1. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты басшысының 2018 жылғы 14 наурыздағы № 3-4/14 өкіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16671 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 3 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бағалауды өткізу үшін Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының басшысымен (бұдан әрі - Аппарат басшысы) Аппараттың Әкімшілік бөлімі жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Бағалауға байланысты құжаттар Әкімшілік бөлімде бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Жеке жұмыс жоспары Әкімшілік бөлімде сақталады.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін Әкімшілік бөлім 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.";
28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін Әкімшілік бөлім 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
29. Әкімшілік бөлім Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін жеті жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларды бағалау жүргізу туралы хабарлайды.";
34, 35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Комиссияның хатшысы Әкімшілік бөлімнің қызметшісі болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
35. Әкімшілік бөлім Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.
36. Әкімшілік бөлім Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының жобасын;";
40, 41 және 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Әкімшілік бөлім Аппараттың "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.
41. Аппараттың "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, Әкімшілік бөліммен және Аппараттың басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
42. Аппараттың "Б" корпусының қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда Әкімшілік бөліммен Аппараттың "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесі мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жолданады.";
4-қосымшасы осы өкімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Әкімшілік бөлімі заңмен белгіленген тәртіппен:
1) осы өкімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы өкімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы өкімнің ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Әкімшілік бөліміне жүктелсін.
4. Осы өкім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының басшысы |
Ә. Сабыров |
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 4-қосымша |
Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары
Құзыреттер атауы | Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты | Тиімді мінез-құлық индикаторлары | Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары |
|
В-1; |
• Стратегиялық бағыттарға сәйкес нақты міндеттер қояды және тапсырмалар береді; |
• Стратегиялық бағыттарға сәйкес нақты міндеттер қоя алмайды және тапсырмалар бере алмайды; |
B-4; |
• Басымдылығына қарай тапсырмаларды маңыздылығы ретімен қояды; |
• Тапсырмаларды жүйесіз орындайды; | |
|
В-1; |
• Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді қарым-қатынасқа бағдарлайды ; |
• Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді қарым-қатынасқа бағдарламайды ; |
B-4; |
• Ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған жағдайда түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінеді; |
• Жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді және түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінбейді; | |
|
В-1; |
• Міндеттерді дұрыс бөле алады; |
• Бөлімшеде міндеттерді дұрыс бөле алмайды; |
B-4; |
• Қажетті мәліметтерді таба алады; |
• Қажетті мәліметтерді таба алмайды; | |
|
В-1; |
• Стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды ескеріп, нақты міндеттер қоя алады; |
• Стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды ескермей, анық емес міндеттер қоя алады; |
B-4; |
• Сыпайы және тілектестікпен қызмет көрсетеді; |
• Қызмет алушыға дөрекілік және немқұрайлылық білдіреді; | |
ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА АҚПАРАТТАНДЫРУ |
В-1; |
• Ұжымға қызмет алушы тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды жеткізу қажеттілігі туралы үнемі түсіндіреді; |
• Ұжымға қызмет алушы тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды жеткізу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізбейді; |
B-4; |
• Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімді тәсілдерін қолданады; |
• Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімсіз тәсілдерін қолданады; | |
|
В-1; |
• Ұжымға жаңа басымдықтарды уақытылы жеткізеді; |
• Ұжымға жаңа басымдықтарды жеткізбейді немесе мерзімнен кеш жеткізеді; |
B-4; |
• Жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; |
• Жұмыстың қолданыстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады; | |
|
В-1; |
• Үлгілі қызметкерлерді жоғарылату туралы ұсыныстарды қарастырып, енгізеді. |
• Үлгілі қызметкерлерді анықтамайды және оларды жоғарылату туралы ұсыныстарды қарастырмайды; |
B-4; |
• Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытады; |
• Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытпайды; | |
|
В-1; |
• Жұмыскерлермен әдептілік нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді; |
• Жұмыскерлермен әдептілік нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етпейді; |
B-4; |
• Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сүйенеді; |
• Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады; | |
|
В-1; | • Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. | • Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. |
B-4; | • Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. | • Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. | |
|
В-1; | • Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады. | • Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады. |
B-4; | • Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықта болады. | • Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықты басқа тұлғаға артады. | |
|
В-1; | • Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды түзеді және қарастырады. | • Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлемейді және қарастырмайды. |
B-4; | • Ұсыныстар мен бастамаларын енгізеді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды. | • Ұсыныстар мен бастамаларын енгізбейді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды. |