Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 мамырда № 16891 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10254 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Заңды және (немесе) жеке тұлғалар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат алу үшін орын ауыстырудың болжамды басталатын уақытына дейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) экспорт кезінде – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жері бойынша, импорт кезінде – шеттен әкелу орны бойынша не "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш ұсынады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесі Мемлекеттік корпорациядан немесе портал арқылы жазбаша өтінімді алғаннан кейін импорттаушы елдің ветеринариялық талаптарын, объектінің сипаттамасын, тиісті аумақтағы (ауылдағы, аудандағы, қаладағы) эпизоотиялық жағдайды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің өтініште көрсетілген түрін экспорттау немесе импорттау мүмкіндігін қарастырады және осы Қағидалардға2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды тіркеу журналында (бұдан әрі – журнал) өтінішті тіркейді.";

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Осы Қағидалардың 16-тармағында белгіленген мерзімдерде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат берілмеген немесе рұқсат беруден уәжді бас тартылмаған жағдайда, рұқсат берілді деп саналады және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары 2 (екі) жұмыс күні ішінде рұқсат береді.

      18. Уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесі экспортқа, импортқа арналған рұқсат нөмірін ол келіп түскен күні журналға тіркейді және оны күнін көрсете отырып, ветеринариялық сертификатқа түсіреді, сондай-ақ келіп түскен экспортқа, импортқа арналған рұқсатты немесе уәжді бас тартуды Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға жібереді.

      Экспортқа, импортқа электрондық түрде берілген рұқсат "Кедендік одақта тасымалданатын өнімдердің ветеринариялық қауіпсіздігі" веб-порталы арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасына жіберіледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2021 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2021 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1),2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ____________________Д. Абаев

      2018 жылғы 22 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 28 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 11 қаңтардағы
№ 18 бұйрығына қосымша
Тиісті аумақтағы эпизоотиялық
жағдайды бағалауды ескере
отырып, орны ауыстырылатын
(тасымалданатын)
обьектілердің экспортына,
импортына және транзитіне
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кімге:______________________
(көрсетілетін қызметті беруші)
Кімнен:_____________________
(заңды тұлғалар үшін: толық
атауы, орналасқан жері,
ведомство берген өндіріс
объектісінің есепке алу нөмірі
(коды), заңды тұлғаны
мемлекеттік тіркеу (қайта
тіркеу) нөмiрi және күнi,
сәйкестендіру нөмiрi / жеке
тұлғалар үшін: жеке тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда), есепке алу
нөмірі (коды), сәйкестендіру
нөмірі, дара кәсіпкер ретінде
қызметінің басталғаны туралы
хабарлама, тіркелген күні, телефонның,
факстың, ұялы байланыстың
абоненттік нөмірі және (немесе)
электрондық мекенжайы
(егер бұлар бар болса))

Өтініш

      Сізден ___________________________________________ рұқсат беруіңізді сұраймын. (экспортқа/импортқа (керегін көрсету қажет)

1.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны, оның өлшем бірлігі

2.

Экспорттаушы ел (импорттаушы ел)

3

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан жері, мекенжайы

4.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттау, импорттау кезінде пайдалану болжанатын көлік түрі

5.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні алып өту көзделетін мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің жол жүру бағдары

6.

Экспорттың, импорттың мақсаттары (тірі жануарлар үшін – көбейту және күтіп-бағу, сату, етке сою; өнімдер үшін – өткізу, қайта өңдеу; азықпен азықтық қоспалар үшін – оларды жейтін жануарлардың түрі)

7.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні сақтауды (өңдеуді, өткізуді) жүзеге асыратын өндіріс объектісінің атауын және есепке алу нөмірін көрсете отырып, Кеденодағының (импорттау кезінде), үшінші елдердің (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттер) (экспорттау кезінде) кедендік аумағындағы межелі пункт

8.

Жойылып кету қаупітөнген және Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлеріменхалықаралық сауда туралы конвенция (бұдан әрі – СИТЕС) қолданылатын тірі жануарларды, аңшылық олжаларын немесе олардың оңай танылатын бөліктері немесе құжаттары, орамажапсырмасы немесе таңбасы немесе басқа белгілері бойынша жануарлардың бөліктері немесе туындылары (дериваты) болатын немесе бола алатын туындыларын (дериваттарын) әкеткен жағдайда, СИТЕС қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге немесе Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге арналған рұқсаттардың берілген күндері және нөмірлері

9.

Ветеринариялық препараттардың, азықтық қоспалардың шыққан елін және олардың тіркеу куәліктерінің нөмірін (тіркеу, қайта тіркеукүні) көрсете отырып, өндіруші ұйымдардың ветеринариялық препараттарын, азық және азықтық қоспаларын экспорттау кезінде

10.

Асылтұқымды жануарларды және асылтұқымдық өнімді (материалды) импорттау кезінде экспорттаушы елдің ресми органы жануардың әрбасына берген асылтұқымдық куәліктің немесе оған баламақұжаттың нөмірі және күні

11.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің сипаттамасы

12.

Объектінің орналасқан жері (мекенжайы)

13.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні карантинге қою, өндіру, сақтау талаптары

14.

"Кеденодағында ветеринариялық-санитариялық шаралардықолдану туралы"Кеденодағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардан ерекшеленетін талаптар бойынша Қазақстан Республикасына үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттер) әкелінген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге шығарылуын болдырмауға келісуді растаймын

15.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін. Мәліметтердің дұрыстығын растаймын

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы, күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады