Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы стандартында көзделген есептілік нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі № 255 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 маусымда № 17009 болып тіркелді.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 76-бабының 3-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы стандартында көзделген есептілік нысанын;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы стандартында көзделген есептілік нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылдың 29 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      ________________ Н. Айдапкелов

      2018 жылғы "__"__________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ________________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы "__"__________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ________________ Қ. Бозымбаев

      2018 жылғы "__"__________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
19 сәуір № 255 бұйрығына
1-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

Салықтық және салықтық емес төлемдер жөніндегі есеп Есепті кезең ______

      Индексі: № 1- ССТ нысан

      Кезеңділігі: жылдық

      Ұсынатын тұлғалар тобы: Жер қойнауын пайдаланушылар

      Қайда ұсынылады: құзыретті орган

      Тапсыру мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін.

  1-кесте

1Төлеушінің/алушының атауы



7Бекітемін:


2Төлеушінің/алушының БСН-і





3Секторы

Мұнай-газ
Тау-кен

қолы

мөрге арналған орын (егер бар болса)

4Есеп жасалды

Алушы
Төлеуші

лауазымы


5Аудитордың есепті растауы

Иә
Жоқ


6Орындаушы (аты-жөні) (егер бар болса)



Аты-Жөні (егер бар болса)


Лауазымы





телефон, e-mail




күні

  2-кесте

Төлемдер/түсімдер төлеушінің/
алушының деректері
Ақшалай нысанда
мың.тенге мың АҚШ доллары.
1 2 3 4 5

Салық түсімдері

БСК



1.

Корпоративтік табыс салығы, оның ішінде:

101110-101105



Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы

101110 (101101-101104)



Мұнай секторы ұйымдарының заңды тұлғаларынан алынатын корпоративтік табыс салығы

101105 (101105-101107)



2.

Жеке табыс салығы, оның ішінде:

101201-101205



Төлемақы көзінен алынатын, кірістерден жеке табыс салығы

101201 (101201, 101204)



Төлемақы көзінен алынбайтын, кірістерден жеке табыс салығы

101202



Төлемақы көзінен алынбайтын, шетел азаматтарының кірістерінен жеке табыс салығы

101205



3.

Әлеуметтік салық

103101



4.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салық

104101



5.

Жер салығы

104309 (104303,104308)



6.

Заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы

104401



7.

Қосылған құн салығы, оның ішінде

105101, 105102, 105104, 105113, 105114, 105115



Қазақстан Республикасы аумағында өндірілетін тауарларға, орындалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қосылған құн салығы

105101



Ресей Федерациясы мен Беларус Республикасының аумағынан импортталатын тауарларға қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы

105102



Резидент еместер үшін қосылған құн салығы

105104



Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағын құрғанға дейін Ресей Федерациясы мен Беларус Республикасының аумағынан шығарылатын және импортталатын тауарларға қосылған құн салығы

105113 (105105, 105108)



Еуразиялық экономикалық одақтың мүше мемлекеттер аумағынан импортталатын тауарларға қосылған құн салығы

105115 (105109, 105110)



Салық төлеушінің бұрын бюджетке қайтарылған және салықтық тексеру жүргізу кезінде қайтарылмаған құн салығының асып кеткен сомасын аудару (қайтару), айыппұл сомасын аудару

105114 (105111, 105112)



8.

Қазақстан Республикасы аумағында шығарылатын шикі мұнай мен газ конденсатының акциздері

105229



Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін акцизделетін өнімдердің өзге де түрлері

105278 (105240, 105273)



9.

Өзге де салық түсімдері, оның ішінде:




Республикалық бюджетке түсетін өзге де салықтық түсімдер (бұрын республикалық бюджетке түсетін салықтардың жойылған түрлері бойынша берешек)

107109



Жергiлiктi бюджетке өзге де салықтық түсiмдер (бұрын жергiлiктi бюджетпен алынатын салықтардың жойылған түрлерi бойынша берешек)

107110



Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланудан түскен түсімдер

10.

Мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, пайдаға салынатын салық

105302



11.

Мұнай секторы ұйымдарынан алынатын шамадан тыс пайда салығы

105322



12.

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, бонустар

105305



13.

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін бонустар

105325



14.

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық

105306



15.

Мұнай секторы ұйымдарынан пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық

105326



16.

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, экспортқа салынатын рента салығы

105307



17.

Мұнай секторы ұйымдарынан экспортқа салынатын рента салығы

105327



18.

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, жасалған келісімшарттар бойынша өнімдерді бөлуде Қазақстан Республикасының үлесі

105308



19.

Мұнай секторы ұйымдарының жасалған келісімшарттары бойынша өнімдерді бөлуде Қазақстан Республикасының үлесі

105328



20.

Мұнай секторы ұйымдарынан өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі

105329



21.

Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы

105313



22.

Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшінн төлемақы

105314



23.

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем

105315



24.

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы

105316



25.

Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем

105319



26.

Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем

105309



27.

Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлем

105310



28.

Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем

105303



29.

Орманды пайдаланғаны үшін төлем

105304



Бюджетке басқа да салықтық емес түсімдер

30.

Мұнай секторы ұйымдарының түсімдерін қоспағанда, зиянды өтеу туралы талап-арыздар бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат

204110



31.

Орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар санкциялар, өндіріп алулар

204201



32.

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

204202



33.

Табиғат пайдаланушылардан мұнай секторы ұйымдарының зиянды өтеу туралы талап-арыздары бойынша алынған қаражат

204203



34.

Мұнай секторы ұйымдарының түсімдерін қоспағанда, республикалық бюджетке салықтық емес басқа да түсімдер

206108



35.

Жергiлiктi бюджетке салықтық емес басқа да түсiмдер

206109



36.

Мұнай секторы ұйымдарынан салықтық емес басқа да түсімдер

206111



37.

Жер қойнауын пайдаланушылардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға аударымдары

206114



Кедендік төлемдер

38.

Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімге қол қою туралы келісімге сәйкес төленген кедендік әкелу баждары (өзге баждар, балама әрекеті бар салықтар мен алымдар)

106101



39.

Әкетілетін тауарларға кедендік баждар

106102



40.

Әкелінетін тауарларға арналған жиынтық кедендік төлем

106105



41.

Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету баждары

106110



42.

Мұнайдан алынатын тауарларға арналған кедендік әкету баждары

106111



43.

Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісім күшіне енгенге дейін төлеу міндеті туындаған, әкелінетін тауарларға кедендік баждар және (немесе) кедендік әкелу баждары

106112



44.

Кедендік бақылаудан және кедендік рәсімдерді жүзеге асырудан түсетін түсімдер

106201



45.

Арнайы қорғаныс, демпингке қарсы және өтемақы баждары

106202



Шетел валютасында жүзеге асырылатын төлемдер жөніндегі есеп

  3-кесте

Төлемнің атауы

БСК

Алушының салық органының атауы және БСН-і

Төлем сомасы (мың АҚШ доллары)

Төлем тапсырмасының нөмірі мен күні

1

2

3

4

5

6







      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСК – бюджеттік сыныптама коды

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      АҚШ – Америка Құрама Штатттары

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

Меншігіндегі мемлекеттік үлестер бойынша төлемдер (дивидендтер) жөніндегі есеп

      Есепті кезең ______

      Индексі: № 1- МҮ нысан

      Кезеңділігі: жылдық

      Ұсынатын тұлғалар тобы: Жер қойнауын пайдаланушылар

      Қайда ұсынылады: құзыретті орган

      Тапсыру мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін.

  4-кесте

Мемле кеттің үлесі, %

Алушының атауы (басқарушы холдинг/ Ұлттық компания)

Алушының БСН-і

Есептелді (мың теңге)

Есептелді (мың АҚШ доллары)

Есептілікті тапсыру кезіндегі өткен жылдардың берешегін қоса алғанда, нақты төленді (мың теңге)

Есептілікті тапсыру кезіндегі, өткен жылдардың берешегін қоса алғанда, нақты төленді (мың АҚШ доллары)

Төлемді шетел валютасында аудару күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1









2









      Басшы ________________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (болған жағдайда)

      Орындаушы _______________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (болған жағдайда)

      Орындаушының телефоны ___________________________

      Мөрдің орны (болған жағдайда)

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН-бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      АҚШ-Америка Құрама Штатттары

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

206114 бюджеттік сыныптама кодына аударылған қаражатты қоспағанда, лицензиялық/келісімшарттық міндеттемелер шеңберінде әлеуметтік дамуға және жергілікті инфрақұрылымға жұмсалған шығындар туралы есеп Есепті кезең ______

      Индексі: № 1- ЛКМ нысан

      Кезеңділігі: жылдық

      Ұсынатын тұлғалар тобы: Жер қойнауын пайдаланушылар

      Қайда ұсынылады: құзыретті орган

      Тапсыру мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін.

  5-кесте

№ р/с

Облыс/ қала, аудан

Құжаттың (келісімінің, меморандумның, шарттың, әлеуметтік әріптестік) атауы

Іс-шараның (жобаның, бағдарламаның,әлеуметтік объектінің) атауы

Шарттың (келісімдер, меморандумдар, шарттар, әлеуметтік әріптестік) бойынша сомасы (мың теңге)

Нақты аударылған сома (мың теңге)

Берілген объектілер

Алушы (ұйым/ мекен-жайы/ деректемелері)

Атауы

Саны

Баланстық құны (мың. теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1










      Басшы ______________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (болған жағдайда)

      Орындаушы ______________________ __________

      (тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (болған жағдайда)

      Орындаушының телефоны ___________________________

      Мөрдің орны (болған жағдайда)

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

Квазифискалды шығыстар жөніндегі есеп (мемлекеттік меншік нысанындағы ұлттық компаниялар және бірлескен кәсіпорындарға арналған) Есепті кезең ______

      Индексі: № 1- КШ нысан

      Кезеңділігі: жылдық

      Ұсынатын тұлғалар тобы: жер қойнауын пайдаланушылар

      Қайда ұсынылады: құзыретті орган

      Тапсыру мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін.

  6-кесте

Меншігінде мемлекеттік үлес бар компанияның, Ұлттық компанияның/холдингтің атауы

Мемлекеттің үлесі (%)

Облысы, қала, ауданы

Шығыстардың мақсаты (әлеуметтік қызметтер, мемлекеттік инфрақұрылым, жұмыспен қамту, отын субсидиялары, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету)

Іс-шараның (жобаның, бағдарламаның, әлеуметтік объектінің) атауы

Іс-шараның аяқталу мерзімі

Жоспарланған сома (мың теңге және (немесе) заттай нысанда)

Нақты аударылған сома (мың теңге және (немесе) заттай нысанд)

Алушы (ұйым/ мекен-жайы/ деректемелері)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      Басшы _____________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (болған жағдайда)

      Орындаушы ______________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (болған жағдайда)

      Орындаушының телефоны ______________________

      Мөрдің орны (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
19 сәуір № 255 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы стандартында көзделген есептілік нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы стандартында көзделген есептілік нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі-Нұсқаулық) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 76-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында Өндіруші салалар ашықтығы бастамасын (бұдан әрі-ӨСАБ) іске асыру жөніндегі есептілікті жер қойнауын пайдаланушылардың біркелкі толтыруы мақсатында әзірленді.

      2. Көмірсутекті және қатты пайдалы қазбаларды барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар құзыретті органға "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі" интеграцияланған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі-БМБЖ) экрандық нысанды толтыру арқылы есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей жыл сайынғы есептілікті ұсынады.

      3. Жасалған электрондық есептілік ұйымның ақпараттың сапасына, дұрыстығына және ұсынылуына жауапты лауазымды адамның (бұдан әрі-лауазымды адам) электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі-ЭЦҚ) арқылы куәландырылады.

      4. Ұсынылған есептіліктегі деректерді түзету қажет болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылар құзыретті органға себептерін көрсете отырып, есептілікті өзгерту туралы ресми хатпен өтініш жасайды.

      Құзыретті орган оң шешім қабылдаған жағдайда, БМБЖ жүйесінде есептілікті түзетуге рұқсат беріледі.

      5. Қосымша ақпарат (ілеспе хат, қоса берілетін құжаттардың көшірмелері, жүргізілген қаржылық есептілік аудитінің қорытындылары) БМБЖ жүйесіндегі терезеге енгізіледі және лауазымды адамның ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылады.

      6. Есептілік Excel форматында жасалады. Толтырғаннан кейін есептілік қағаз тасығышта басылып шығарылуы және жер қойнауын пайдаланушы компанияның басшысы қол қояды, одан әрі сканерленіп және БМБЖ жүйесіне бекітіледі.

      7. Алдын ала толтырылған есептіліктердің барлық деректері БМБЖ жүйесінде толтырылған деректермен бірдей болуы тиіс. БМБЖ жүйесін бағдарламалық қамтамасыз етудегі есептеулер кезінде қателіктер болмас үшін бұл деректерді Еxcel форматынан көшіруге жол берілмейді.

2-тарау. Салықтық және салықтық емес төлемдер жөніндегі есепті толтыру

      8. 1 кестеде:

      1-бағанда "1Төлеушінің/алушының атауы" – жер қойнауын пайдаланушы компанияның толық және бар болған жағдайда қысқартылған атауы көрсетіледі;

      2-бағанда "2Төлеушінің/алушының БСН-і" – төлеушінің/алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      3-бағанда "3Секторы" – мұнай-газ немесе тау-кен секторы (белгісімен белгілеу) көрсетіледі;

      4-бағанда "4Есеп жасалды" – есепті алушы немесе төлеуші жасады (белгісімен белгілеу) көрсетіледі;

      5-бағанда "5Аудитордың есепті растауы" – иә немесе жоқ (белгісімен белгілеу) көрсетіледі;

      6-бағанда "6Орындаушы (ТАӘ)" – орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі;

      7-бағанда "7Бекітемін:" – қолы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты жер қойнауын пайдаланушы-компанияның басшысы (егер бар болса), күні (мөрдің орны, егер бар болса) көрсетіледі.

      9. 2 кестеде:

      1-бағанда – реті бойынша көрсеткіштердің нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда – жер қойнауын пайдаланушы компаниялардан республикалық және (немесе) жергілікті бюджетке және Ұлттық қорға түсетін салықтық және салықтық емес төлемдердің/түсімдердің атаулары көрсетіледі;

      3-бағанда – төлемдер аударылатын бюджеттік сыныптама коды (БСК) көрсетіледі;

      4-бағанда – нақты төленген/алынған төлемнің/түсімнің сомасы, мың теңге. Төлемнің/түсімнің сомасына белгілі бір кезеңге жататынына қарамастан, есепті кезеңде әрбір төлем бойынша, өсімпұл мен айыппұлды ескере отырып, нақты аударылған сома, сондай-ақ артық төленген басқа төлемдер есебінен берешекті өтеу сомасы кіреді. Бұл ретте, басқа төлем есебінен төленген сома артық төленген төлем сомасынан шегеріледі;

      5-бағанда – нақты төленген/алынған төлемнің/түсімнің сомасы, мың АҚШ доллары. Төлемнің/түсімнің сомасына белгілі бір кезеңге жататынына қарамастан, есепті кезеңде әрбір төлем бойынша, өсімпұл мен айыппұлды ескере отырып, нақты аударылған сома, сондай-ақ артық төленген басқа төлемдер есебінен берешекті өтеу сомасы кіреді. Бұл ретте, басқа төлем есебінен төленген сома артық төленген төлем сомасынан шегеріледі. Бұл баған жер қойнауын пайдалану келісімшарттарына сәйкес АҚШ долларымен жасалған төлемдерді/түсімдерді көрсетуге арналған.

      10. 3 кестеде:

      1-бағанда – реті бойынша көрсеткіштердің нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда – жер қойнауын пайдаланушы компаниялардан республикалық және (немесе) жергілікті бюджетке және Ұлттық қорға түскен салықтық және салықтық емес төлемдердің/түсімдердің атаулары көрсетіледі;

      3-бағанда – төлемдер жасалатын бюджеттік сыныптама коды (БСК) көрсетіледі;

      4-бағанда – алушының салық органының атауы және БСН-і көрсетіледі;

      5-бағанда – нақты төленген/алынған төлемнің/түсімнің сомасы, мың АҚШ доллары. Төлемнің/түсімнің сомасына белгілі бір кезеңге жататынына қарамастан, есепті кезеңде әрбір төлем бойынша, өсімпұл мен айыппұлды ескере отырып, нақты аударылған сома, сондай-ақ артық төленген басқа төлемдер есебінен берешекті өтеу сомасы кіреді. Бұл ретте, басқа төлем есебінен төленген сома артық төленген төлем сомасынан шегеріледі. Бұл баған жер қойнауын пайдалану келісімшарттарына сәйкес АҚШ долларымен жасалған төлемдерді/түсімдерді көрсетуге арналған.

      11. Салықтық және салықтық емес төлемдер жөніндегі есеп ӨСАБ стандартында көзделген есептіліктің 1 және 2-кестелеріне сәйкес жасалады және барлық төлеушілер үшін міндетті болып табылады. Еxcel форматында деректерді толтырғаннан кейін салықтық және салықтық емес төлемдер жөніндегі есеп қағаз тасығышта басып шығарылады, жер қойнауын пайдаланушы компанияның басшысы қол қояды, сканерленеді және БМБЖ жүйесіне бекітіледі.

      Жер қойнауын пайдалану бойынша сенімгерлік басқаруы бар төлеушілер салықтық және салықтық емес төлемдер жөніндегі есепке сенімгерлік басқару қызметі шеңберіндегі салықтар және төлемдер бойынша төлемақыны енгізеді.

      5-бағанда 2-кестеде қосымша шетел валютасында жүзеге асырылған төлемдер көрсетіледі. Валюталық төлемдер бойынша деректерді толтырған кезде, қайта ұйымдастырылған жағдайда төлемдерді үшінші адамдардың төлеуін ескеру қажет.

      12. Салықтық және салықтық емес төлемдер/түсімдер сомасын толтырғаннан кейін БМБЖ жүйесі автоматты режимде бөлімдер бойынша көрсеткіштерді:

      салықтық түсімдерді;

      табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдерді;

      бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерді;

      кедендік төлемдерді қосады және республикалық, жергілікті бюджеттерге және Ұлттық қорға түскен салықтық және салықтық емес төлемдердің/түсімдердің ағымын тиісті бюджеттік сыныптама коды (бұдан әрі-БСК) бойынша бөледі.

      13. Төлемдер шетел валютасында жүзеге асырылған жағдайда, "Шетел валютасында жүзеге асырылатын төлемдер жөніндегі есеп" ӨСАБ стандартында көзделген есептіліктің 3-кестесіне сәйкес нысан бойынша толтырылады.

      Егер қаражатты аудару бірнеше кезеңдерде жүзеге асырылса, жолдар қосу және аяқтағаннан кейін шетел валютасындағы төлемақылардың жиынтық сомасын көрсету қажет. Деректерді толтырғаннан кейін, шетел валютасында жүзеге асырылатын төлемдер жөніндегі есеп қағаз тасығышта басып шығарылады және жер қойнауын пайдаланушы компанияның басшысы қол қояды, сканерленеді және БМБЖ жүйесіне бекітіледі.

      14. Қаражат бірнеше кезеңдерде аударылған кезде, келесі төлемді және төлем жасалатын салық органын таңдау арқылы жолдар қосу қажет. Шетел валютасында жасалған төлемақылардың жиынтық сомасы БМБЖ жүйесінде автоматты режимде қосылады.

3-тарау. Меншігіндегі мемлекеттік үлестер бойынша төлемдер (дивидендтер) жөніндегі есепті толтыру

      15. 4 кестеде:

      1-бағанда – реті бойынша көрсеткіштердің нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда – компаниядағы мемлекеттік үлес, пайызбен (%) көрсетіледі;

      3-бағанда – алушының атауы (басқарушы холдинг/Ұлттық компания) көрсетіледі;

      4-бағанда – алушының БСН көрсетіледі;

      5-бағанда – есепті кезеңдегі дивидендтердің есептелген сомасы, мың теңге көрсетіледі;

      6-бағанда – есепті кезеңдегі дивидендтердің есептелген сомасы, мың АҚШ доллары көрсетіледі;

      7-бағанда – есептілікті тапсыру кезіндегі, өткен жылдардың берешегін қоса алғанда, нақты төленді (мың теңге) көрсетіледі;

      8-бағанда – есептілікті тапсыру кезіндегі, өткен жылдардың берешегін қоса алғанда, нақты төленді (мың АҚШ доллары) көрсетіледі;

      9-бағанда – төлемді шетел валютасында аудару күні (орналастырылған күнтізбеден таңдау) көрсетіледі.

      16. "Меншігіндегі мемлекеттік үлестер бойынша төлемдер (дивидендтер) жөніндегі есепті" толтыру осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ӨСАБ нысаны бойынша компанияның меншігінде мемлекеттік үлес болған жағдайда жүзеге асырылады және меншігінде мемлекеттік үлесі бар төлеуші толтырады.

      Егер қаражатты аудару бірнеше кезеңдерде жүзеге асырылса, жолдарды қосу қажет және аяқтағаннан кейін төленген дивидендтердің жиынтық сомасы көрсетілуі тиіс. Деректерді толтырғаннан кейін, меншігіндегі мемлекеттік үлестер бойынша төлемдер (дивиденттер) жөніндегі есеп қағаз тасығышта басып шығарылады және жер қойнауын пайдаланушы компанияның басшысы қол қояды, сканерленеді және БМБЖ жүйесіне бекітіледі.

      17. Қаражат бірнеше кезеңдерде аударылған кезде, келесі дивидендтер сомасын және төлем жасалатын алушының БСН-ін таңдау арқылы жолдар қосу қажет. Төленген дивидендтердің жиынтық сомасы БМБЖ жүйесінде автоматты режимде қосылады.

4-тарау. 206114 бюджеттік сыныптама кодына аударылған қаражатты қоспағанда, лицензиялық/келісімшарттық міндеттемелер шеңберінде әлеуметтік дамуға және жергілікті инфрақұрылымға жұмсалған шығындар туралы есепті толтыру

      18. 4 кестеде:

      1-бағанда – реті бойынша көрсеткіштердің нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда – облысы/қаласы, ауданы көрсетіледі;

      3-бағанда – құжаттың (келісім, меморандум, шарт, әлеуметтік әріптестік) атауы көрсетіледі;

      4-бағанда – іс-шараның (жобаның, бағдарламаның, әлеуметтік объектінің) атауы көрсетіледі;

      5-бағанда – шарт (келісімдер, меморандумдар, шарттар, әлеуметтік әріптестік) бойынша сомасы, мың теңге көрсетіледі;

      6-бағанда – нақты аударылған сома, мың теңге көрсетіледі;

      7-бағанда – берілген объектілер (объектінің атауын көрсету) көрсетіледі;

      8-бағанда – берілген объектінің (лердің) саны көрсетіледі;

      9-бағанда – берілген объектінің (лердің) баланстық құны, мың теңге көрсетіледі;

      10-бағанда – алушы (ұйым/мекен-жайы/деректемелері) көрсетіледі.

      19. "206114 бюджеттік сыныптама кодына аударылған қаражатты қоспағанда, лицензиялық/келісімшарттық міндеттемелер шеңберінде әлеуметтік дамуға және жергілікті инфрақұрылымға жұмсалған шығындар туралы есепті" толтыру осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ӨСАБ нысаны бойынша жергілікті әкімшілік органдармен (әкімдіктермен) жасалған келісімдер, меморандумдар, шарттар, әлеуметтік әріптестік бойынша қосымша шығындар (206114 бюджеттік сыныптама кодына аударылған қаражаттан басқа) болған жағдайда жүзеге асырылады. Демеушілік көмек осы есепке қосылмайды. Деректерді толтырғаннан кейін, "206114 бюджеттік сыныптама кодына аударылған қаражатты қоспағанда, лицензиялық/келісімшарттық міндеттемелер шеңберінде әлеуметтік дамуға және жергілікті инфрақұрылымға жұмсалған шығындар туралы есеп" қағазға басып шығарылып, жер қойнауын пайдаланушы компанияның басшысымен қол қойылады. Одан әрі сканерленіп, БМБЖ жүйесіне бекітіледі.

      20. Бірнеше іс-шаралар қаржыландырылған кезде, келесі іс-шараны және өңірді таңдау арқылы жолдар қосу қажет. Аударылған қаражаттың және берілген объектілердің жалпы сомасы БМБЖ жүйесінде автоматты түрде қосылады.

5-тарау. Квазифискалды шығындар жөніндегі есепті толтыру

      21. 6 кестеде:

      1-бағанда – рет саны бойынша көрсеткіштердің нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда – меншігінде мемлекеттік үлес бар компанияның, Ұлттық компанияның/холдингтің атауы көрсетіледі;

      3-бағанда – мемлекеттің үлесі (%) көрсетіледі;

      4-бағанда – облысы, қала, ауданы көрсетіледі;

      5-бағанда – шығыстардың мақсаты (әлеуметтік қызметтер-қайырымдылық, демеушілік қолдау, спорттық, мәдени, ағартушылық және басқа да іс-шаралар; мемлекеттік инфрақұрылым-мемлекеттік маңызы бар әлеуметтік объектілерді салу, күрделі жөндеу, қызмет көрсету, күтіп-ұстау; жұмыспен қамту-компанияға қажет шамадан жоғары жұмыс орындарын ұсыну немесе атқарылатын функциялар шеңберінен шығатын онымен байланысты қызмет түрлерін жүзеге асыру. Банк қарыздары есебінен немесе өзара берешекті жинақтау жолымен нарықтағыдан жоғары жалақы мөлшерлемелерін төлеу; отын субсидиялары-шикізатты жеткізудің нарықтағы бағасы мен жеткізілген өнімнің нақты бағасы арасындағы айырмашылық; мемлекеттік борышқа қызмет көрсету-валюта ауыстыру бағамын тұрақтандыру іс-шараларынан, үкіметке пайызсыз және жеңілдікпен берілген кредиттерден және коммерциялық банктердің қолданылмайтын қарыздарға қызмет көрсетуге берген қайта қаржыландыру кредиттерінен келген залал, сондай-ақ ауылшаруашылық, өнеркәсіп және тұрғын үй бағдарламаларын жеңілдік мөлшерлемелер бойынша қаржыландыру) көрсетіледі;

      6-бағанда – іс-шараның (жобаның, бағдарламаның, әлеуметтік объектінің) атауы көрсетіледі;

      7-бағанда – іс-шараның аяқталу мерзімі көрсетіледі;

      8-бағанда – жоспарланған сома (мың теңге және (немесе) заттай нысанда) көрсетіледі;

      9-бағанда – нақты аударылған сома (мың теңге және (немесе) заттай нысанда) көрсетіледі;

      10-бағанда – алушы (ұйым/ мекен-жайы/ деректемелері) көрсетіледі.

      22. "Квазифискалды шығындар жөніндегі есепті" толтыруды мемлекеттік меншік нысанындағы ұлттық компаниялар және бірлескен кәсіпорындар осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ӨСАБ нысаны бойынша жүзеге асырады.

      23. Бірнеше іс-шаралар қаржыландырылған кезде, келесі іс-шараны және өңірді таңдау арқылы жолдар қосу қажет. Аударылған қаражаттың және берілген объектілердің жиынтық сомасы БМБЖ жүйесінде автоматты режимде қосылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады