"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 30 мамырдағы № 44/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 маусымда № 17125 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 34/қе бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 06.05.2020 № 34/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11360 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген "Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап:

      лицензияны беру – 15 жұмыс күні;

      лицензияны қайта ресімдеу – 3 жұмыс күні;

      лицензияның телнұсқасын беру – 2 жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап олардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанында ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен (болған жағдайда) және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар ) көрсетіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін жекеленген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым алынады, ол:

      лицензия беру үшін – 20 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);

      лицензияны қайта ресімдеу үшін – 2 АЕК-ті;

      лицензияның телнұсқасын беру үшін – 20 АЕК-ті құрайды.

      Портал арқылы жүгінген кезде төлем "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10473 тіркелген) жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және сату жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін бiлiктiлiк талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      11-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті берушінің сенім телефоны: 8 (7172) 76-49-16.";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-49-49, 76-49-48, 76-49-47, 76-49-44, 76-49-43.";

      аталған бұйрықпен бекітілген "Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де жолдармен беруге) лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап:

      лицензияны беру – 15 жұмыс күні;

      лицензияны қайта ресімдеу – 3 жұмыс күні;

      лицензияның телнұсқасын беру – 2 жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап олардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанында ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен (болған жағдайда) және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар ) көрсетіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін жекеленген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым алынады, ол:

      лицензия беру үшін – 20 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);

      лицензияны қайта ресімдеу үшін – 2 АЕК-ті;

      лицензияның телнұсқасын беру үшін – 20 АЕК-ті құрайды.

      Портал арқылы жүгінген кезде төлем "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10473 тіркелген) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның iшiнде өзге де беру) жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін бiлiктiлiк талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      11-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті берушінің сенім телефоны: 8 (7172) 76-49-16.";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-49-49, 76-49-48, 76-49-47, 76-49-44, 76-49-43.";

      аталған бұйрықпен бекітілген "Ақпарат таралып кететін арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап:

      лицензияны беру – 15 жұмыс күні;

      лицензияны қайта ресімдеу – 3 жұмыс күні;

      лицензияның телнұсқасын беру – 2 жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап олардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанында ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен (болған жағдайда) және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар ) көрсетіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін жекеленген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым алынады, ол:

      лицензия беру үшін – 20 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);

      лицензияны қайта ресімдеу үшін – 2 АЕК-ті;

      лицензияның телнұсқасын беру үшін – 20 АЕК-ті құрайды.

      Портал арқылы жүгінген кезде төлем "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10473 тіркелген) ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін бiлiктiлiк талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      11-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті берушінің сенім телефоны: 8 (7172) 76-49-16.";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-49-49, 76-49-48, 76-49-47, 76-49-44, 76-49-43.";

      аталған бұйрықпен бекітілген "Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап – 8 жұмыс күні.

      Арнайы техникалық құралдардың үлгілерін ұсыну мерзімі көрсетілетін қызметті алушы тиісті хабарламаны алған сәттен бастап (көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде) немесе хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" түскен сәттен бастап (портал арқылы жүгінген кезде) күнтізбелік 5 күнді құрайды. Осы мерзім мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап олардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру не осы стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанында ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен (болған жағдайда) және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетіледі.

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      11-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті берушінің сенім телефоны: 8 (7172) 76-49-16.";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-49-49, 76-49-48, 76-49-47, 76-49-44, 76-49-43.";

      стандарттың қосымшасы аталған бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

      аталған бұйрықпен бекітілген "Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап – 8 жұмыс күні.

      Шифрлау (криптографиялық) құралдардың үлгілерін ұсыну мерзімі көрсетілетін қызметті алушы тиісті хабарламаны алған сәттен бастап (көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде) немесе хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" түскен сәттен бастап (портал арқылы жүгінген кезде) күнтізбелік 5 күнді құрайды. Осы мерзім мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап олардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру не осы стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанында ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен (болған жағдайда) және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетіледі.

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      11-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті берушінің сенім телефоны: 8 (7172) 76-49-16.";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-49-49, 76-49-48, 76-49-47, 76-49-44, 76-49-43.";

      стандарттың қосымшасы аталған бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

      аталған бұйрықпен бекітілген "Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап – 5 жұмыс күні.

      Тауардың үлгісін ұсыну қажет болған жағдайда – тауардың үлгісі ұсынылған күннен бастап , күнтізбелік 30 күн. Тауардың үлгісін ұсыну мерзімі көрсетілетін қызметті алушы тиісті хабарламаны алған сәттен бастап (көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде) немесе хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" түскен сәттен бастап (портал арқылы жүгінген кезде) – 5 жұмыс күні;

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап олардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу бойынша қорытындыны беру не осы стандарттың 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанында ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен (болған жағдайда) және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      10-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті берушінің сенім телефоны: 8 (7172) 76-49-16.";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-49-49, 76-49-48, 76-49-47, 76-49-44, 76-49-43.";

      аталған бұйрықпен бекітілген "Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап – 5 жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап олардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар";

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметіне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің Төрағасы
К. Мәсімов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      __________________ Д. Абаев

      2018 жылғы 6 маусым

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2018 жылғы 30 мамырдағы
№ 44/қе бұйрығына
1-қосымша
  "Үшінші елдермен сауда-
саттықта тарифтік емес реттеу
шаралары қолданылатын
ақпаратты жасырын алуға
арналған арнайы техникалық
құралдарды әкелуге, әкетуге
және олардың транзитіне
қорытынды (рұқсат беру
құжатын) беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша
  Нысан

      ____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы немесе тегi, аты,

      әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Өтініш

      Мынадай арнайы техникалық құралдарды________________________________

      (тауарды алып жүру түрін көрсету: әкелу,

      _____________________________________________________________________

      әкету,уақытша әкелу, уақытша әкету, тасымалдау)

      қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруді сұраймын:

Р/с№

Бұйымның құрамы көрсетілген оның атауы

Моделі

Зауыттық нөмірі

Сериялық нөмірі

Саны

Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды
Бірыңғай тізбенің
2.17-бөлімінен

1.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірін және (немесе)

      бизнес сәйкестендіру нөмірін көрсету ___________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайы _________________________

      ________________________________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді

      мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Көрсетілетін қызметті алушының нақты мекенжайы ______________________

      ______________________________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,

      елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Көрсетілетін қызметті алушының телефондары, факсы, электрондық поштасы

      ______________________________________________________________________

      Алушы/жөнелтуші ______________________________________________________

      (әріптес ұйымның толық ресми атауын және толық мекенжайын көрсету.

      Бұл ретте алушы ретінде көрсетілетін қызметті алушыдан тауарға құқық алатын

      тұлға, ал жөнелтуші ретінде - көрсетілетін қызметті алушыға осы құқықты

      беретін тұлға көрсетіледі) Межелі/жөнелту елі __________________________________

      (межелі және жөнелту түпкі орны болып табылатын елдің атауын көрсету)

      Транзит елі __________________________________________________________

      (транзитпен өткізген жағдайда, аумағында транзит жүзеге асырылатын

      Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттің атауын көрсету)

      Әкелу/әкету мақсаты _________________________________________________

      (тауарды әкелу, әкету, уақытша әкелу, уақытша әкету мақсатын көрсету)

      Уақытша әкелу/әкету мерзімі___________________________________________

      (уақытша әкелінетін/әкетілетін жағдайда, тауарларды уақытша әкелу немесе

      уақытша әкету жөніндегі міндеттеме қолданысының аяқталу күнін көрсету)

      Негіздеме ___________________________________________________________

      (мемлекеттік қызмет көрсету үшін негіздеме болатын құжаттарды және олардың

      деректемелерін - сыртқы сауда шартын (келісімшартын), оған қосымшаны және

      (немесе) толықтыруды және (немесе) тараптардың ниеттерін растайтын өзге де

      құжатты көрсету)

      Қосымша ақпарат ____________________________________________________

      (өтініштің басқа жолдарындағы ақпаратты айқындайтын қосымша

      _________________________________________________________________________

      мәліметтерді, қажет болған жағдайда, осыдан бұрын берілген арнайы техникалық

      __________________________________________________________________________

      құралдарды әкелуге және әкетуге қорытындының (рұқсат беретін құжаттың)

      деректемелерін, сондай-ақ тауардың құны және қосымша берілетін құжаттар, оның

      ішінде _______________________________________________ парақ қоса берiлiп отыр.

      тауардың фотографиялық суреті туралы ақпаратты көрсету) (оның ішінде жазбаша көрсету)

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға

      мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге

      болатыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және

      жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші мемлекеттік қызметті

      көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Басшы ______________________ ____________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны             Толтырылған күні 20__ жылғы "___"_________

      (болған жағдайда)

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушымен байланыстыратын тұлға:

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының орындаушысы – тұлғаның тегi,

      аты, әкесiнiң аты, телефоны, электрондық поштасы)

      Өтiнiш 20__ жылғы "__"__________ ___сағат___минутта қарауға қабылданды

      __________________________________________________________________________

      (өтінішті қабылдаған адамның қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2018 жылғы 30 мамырдағы
№ 44/қе бұйрығына
2-қосымша
  "Үшінші елдермен сауда
саттықта тарифтік емес реттеу
шаралары қолданылатын
шифрлау (криптографиялық)
құралдарын әкелуге, әкетуге
және олардың транзитіне
қорытынды (рұқсат беру
құжатын) беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша
  Нысан

      __________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      _________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы немесе тегi, аты,

      әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Өтініш

      Мынадай арнайы техникалық құралдарды______________________________________

      (тауарды алып жүру түрін көрсету: әкелу,

      __________________________________________________________________________

      әкету,уақытша әкелу, уақытша әкету, тасымалдау) қорытынды

      (рұқсат беру құжатын) беруді сұраймын:

Р/с№

Бұйымның құрамы көрсетілген оның атауы

Моделі

Зауыттық нөмірі

Сериялық нөмірі

Саны

Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды
Бірыңғай тізбенің
2.19-бөлімінен

2.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірін және (немесе) бизнес

      сәйкестендіру нөмірін көрсету ___________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайы _________________________

      ________________________________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,

      елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Көрсетілетін қызметті алушының нақты мекенжайы _______________________

      _______________________________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,

      елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Көрсетілетін қызметті алушының телефондары, факсы, электрондық поштасы_______________________________________________________

      Алушы/жөнелтуші ______________________________________________________

      (әріптес ұйымның толық ресми атауын және толық мекенжайын көрсету.

      Бұл ретте алушы ретінде көрсетілетін қызметті алушыдан тауарға құқық алатын

      тұлға, ал жөнелтуші ретінде - көрсетілетін қызметті алушыға осы құқықты

      беретін тұлға көрсетіледі)

      Межелі/жөнелту елі __________________________________________________

      (межелі және жөнелту түпкі орны болып табылатын елдің атауын көрсету)

      Транзит елі __________________________________________________________

      (транзитпен өткізген жағдайда, аумағында транзит жүзеге асырылатын

      Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттің атауын көрсету)

      Әкелу/әкету мақсаты _________________________________________________

      (тауарды әкелу, әкету, уақытша әкелу, уақытша әкету мақсатын көрсету)

      Уақытша әкелу/әкету мерзімі___________________________________________

      (уақытша әкелінетін/әкетілетін жағдайда, тауарларды уақытша әкелу немесе

      уақытша әкету жөніндегі міндеттеме қолданысының аяқталу күнін көрсету)

      Негіздеме ___________________________________________________________

      (мемлекеттік қызмет көрсету үшін негіздеме болатын құжаттарды және

      олардың деректемелерін - сыртқы сауда шартын (келісімшартын), оған қосымшаны

      және (немесе) толықтыруды және (немесе) тараптардың ниеттерін растайтын

      өзге де құжатты көрсету) Тауарды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына

      жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу бойынша қорытындының деректемелері

      __________________________________________________________________________

      (тиісті қорытындының тіркеу нөмірін және берілген күнін көрсету, ұйымдар шифрлау

      құралдарын өз мұқтаждықтарын қамтамасыз ету мақсатында

      әкелген жағдайда толтырылады)

      Қосымша ақпарат ____________________________________________________

      (өтініштің басқа жолдарындағы ақпаратты айқындайтын қосымша

      __________________________________________________________________________

      мәліметтерді, қажет болған жағдайда, осыдан бұрын берілген арнайы техникалық

      __________________________________________________________________________

      құралдарды әкелуге және әкетуге қорытындының (рұқсат беретін құжаттың)

      __________________________________________________________________________

      деректемелерін, сондай-ақ тауардың құны және қосымша берілетін құжаттар, оның ішінде

      _______________________________________________ парақ қоса берiлiп отыр.

      тауардың фотографиялық суреті туралы ақпаратты көрсету)

      (оның ішінде жазбаша көрсету)

      Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және

      оларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге

      болатыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және

      жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші мемлекеттік қызметті

      көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Басшы ______________________ _____________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны             Толтырылған күні 20__ жылғы "___"_________

      (болған жағдайда)

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушымен байланыстыратын тұлға:

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының орындаушысы – тұлғаның тегi, аты,

      әкесiнiң аты, телефоны, электрондық поштасы)

      Өтiнiш 20__ жылғы "__"__________ ___сағат___минутта қарауға қабылданды

      __________________________________________________________________

      (өтінішті қабылдаған адамның қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады