БҰЙЫРАМЫН:
1. "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы кадрларға салалық және өңірлік қажеттілікті ескере отырып, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында орналастырылады.
4. Экономиканың кадрларға болжамды қажеттілігін, оның ішінде салалық және өңірлік қажеттілігін, елдің индустриялық-инновациялық даму басымдықтарын, жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) және ғылыми ұйымдардың ғылыми-педагогикалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып қалыптастырылған және мамандықтар бойынша бөлінген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы ЖОО арасында конкурстық негізде орналастырылады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері балалар контингентін жасақтауды жүргізеді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балалар контингентін топтастыруда республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалық (аудандық) білім бөлімдері кезектілік тізімін басшылыққа алады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері конкурс өткізеді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері интернет-ресурстарда күні, уақыты және өткізілетін орнын көрсете отырып, он бес жұмыс күні мерзімімен конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырады.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалардың (аудандардың) жергілікті атқарушы органдары Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
Комиссияның құрамына мәслихаттардың, әкімдіктердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің, үкіметтік емес ұйымдардың және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің саны тақ болады. Комиссияның төрағасы республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалық (аудандық) білім бөлімдерінің басшысы болып табылады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтінішті;
2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;
3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесін (жекеменшік немесе жалға алу);
4) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;
5) медициналық кабинетке лицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;
6) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Ұсынылған өтінімдерді комиссия өз отырысында 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
Комиссия отырысынан кейін келесі ақпараттармен:
1) олардан бас тарту себептерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, оның ішінде құжаттардың осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі;
2) алдын ала қарау хаттамасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдармен ұсынылған түзетілген және толықтырылған құжаттарды қайта қарау мерзімі көрсетілген конкурсқа қатысудың алдын ала талқылау хаттамасы жарияланады.
Мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуына алдын ала рұқсат беру туралы конкурстық комиссияның шешімі қатысуға өтімдерді ашқан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданады және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні барлық мектепке дейінгі ұйымдарды электронды пошта бойынша автоматты түрде хабардар ете отырып республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқарламаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің интернет-ресурстарында орналастырады.
Әлеуетті жеткізушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап 5 (бес) күн ішінде алдын ала рұқсат беру хаттамасына сәйкес құжаттарды сәйкес келтіру құқығы беріледі.
Комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін оларды сәйкес келтірудің толықтығы тұрғысынан қайта қарайды.
Комиссия отырыс күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орын санын көрсете отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы шешім шығарады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны көрсетіле отырып, комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді.
Комиссия мынадай:
1) жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізу туралы;
2) осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда, жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізуден бас тарту туралы шешімдердің біреуін шығарады.
Ашық дауыс беру жолымен комиссия мүшелері дауысының көпшілігімен шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия құрамының дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.
Хаттаманы хатшы ресімдейді, оған төраға және отырысқа қатысқан комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Комиссия отырысы ай сайын өткізіледі, егер комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы отырысқа қатысса дұрыс деп есептеледі.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің интернет-ресурстарында жарияланады.
Республикалық маңызы бар қалаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің өкілдері жылына бір рет мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шартында көзделген міндеттемелердің орындалуы бойынша мектепке дейінгі ұйымдар қызметіне мониторинг жүргізеді және консультативтік көмек көрсетеді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар отырыс хаттамасына конкурссыз енгізіледі.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін құрамын уәкілетті орган және ЖАО күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін бекітетін техникалық, орта білімнен кейінгі және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.";
18, 19, 20, 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Конкурстық өтінімге енетін құжаттар тігінделеді, нөмірленеді және оларға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымның бірінші басшысының қолы қойылып, елтаңбалы мөрмен расталады және уәкілетті органға және ЖАО-ға күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін ұсынылады.
19. Күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін конкурсқа қатысуға өтініш берген меншік нысанына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары конкурсқа қатысуға жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар топтамасын ұсынады:
1) Комиссия төрағасының атына жазылған Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) құжаттарды тапсыру кезеңінде берілген заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігінің, жарғының, банктен анықтаманың, салықоргандарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;
3) жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы (жекеменшік немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы (тікелей басқару) құжаттардың көшірмелері;
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс;
5) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияның болуы;
6) жатақхананың техникалық паспорты немесе алаңды жалға алғаны туралы шарттың көшірмелері;
7) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтердің көшірмесі.
20. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындарын анықтау кезінде Комиссия мынадай негізгі өлшемшарттарды, сондай-ақ мынадай растайтын ақпаратты басшылыққа алады:
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияның болуы;
2) басқа қаладан келген білім алушылардың тұруын қамтамасыз етуге арналған жағдайлардың болуы (жатақхананың техникалық паспорты немесе алаңды жалға алғаны туралы шарттың көшірмелері);
3) өндірістік оқыту мен практикадан өту туралы кәсіпорындармен шарттардың болуы;
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы көрсеткіштердің деңгейінің шекті мәнінен төмен болмауы.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы көрсеткіштердің деңгейінің шекті мәнін Комиссия анықтайды.
21. Комиссия шешiмдерi отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiгінің ашық дауыс беруі арқылы күнтізбелік жылдың 10 наурызына дейін қабылданады және ол төраға қол қоятын хаттамамен рәсiмделедi. Комиссия құрамының даусы тең болған жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.
Комиссияның шешімі отырыстың хаттамасымен рәсімделеді және Комиссия мүшелерімен қол қойылады. Комиссия хатшысының дауыс беруге құқығы жоқ.
Комиссия шешімінің негізінде уәкілетті органның басшысының бұйрығымен және ЖАО - ның қаулысымен күнтізбелік жылдың 20 наурызына дейін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі мамандықтар мен мемлекеттік тапсырыстың көлемін көрсете отырып, бекітіледі.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, жоғары оқу орнының бірінші басшысы қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.
Бұл ретте жоғары оқу орындары ұсынған мәліметтер Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі деректерімен сәйкестігі тұрғысында салыстырылады.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына мамандықтар бөлінісінде әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен және жоғары оқу орнын бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткіші шекті мәннен төмен емес жоғары оқу орындары қатысады.
Жоғары оқу орнын бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткішінің шекті мәнін Комиссия айқындайды.
Ерекшелік Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының жіктеуішіне алғаш рет енгізілген мамандықтарды, сондай-ақ экономиканың басым салалары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін жаңадан құрылған ЖОО-ны құрайды. Бұл ретте ЖОО-лардың тізбесін Комиссия айқындайды.";
39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Комиссия конкурстық өтінімдерді бағалау негізінде:
1) конкурс шарттары бойынша жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының;
2) конкурс шарттары бойынша мамандықтар бөлінісінде көлемі көрсетіле отырып, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" жобасы шеңберінде жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының;
3) конкурс шарттары бойынша магистратураның жекелеген мамандықтары бойынша, оның ішінде ағылшын тілінде мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының;
4) конкурс шарттары бойынша мамандықтар бөлінісінде, оның ішінде магистрлерді және философия докторларын (PhD)/бейіні бойынша докторларды нысаналы даярлау үшін көлемі көрсетіле отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын базалық жоғары оқу орындарының;
5) жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде тыңдаушыларды оқыту үшін, оның ішінде тілдік дайындық деңгейін арттыру үшін көлемі көрсетіле отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының;
6) конкурс шарттары бойынша мамандықтар бөлінісінде көлемі көрсетіле отырып, жоғары білімі бар педагог кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын педагогикалық жоғары оқу орындарының тізбесі көрсетілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім қабылдайды.
40. Конкурстық комиссия жұмысының нәтижелері бойынша Министрдің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бекітіледі және білім беру саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланады.";
мынадай мазмұндағы тараумен толықтырылсын:
"6-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру
44. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) жыл сайын ЖАО қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталғанға дейін 5 (бес) күннен кешіктірмей жоғары оқу орындары арасында конкурс жариялайды.
Конкурс өткізу туралы шешім тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің және оның міндеттерін атқарушы адамның өкімімен ресімделеді.
Конкурс өткізу туралы хабарландыру ЖАО-ның интернет-ресурстарында жарияланады.
Конкурс өткізу үшін құрамы тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің немесе оның міндеттерін атқарушы адамның өкімімен бекітілетін ЖАО-ның Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – ЖАО комиссиясы) құрылады.
ЖАО комиссиясының төрағасы тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі немесе және оның міндеттерін атқарушы адам болып табылады. ЖАО комиссиясы ЖАО-ның қызметкерлері, аталған аумақ бірлігінде орналасқан азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатарынан құрылады. ЖАО комиссиясы мүшелерінің саны оның төрағасын қоса алғанда, тақ болып табылады.
Егер онда оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ЖАО комиссиясының отырысы заңды деп есептеледi.
ЖАО комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысушы Комиссия мүшелері санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады және отырысқа қатысқан Комиссияның барлық мүшелері қол қоятын отырыс хаттамасымен ресімделеді.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін жоғары оқу орындары ЖАО-ларға мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша жоғары оқу орнының өтінімін;
2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша жоғары оқу орнының сауалнамасын;
3) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстарды қамтитын конкурстық өтінім береді.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, жоғары оқу орнының бірінші басшысы қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.
Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаттан және күннен кешіктірілмей ЖАО-ға жіберіледі. Конкурстық өтінімді беру мерзімі өткен соң түскен конкурстық өтінім кешіктірілу себептеріне қарамастан қаралмайды. Оларды беру мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімге қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
ЖАО комиссиясы конкурстық өтінімді өтінім берілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде қарайды, олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келу дәрежесін айқындайды.
Жоғары оқу орындарын айқындау және мамандықтар бөлігінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру кезінде ЖАО комиссиясы осы Қағидаларға 33 және 34-тармақтарда көрсетілген негізгі өлшемшарттарды басшылыққа алады. ЖАО-ның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы әкімшілік-аумақтық бірлігіне қарамастан жоғары оқу орындарында орналастырылады. Бұл ретте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы белгіленген квотаны, сондай-ақ оқуға түсушілердің жекелеген санаттары үшін нысаналы орындарды бөлуді ескере отырып, жоғары оқу орындарында орналастырылады.
ЖАО комиссиясы жұмысының нәтижелері бойынша интернет-ресурстарында тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысымен бекітілген, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі жарияланады.
ЖАО қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түсетін Қазақстан Республикасының азаматтарымен тиісті облыста немесе республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде 3 (үш) жыл жұмыс істеу туралы шарт жасалады.";
осы Қағидаларға 9-қосымшада:
Ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе:
* – егер ЖОО "жоқ" көрсетсе, онда конкурсқа қатысушылар қатарынан шығарылады;
** – жоғары оқу орнын бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткішінің шекті мәнін Комиссия айқындайды;
*** – ұсынылған мәліметтерден есептеледі.";
осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 13-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.С. Ысмағұлова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |
Өтініш нысаны (мектепке дейінгі ұйымның бланкінде толтырылады)
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия төрағасына ____________________________ (төрағаның Т.А.Ә. (бар болғанда)) |
Өтініш
Жаңа орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке
дейінгі тәрбие және оқу бойынша жеткізушілер тізбесіне
_________________________________________________________________
(мектепке дейінгі
ұйымның атауы) қосуды өтінемін.
Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар _____ бетте.
Мектепке дейінгі ұйымның басшысы _________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда))
______________ М.О.
(қолы)
Толтырылған күні
Міндеттеме нысаны (мектепке дейінгі ұйымның бланкінде толтырылады)
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия төрағасына ____________________________ (төрағаның Т.А.Ә. (бар болғанда)) |
Жеткізушінің міндеттемесі
Осымен ___________________________________________________________________
(мектепке дейінгі ұйымның атауы)
атынан _________________________________________________________________________,
(лауазымы Т.А.Ә (бар болғанда))
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тамаққа
кететін ата-аналардың төлемақы мөлшері белгіленген, тек қана республикалық маңызы бар
қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің
жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы
міндеттерді орындауға кепілдік береді.
Мектепке дейінгі ұйымның басшысы ____________________________ ____________
(Т.А.Ә. (бар болғанда)) (қолы)
М.О.
Толтырылған күні
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының өтінімі нысаны (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының бланкісінде толтырылады)
Конкурс ұйымдастырушыға Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптармен және
конкурсты өткізу шарттарымен танысып, Комиссия төрағасына
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(оқу орнының атауы)
өтінімге кіретін құжаттарға сәйкес
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(мамандықтардың коды, атауы)
мамандықтары бойынша уәкілетті орган және ЖАО өткізетін конкурсқа қатысады.
Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.
Ұйым басшысы ___________________________________
(қолы, Т.А.Ә. (бар болғанда))
Толтырылған күні
М.О.
20__ – 20__ оқу жылында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді кадрларды даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған ұсыныстар _______________________________________________________________ (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының атауы) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бойынша
Код | Мамандық атауы | Орын саны | 9 сынып базасында | Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын | 11 сынып базасында | Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Ұйым басшысы _________________________________
(қолы, Т.А.Ә. (бар болғанда))
Толтырылған күні
М.О.
Жоғары оқу орны өтінімінің нысаны (жоғары оқу орнының бланкісінде толтырылады)
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы |
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптарды және конкурсты өткізу шарттарын
зерделей отырып, ________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(жоғары оқу орнының атауы)
өтінімге кіретін құжаттарға сондай-ақ конкурстың шарттары мен талаптарына сәйкес
________________________________________________________________________________
(мамандықтың коды, атауы)
мамандығы бойынша тиісті облыс әкімдігі өткізетін конкурсқа қатысады.
Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.
Ұйымның басшысы ______________________________
(қолы, Т. А. Ә. (бар болғанда))
Толтырылған күні
М.О.