Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау, шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты техникалық реттеу бөлігінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 287, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 266 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 500 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылы 4 маусымда № 16977 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 23.11.2022 № 1185, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.11.2022 № ҚР ДСМ-135 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 22.11.2022 № 445-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 202-бабы 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 23.11.2022 № 1185, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.11.2022 № ҚР ДСМ-135 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 22.11.2022 № 445-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау, шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты техникалық реттеу бөлігінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 23.11.2022 № 1185, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.11.2022 № ҚР ДСМ-135 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 22.11.2022 № 445-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов
      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек
      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 16 мамырдағы
№ 266, Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 28 сәуірдегі № 287
және Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 2 мамырдағы
№ 500 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау, шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты техникалық реттеу бөлігінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 23.11.2022 № 1185, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.11.2022 № ҚР ДСМ-135 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 22.11.2022 № 445-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау, шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты техникалық реттеу бөлігінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 202-бабы 10-тармағына сәйкес әзірленді және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау, шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты техникалық реттеу бөлігінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

2-тарау. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау, шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты техникалық реттеу бөлігінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау тәртібі

      2. Шартты түрде шығаруға тауарларға арналған декларацияны тіркеген күні техникалық регламенттердің талаптарына тауарлардың сәйкестігін растайтын құжаттары жоқ, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыруға мәлімделген мына төмендегі тауарлар:

      "Бірыңғай құжаттарды бере отырып, Кеден одағы шеңберінде сәйкестікті міндетті бағалауға (растауға) жататын өнімнің бірыңғай тізбесі туралы" Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 620 шешімімен бекітілген бірыңғай құжаттарды бере отырып, Кеден одағы шеңберінде сәйкестікті міндетті түрде бағалауға (растауға) жататын өнімдердің бірыңғай тізбесіндегі өнімдер (тауарлар);

      Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптары қолданылатын тауарлар;

      Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінің талаптары қолданылатын тауарлар орналастырылады.

      3. Шартты түрде шығарылған тауарлардың техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін растау үшін декларант сәйкестікті растау жөніндегі органдарға және (немесе) сынақ зертханаларына "Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 23364 болып тiркелген) бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілген сәйкестікті бағалау Қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттау жүргізуге арналған өтінім береді.

      Шартты түрде шығарылған тауардың техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін растау рәсімінің нәтижелері бойынша сәйкестікті растау жөніндегі органдар шартты түрде шығарылған тауардың техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін растау туралы құжатты (бұдан әрі – құжат) беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Құжатты беру туралы шешім қабылданған кезде сәйкестікті растау жөніндегі органдар "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 130 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сәйкестігі міндетті бағалауға жататын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тәртібінің 4-тармағына сәйкес құжатты береді.

      4. Техникалық регламенттер талаптарына сәйкестікті, техникалық реттеу бөлігіндегі тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау оларға қатысты тыйым салулар мен шектеулер "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде жүзеге асырылады және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тауарлар шығарылғаннан кейін (шартты түрде шығару) расталады.

      5. Техникалық регламенттер талаптарына сәйкестікті растау, техникалық реттеу бөлігінде шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулерді сақтау үшін құжаттарды декларант "АСТАНА-1" Кедендік және салықтық әкімшілдендіруді автоматтандыру жүйесі (бұдан әрі – "АСТАНА-1" АЖ) арқылы және (немесе) қағаз жеткізгіште аумақтық мемлекеттік кірістер органына (бұдан әрі – аумақтық орган) ұсынылады.

      Аумақтық орган құжаттарды ұсынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оларды тауарларға арналған декларацияларда мәлімделген мәліметтерге сәйкестігін салыстыруды, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-тармағының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген тауарлар үшін Берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай тізілімімен ("Берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 127 шешімімен бекітілген Берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібінің талаптары бойынша қалыптастырылған) және осы Қағидалардың 2-тармағының төртінші абзацында белгіленген тауарлар үшін Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаттарының және сәйкестік туралы декларациялар тізілімімен (Бұйрықпен бекітілген сәйкестікті бағалау қағидаларының талаптары бойынша қалыптастырылады) салыстыруды жүзеге асырады.

      Тізілімдегі осындай құжаттар туралы (құжаттардан) мәліметтер болған кезде аумақтық орган декларанттың құжаттарын салыстырып тексеру аяқталған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей тауарларға арналған декларацияда көрсетілген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жолымен шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты техникалық реттеу бөлігінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайды. Шартты түрде шығарылған тауарлар тауарға арналған декларацияға түзетулерді тіркеген күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақтың тауары мәртебесін алады.

      6. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген тауарлар шартты түрде шығаруға орналастыру кезінде декларант осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген мерзімде шартты түрде шығарылған тауарларға арналған сәйкестікті растау туралы құжатты ұсыну туралы міндеттемені еркін нысанда "АСТАНА-1" АЖ арқылы және (немесе) қағаз жеткізгіште аумақтық органға ұсынады.

      7. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар шартты түрде шығарылған тауарлардың түрлерін ескере отырып, техникалық регламенттерде белгіленген мерзімдерде сәйкестікті растау рәсімдерін жүргізеді.

      8. Аумақтық орган техникалық регалементтер талаптарына сәйкестігін техникалық реттеу бөлігінде тауарларды шығарғаннан кейін тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттардың ұсыну мерзімін ұзартады.

      Осы үшін декларант осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін аумақтық органға тауарларды сәйкестікке бағалауды жүзеге асыратын сәйкестікті растау жөніндегі органдардан және (немесе) сынақ зертханаларынан техникалық ретету бөлігінде тауарларды шығарғаннан кейін тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды ұсыну мерзімінің күнтізеблік күнінің санын және/немесе аяқталған күнін көрсете отырып, мерзімін ұзарту қажеттілігі туралы хатты жолдайды.

      Аумақтық орган ұсынған хаттардың деректерін кеден ісі саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      9. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган одан әрі техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестікті бағалау мерзімдерін ұзарту туралы хаттар ұсынған адамдар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген мерзімдерді бұзған адамдар туралы мәліметтерді жібереді.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады