РҚАО-ның ескертуі!
Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 47-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабарламаның нысаны бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_________________Б. Сұлтанов
2018 жылғы 1 маусым
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________Т. Сүлейменов
2018 жылғы 31 мамыр
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 193 бұйрығымен бекітілге |
|
Нысан |
Жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабарлама
2018 жылғы "___" ______________
Жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестерге)
ие жер қойнауын пайдаланушы
________________________________________________________
(заңды тұлға атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)
Жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабарлайды.
№ | Мәліметтер санаты | Мәлімет |
Бақылауды жоғалтқан немесе бақылауды алған тұлға, мемлекет немесе ұйым туралы мәліметтер | ||
1. | жеке тұлғалар үшін - алушының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы | |
2. | заңды тұлғалар үшін - аты, оның орналасқан жері, мемлекеттік тиесілігін көрсету | |
3. | мемлекет үшін - мемлекеттің толық атауы, мемлекеттің мүдделерін білдіретін мемлекеттік органның атауы және орналасқан жері | |
Сатып алынған (жоғалған) бақылау нысаны мен тәсілі туралы мәліметтер | ||
1. | Тікелей бақылау | |
1) | заңды тұлғаға немесе өзге ұйымға қатысу құқығының жиырма бес пайыздан астамын иелену (қатысу үлесіне құқық, акцияларға, пайларға және меншік құқығын растайтын немесе акцияларға немесе пайларға ауыстырылатын бағалы қағаздарды қоса алғанда, үлестік қатысудың басқа да нысандары) | |
2) | ұйымның жоғары басқару органында барлық дауыстың жиырма бес пайыздан астамымен дауыс беру құқығына ие болу | |
3) | жер қойнауын пайдаланушының бөлінетін таза кірісінің жиырма бес пайыздан астамын алу | |
4) | шартқа сәйкес немесе Қазақстан Республикасы заңының негізінде басқа ұйымның шешімін айқындау құқығына ие болу | |
2. | Жанама бақылау | |
1) | тұлғаның, ұйымның өз араларында тікелей бақылау болатын үшінші ұйым (үшінші ұйымдар) арқылы басқа ұйымды бақылау мүмкіндігі | |
2) | Бақылауды жоғалту немесе сатып алу негізі (құжаттар деректемелерін көрсете отырып) | |
3) | Бақылаудың өзгеру күні |
__________________________________________________________________
Жер қойнауын пайдаланушының немесе уәкілетті адамның (өкіл өтініш берген
жағдайда өкілеттікті куәландыратын тиiстi түрде ресiмделген құжат қоса
беріледi) тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетілсе), лауазымы және қолы
Мөр орыны