"Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 142 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 182 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 мамырда № 32573 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16893 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кiрiспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 66-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 66-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіруге, сондай-ақ уран өндіруге арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер (бұдан әрі –келісімшарттар) шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.".

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Жер қойнауын пайдаланушылардың (келісімшарт бойынша операторлардың, сенімгерлік басқарушылардың) (бұдан әрі – жер қойнауын пайдаланушылар) келісімшарттар шарттарының сақталуын бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жүзеге асырылатын көмірсутектер мен уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу саласында Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауға жатпайды.".

      7, 8-тармақтар алып тасталсын;

      11, 12, 13, 14, 15 және 16-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Барудың жылдық тізімі (жер қойнауын пайдаланушыларды осы тізімге енгізу негіздерін және баратын кезеңді көрсете отырып) ағымдағы жылғы желтоқсаннан бастап келесі жылғы желтоқсанға дейінгі есепті кезеңге қалыптастырылады.

      12. Барудың жылдық тізіміне енгізу үшін есептерді ұсынбау және (немесе) жалған есептерді ұсыну және мониторинг нәтижелері бойынша келісімшарттық шарттардың орындалмау фактісін растау мүмкіндігінің болмауы негіз болып табылады.

      Талданатын кезең ағымдағы жылдың алдындағы екі жылдан аспайтын кезең болып табылады.

      13. Әрбір жер қойнауын пайдаланушыға қатысты барудың жылдық тізіміне сәйкес жоспарлы бару жылына бір реттен артық емес жүргізіледі.

      Әрбір жер қойнауын пайдаланушыға қатысты жоспарлы бару кезеңінің басталуы талдау жүргізу кезінде талданатын кезеңнің басына сәйкес белгіленеді, оның нәтижелері бойынша осы субъект барудың жылдық тізіміне енгізіледі.

      Жоспарлы бару кезеңінің соңы жоспарлы баруды өткізу мерзімін қамтиды. Бұл ретте талданатын кезеңдегі келісімшарттардың өлшенетін шарттарын орындау бойынша материалдар (ақпарат) ғана зерделенуге тиіс.

      14. Құзыретті органның аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) жоспарлы баруды жүзеге асыру басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын жер қойнауын пайдаланушыға ол жіберілген тұлға туралы мәліметтерді, жөнелтуші туралы ақпаратты, оның қолын, мерзімін және мәнін көрсете отырып, жоспарлы бару туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

      Хабарламада бару мәні, баруды өткізу мерзімі және баратын кезең, сондай-ақ бару жөніндегі комиссияның құрамы көрсетіледі.

      Хабарлама пошта арқылы және хабарламаны тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып жіберіледі.

      15. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан және (немесе) өзге де тұлғалардан келісімшарттардың шарттарын орындамау туралы ақпарат келіп түскен кезде және мониторинг нәтижелері бойынша келісімшарттардың шарттарын орындамау фактісін растауға мүмкіндік болмаған жағдайда құзыретті орган мұндай ақпаратты жоспардан тыс баруды тағайындау үшін аумақтық бөлімшеге жібереді.

      Жоспардан тыс бару анонимді жолданымдар болған жағдайда жүргізілмейді.

      16. Аумақтық бөлімше жоспардан тыс баруды жүзеге асыру басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын жер қойнауын пайдаланушыға ол жіберілген тұлға туралы мәліметтерді, жөнелтуші туралы ақпаратты, оның қолын, мерзімін және мәнін көрсете отырып, жоспардан тыс бару туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

      Хабарламада бару мәні, баруды өткізу мерзімі және баратын кезең, сондай-ақ бару жөніндегі комиссияның құрамы көрсетіледі.

      Хабарлама пошта арқылы және хабарламаны тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Әрбір жер қойнауын пайдаланушыға қатысты жоспардан тыс бару кезеңінің басталуы келісімшарттардың шарттарын орындамау туралы ақпаратта көрсетілген уақыт кезеңіне сәйкес белгіленеді.

      Жоспардан тыс бару кезеңінің соңы жоспардан тыс баруды өткізу мерзімін қамтиды. Бұл ретте осындай ақпаратта көрсетілген кезең үшін келісімшарттардың шарттарын орындау бойынша материалдар (ақпарат) ғана зерделенуге тиіс.";

      22-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "22. Бару барысында жер қойнауын пайдаланушы комиссия басшысының және (немесе) мүшелерінің жазбаша сұрау салуына сәйкес бару мәніне қатысты зерделеу үшін қажетті материалдарды (ақпаратты) ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады