"Су объектілерiне жол берілетін шекті зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 19-1/441 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 150 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 маусымда № 16983 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Су объектілерiне жол берілетін шекті зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 19-1/441 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11811 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су объектілерiне жол берілетін шекті зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Су объектiлерiне жол берілетін шекті зиянды әсерлердің нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарын ескере отырып, шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде су объектiлерiне ШЖЗӘ-нiң нормативтерi мыналар ретінде анықталады:

      1) су ресурсын жол берілетін шекті алу – антропогендік әсер ету кезінде экожүйеге залал келтірместен уақыт бірлігінде су объектісінен ағысты алудың жол берілетін көлемін білдіретін шекті шаманың мәні;

      2) су объектісіне химиялық заттардың шекті жол берілетін түсуі – уақыт бірлігіндегі зиянды химиялық заттардың су объектілеріне түсуінің шекті жол берілетін массасы мен шоғырлануын білдіретін мәні болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "7-1. Су ресурсын шекті жол берілетін алу мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      Wалу – экожүйе үшін залал келтірмей су объектісінен алуға жол берілетін, ағыс ретінде айқындалған су ресурсын шекті жол берілетін алу (текше километр (бұдан әрі – км3/жыл));

      Wтабиғи – табиғи гидрологиялық режим кезінде ағыстың қамтамасыз етілуіне байланысты айқындалатын жылдық ағыс көлемі (км3/жыл);

      Wэкологиялық – ағыстың қамтамасыз етілуіне қатысты экожүйенің ең төменгі қажетті мұқтаждығы ретінде айқындалатын жылдық ағыс көлемінің есептік мәні (км3/жыл);

      Р% – ағыстың қамтамасыз етілуі (суы көп жыл үшін – 25%, суы орташа жыл үшін (ағыс нормасына жақын) – 50%, суы орташа аз жыл үшін – 75%, суы аз жыл үшін – 95%).

      Экологиялық жылдық ағыстың көлемі нақты су объектісі бойынша ғылыми зерттеу, іздестіру және жобалық жұмыстарды жүргізу барысында айқындалады.

      Экологиялық жылдық ағыстың көлемі мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      Wэкологиялық – ағыстың қамтамасыз етілуіне қатысты экожүйенің ең төменгі қажетті мұқтаждығы ретінде айқындалатын жылдық ағыс көлемінің есептік мәні (км3/жыл);

      Р% – ағыстың қамтамасыз етілуі (суы көп жыл үшін – 25%, суы орташа жыл үшін (ағыс нормасына жақын) – 50%, суы орташа аз жыл үшін – 75%, суы аз жыл үшін – 95%);

      a – есептік қамтамасыз етілудің табиғи ағыс нормасынан экологиялық ағысқа көшу коэффициенті;

      Wтабиғи – табиғи гидрологиялық режим кезінде ағыстың қамтамасыз етілуіне байланысты айқындалатын жылдық ағыс көлемі (км3/жыл).

      Су ресурсын шекті жол берілетін алу әрбір су объектісінің әрбір бөлігі (бұдан әрі – су шаруашылығы учаскесі) үшін есептеледі, ол үшін ағыстың қамтамасыз етілуін (жылдың сулылығын) ескере отырып, су ресурстарын тартуға (алуға) лимиттер белгіленеді.

      Ағыстың қамтамасыз етілуіне (жылдың сулылығына) байланысты су ресурсын шекті жол берілетін алудың нормативтерінің алынған мәндері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 1-кестеде көрсетіледі.

      7-2. Су объектiсiне химиялық заттардың шекті жол берілетін түсуі мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      Массатүсу – әрбір химиялық зат бойынша (I) есептік кезеңдегі химиялық заттардың су объектісіне немесе су шаруашылығы учаскесіне (V) шекті жол берілетін түсуінің массасы (тонна/жыл);

      ССС – "Су объектілерінде су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 151 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14513 болып тіркелген) негізінде айқындалатын әрбір химиялық зат бойынша (I) су сапасы стандарттарының сандық мәні (текше метрде грамм (бұдан әрі – г/м3));

      Qөзен – өзеннің орташа көпжылдық жылдық табиғи ағысы (секундына текше метр (бұдан әрі – м3/с));

      Qалу – су пайдаланушылардың өзеннен су алуы (м3/с) ;

      Qсарқынды – өзенге немесе есептік су шаруашылығы учаскесіне түсіп жатқан сарқынды сулардың жиынтық өтімі (м3/с);

      Cнақты – бағалау кезіндегі су объектісінің есептік тұстамасындағы ластаушы заттардың нақты концентрациясы (г/м3);

      0,031 – грамм/секундтан тонна/жылға аудару коэффициенті (егер Массатүсу мәнін грамм/секундтан тонна/тоқсанға аудару есебінен анықтау қажет болса, онда аудару коэффициентінің мәні 0,0078 құрайды).

      Ағыстың әр түрлі қамтамасыз етілуі үшін су объектісіне химиялық заттардың шекті жол берілетін түсуі мәндерін айқындау үшін (3) формула бойынша алынған нәтижені мыналарға көбейту қажет:

      суы көп жыл үшін (ағыстың қамтамасыз етілуі 25%) 1,25-ке;

      суы орташа жыл үшін (ағыстың қамтамасыз етілуі – 50%) 1,02-ге;

      суы орташа аз жыл үшін (ағыстың қамтамасыз етілуі – 75%) 0,88-ге;

      суы аз жыл үшін (ағыстың қамтамасыз етілуі – 95%) 0,78-ге.

      Су объектісіне химиялық заттардың шекті жол берілетін түсуі су объектісінің әрбір су шаруашылығы учаскесіне есептеледі.

      Су объектісіне химиялық заттардың шекті жол берілетін түсуі нормативтерінің алынған мәндері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 2-кестеде көрсетіледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Су объектiлерiне ЖШЗӘ-нiң әзiрленген нормативтерi қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органға келiсуге жолданады.";

      Осы бұйрыққа қосымшаларға сәйкес 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
орынбасары-
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      ___________ Е. Біртанов

      2018 жылғы 4 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ___________ Ж. Қасымбек

      2018 жылғы 16 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 2 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ___________ Қ. Қасымов

      2018 жылғы 18 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ___________ Қ. Бозымбаев

      2018 жылғы 11 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары-
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 9 сәуірдегі
№ 150 бұйрығына
1-қосымша
  Су объектілерiне жол берілетін
шекті зиянды әсерлердiң
нормативтерiн әзiрлеу мен
бекiту қағидаларына
1-қосымша
  1-кесте

Су ресурсын шекті жол берілетін алудың нормативтерінің мәні

Өзеннің атауы

Тұстаманың атауы

Табиғи ағыс (текше километр)

Экологиялық ағыс (текше километр)

Ағысты алудың нормативтері (текше километр/жыл)

Қамтамасыз етілуі (жылдың сулылығы), пайыздар

25

50

75

95

25

50

75

95

25

50

75

95

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15














































 
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары-
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 9 сәуірдегі
№ 150 бұйрығына
2-қосымша
  Су объектілерiне жол берілетін
шекті зиянды әсерлердiң
нормативтерiн әзiрлеу мен
бекiту қағидаларына
2-қосымша
  2-кесте

Су объектісіне химиялық заттардың шекті жол берілетін түсуінің мәндері

Нормаланатын көрсеткіштер

Су объектісіне химиялық заттардың шекті жол берілетін түсуінің мәндері (тонна/жыл (тонна/тоқсан))

Қамтамасыз етілуі (жылдың сулылығы), пайыздар

25

50

75

95

1

2

3

4

5

6














Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады