"Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 304 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 199 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 маусымда № 17047 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 304 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14117 болып тіркелген, 2016 жылғы тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары-
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      _____________Д. Абаев

      2018 жылғы _____ __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________Ж. Қасымбек

      2018 жылғы ______ __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы ______ ___________

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2018 жылғы
15 мамырдағы № 199 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2016 жылғы 8 шілдедегі
№ 304 бұйрығымен
бекiтiлген
  Нысан

      _________________________________________________________________

      (уәкілетті органның ведомствосы)

      _________________________________________________________________

      (уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің атауы)

Балықтың қайдан ауланғаны туралы №______ анықтама

      ____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі немесе заңды тұлғаның

      атауы)

      __________________________________________________________

      берілді (басшысының аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі)

      Табиғи мекендеу ортасынан ауланған/жасанды жағдайларда өсірілген балықтар/басқа да су жануарлары үшін (қажеттінің астын сызу керек)

Аулану орнының (су айдынының, учаскенің) атауы

Балықтардың немесе басқа су жануарларының түрлері

20_ жылғы 15 ақпаннан 20_ жылғы 15 ақпанға дейін белгіленген квота/лимит (тонна) (табиғи ортадағы балықтар немесе басқа су жануарлары үшін)

Жасанды өсірумен айналысатын ұйымның жобалық қуаты (тонна)

20__ жылғы "__" ______ жағдай бойынша өтініш жасалған күнге мәлімделген ауланатын көлем (тонна)

20__ жылғы "__" ______ жағдай бойынша қалған қалдық (тонна)

1

2

3

4

5

6

7

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі балықтардың/басқа су жануарларының табиғи ортадан ауланғанын/жасанды жағдайларда өсірілгенін растайды (қажеттінің астын сызу керек):

Балықтардың немесе басқа су жануарларының түрі

Балықтардың және басқа су жануарларының расталатын көлемі (тонна)




Жиыны:


      Ескертпе* Қайдан ауланғаны туралы анықтама берілген күнінен бастап бір жыл бойы қолданылады

      Берілген күні 20 ___ жылғы "____"_______________

      __________________________________________________________________

      (уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының,

      аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады