Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасуға өтініш нысанын және қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарын жасау талаптарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 324 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 мамырда № 16962 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертуі!
      Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 243-бабының 1-тармағына және 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасуға өтініш нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарын жасау талаптары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
11 мамырдағы № 324 бұйрығына
1-қосымша
  Нысан

Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасуға өтініш

1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы туралы мәлімет

1.

Заңды тұлғаның атауы


2.

Заңды тұлғаның тіркеуден (қайта тіркеуден) өтуі туралы ақпарат (күні, негізі)


3.

Орналасқан жері:
Заңды мекенжайы
нақты орналасқан жері


4.

Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi


5.

Заңды тұлғаның басшысы

_________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
_________________________________
(телефон, факс, электрондық почта)

6.

"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 47-бабына сәйкес жер қойнауын пайдаланушыларды бақылайтын тұлғалар мен ұйымдар туралы мәліметтер


2. Пайдалы қатты қазбаларды (бұдан әрі-ПҚҚ) қайта өңдеу жобасы туралы
мәлімет

7.

ПҚҚ қатысты жобаны қайта өңдеуді сипаттау (пайдалы қазбаның болжалды шикізат көзі), шикізат түрі (пайдалы қазбаның), кен орнының атауы, орналасқан орны, үлес салмағы )


8.

ПҚҚ қайта өңдеу жобасын іске асыру орны


9.

Инвестициялау үшін таңдалған қызметтің басым түрлері (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші кластың деңгейінде)


10.

Қосылған құнға салықтың есебінсіз заңды тұлғаның белгіленген активіндегі инвестициялар көлемі (алдағы кезеңде пайдалануға белгіленген активтің енгізілетін күніне дейінгі, бірақ ПҚҚ қайта өңдеу туралы келісім жасасу жөніндегі қол қою өтінімді беруден 24 ай бұрын және (немесе) қолдануға берілгенге дейінгі алдағы кезеңдердің шығындары ескеріледі)

__________________________________
(теңге)

11.

Жобаны қаржыландыру көздері, бар:
1) меншік қаражаттары
2) қарыз қаражаттары
3) бюджеттік қаражаттар

1)________________________________
(аудиторлық қорытындымен бірге соңғы есептік кезеңнің қаржылық есептілігі немесе соңғы алты ай ішіндегі ақшаның айналымы және қалғаны туралы үзінді немесе меншікті қаражаттың болуын растайтын құжаттың басқа да түрлері)
2)________________________________
(қарыз шартаның көшірмесі не банк қарызының көшірмесі немесе жобаны қаржыландыру көздерін растайтын құжаттардың басқа да түрлері)
3)________________________________
(бюджеттен қаржыландыруды растайтын шарт көшірмесі немесе бюджет қаражатынан қаржыландыруды растайтын құжаттардың басқа да түрлері)

3. Жер қойнауын пайдалану құқығы туралы мәлімет

12.

1) лицензияны берген нөмірі мен күні (келісімшарт)
2) лицензияның қолданылу мерзімі (келісімшарт)
3) жер қойнауын пайдалану құқығының түрі


4. Инвестициялық преференциялар жобасын іске асыру үшін талап етілетіндер

13.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық преференциялардың түрлері


14.

Талап етілетін инвестициялық преференциялардың мерзімі мен көлемі


      Өтініш иесі :

      _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Қолы:___________________

      Толтыру күні: 20__ жыл "__" __________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
11 мамырдағы № 324 бұйрығына
2-қосымша
  Нысан

Қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарын құру бойынша талаптар

      1. Қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) жобаның түйіндемесі;

      2) технологиялық бөлім;

      3) коммерциялық бөлім;

      4) әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсері;

      5) қаржылық бөлім.

      2. Жобаның түйіндемесі мыналарды:

      1) заңды тұлға туралы ақпаратты:

      Заңды тұлғаның атауын;

      Заңды тұлғаның басшысын (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда));

      Заңды және нақты мекенжайын, телефонын, факсын, электрондық почтасын;

      2) жоба бойынша ақпаратты:

      жобаның атауын;

      жобаның мақсатын;

      қайта өндеу жобасын іске асыру орнын (облыс, аудан);

      болжалды қайта өңдеу жобасының сипаттамасын (қолданыстағы жаңа өндірістерді құру, кеңейту және жаңарту);

      құрылатын жұмыс орындарының санын (уақытша және тұрақты);

      3. Технологиялық бөлім мыналарды:

      1) сатып алынатын пайдаланылатын және белгіленген активтерді көрсете отырып, қайта өңдеу жобасының технологиясын, сондай-ақ технологиялық процесте импортталатын шикізаттарды және материалдарды сипаттауды;

      2) қайта өңдеу жобасында қазіргі заманғы технологияларды қолдануды;

      3) осы Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және құндық сипаттамалар бойынша баламалы шешімдердің салыстырмалы талдауын;

      4) осы Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны іске асыру кестесін қамтиды.

      4. Коммерциялық бөлім мыналарды:

      1) шикізат, материалдар және жабдықтарды жеткізу туралы мәліметтерді:

      Пайдаланатын шикізат пен материалдардың түрлерінің тізбесін;

      Қазақстан Республикасы аумақтарында және Еуразиялық елдердің экономикалық одақ елдерінде өндірістің болуын ескере отырып, шикізат пен материалдардың (отандық және импорттық) нарығын талдауды (аталған шикізат пен материалдарды импорттау кезінде толтырылады);

      пайдаланылатын шикізат пен материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, инвестициялық жоба шеңберінде жабдыққа арнап шығарылатын, дайын өнімнің бірліктерін өндіруге импортталатын шикізат пен материалдардың шығыстардың орташаландырылған нормаларын;

      қажетті технологиялық жабдықтардың тізімін;

      пайдалынылатын технологиялық жабдықтардың сипаттамасы және жаңалығы (жабдықтың шыққан күні мен моделі);

      инвестициялық артықшылықты ұсынуға өтініш берген заңды тұлғамен шарттық қатынастардың болуын көрсете отырып технологиялық жабдықтарды және шикізатты жеткізушілер;

      көліктік шығыстарды, монтаждау және іске қосу жұмыстарын есепке ала отырып технологиялық жабдықтардың құнын;

      2) маркетингті: өнімді өткізу – қандай өңірлерде, қандай тұтынушыларға, қандай шетел елдерге жеткізу болжанады, нарықта ұқсас, бірін бірі алмастыратын немесе бірін бірі толықтыратын тауарлар, көрсетілетін қызметтер, болашақта олардың өндірісінің өсуін бағалау, соңғы бірнеше жылдарда импорттың динамикасы және/ немесе тауарлардың экспортын, көлем мен бағасы, негізгі бәсекелестерін көрсетуді қамтиды.

      5. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсері мыналарды:

      1) қайта өндеу жобасының тікелей қатысушылары туралы мәліметтерді: жобаны жасаушы, бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрлысы және құрылыс қызметі салаларындағы көрсететін қызметті орындаушы (іздеу және жобалық қызметті, инжинирингтік қызметтерді қоса алғанда) жабдықтарды жеткізушіні, шикізат пен материалдарды жеткізушілерді, делдалдарды;

      2) осы Талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек ресурстардағы (саны) жобаның қажеттілігін;

      3) осы Талаптарға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олардың саны шетелдік жұмыс күштерін тарту туралы мәліметтерді;

      4) шетелдік жұмыс күштерін тартатын функционалдық міндеттемелерді таратуды;

      5) осы Талаптарға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмыскерлердің қажеттілігін;

      6) инвестициялық жобаны іске асыру кезінде күтілетін әлеуметтік нәтижені;

      7) шетелдік жұмыс күштерін кейіннен ауыстыру үшін жергілікті кадрлардың біліктілік деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын;

      8) зиянды әсерді азайту бойынша жобаны қоршаған ортаның жағдайына және іс шаралар жоспарына әсерін тигізуді;

      9) жобаның технологиясының халықаралық стандарттарға және қоршаған ортаға әсерін тигізу бойынша нормативтерге сәйкестігін қамтиды.

      6. Қаржылық бөлім мыналарды:

      1) инвестицияларды бағалауды: толық инвестициялық шығындарды (инвестицияда негізгі және айналым капиталы);

      2) инвестициялық жобаны іске асыру құнын, қаржыландыру көздерін:

      жеке қаражаттарды;

      қарыздық қаражаттарды (несиелер немесе шаруашылық субъектілерге тартылған қаражаттар) және\ немесе грантты;

      бюджеттік қаражаттарды;

      3) қаржылық талдауды:

      тиісті инвестициялық артықшылықты есебінен және инвестициялық артықшылықтың есебінсіз үлгінің есебін кіргізетін жобаның қаржылық үлгісін;

      жобаның тіршілік кезеңі үшін таза дисконтталған кірісті;

      жобаның тіршілік кезеңі үшін ішкі кіріс нормасын;

      жобаның өтелімділік мерзімін (жеңіл және дисконтталған);

      жеңіл кіріс нормасын (табыстылық);

      осы Талаптарға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер үшін шартты жою және кіріс есебін қамтиды.

      Ескертпе: Қайта өңдеу жобасының бизнес жоспарын тігу және нөмірлеу, бірінші басшысының қолымен растау және заңды тұлғаның мөрімен (болған жағдайда) растау қажет.

  Қайта өңдеу жобасының
бизнес-жоспарын
жасау талаптарына
1-қосымша
  Нысан

Техникалық және құндық сипаттамалар бойынша балама шешімдердің салыстырмалы талдауы

Көрсеткіштердің атауы

Көрсеткіштердің мәні

ұсынылатын үлгі

ұқсастықтар

1.



2.



 
  Қайта өңдеу жобасының
бизнес-жоспарын
жасасу талаптарына
2-қосымша
  Нысан

Жобаны іске асыру кестесі

Жұмыстың атауы

Күнтізбелік жыл

Қорытынды

1 жартыжылдық

2 жартыжылдық


Инвестицияда белгіленген активтер (мың теңге)

1.




2.




3.




Шикізат пен материалдарға инвестициялар (мың теңге)

1.




2.




3.




Құрылатын және/немесе сақталатын жұмыс орындарының саны




 
  Қайта өңдеу жобасының
бизнес-жоспарын
жасасу талаптарына
3-қосымша
  Нысан

Жобаның еңбек ресурсындағы қажеттілігі (саны)

Құрылыс кезеңіне

Пайдалануға берілгеннен кейін (1 жыл)

Қазақстан Республикасының азаматтары

Шетелдік жұмыс күші

Қазақстан Республикасының азаматтары

Шетелдік жұмыс күші





 
  Қайта өңдеу жобасының
бизнес-жоспарын
жасасу талаптарына
4-қосымша
  Нысан

Шетелдік жұмыс күштерін тарту және олардың саны туралы мәліметтер

Мамандықтың атауы (тарифтік разряд, санат)

Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде оның ішінде латын әріптерімен)

Туған күні

Азаматтығы/Тұрақты өмір сүретін елі

Тарту кезеңі (ай, жыл)

1. Басшылар:






2. Жоғары білімі бар мамандар:






3. Білікті жұмыскерлер:






Қорытынды (адам):

 
  Қайта өңдеу жобасының
бизнес-жоспарын
жасасу талаптарына
5-қосымша
  Нысан

Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін қызметкерлердің қажеттілігі

т/б

Мамандықтардың атауы

Біліктілік деңгейі (тарифтік разряд, санаты)

Саны





 
  Қайта өңдеу жобасының
бизнес-жоспарын
жасасу талаптарына
6-қосымша
  Нысан

Республикалық және жергілікті бюджеттер үшін шартты шығындар және кірістер есебі

Салық және өзге де бюджетке міндетті төлем түрлері

Күнтізбелік жыл

Күнтізбелік жыл

Жиыны

Преференцияларды есепке алусыз бюджетке түсімдер

Преференцияларды есепке алусыз бюджетке түсімдер

Преференцияларды есепке алусыз бюджетке түсімдер

Преференцияларды есепке алусыз бюджетке түсімдер

Преференцияларды есепке алусыз бюджетке түсімдер

Преференцияларды есепке алусыз бюджетке түсімдер

Корпоративтік табыс салығы






Мүлікке салық






Жер салығы






Кедендік баж салығы






Әлеуметтік салық






Зейнетақы аударымы







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады