"Шетелдік валютадағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 293 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 272 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 сәуірде № 32367 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелдік валютадағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 293 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17015 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдік валютадағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу

      және дамыту агенттігі

  Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 2 мамырдағы
№ 293 бұйрығымен
бекітілді

Шетелдік валютадағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттар

      Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету бойынша кепілгер акциялары ұйымдастырылған құнды қағаздар нарығында айналыстағы ұйым немесе шетел банкі болады (бұдан әрі - Кепілгер). Кепілгер келесі шарттың біріне сәйкес болу қажет:

      1) Fitch, Сapital Intelligence, Dominion Bond Rating Service, JСR немесе Rating & Investment Information рейтингілік агенттіктерімен берілген рейтингілердің ұқсас деңгейінен не Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "ВВ+" деңгейінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің болуы.

      2) Moody's Investors Service рейтингілік агенттігімен берілген "Вa1" деңгейінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің болуы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады