Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 142 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 мамырда № 16893 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 66-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.05.2023 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 26 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 26 сәуірдегі
№ 142 бұйрығымен бекітілген

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 66-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіруге, сондай-ақ уран өндіруге арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер (бұдан әрі –келісімшарттар) шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өнімді бөлу туралы келісімдерде немесе Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта келісімшарттар шарттарының сақталуын бақылаудың өзге тәртібі болған жағдайда, келісімшарттар шарттарының орындалуын бақылау осындай келісімдердің немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы Қағидалар сондай-ақ Кодекстің 277-бабының 3-тармағына сәйкес осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін шығарылған және жасалған жер қойнауын пайдалануға рұқсаттар, лицензиялар мен келісімшарттар бойынша қатынастарға қолданылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 22.05.2023 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Жер қойнауын пайдаланушылардың (келісімшарт бойынша операторлардың, сенімгерлік басқарушылардың) (бұдан әрі – жер қойнауын пайдаланушылар) келісімшарттар шарттарының сақталуын бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жүзеге асырылатын көмірсутектер мен уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу саласында Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауға жатпайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.05.2023 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар шарттарының сақталуын бақылауды құзыретті орган (келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік орган) жүзеге асырады.

      4. Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар шарттарының сақталуын бақылау жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу және жер қойнауын пайдаланушыға, сондай-ақ келісімшарттарға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізіліп жатқан (жүргізілген) объектілерге бару арқылы жүзеге асырылады.

      5. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру тәртібі

1-параграф. Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг

      6. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторингті (бұдан әрi – мониторинг) Кодекске сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын есептердi (бұдан әрi – есептер) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге көздерден алынған мәліметтерді талдау арқылы жүзеге асырады.

      Мониторинг Кодекстің 66-бабының 2-тармағына сәйкес құзыретті орган айқындайтын тәртіпте жүзеге асырылады.

      7. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 22.05.2023 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 22.05.2023 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Жер қойнауын пайдаланушыға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізіліп жатқан (жүргізілген) объектілерге бару тәртібі

      9. Жер қойнауын пайдаланушыға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізіліп жатқан (жүргізілген) объектілерге бару (бұдан әрі – бару) жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді.

      10. Жоспарлы бару құзыретті органның басшысымен бекітілген, құзыретті органның интернет-ресурсында бірінші жоспарлы баруды жүзеге асыру басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей орналастырылған барудың жылдық тізімінің негізінде жүзеге асырылады.

      11. Барудың жылдық тізімі (жер қойнауын пайдаланушыларды осы тізімге енгізу негіздерін және баратын кезеңді көрсете отырып) ағымдағы жылғы желтоқсаннан бастап келесі жылғы желтоқсанға дейінгі есепті кезеңге қалыптастырылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.05.2023 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Барудың жылдық тізіміне енгізу үшін есептерді ұсынбау және (немесе) жалған есептерді ұсыну және мониторинг нәтижелері бойынша келісімшарттық шарттардың орындалмау фактісін растау мүмкіндігінің болмауы негіз болып табылады.

      Талданатын кезең ағымдағы жылдың алдындағы екі жылдан аспайтын кезең болып табылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.05.2023 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Әрбір жер қойнауын пайдаланушыға қатысты барудың жылдық тізіміне сәйкес жоспарлы бару жылына бір реттен артық емес жүргізіледі.

      Әрбір жер қойнауын пайдаланушыға қатысты жоспарлы бару кезеңінің басталуы талдау жүргізу кезінде талданатын кезеңнің басына сәйкес белгіленеді, оның нәтижелері бойынша осы субъект барудың жылдық тізіміне енгізіледі.

      Жоспарлы бару кезеңінің соңы жоспарлы баруды өткізу мерзімін қамтиды. Бұл ретте талданатын кезеңдегі келісімшарттардың өлшенетін шарттарын орындау бойынша материалдар (ақпарат) ғана зерделенуге тиіс.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.05.2023 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Құзыретті органның аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) жоспарлы баруды жүзеге асыру басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын жер қойнауын пайдаланушыға ол жіберілген тұлға туралы мәліметтерді, жөнелтуші туралы ақпаратты, оның қолын, мерзімін және мәнін көрсете отырып, жоспарлы бару туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

      Хабарламада бару мәні, баруды өткізу мерзімі және баратын кезең, сондай-ақ бару жөніндегі комиссияның құрамы көрсетіледі.

      Хабарлама пошта арқылы және хабарламаны тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып жіберіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.05.2023 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан және (немесе) өзге де тұлғалардан келісімшарттардың шарттарын орындамау туралы ақпарат келіп түскен кезде және мониторинг нәтижелері бойынша келісімшарттардың шарттарын орындамау фактісін растауға мүмкіндік болмаған жағдайда құзыретті орган мұндай ақпаратты жоспардан тыс баруды тағайындау үшін аумақтық бөлімшеге жібереді.

      Жоспардан тыс бару анонимді жолданымдар болған жағдайда жүргізілмейді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.05.2023 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Аумақтық бөлімше жоспардан тыс баруды жүзеге асыру басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын жер қойнауын пайдаланушыға ол жіберілген тұлға туралы мәліметтерді, жөнелтуші туралы ақпаратты, оның қолын, мерзімін және мәнін көрсете отырып, жоспардан тыс бару туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

      Хабарламада бару мәні, баруды өткізу мерзімі және баратын кезең, сондай-ақ бару жөніндегі комиссияның құрамы көрсетіледі.

      Хабарлама пошта арқылы және хабарламаны тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып жіберіледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.05.2023 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16-1. Әрбір жер қойнауын пайдаланушыға қатысты жоспардан тыс бару кезеңінің басталуы келісімшарттардың шарттарын орындамау туралы ақпаратта көрсетілген уақыт кезеңіне сәйкес белгіленеді.

      Жоспардан тыс бару кезеңінің соңы жоспардан тыс баруды өткізу мерзімін қамтиды. Бұл ретте осындай ақпаратта көрсетілген кезең үшін келісімшарттардың шарттарын орындау бойынша материалдар (ақпарат) ғана зерделенуге тиіс.

      Ескерту. Қағида 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 22.05.2023 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Барудың мәні, барудың мерзімдері мен кезеңдері, сондай-ақ бару комиссиясының құрамы құзыретті органның аумақтық бөлімшесінің басшысымен бекітілген баруды тағайындау туралы бұйрықта әрбір бару үшін жеке-жеке көрсетіледі.

      18. Бару мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайды.

      Жұмыс көлемі ауқымды болған жағдайда, бару мерзімі бір рет аумақтық бөлімшенің басшысымен отыз күнтізбелік күнге ұзартылады.

      19. Жер қойнауын пайдаланушының басшысы немесе уәкілетті тұлғасы баруды тағайындау туралы бұйрықпен қол қою арқылы немесе бару туралы бұйрықты алғанын растайтын басқа да тәсілмен танысқан күн барудың басталу күні болып саналады.

      20. Бару үшін келген құзыретті органның лауазымды адамдары қызмет көрсету куәліктерін және баруды тағайындау туралы бұйрықты көрсетеді.

      21. Бару кезінде келісімшарттың өлшенетін шарттары зерттеледі.

      22. Бару барысында жер қойнауын пайдаланушы комиссия басшысының және (немесе) мүшелерінің жазбаша сұрау салуына сәйкес бару мәніне қатысты зерделеу үшін қажетті материалдарды (ақпаратты) ұсынады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.05.2023 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Барудың нәтижелері бойынша бару нәтижелері туралы анықтама екі данада орыс және қазақ тілдерінде дайындалады, оған комиссияның басшысы мен мүшелері қол қояды.

      24. Барудың нәтижелері туралы анықтама келісімшарттың құрылымына сәйкес жасалады және оның тармақтарына сілтемелерден тұрады.

      25. Бару аяқталғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушыда бар құжаттарды қоспағанда, барудың нәтижелері туралы анықтама қосымшаларының көшірмелерімен бірге жер қойнауын пайдаланушы басшысына немесе уәкілетті адамына қарау үшін екі данада беріледі.

      26. Жер қойнауын пайдаланушының басшысы немесе уәкілетті адамы барудың нәтижелері туралы анықтамаға екі данада алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қояды.

      27. Барудың нәтижелері туралы анықтамаға жер қойнауын пайдаланушының уәкілетті адамы қол қойған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы басшысының сенімхаты түпнұсқасы немесе расталған көшірмесі анықтамаға қоса беріледі.

      28. Жер қойнауын пайдаланушының басшысы немесе уәкілетті адамы барудың нәтижелері туралы қол қойылған анықтаманың бірінші данасын бару комиссиясына қайтарады.

      29. Барудың нәтижелерімен немесе оның бөлігімен келіспеген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының басшысы немесе уәкілетті адамы барудың нәтижелері туралы анықтамаға қарсылықтарын көрсете отырып қол қояды.

      30. Жер қойнауын пайдаланушының басшысы немесе уәкілетті адамы қол қоюдан бас тартқан жағдайда, барудың нәтижелері туралы анықтама жер қойнауын пайдаланушы кеңсесіне енгізіледі немесе пошта арқылы жіберіледі.

      31. Барудың нәтижелерімен келіспеген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа жүгінеді.

      32. Барудың нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт шарттарының орындамауы фактісі анықталған жағдайда, құзыретті орган мұндай жер қойнауын пайдаланушыға осы Кодекске және келісімшарттың ережелеріне сәйкес шаралар қабылдайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады