"Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 29 мамырдағы № 286 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 маусымда № 17112 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № 36 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.03.2023 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6774 болып тіркелген, 2011 жылғы № 3 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеде:

      1 және 2-тараулардың атаулары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      "2-тарау. АҰЕ негізгі функциялары";

      көрсетілген ережеге 3-қосымшада:

      1, 2 және 3-тараулардың атаулары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      "2-тарау.Үдеріске қатысушылардың өзара іс-қимылы";

      "3-тарау."Бекітілген халық тіркелімі" порталында халықты тіркеу";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Құрылымында перинаталдық орталығы (перзентханалық бөлімше) бар денсаулық сақтау ұйымының жауапты адамы бала туғаннан кейін 1 тәуліктен кешіктірмей БХТ порталында № 907 бұйрықпен бекітілген нысандағы туу туралы медициналық куәлікті тіркеуді, сондай-ақ ата-аналары туралы мәліметтерді (оның ішінде білім деңгейі және отбасының табыс көзі туралы мәліметтер) енгізуді жүзеге асырады;

      МСАК субъектісінің жауапты адамы БХТ порталында нәрестелерді бекітуді "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10173 болып тіркелген) бекітілген нысандағы туу туралы куәліктің негізінде жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады