РҚАО-ның ескертуі!
Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабының 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жобасына экономикалық сараптаманы жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
___________________Ж. Қасымбек
2018 жылғы 24 мамыр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________________Т. Сүлейменов
2018 жылғы 21 мамыр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
___________________Қ. Бозымбаев
2018 жылғы 28 мамыр
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 530 бұйрығымен бекітілген |
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жобасына экономикалық сараптаманы жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жобасына экономикалық сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Жер қойнауы туралы кодекс) 278-бабының 12-тармағына сәйкес әзірленген және Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың басты қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін қозғайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жобасына экономикалық сараптама (бұдан әрі – экономикалық сараптама) жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Экономикалық сараптама құзыретті органның (келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік орган) жұмыс тобы шешімімен осындай сараптама жүргізу үшін жіберілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жобасы бойынша жүргізіледі.
2-тарау. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жобасына экономикалық сараптама жүргізу тәртібі
3. Экономикалық сараптама:
1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтырулар мен өзгерістер енгізуге рұқсат берілгені және сараптама комиссиясының ұсынымдарын ескере отырып, келіссөздер жүргізудің басталуы туралы құзыретті органның (келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік органның) хабарлама хатының көшірмесін;
2) келісімшарттарға толықтырулар жобаларының шарттарын қарау және жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізу жөніндегі құзыретті органның (келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік органның) жұмыс тобының отырысы хаттамасының көшірмесін;
3) толықтыру жобасын;
4) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың барлық қосымшалары мен толықтыруларының (Жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі дерекқорында болмаған жағдайда) көшірмесін;
5) геологиялық немесе тау-кендік бөлудің көшірмесін;
6) тарихи шығындар сомасының есебі қоса берілген геологиялық ақпаратты сатып алу кезінде құпиялылық туралы келісімнің көшірмесін;
7) жұмыс бағдарламасының жобасын;
8) жылдарға бөле отырып, шығындар мен жоспарланған жұмыстарды қаржыландыруды көрсете отырып, жобалау құжатының қаржы бөлігінің көшірмесін;
9) пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссияның сараптамалық қорытындысының немесе Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы хаттамасының көшірмесін;
10) техникалық-экономикалық негіздеуі және қаржылық-экономикалық модель.
Құзыретті органнан (келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік органнан) экономикалық сараптама жүргізу үшін жіберілетін құжаттар Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы ресми түрде ұсынылады.
4. Экономикалық сараптама:
1) толықтырулар жобалары ережелерінің Қазақстан Республикасының экономика және қаржы саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкестігін тексеруді;
2) толықтыру жобасы талаптарының қолданыстағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен сәйкестігін бағалауды;
3) бекітілген жобалау құжаттарына толықтыру жобасында болжанатын жұмыс көлемі мен тиісті шығындардың экономикалық негізділігін бағалауды;
4) жобаны экономикалық бағалауды (қолданылатын технологияларды және жобаны іске асырудың әлеуметтік маңызы ескеріле отырып, жоспарланатын кірістер мен шығындарда жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы);
5) жобаның қаржылық көрсеткіштерін (ақша қаражаты ағынын, ағымдағы таза құнын, пайданың ішкі нормасын, өтелу мерзімін) бағалауды;
6) жобаның бюджеттік тиімділігін бағалауды қамтиды.
5. Экономикалық сараптама жүргізу нәтижесі жазбаша түрде ресімделген, сараптамалық қорытынды болып табылады.
6. Толықтыру жобасының сараптама қорытындысы:
1) ұсынылған құжаттар тізбесін;
2) осы Қағидаларға сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жобасының ережелеріне жүргізілген талдау мен бағалаудың қысқаша нәтижелерін;
3) мынадай шешімдердің бірін:
қарау нәтижесінде жоба бойынша болжанатын шығындар көлемінің негізділігі, оның параметрлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі расталғандықтан, оң бағаланған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жобасын келісуді;
болжанатын шығындардың айтарлықтай ауытқулары (көтерілуі немесе төмендеуі), жобалау құжаттарына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қағидатты түрде сәйкес келмеуі анықтауға байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жобасын келісуден бас тартуды қамтиды.
7. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы келісімшарт жасауға ниетті жер қойнауын пайдаланушыға (бұдан әрі – әзірлеуші) сараптама қорытындысының көшірмесін бір мезгілде жолдай отырып, сараптама қорытындысы құзыретті органға (келісімшарттың тарапы болып табылатын, мемлекеттік органға) жіберіледі.
8. Қайталама экономикалық сараптама әзірлеушіден толық құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап, осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген мерзімде сараптама қорытындысында көрсетілген ауытқуларды мен сәйкессіздіктерді жою үшін жүргізіледі.
9. Қайталама экономикалық сараптаманың қорытындысы бойынша сараптамалық қорытынды бір мезгілде көшірмесі құзыретті органға (келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік органға) жіберіле отырып, әзірлеушіге жіберіледі.