"2018 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 631 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 373 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 шілдеде № 17175 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 68) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "2018 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 631 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15762 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "2018 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын амбулаториялық және стационарлық деңгейлердегі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 20, 65, 66, 67, 68, 127, 157, 158, 159, 160, 167, 198, 439, 453, 463, 508, 512, 513, 551, 658-жолдар алып тасталсын;

      реттік нөмірі 665-жол мынадай редакцияда жазылсын:

665

B02BD02

12 жасқа дейінгі балаларда қолданылуы шектеулі Виллебранд ауруын емдеуге көрсетілімсіз плазмалық VIII қан ұйыту факторлары дәрілік заты *****

Ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 500 ХБ

ХБ

60, 52

      "Тек амбулаториялық деңгейдегі медициналық көмекті көрсету үшін 2018 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 6, 9, 16, 35, 53, 62, 68, 72, 75, 76, 102, 121, 124, 129, 133, 136, 139, 190-жолдар алып тасталсын;

      "2018 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын амбулаториялық және стационарлық деңгейлердегі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 5, 6, 7, 11, 27, 44, 53, 66, 110, 141, 142, 143, 144, 145, 146, 147, 148, 149, 150, 151, 152, 153, 154, 155, 156, 157, 158, 159, 160, 161, 162, 163, 164, 165, 166, 167, 168, 169, 170, 171, 193 - жолдар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және егізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады