 20

  Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 20 сәуірдегі
№ 310 бұйрығына
3-қосымша
  Әкімшілік полиция
бөлімшелерінің жол қауіпсіздігі
және регламенттерді,
нормативтер мен стандарттарды
сақтау саласындағы қызметін
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
6-қосымша

Жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын орнату (алу және қалпына келтіру) бойынша жұмыстарға нұсқамаларды және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша анықталған кемшіліктерді есепке алу журналы

№ р/с

Жұмыстың түрі

Жұмыстарды жүргізу орны

Жұмыстарды жүргізу негіздемесі

Нұсқама кімге берілді (ұйым, күні)

Нұсқаманы орындау мерзімі

Жұмысты орындау күні

1

2

3

4

5

6

7









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады