Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 341 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 маусымда № 16984 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 257-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын жасау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ______________Қ. Бозымбаев

      2018 жылғы 21 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
17 мамырдағы № 341
бұйрығымен
бекітілген

Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын жасау жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын жасау жөніндегі нұсқаулық "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 257-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген.

      2. Геотехникалық, геологиялық, экономикалық және экологиялық факторларын ескере отырып, өндірістік, ғылыми немесе өзге де қызмет объектілерін орналастыруға арналған орта ретінде пайдаланылуы мүмкін жер қойнауының үш өлшемді кеңістіктегі қасиеті жер қойнауы кеңістігі болып табылады.

      3. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасы (бұдан әрі – Жоба) кең таралған пайдалы қазбалар болып табылмайтын пайдалы қазбалардың кен орны жоқ немесе пайдалы қазбалардың аз мөлшердегі ресурстары бар жер қойнауының учаскесі шегінде әзірленеді.

      4. Учаске тіктөртбұрыш түрінде болуға тиіс. Егер табиғи ерекшеліктер немесе өзге жер қойнауы учаскесінің шекаралары учаскенің жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың аумағын тіктөртбұрыш формасында анықтауға мүмкіндік бермейтін болса, мұндай жер қойнауы учаскесінің аумағы төртбұрыш формасында болуы мүмкін, оның қарама-қарсы екі жағы бір-біріне параллель болуға тиіс.

      5. Кодекстің 52 және 53-баптарымен белгіленген тәртіпте Жоба, сондай-ақ оның өзгерістері мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаға, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісуге жатады.

2-тарау. Жобаның мазмұны

      6. Жобаның мерзімі кейінгі жиырма бес жылдан аспауы мүмкін.

      7. Жобада қамтылады:

      1) зиянды, улы заттарды, қатты және сұйық қалдықтарды көму объектілерінің, сарқынды және өнеркәсіптік суларды ағызатын орынның, оның ішінде объектінің орналасқан жерінің, пайдалану кезеңінің, күтіп-ұстауға арналған шығындардың, жерасты сулары, қоршаған орта мен жер қойнауы мониторингісінің қадағалау желісінің болуы мен орналасуының жалпы сипаттамасы;

      2) жерасты құрылысжай объектісінің сипаттамасын, оның оқшаулау сипаттамасы, тау-кен жыныстарының типін, коллектор қаттарының жерасты тереңдігін және тиімді қуатын, оның алаңын, кеуектілік коэффициентін, төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасы, жерасты суларының табиғи ағысының жылдамдығын, көмудің, жиып қою мен ағызудың сапалық және сандық көрсеткіштері, тау-кен техникалық, арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары;

      3) қызметі зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың түзілуіне әкелетін ұйымдар туралы мәліметтер;

      4) өнімнің атауы, ол түзілетін техникалық өндіріс немесе процес, оның физикалық сипаттамасы, толық химиялық құрамы, уытты компоненттердің болуы, өрт қаупі, жарылыс қаупі, ерігіштігі, сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігі, негізгі ластаушы радионуклидтер, олардың белсенділігі, сондай-ақ тасымалдау жүйесінің сипаттамасы көрсетіле отырып, зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың сипаттамасы;

      5) осы объекті бойынша бұрынғы мемлекеттік сараптама жүргізілген хаттамаларда бар және геологиялық барлаудың және өзге де жұмыстардың материалдарын қарайтын басқа органдардың ұсынымдарын орындау бойынша іс-шаралар;

      6) қатты, сұйық және радиоактивті қалдықтарды, зиянды улы заттарды сақтау және (немесе) көму, сарқынды, өнеркәсіптік және техникалық сулардың ағызудың (айдаудың) күнтізбелік кестесі.

      8. Жоба тиісті графикалық құжаттармен сүйемелденетін тиісті техникалық шешімдерді сәйкес қамтиды.

      9. Жобада жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау бойынша арнайы іс–шаралардың кешені, жерасты және бетіндегі суларды мониторингілеу, өндірістік және экологиялық мониторингілеу айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады