Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 349 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 маусымда № 17000 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 68-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ________________ Д. Абаев

      2018 жылғы 22 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
18 мамырдағы № 349
бұйрығымен бекітілген

Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 68-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және ақпараттық жүйені пайдаланумен жер қойнауын пайдаланушыларды хабарлау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      2) құзыретті орган - пайдалы қатты қазбалар саласындағы жер қойнауын пайдалану құқығын беру және тоқтатылуы жөніндегі Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіретін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган.

      3) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат.

2-тарау. Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау тәртібі

      3. Құзыретті органнан шешім қабылдауға құзыреті бар адамның немесе оны алмастыратын адамның электрондық қолы қойылған электрондық цифрлық қолы қойылған электрондық құжат нысанында жер қойнауын пайдаланушыларының назарына хабардар етіледі.

      Хабарлама электрондық құжат нысанында ақпараттық жүйелердегі тіркеу рәсімінен өткен жер қойнауын пайдаланушыларға жіберіледі.

      4. Электрондық құжат нысанында жіберелетін хабарлама жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтерді: кімге жіберілгенін, хабарламаны жіберу үшін негіздемені, хабарламаның мазмұнын, жіберуші туралы ақпаратты, жіберушінің электрондық сандық қолын қамтиды.

      5. Хабарламаларды жөнелту және алу фактілері ақпараттық жүйелерде тіркеледі. Электрондық байланыс болмаған немесе хабарламаларды жөнелтуге кедергі келтіретін басқа да жағдайлар туындаған кезде жеткізілмеген хабарламалар кезекте жинақталады. Авариялық жағдай немесе кезектегі жеткізілмеген хабарламалардың жөнелту қателері жойылғаннан кейін қайта жаңартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады