Өңдеушілер үшін 2018 жылға бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін өңдеушілер арасында бөлуді бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 5 шілдедегі № 291 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 шілдеде № 17223 болып тіркелді. Бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болды

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 01.01.2019 дейін (бұйрықтың 4-т.).

      "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 16-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өңдеушілер үшін 2018 жылға бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін өңдеушілер арасында бөлу бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 5 шілдедегі
№ 291 бұйрығымен бекітілген

Өңдеушілер үшін 2018 жылға бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін өңдеушілер арасында бөлу

Өңдеушілердің атауы

Қатысушылардың бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

тонна

Ірі қара малдың еті, мұздатылған (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0202)

1

"Астана Агропродукт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

080640001896

4 500,0

2

"Семей ет комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

030740002165

300,0

3

"Тұлпар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі фирмасы

920940000876

500,0


Барлығы


5 300,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады