Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 202 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 маусымда № 17035 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың:

      1) "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 161 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9924 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2014 жылы 27 желтоқсанда № 253 (27874) жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 161 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1090 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12462 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады