Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 288 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 18 шілдеде № 17212 болып тіркелді.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      ____________________ Д. Абаев

      2018 жылғы 19 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер - Министрінің орынбасары-

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ___________________Ө. Шөкеев

      2018 жылғы 25 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Ұлттық

      қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      ___________________ К. Мәсімов

      2018 жылғы 29 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 18 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ________________Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 30 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрі

      ____________Қ. Әбдірахманов

      2018 жылғы 4 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ________________Қ. Қасымов

      2018 жылғы 14 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 28 сәуірдегі
№ 288 бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, жүктерді тасымалдау туралы және тасымалдау кезінде жылжымалы құрамды пайдалану туралы есептілікті есепке алуды жүргізу мен беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 870 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8281 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2013 жылғы 27 тамызда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, жүктерді тасымалдау туралы және тасымалдау кезінде жылжымалы құрамды пайдалану туралы есептілікті есепке алуды жүргізу мен беру қағидаларында:

      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша Теміржол көлігімен жүк тасымалдау қағидаларының 16-қосымшасына сәйкес ГУ-29-О нысанды жол ведомосы және жол ведомосының түбіртектері (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 тіркелген);".

      2. "Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10407 тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені және оның куәлігінің телнұсқасын бергені үшін алым "Салық және бюджетке

      төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіпте және мөлшерде алынады.";

      3. "Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11125 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 маусымда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кемені мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), кеменің немесе салынып жатқан кеменің кепілі және кемесін мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын, кеменің немесе салынып жатқан кеменің кепілін беру үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде алымдар алынады.";

      4. "Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 маусымда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Тартқыш, сондай-ақ мотор-вагонды жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу үшiн алым "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексімен белгіленген мөлшерде алынады.";

      5. "Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 519 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13904 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 1 тамызда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларында:

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Бақылау органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы паромдардың өткенін ресімдегеннен кейін паромдардан вагондарды порт аумағына шығару жүзеге асырылады.

      Вагондар паромнан шығарылып, порттың кірме жолдарына берілгеннен кейін (бос вагондар мен қауіпті жүктері бар вагондардан басқа) вагондарға коммерциялық тексеріп қарау жүргізіледі.

      Жүк құжаттарын ресімдеу, оның ішінде бақылау органдарында ресімдеу "Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

      Порт аумағынан вагондарды шығару тасымалдаушының тепловоздарымен жүргізіледі.";

      6. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 № 515 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 15.10.2020 № 531 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 17.08.2020 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады