"Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 104-Ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 184 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 мамырда № 16924 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 104-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9307 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындау қағидаларында:

      көрсетілген Қағидаларға Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын есепке алу және аулауға жол берілетін көлемін есептеу әдістемесінде:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 35) және 36) тармақшалармен толықтырылсын:

      "35) МSY тұжырымдамасы – бұл қорды басқару және оның жабайы гидробионттар таралымдарын кәсіпшілік пайдаланудағы негізгі мақсаты орташа көпжылдық ауланымды барынша арттыру болып табылады;

      36) LC50 – таралымдағы балықтардың 50 пайызы кәсіпшілікпен алынатын балық ұзындығы.

      LM50 – таралымдағы балықтардың 50 пайызы жыныстық жасқа жететін ұзындық.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жануарларды алудың шекті жол берілетін көлемін есептеу жануарлар дүниесін пайдаланушы үшін жануарлардың санын есепке ала отыра, таралым серпіні үрдісін зерттеудің объективті көпжылдық деректері және биологиялық әртүрлілікке тигізетін ықтимал залалын ескере отырып, тіршілік ету ортасының өзгерісі негізінде бөлек жүргізіледі.

      Жануарлар дүниесі объектілерін алудың шекті жол берілетін көлемін есептеу кезінде қорларының жай-күйі қауіпті дәрежеде деп бағаланатын балықтар таралымдары (түрлері) үшін балықтардың биологиялық көрсеткіштері бойынша қордың шекті бағдарлары пайдаланылады, жалпы өлім-жітім коэффициентінің 0,5 қорды алу коэффициенті қолданылады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Биологиялық талдауды және жас мөлшерін анықтау мақсатында кездейсоқ емес, стратифицирленген іріктеу алынады. Кездейсоқ іріктеу балық денесінің ұзындығы ғана тіркелетін оны жаппай өлшеу кезінде таңдалады. Жаппай өлшеу деректері бойынша өлшемдік құрамды жас құрамына ауыстыру үшін осы әдістеме пайдаланылады. Матрица құрылып, оған 12 кестедегі деректер бойынша алынған өлшемдік топтар пайыздар бойынша жас топтарына бөлініп қойылады. Таралымның шынайы жас құрамына барынша жақын табылады (13-кесте).

      Кіші жас топтарындағы (жыныстық жасқа толғандардан кіші) балықтардың санын анықтау үшін деректер қатарын теңестіру нәтижесінде алынған функция (құрылған тренд қатары) пайдаланылады. Осылай алынған деректер балықтардың тиісті жас топтары санының кестесіне енгізіледі.";

      112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "112. Жылдың соңында балықтардың абсолютті санының, ихтиомассаның, ата-ана үйірінің абсолютті санының мәндері кәсіпшілік ұтымды пайдаланып отырған таралым үшін негізінде жыл басындағы осы мәндерден кем болмауға тиіс. Бірақ түр таралымының биологиялық жай-күйіне, кәсіпшіліктің осының алдындағы жылдардағы қарқындылығына, перспективада кәсіпшілік ихтиофауна қалыптастырудың мақсатты бағдарларына байланысты бұл мәндер әртүрлі болуы мүмкін.

      Табиғи өлім-жітім шамасы туралы деректер болмаған жағдайда, кәсіпшіліктің қарқындылығы бойынша мақсатты бағдардың жақын мәнін таралымның өсімталдығының әртүрлі сапада болу тұжырымдамасының негізінде есептеп шығаруға болады, оған сәйкес балықтар таралымдары санының көбею жылдамдығы олардың пісіп-жетілу жасына және өмір сүруі кезінде қайталама ұрпақ беру санына байланысты болады.

      Бұл ретте жеке өсімталдықтың екінші дәрежелі маңызы болады. Кәсіпшілік өлім-жітімді жылдық шығын коэффициентінің терминдерімен білдіре отырып, аналықтарының жыныстық жетілу жасымен ерекшеленетін түрлер үшін осы коэффициенттің биологиялық қолайлы мәндерін алады.

      Жылдық шығынды бағалауды дұрыс түсіндіру үшін ескеру керек мынадай екі маңызды мәселе бар:

      1) кәсіпшілік алудың рұқсат етілетін үлесі қор санына пайызбен көрсетілген, сондықтан ауланымды бағалау да сан бірліктерімен беріледі, масса бірліктерінде рұқсат етілетін ауланым көлемін табу үшін алынған бағалауды қордың жас құрамын және орташа салмағын ескере отырып қайта есептеу қажет;

      2) кәсіпшілік алудың рұқсат етілген үлесі болжамды жылдың бас кезіндегі қордың кәсіпшілік бөлігіне жатады.

      Балық аулауды басқару барынша орнықты ауланым тұжырымдамасына (MSY) негізделуі тиіс. Кәсіпшілік қорды алу коэффициенттері МSY өлшемшарттарына сәйкес келуі тұрғысынан тексеріледі. Сәйкес келмеген жағдайда, кәсіпшілік қорды алудың басқа коэффициенттерінің есептемесі жасалады.";

      2 тарауы мынадай мазмұндағы 6 және 7-параграфтармен толықтырылсын:

      "6-параграф. Балықтардың биологиялық көрсеткіштері бойынша қорларды сақтықпен басқару стратегиясын әзірлеу үшін қордың шекті бағдарларын анықтау әдісі

      208. Балық түрі таралымдарының қоры жай-күйінің көрсеткіштері LC50 және LM50 өлшемшарттары болып табылады.

      LC50=LM50 өлшемшарттары мәндерінің тепе-теңдігі су айдынындағы белгілі бір балық түрі қоры жай-күйінің шекті бағдары болып табылады.

      LC50≤LM50 жағдайында осы түрдің ШАМ-ын есептеу кезінде осы балық түріне төмендетілген алу коэффициенттері пайдаланылады, келесі күнтізбелік жылы алу коэффициенттері ағымдағы жылғыдан кем болуы тиіс.

      LC50≥LM50 жағдайында ШАМ-ды есептеу кезіне балық қорларын басқару шараларын (алу коэффициентін төмендету) қолдану қажет емес.

      7-параграф. Балық аулауға сақтықпен қарау кезінде балық алу коэффициенттерін есептеу әдісі

      209. Таралымның жай-күйі орнықты болған кезде есептеме жалпыға ортақ әдістерге сәйкес жүргізіледі, бұл орайда "Тюрин, Зыков әдістері, Малкин таралымдардың әртектілігі тұжырымдамасы" және басқалар пайдаланылады.

      Балықтардың биологиялық көрсеткіштері бойынша қордың LM50 = LC50 шекті бағдарларына қол жеткізілгенде Z = 2F формуласы қолданылады, яғни F алу коэффициенті Z жалпы өлім-жітім коэффициентінен 0,5 коэффициентпен есептеледі.

      Балықтардың нақты түрі бойынша қордың шекті бағдарларына қол жеткізілгенде осы түр үшін алу коэффициенті ауланымдағы (іріктелген) осы балық түрінің Т шекті жасына сүйене отырып белгіленеді.

      210. 60-кестеде жалпы өлім-жітім коэффициентінің (Z) және жағдайлардың әртүрлі мәндері кезінде балықтардың шекті жасының теориялық мәндерінің есептемелері келтірілген, онда балықтардың ең аз саны шамамен 0,01 (1%) мөлшерді құрайды.

      Ауланымдағы балықтардың шекті жасы бойынша аулау коэффициентін есептеу үшін қосалқы 61-кестені пайдалану қажет. Мысалы, ауланымдағы (іріктелген) осы түр балықтарының шекті жасы 5 жас болған жағдайда, алу коэффициенті F = 0,3 болып белгіленеді. Шекті жасы 13 жыл болған кезде алу коэффициенті F = 0,15 болып белгіленеді.";

      көрсетілген Әдістемеге 1-қосымшада:

      мынадай мазмұндағы 60 және 61-кестелермен толықтырылсын:

      "60-кесте – Жалпы өлім-жітім (жылдық шығын) коэффициентіне байланысты балықтар таралымының саны (мәні 0-ден 1-ге дейін)

Жасы, жыл

Z жылдық шығын коэффициенті

0,275

0,3

0,325

0,35

0,375

0,4

0,45

0,5

0,55

0,6

0+

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

0,725

0,7

0,675

0,65

0,625

0,6

0,55

0,5

0,45

0,4

2

0,526

0,49

0,456

0,423

0,391

0,36

0,303

0,25

0,203

0,16

3

0,381

0,343

0,308

0,275

0,244

0,216

0,166

0,125

0,091

0,064

4

0,276

0,24

0,208

0,179

0,153

0,13

0,092

0,0625

0,041

0,0256

5

0,2

0,168

0,14

0,116

0,095

0,078

0,05

0,031

0,018

0,01

6

0,145

0,118

0,095

0,075

0,059

0,047

0,028

0,016

0,008


7

0,105

0,082

0,064

0,049

0,037

0,028

0,015

0,008



8

0,076

0,057

0,043

0,032

0,023

0,017

0,008




9

0,055

0,04

0,029

0,021

0,014

0,01





10

0,04

0,028

0,02

0,013

0,009






11

0,029

0,02

0,013

0,009







12

0,021

0,014

0,009








13

0,015

0,01









14

0,011










      61-кесте – Ауланымдардағы (іріктеудегі) балықтардың шекті жасының бақыланып жүрген мәндеріне сүйене отырып, Z жалпы өлім-жітім (жылдық шығын) коэффициенттері және қордың шекті бағдарларына қол жеткізілгенде ұсынылатын F алу коэффиценттері

Коэффициенттер

Т (ауланымдағы шекті жас)

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

Z

0,6

0,55

0,5

0,45

0,4

0,375

0,35

0,325

0,3

0,275

F

0,3

0,275

0,25

0,225

0,2

0,188

0,175

0,163

0,15

0,138

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады