БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10548 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік
құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-тармағының 55-16) тармақшасына (бұдан әрі – Заң), 1974 жылғы Теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенциясы V-тарауының 14-ережесіне (бұдан әрі – СОЛАС конвенциясы) сәйкес түзетулермен бірге әзірленген кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілейді, ол кеме жүзуінің қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін қажет.
2. Осы Талаптар Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде, Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде және бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүретін кемелерге қолданылады.
3. Осы Талаптарда пайдаланылатын ұғымдар:
1) капитан – кемені басқаратын адам;
2) капитанның аға көмекшісі – капитан кемені басқаруға қабілетсіз болған жағдайда оған кемені басқару жүктелетін капитаннан кейінгі лауазымы бойынша келесі командалық құрамның тұлғасы;
3) аға механик – қозғалтқыш қондырғылары үшін, сондай-ақ кемедегі механикалық және электрондық қондырғыларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін жауапты, лауазымы бойынша аға механигі;
4) қатардағы құрам тұлғасы – капитан немесе командалық құрамның тұлғасы болмайтын кеме экипажының мүшесі;
5) екінші механик – аға механик осындай жауапкершілікті атқаруға қабілетсіз болған жағдайда қозғалтқыш қондырғысы, сондай-ақ кемедегі механикалық және электрондық қондырғыларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін жауапкершілік жүктелетін, лауазымы бойынша аға механиктен кейінгі механик;
6) командалық құрамның тұлғасы – капитан болып табылмайтын, Заңның 22-бабының 2-тармағына сәйкес тағайындалған экипаж мүшесі;
7) кәсіби диплом – кеме экипажының мүшесіне берілген және оның біліктілігін растайтын диплом;
8) теңіз көлігі маманының дайындық куәлігі – теңізшіге берілген кәсіби диплом болып табылмайтын және 1978 жылғы Теңізшілерді даярлау мен дипломдау және вахта жұмысын атқару туралы халықаралық конвенцияда (бұдан әрі – ДДВА конвенциясы) түзетулермен бірге көзделген немесе жүзу өтілін дайындау бойынша тиісті талаптардың орындалуын растайтын құжат;
9) жағалауда жүзу – Каспий теңізінің порттары арасындағы жүзу;
10) порттық жүзу – сыртқы рейдті қоса алғанда, теңіз портының белгіленген акваториясының шекаралары шегінде жүзу;
11) Порттың теңіз әкімшілігі – сауда мақсатында теңізде жүзу сласындағы уәкілетті органның ведомстволық аумақтық бөлімшесі;
12) электр механик – ДДВА конвенциясының III/6-қағидаларына сәйкес біліктілігі бар командалық құрамның тұлғасы.
3. Кеме экипажының ең аз құрамына мынадай лауазымдар кіреді:
1) капитан;
2) капитанның аға көмекшісі;
3) капитанның вахталық көмекшісі;
4) аға механик;
5) вахта механигі;
6) екінші механик;
7) электр механик;
8) палубалық команданың қатардағы құрамы;
9) машиналық команданың қатардағы құрамы.
5. Кеме иесі кеменің жүзу қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті кеме экипажының ең аз құрамының мүшелерінің санын және лауазымдарына бағалауды жүргізеді, олардың нәтижесі бойынша экипаждың штат кестесі әзірленеді (бұдан әрі – бағалау).
Бағалауды жүргізген кезде осы Талаптарға қосымшада, сондай-ақ Халықаралық теңіз ұйымы Ассамблеясының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы 1047(27) қарарына 1 және 2-қосымшаларының ережелерінде және ДДВА конвенциясына Теңізшілерді даярлау мен дипломдау және вахта жұмысын атқару жөніндегі кодекстің A-VIII/1-бөлімінде (бұдан әрі – ДДВА кодексі) көрсетілген жалпы сыйымдылығына, жүзетін ауданына және кеменің қозғалтқыш қондырғысының қуатына байланысты диплом алған капитанның көмекшілері, механиктер және қатардағы құрам тұлғаларының ең аз санының нормативтері ескеріледі.
6. Осы Талаптардың 2-тармағында көрсетілген әрбір кемеге бағалау жүргізілгеннен кейін Заңның 23-бабының 3-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 14 бұйрығымен бекітілген Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру қағидаларында белгіленген тәртіпте (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10790 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 27 бұйрығымен бекітілген нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9883 болып тіркелген) бойынша кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беріледі (бұдан әрі – Куәлік).
7. Кеменің жүзу қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін талап етілетін, кеме экипажының ең аз құрамының деңгейіне әсер ететін, жүзу ауданы, операциялардың орындалуы, конструкциясы мен (немесе) механизмдері, жабдықтардың немесе кеменің жұмыстары өзгерген жағдайда кеме иесі қайта бағалауды жүргізеді және Қағидалармен белгіленген тәртіппен жаңа Куәлікті алуға өтініш береді.
8. Кеме иесі кеменің Куәлікте көрсетілген командалық және қатарлық экипаж құрамы тұлғаларының санына сәйкес экипаждың ең аз құрамымен жинақтағанына және теңізде жүзу қауіпсіздігінің талаптарын қанағаттандыратындығына көз жеткізуі тиіс.
9. Кеме экипажының ең аз құрамына жолаушыларға қызмет көрсететін жұмыскерлер, кемелердің командалық құрамы және кеме командасы кірмейді.
10. Кеме экипажының саны Куәлікте көрсетілгеннен кем болған кезде, мынадай мән-жайларды қоспағанда, кеменің теңізге шығуына жол берілмейді:
1) кеме экипажы мүшесінің қайтыс болуы;
2) кеме экипажы мүшесінің кемеден тыс емдеуді талап ететін ауруы немесе жарақаты;
3) экипаж мүшесінің рейске шығуына мүмкіндігінің болмауы (құқық қорғау органдарының ұстауы, хабар-ошарсыз жоғалып кетуі, кеменің рейске тағайындалған шығу уақытына қарай кемеге келмеуі, құжаттарды жоғалтуы).
11. Осы Талаптардың 10-тармағында көрсетілген мән-жайлар кезінде кеме иесіне немесе кеме капитанына кеме, мән-жай туындаған экипаж мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және лауазымы туралы деректерін көрсете отырып, Куәлікте көрсетілген кеме экипажының ең аз құрамының бір мүшесінің болмауы туралы еркін нысанда жазбаша түрде Порттың теңіз әкімшілігіне хабарлау қажет.
12. Қажет болған жағдайда кеме иесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15577 болып тіркелген) бекітілген Теңізшілерді дипломдау қағидаларының 2-тарауының 3-параграфына (бұдан әрі – Теңізшілерді дипломдау қағидалары) сәйкес жеңілдік рұқсаттарын беру туралы Порттың теңіз әкімшілігіне өтініш береді.
13. Кеме иесіне немесе кеме капитанына кеменің теңізге және жүзуге шығуына экипаж саны Куәлікте көрсетілгеннен кем болғанда кезде ДДВА конвенциясының VIII тарауының талаптарын бұзбайтынына көз жеткізу қажет.
Теңіз портынан осы кеменің шығуын ресімдеу кезінде Порттың теңіз әкімшілігінің уәкілетті тұлғасы кеме рөліне Куәлікте көрсетілгеннен экипаж саны кем болған кезде жүзу аралығы мен шартын көрсете отырып кеменің шығуына рұқсат туралы жазба енгізеді.
14. Басқа ұлттарды кеме экипажы мүшесіне жалдаған кезде кеме иесі барлық экипаж мүшелерінің вахта жұмысын атқару, қауіпсіздік немесе қоршаған ортаны ластануын болдырмау бойынша ұйғарылған міндеттерді барлық теңізшілердің кемедегі жалпы жұмыс тілін кемеде жұмыс істеген кезде бір бірімен тиімді араласуына көз жеткізу қажет.
15. Кеме иесі кеме бортында жұмыс сағаттары мене демалыс сағаттарын есебін және экипаж мүшелерінің ішкі еңбек тәртібі кестесін жүргізуді қамтамасыз етеді.
2-тарау. Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптар
16. Тез бүлінетін жүктерді тасымалдайтын кемелерде кеме экипажының ең аз құрамында рефрижераторлық қондырғылар жөніндегі механиктің лауазымы көзделеді.
Басты дизель-электр қондырғысы бар кемелерде кеме экипажының құрамына жолаушылар кемесінде екі электр механигі және басқа үлгідегі кемелерде бір электр механигі кіргізіледі.
"Аut" нышаны жоқ, қызмет көрсететін бір немесе екі құрылғылар мен жүйелер бойынша автоматтандыру талаптарын қанағаттандырмайтын кемелерде экипаждың құрамы қатардағы құрамның бір мүшесіне ұлғайтылады.
"Аut" нышаны бар, қызмет көрсететін бір немесе екі құралдар мен жүйелер бойынша автоматтандыру талаптарын қанағаттандырмайтын экипаж құрамы тиісті мамандығы бар бір маманға арттырылады.
17. Экипажсыз пайдаланылатын екі және одан көп кемелерді сүйрегіш кемелермен сүйреуді жүзеге асыру кезінде, сүйрегіш кеме экипажының штатына әрбір екі кемеге қатардағы құрамның бір адамы қосылады.
Ұзындығы 75 метрден артық кемелердің немесе құрамның жұмысы кезінде кеменің (құрамның) алдыңғы немесе артқы жағында бір мезгілде арқандап байлауды (арқанды шешуді) қамтамасыз ететін қатардағы құрамның саны кемінде екі адамды құрайды.
18. Бортында жүз немесе одан да көп адамдар бар, ұзақтығы екі және одан да көп күндерге халықаралық рейстерді жасайтын кемелерде кеме экипажының ең аз құрамына кеме дәрігері кіреді (жалпы практикалық дәрігер).
19. Экипаж саны 10 және одан да көп адамдары бар кемелерде кеме экипажының ең аз құрамына қосымша кеме аспазшысы кіреді.
20. Каспий теңізінде вахта жұмысын атқару жеріне дейін жұмыс персоналын тасымалдауға арналған көмекші кемелерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қауіпсіз портына дейін Каспий теңізінде апат орнынан адамдарды эвакуациялау үшін бір реттік рейсті орындау кезінде мамандандырылған жедел эвакуациялық кемелерде, кеме экипажының ең аз құрамына тек қана капитан және аға механик кіреді.
21. Басқа елдің аумақтық суларында жағалауда жүзуді жүзеге асыратын кемелерде, кеме экипажының ең аз құрамы егер осы Талаптардың нормативтерінен олар асқан жағдайда осы елдің талаптарына сәйкес болуы керек.
22. Халықаралық жүзуді жүзеге асыратын 500 немесе одан да көп тіркелімді тонналық жүк кемелерінде, әр жолаушы тасымалдау кемелерінде, жүйрік жолаушылар кемесін және жылжымалы теңіз бұрғылау қондырғысын қоса алғанда, кемені қорғау үшін жауапты командалық құрамның тұлғасы ретінде экипаждың ең аз құрамы ішінен "Қорғауға жауапты кеменің командалық құрамның тұлғасын дайындау" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын дайындау куәлігі бар экипаж мүшесі тағайындалады.
Кеме иесі кемені қорғау жоспарында көрсетілгендей "Қорғауға жауапты кеменің командалық құрамның тұлғасын дайындау" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын дайындау куәлігі бар, кеме экипажы мүшелерінің ең аз санын тағайындайды.
23. Жабдықталуы мен жарақталуы бойынша кеменің қауіпсіздігі туралы куәлікте көрсетілгендей әрбір құтқару қайықшалары үшін "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі мамандарын дайындау куәлігі бар екі экипаж мүшесі тағайындалады.
24. Жабдықталуы мен жарақталуы бойынша кеменің қауіпсіздігі туралы куәлікте көрсетілгендей әрбір құтқару салы үшін "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын дайындау куәлігі бар бір экипаж мүшесі тағайындалады. Талаптардың 23-тармағында көрсетілген тұлғалар бортта орналасқан адамдардың жалпы санына қосылуы мүмкін.
25. Жабдықталуы мен жарақталуы бойынша кеменің қауіпсіздігі туралы куәлікте көрсетілгендей әрбір шапшаң құтқару қайықшалары үшін "Шапшаң кезекші қайықшалары бойынша маман" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын дайындау куәлігі бар экипаждың екі мүшесі тағайындалады.
26. Мұнай танкерлерінде және химия тасушы танкерлерінде жұмыс істеуге тағайындалған экипаж мүшелері олардың ұйғарылған лауазымдық міндеттері мен функцияларына сәйкес ДДВА конвенциясына қосымшасының V/1-1-қағидаларында көрсетілген тиісті теңіз көлігі маманын дайындау куәлігі болуы тиіс.
27. Газ тасушы танкерлерінде жұмыс істеуге тағайындалған экипаж мүшелері олардың ұйғарылған лауазымдық міндеттері мен функцияларына сәйкес ДДВА конвенциясына қосымшасының V/1-2-қағидаларында көрсетілген тиісті теңіз көлігі маманын дайындау куәлігі болуы тиіс.
28. Жолаушылар кемелерінде және ро-ро жолаушылар кемелерінде жұмыс істеуге тағайындалған экипаж мұшелері ұйғарылған лауазымдық міндеттері мен функцияларына сәйкес ДДВА конвенциясына қосымшасының V/2-қағидаларында көрсетілген тиісті теңіз көлігі маманын дайындау куәлігі болуы тиіс.
29. Тұтанудың төмен температурасымен отынды пайдаланатын кемелерде тағайындалған капитандар мен механиктер ұйғарылған лауазымдық міндеттері мен функцияларына сәйкес ДДВА конвенциясына қосымшасының V/3-қағидаларында көрсетілген тиісті теңіз көлігі маманын дайындау куәлігі болуы тиіс.
30. СОЛАС конвенциясында айқындалғандай Арктикалық суларда және Антарктикалық суларда жүзетін кемелерде тағайындалған капитандар мен капитандардың көмекшілері ұйғарылған лауазымдық міндеттері мен функцияларына сәйкес ДДВА конвенциясына қосымшасының V/4-қағидаларында көрсетілген тиісті теңіз көлігі маманын дайындау куәлігі болуы тиіс.
31. СОЛАС конвенциясының X тарауында айқындалған жоғары жылдамдықтағы кемелерге тағайындалған капитандар, капитанның көмекшілері және механиктер Халықаралық теңіз ұйымының Теңіз қауіпсіздігі комитетінің MSC.97(73) қарарымен қабылданған түзетулермен бірге, 2000 жылғы Жоғары жылдамдықтағы кемелердің қауіпсіздігі халықаралық кодексіне сәйкес олар жұмыс істейтін жоғары жылдамдықтағы кемелер типі үшін жоғары жылдамдықтағы кемелерді басқару бойынша куәлігі болуы тиіс.
32. Шектелмеген жүзу ауданы үшін барлы командалық құрамның тұлғалары Апат кезінде ғаламдық теңіз байланысы жүйесі және (АҒТБЖ) қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін радиооператор жарамды кәсіби дипломы болуы тиіс.
33. Палубалық вахтаның құрамындағы командалық құрамның барлық тұлғалары жағалауда жүзу үшін кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікте көрсетілгендей, қолданылатын жүзу ауданына байланысты жарамды кәсіби немесе шектелген әрекет ету радиусы АҒТБЖ радиооператорының, немесе АҒТБЖ радиооператорының дипломы болуы тиіс.
34. Палубалық вахтаның құрамындағы барлық командалық құрамның тұлғалары Қазақстан Республикасының аумақтық сулары үшін шектелген әрекет ету радиусы АҒТБЖ радиооператорының жарамды кәсіби дипломы болуы тиіс.
35. Жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімді тоннадан кем жағалауда жүзетін кемелердің және Қазақстан Республикасының аумақтық теңіз шегінде жүзу ауданымен барлық жолаушы емес кемелердің капитандары мен экипажының ең аз құрамына кіретін командалық құрамның тұлғалары, оларда "Кемедегі медициналық күту" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын дайындау куәлігінің болу қажеттілігінен босатылады.
36. Заңның 28-бабының 5-тармағының талаптарына сәйкес кеме иесіне:
1) кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес экипаждың жасақталуын;
2) кеме экипажының әрбір мүшесінде оның біліктілігін растайтын құжаттардың болуын;
3) кеме экипажы мүшелерінің қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтуін;
4) құжаттаманың, оның ішінде медициналық қорытындылардың, кеме экипажы мүшелерінің біліктілігі мен тәжірибесін растайтын құжаттардың капитан каютасында немесе қозғалыс бөлмесінде сақталуын;
5) кеме экипажы мүшелерінің өз құқықтарымен және міндеттерімен, кеменің сипаттамаларымен және құрылғыларымен таныс болуын;
6) авария жағдайында кеме экипажының іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз етуге міндетті.
37. Заңның 41-бабының 1-тармағына сәйкес теңізге шығатын кемелерді бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде теңіз портының капитаны кеме экипажын жинақтауға қойылатын талаптардың сақталуын тексереді.
Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптардың бұзылуы мыналар:
1) Куәлікте көрсетілгеннен, кеме экипажының саны кем болып, экипаждың осындай санымен немесе жеңілдік рұқсатының, кеменің теңізге шығуына рұқсат беру туралы кеме рөлінде Порттың теңіз әкімшілігінің уәкілетті тұлғасының жазбасы жоқ болған жағдайда теңізге кеменің шығуы;
2) бір немесе одан да көп экипаж мүшелерінің қажетті теңіз көлігі мамандарын дайындау куәліктері және (немесе) кәсіби дипломдары болмаған кезде кеменің теңізге шығуы;
3) Талаптардың 7-тармағында көрсетілген өзгерістер болған кезде, кеменің жасалуы, Куәлікте көрсетілген шектеулерден тыс басқарылса немесе Куәлікті беру кезінен өзге тәсілмен пайдалануы;p
4) ұсынылған анық емес ақпараттардың және/немесе жалған құжаттардың негізінде Куәлікті алу фактісінің анықталуы;
5) ДДВА кодексінің A-VIII/1-бөлімімен көзделген кеме экипажының ең аз демалыс сағаттарының саны бойынша талаптардың сәйкес келмеуі болып табылады.
38. Талаптардың 37-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар анықталған кезде теңіз портының капитаны:
1) Заңның 42-бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес теңіз портынан кеменің шығуына рұқсат беруден бас тартады;
2) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 581-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік айыппұл санылады;
3) Талаптардың 37-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайлар анықталған кезде Куәлікті кері қайтарып алады.
Талаптардың 37-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар анықталған кезде теңіз портының капитаны Куәлікті кері қайтарып алады.
Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарға қосымша |
Кеме экипажының ең аз құрамының нормативтері
Жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімді тонналық кемелер үшін палубалық команда
Кәсіби кеме экипажының құрамы (ДДВА конвенциясына сәйкес) | Кеменің жүзу ауданы | ||
Порттық жүзу | Жағалауда жүзу | ||
Экипаждың жұмыс кестесі | |||
(1 күннен аспайтын рейстің ұзақтығы) 1 ауысым | 2 ауысым | (Жағалауда жүзу) 2 ауысым | |
1 | 2 | 3 | 4 |
Капитан: | |||
II/2-қағидалар, | |||
II/2-қағидалар, | |||
II/2-қағидалар, | 1 | 1 | 1 |
Капитанның аға көмекшісі: | |||
II/2-қағидалар, | |||
II/2-қағидалар, | |||
Капитанның вахталық көмекшісі: | |||
II/1-қағидалар, | |||
II/3-қағидалар, | 1 | 1 | |
Матростар: | |||
НВҚҚ (вахталық матрос) | 1 | 1 | 2 |
1 санаттағы матрос (білікті матрос) | |||
БАРЛЫҒЫ: | 2 | 3 | 4 |
жалғасы
Жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелімді тоннаға дейін кемелер үшін палубалық команда
Кәсіби кеме экипажының құрамы (ДДВА конвенциясына сәйкес) | Кемелердің жүзу ауданы | |||
Порттық жүзу | Жағалаудағы жүзу | Шектелмеген жүзу ауданы | ||
Экипаждың жұмыс кестесі | ||||
2 ауысым | 2 ауысым | 2 ауысым | 3 ауысым | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Капитан: | ||||
II/2-қағидалар, 1 және 2-тармақтар | ||||
II/2-қағидалар, 3 және 4-тармақтар | 1 | 1 | 1 | 1 |
II/3-қағидалар, 5 және 6-тармақтар | ||||
Капитанның аға көмекшісі: | ||||
II/2-қағидалар, 1 және 2-тармақтар | ||||
II/2-қағидалар, 3 және 4-тармақтар | 1 | 1 | ||
Капитанның вахталық көмекшісі: | ||||
II/1-қағидалар, 1 және 2-тармақтар | 1 | 1 | ||
II/3-қағидалар, 3 және 4-тармақтар | 1 | |||
Матростар: | ||||
НВҚҚ (вахталық матрос) | 1 | 2 | 2 | 2 |
1 сыныпты матрос | 1 | |||
БАРЛЫҒЫ: | 3 | 4 | 4 | 6 |
жалғасы
Жалпы сыйымдылығы 3000 тіркелімді тонна немесе одан да көп кемелер үшін палубалық команда
Кәсіби кеме экипажының құрамы (ДДВА конвенциясына сәйкес) | Кемелердің жүзу ауданы | ||
Жағалаудағы жүзу | Шектелмеген жүзу ауданы | ||
Экипаждың жұмыс кестесі | |||
2 ауысым | 2 ауысым | 2 ауысым | |
1 | 2 | 3 | 4 |
Капитан: | |||
II/2-қағидалар, 1 және 2-тармақтар | 1 | 1 | 1 |
II/2-қағидалар, 3 және 4-тармақтар | |||
II/3-қағидалар, 5 және 6-тармақтар | |||
Капитанның аға көмекшісі: | |||
II/2-қағидалар, 1 және 2-тармақтар | 1 | 1 | 1 |
II/2-қағидалар, 3 және 4-тармақтар | |||
Капитанның вахталық көмекшісі: | |||
II/1-қағидалар, 1 және 2-тармақтар | 1 | ||
II/3-қағидалар, 3 және 4-тармақтар | |||
Матростар: | |||
НВҚҚ (вахталық матрос) | 2 | 2 | 3 |
1 сыныпты матрос | 1 | 1 | 1 |
БАРЛЫҒЫ: | 5 | 5 | 7 |
жалғасы
Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 кВт-ден 3000 кВт дейін кемелер үшін машиналық команда
Кәсіби кеме экипажының құрамы (ДДВА конвенциясына сәйкес) | Машиналық бөлімшесіне мерзімді қызмет көрсетілмейтін кемелер | Машиналық бөлімшесіне қызмет көрсетілетін кемелер | |||||||
Кемелердің жүзу аудандары | Кемелердің жүзу аудандары | ||||||||
Порттық жүзу | Жағалаудағы жүзу | Шектелмеген жүзу ауданы | Порттық жүзу | Жағалаудағы жүзу | Шектелмеген жүзу ауданы | ||||
Экипаждың жұмыс кестесі | Экипаждың жұмыс кестесі | ||||||||
(1 күннен аспайтын рейстің ұзақтығы) 1 ауысым | 2 ауысым | 2 ауысым | 2 ауысым | 1 ауысым | 2 ауысым | 2 ауысым | 2 ауысым | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | |
Аға механиктер: | |||||||||
III/2-қағидалар, 1 және 2-тармақтар | |||||||||
III/3-қағидалар, 1 және 2-тармақтар | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | |
Екінші механиктер: | |||||||||
III/2-қағидалар, 1 және 2-тармақтар | |||||||||
III/3-қағидалар, 1 және 2-тармақтар | 1 | 1 | |||||||
Вахталық механик, III/1-қағидалар, 1 және 2-тармақтар | 1 | 1 | 1 | ||||||
Мотористер: | |||||||||
МБВҚҚ (Вахталық моторист) III/4-қағидалар, 1 және 2-тармақтар | 1 | 1 | |||||||
1 сыныпты моторист | |||||||||
Электрмеханик, | 1 | 1 | |||||||
БАРЛЫҒЫ: | 1 | 2 | 2 | 3 | 1 | 2 | 3 | 3 |
* экипаждың жұмыс кестесі 3 ауысым болған кезде кеменің машиналық командасының экипажына қосымша вахталық механик кіреді
жалғасы
Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 кВт-немесе одан да көп кемелер үшін машиналық команда
Кәсіби кеме экипажының құрамы (ДДВА конвенциясына сәйкес) | Машиналық бөлімшесіне мерзімді қызмет көрсетілмейтін кемелер | Машиналық бөлімшесіне қызмет көрсетілетін кемелер | ||
Кемелердің жүзу аудандары | Кемелердің жүзу аудандары | |||
Жағалаудағы жүзу | Шектелмеген жүзу ауданы | Жағалаудағы жүзу | Шектелмеген жүзу ауданы | |
Экипаждың жұмыс кестесі | Экипаждың жұмыс кестесі | |||
2 ауысым | 2 ауысым | 2 ауысым | 2 ауысым* | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Аға механиктері: | ||||
III/2-қағидалар, 1 және 2-тармақтар | 1 | 1 | 1 | 1 |
III/3-қағидалар, 1 және 2-тармақтар | ||||
Екінші механиктер: | ||||
III/2-қағидалар, 1 және 2-тармақтар | 1 | 1 | 1 | 1 |
III/3-қағидалар, 1 және 2-тармақтар | ||||
Вахталық механиктер, III/1-қағидалар, 1 және 2-тармақтар | ||||
Мотористер: | ||||
МБВҚҚ (Вахталық моторист) | ||||
1 сыныпты моторист | ||||
Электрмеханик, | 1 | 1 | 1 | 1 |
БАРЛЫҒЫ: | 3 | 3 | 3 | 3 |
* экипаждың жұмыс кестесі 3 ауысым болған кезде кеменің машиналық командасының экипажына қосымша вахталық механик кіреді