Шетелдік валютадағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттарды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 293 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 маусымда № 17015 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертуі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 56-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған шетелдік валютадағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 22 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 23 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 2 мамырдағы
№ 293 бұйрығымен
бекітілді

Шетелдік валютадағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттар

      Ескерту. Шарттар жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 21.04.2023 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету бойынша кепілгер акциялары ұйымдастырылған құнды қағаздар нарығында айналыстағы ұйым немесе шетел банкі болады (бұдан әрі - Кепілгер). Кепілгер келесі шарттың біріне сәйкес болу қажет:

      1) Fitch, Сapital Intelligence, Dominion Bond Rating Service, JСR немесе Rating & Investment Information рейтингілік агенттіктерімен берілген рейтингілердің ұқсас деңгейінен не Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "ВВ+" деңгейінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің болуы.

      2) Moody's Investors Service рейтингілік агенттігімен берілген "Вa1" деңгейінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің болуы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады