БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13391 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалары";
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау тәртібін айқындайды.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда төмендегі ұғымдар қолданылады:
құзыретті орган - өтініш беретін жеке тұлғаның азаматтықта болуын немесе болмауын анықтауға құқығы бар, тиісті елдің мемлекеттік органы;
өтініш иесі - Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, қалпына келтіру, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу немесе жоғалту туралы өтініш беретін жеке тұлға;
тұрақты тұру - өтініш берушінің тұрақты тіркелген жері;";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін анықтау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау тәртібі";
3, 4, 5, 6, 7, 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін анықтау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдауды өтініш иесінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына келіп түскен азаматтық мәселелер жөніндегі материалдар азаматтығын өзгерту себебіне және сауалнамалық мәліметтің толықтығына, өтініш иесінің және оның отбасы мүшелерінің тегінің, аты мен әкесінің атының (бар болған жағдайда) дұрыс жазылғандығы тексеріледі.
Ұсынылған құжаттарда толық емес немесе нақты емес мәліметтер анықталған жағдайда олар тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін өтініш иесіне дереу қайтарылады.
Өтінішхат (өтініш) өтініш иесі осы Қағидада көзделген барлық құжаттарды берген сәттен бастап орындауға қабылданды деп есептеледі, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және одан шығару бойынша сауалнама-өтінішке тиісті белгі қойылады, ол материалдарды қарауға қабылдаған қызметкердің қолымен куәландырылады.
Азаматтыққа қабылдау және азаматтықты қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және азаматтыққа тиесілігін анықтау мәселелері бойынша өтінішхаттар (өтініштер) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғалардың өтінішхаттарын (өтініштерін) есепке алу журналға тіркелуге және қаралуға жатады.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу не азаматтықтан шығу туралы өтініш берген адамдарға олардың талабы бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы анықтама беріледі. Анықтаманы Ішкі істер департаменті (бұдан әрі – ІІД) азаматтықты ресімдеу мәселесі бойынша өтініш берген адам туралы мәліметтерді "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) енгізгеннен және нәтижесін алғаннан кейін ғана ғана береді.
Анықтамалар берген кезде адамдардан жеке басын куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары талап етіледі және істегі материалдарға қосылған көшірмелермен салыстыра тексеру жүзеге асырылады.
мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу мәселесі бойынша өтінішхаттар (өтініштер) оларды тапсырған сәттен бастап 6 (алты) ай, жеңілдетілген тәртіппен – 3 (үш) ай ішінде қарастырылады.
4. Тиісті түрде ресімделген материалдарды өтініш иесінің тұрғылықты жері бойынша аудандық ішкі істер органы бағыныстылығы бойынша Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың ІІД-ге жібереді.
Астана, Алматы,Шымкент қалаларының және облыстардың ІІД азаматтық мәселелер бойынша материалдардың дұрыс ресімделуін тексереді, іс жүргізеді, өтініш беруші адам туралы мәліметтерді "Бүркіт" БАЖ енгізеді, ол бойынша дәлелді қорытынды шығарады және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы ІІМ) күнтізбелік он күн ішінде жібереді.
5. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін анықтау туралы өтініш білдірген адамға Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары соттылығының бар не жоқтығына, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметті прокуратура органдарының құқықтық статистика және арнайы есепке алу бөліністерінен Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнайы органдарының ақпараттық алмасу жүйесі (бұдан әрі – ҚАОАОЖ) арқылы сұратады, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының барлық есептері бойынша тексереді және "Бүркіт" БАЖ-ға мәліметтерді енгізеді.
6. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін анықтау туралы өтінішхаттарды (өтініштерді) қарау нәтижелері бойынша дәлелді қорытынды шығарылады, онда өтініш иесін сипаттайтын тексерілген деректер толық жазылады.
7. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін анықтау мәселелері бойынша қорытынды ерікті нысанда жасалады және ІІД бастығы немесе оның орынбасары бекітеді
8. Қазақстан Республикасы ІІМ Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, азаматтықты қалпына келтіру және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы материалдарды келіседі және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөліміне жолдайды.
Тиісті түрде ресімделмеген материалдар облыстардың, Астана және Алматы, Шымкент қалаларының ІІД-ге заңнамаға сәйкес келтіру үшін қайтарылады. Кемшіліктерді жою мерзімі күнтізбелік он күнді құрайды, кейіннен материалдар Қазақстан Республикасы ІІМ-ге қайта жолданады.
Өтініш иесінің тұрғылықты жері бойынша жоқтығына немесе басқа мемлекеттердің құзыретті органдарынан уақтылы жауаптың түспеуінен кемшіліктер жойылмаған жағдайда өтінішхатты (өтінішті) қарау тоқтатылады, ол туралы өтініш иесіне бес жұмыс күн ішінде хабарлама жіберіледі, оның көшірмесі істегі материалдарға тігіледі.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау тәртібі";
15 тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәмелетке толмағандардан, қабілетсіз не Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбек сіңірген адамдардың не "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртiбi белгiленетiн адамдар үшiн кәсiптердiң тiзбесiн және оларға қойылатын талаптарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығымен бекітілген тізбе бойынша кәсіптерге ие және талаптарға сай келетін адамдардан және олардың отбасы мүшелерінен Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған кезде осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген шарттардың болуы;";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру тәртібі";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) қабылдау тәртібі";
21-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;
24, 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын оралмандар, өздерінің ерік қалауынан тыс азаматтығынан айырылған немесе азаматтығын жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргiннiң ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының ІІД бастықтарының атына өтінішхатпен (өтінішпен) жүгінеді.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар тігіледі:
1) бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш;
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
3) өлшемі 3,5х4,5 см төртфотосурет;
4) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттемесі;
5) жеке басты куәландыратын және басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын оралмандар – оралманның куәлігі;
7) жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар – осы оқу орында оқитын фактісін растайтын жоғары оқу орнынан анықтама;
8) ұлтын растайтын анықтама;
9) мемлекеттік баж салығын төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат.
10) саяси қуғын-сүргіннің құрбандары болып табылатын адамдар – ақталғаны туралы соттың шешімі немесе саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпағы болып табылатынын растайтын құжаттар.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 617-бабына сәйкес мемлекеттік баж салығын төлеуден оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алумен байланысты барлық нотариалды әрекеттерден босатылады.
Көрсетілген мемлекеттік баж салығын төлеуден босату бір рет ұсынылады.
25. Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) өтінішхатпен жүгінген кезде ұсынылатын өтінішхатқа (өтінішке) құжаттардың көшірмелері (паспорт, туу туралы куәлік, бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініш) нотариалды куәландырылады.";
12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш білдіргенге дейінгі бес жыл ішінде Заңның 21-бабы 1), 2) және 5) тармақшаларының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса бас тартылады.";
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) Заңның 20-1-бабының негізінде Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылса.";
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу тәртібі";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы сауалнама-өтінішті беру кезінде өтініш иесіне Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтудың құқықтық және өзге де салдары түсіндіріледі, бұл туралы материалдарға қоса берілген және өтініш иесі қол қойған осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтамаға тиісті жазба жазылады.";
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-тарау Қазақстан Республикасының азаматтығынан жоғалту тәртібі";
40, 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Қазақстан Республикасының азаматының паспортымен немесе жеке куәлігімен тұрып жатқан адам Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтындығы туралы мәлімет немесе өтініш келіп түскен кезде, басқа мемлекеттің азаматттығына тиесілігін растайтын құжаттары болса Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығына ҚАОАОЖ арқылы прокуратура органдарының құқықтық статистика және арнайы есепке алу бөліністерінде тексеруді жүргізеді, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының барлық есептері бойынша және Қазақстан Республикасынан шығуды немесе кіруді растау үшін "Бүркіт" БАЖ тексереді.
Қазақстан Республикасының аумағына келген адамның Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнама бұзғаны анықталған жағдайда азаматтығын жоғалту тіркелген адам Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
41. Қазақстан Республикасының азаматтығынан жоғалтуды тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген адамға оны Қазақстан Республикасының азаматтығынан жоғалту жөнінде шешім қабылдаудың негіздері және себептері туралы хабарланғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының азаматтығынан жоғалтуды осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан жоғалтқан адамдарды есепке алу журналына тіркейді.
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан адамдар туралы он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Халықты құжаттандырудың деректер базасына мәлімет енгізеді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне хабарлайды.
Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органынан Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркелген адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік және (немесе) террористік әрекетке қатысуы туралы ақпарат түскенде ішкі істер органдары осы адамға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқандығын тіркейді.";
8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін анықтау тәртібі";
43-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Адамдар облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ІІД бастықтарының атына Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін анықтау туралы өтінішхат (өтініш) жазады және оны тұрақты тұрғылықты жері бойынша қалалық, аудандық ішкі істер органдарының көші-қон қызметі бөліністеріне, ал тіркеу болмаған жағдайда нақты тұратын орны бойынша тапсырады.";
9-тараудың тақырыбы мынадайредакциядажазылсын:
"9-тарау. Азаматтығынан айыру тәртібі";
47-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы күшіне енген сот үкімі келіп түскеннен кейін ішкі істер органдары азаматтығынан айыру туралы қорытынды (ерікті нысанда) шығарады, оны Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың ІІД бастықтары не олардың орынбасарлары бекітеді.";
1, 2, 3-қосымшаларының жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына 3-қосымша"; |
4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшаларының жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына 5-қосымша |
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына 6-қосымша |
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына 7-қосымша |
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына 8-қосымша |
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына 9-қосымша |
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына 10-қосымша"; |
11-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
12, 13-қосымшаларының жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына 12-қосымша |
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына 13-қосымша"; |
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
_________________________________________________
(аумақтық көші-қон қызметі бөлінісінің атауы)
__________________________________________________
Тіркеу нөмірі ____________________________________
(лауазымды адам толтырады)
М. О Фото суреттің орны
Сауалнама-өтініш
Мені Қазақстан Республикасының азаматтығына жалпы, жеңілдетілген тәртіппен
қабылдауды немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруді
сұраймын (керексізін сызыптастаңыз).
Осы өтінішпен жүгінуге ықпал еткен себептер.
______________________________________________________________
______________________________________________________________
енімен бірге бір уақытта менің кәмелетке толмаған балаларымды (ұлымды, қызымды,
тегі, аты, әкесініңаты (бар болған жағдайда), туған күні мен жері, азаматтығы)
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды сұраймын
Көрсетілген балалардың басқа ата-анасы туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда), азаматтығы, тұрғылықты жері)
Өтініш беруші туралы мәлімет
1. Тегі, аты, әкесініңаты (бар болған жағдайда)
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесініңаты (бар болса) өзгерген жағдайда бұрынғы тегі,
аты, әкесініңаты (бар болса), Өзгертудің себебі мен күні көрсетілсін)
2. Туған күні, айы, жылы мен жері ________________________________
3. Жынысы ___________________ (еркек, әйел)
4. Қазіргі уақыттақ ай шетмемлекеттің азаматтығы бар (бұрын болды)
_____________________________________________________________________
қайда, қашан және қандай негізде алынды және жоғалты)
5. Бұрын КСРО азаматтығында тұрдыңыз ба? ____________________________
_____________________________________________________________________
(егер иәболса, онда оны тоқтату негізі және күні, көрсетілген мәліметтерді
растайтын құжат)
6. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы бұрын өтінішпен
жүгіндіңіз бе? ______________________________________________________________
(егер иә болса, онда қашан және қай органға, қандай шешім қабылданды)
7. Бар азаматтықтан бас тарту туралы мәлімет не болмаса міндеттеме
____________________________________________________________________
(көрсетілген мәліметтерді растайтын құжат)
8. Ұлты ____________________________________________________________
9. Дінинанымы ______________________________________________________
(қалауы бойынша көрсетіледі)
10. Білімі және білімі бойынша мамандығы, кәсібі _______________________________
____________________________________________________________________
(қайоқуорнын, қайда және қашанбітірді, диплом нөмірі, берілген күні мен орны)
11. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ___________________________________
(диплом нөмірі, берілген күні, берілген жері)
12. Отбасы жағдайы _________________________________________________
(үйленген (тұрмыста), үйленбеген (тұрмыстаемес), ажырасқан, жесір)
____________________________________________________________________
(неке (ажырасу), қайтыс болғаны туралы куәлік нөмірі, берілген күні мен орны)
13. Жақын туыстары (күйеуі (әйелі), ата-анасы, балалары, ағасы-інісі,
сіңілісі-қарындасы)
Туыстық дәрежесі | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Туған жылы мен жері | Азаматтығы | Тұратын елі мен мекенжайы | Жұмыс, оқуорны |
14. Қазақстан Республикасының азаматтығы бар еңбекке жарамсыз ата-анасының
бар-жоғы _________________________________________________________________
(еңбекке жарамсыз ата-анасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),
оның еңбекке жарамсыздығын растайтын құжат)
15. Өтінішпен жүгінген күннің алдындағы соңғы бес жылдағы еңбек қызметі
(жоғары, орта, орта арнайы және кәсіптік-техникалық білім беру оқу орындарын,
әскери қызметті қосаалғанда)
Күні (айы және жылы) | Кәсіпорынды, мекемені, ұйымды, министрлікті (ведомствоны) көрсетеотырыплауазымы | Жұмыс орнының мекенжайы (елі, қала, облыс, елдімекен) | |
қабылдау | босату | ||
16. Өтінішпен жүгінген күннің алдындағы жылдың 1 қаңтары – 31 желтоқсаны аралығындағы өмір сүрудің қаражат көзі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрған кезеңдегі барлық қолда бар табыс түрлерін көрсетіңіз).
Кірістүрі | Кірістіңмөлшері (теңгеде, шетелдіквалютада) | |
1 | Негізгі жұмыс орыны бойынша кіріс | |
2 | Басқа әрекеттен кіріс | |
3 | Банктерге және басқа несие ұйымдардағы салымдардан | |
4 | Бағалы қағаздардан және коммерциялық ұйымдарға қатысудың бөлігінен | |
5 |
Зейнетақылар, стипендиялар және басқаарнайытөлемдер не кірістер (қайсыларыкөрсетілсін) |
17. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған жағдайда) __________________
18. Қазақ (орыс) тілін білесізбе? _________________________________
__________________________________________________________________
(мәліметтерді растайтын құжат, оның нөмірі, берілген күні және орыны)
19. Әскери міндетке қатысы _________________________________________
(әскери міндетті немесе әскери міндетті емес, өтініш берген сәтте шет мемлекетте
әскери қызметке немесе баламалы азаматтық қызметке шақырылмаған ба?)
20. Тұруға ықтиярхат пен расталған Қазақстан Республикасының аумағында тұру
__________________________________________________________________
(қай уақыттан бастап, оның ішінде үздіксіз)
Тұрақты тұрған кезеңде Қазақстан Республикасынан тысжерлерге шығу
Кету | Келу | |||||
Келгенелі | Сапардыңмақсаты | Күні | Шекараныкесіпөткенжері мен көліктүрі | Кеткенелі | Күні | Шекараныкесіпөткенжері мен көліктүрі |
21. Қазақстан Республикасы аумағында тұруға ерекше мәртебенің (оралман мәртебесі,
босқындеп тану) бар-жоғы________________________
____________________________________________________________________
(куәлік түрі, оның нөмірі, алған күні, оны берген органның атауы)
22. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішпен жүгінген
күннің алдындағы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге
шығарылдыңыз ба?______________________________
__________________________________________________________________
(егер иә болса, елден тыс шығарудың себебі көрсетілсін, елден тыс шығару туралы
қаулының нөмірі мен күні)
23. Шетмемлекетте әскери қызметте, қауіпсіздік органдарында немесе құқық қорғау
органдарында қызметте тұрасыз ба? (тұрдыңыз ба?)________
_____________________________________________________________________
(егер иә болса, онда қашан, қандай кезеңде, соңғы лауазымы, атағы, шені)
24. Қылмыстық жауапкер шілікке тартылдыңыз ба _______________________
_____________________________________________________________________
(егер иә болса, тиісті мемлекеттің қылмыстық заңнамасының қандай баптары бойынша,
сотталған жағдайда үкімнің көшірмесін қоса бере отырып, бұлтартпау шарасын
көрсету)
25. Қылмыс жасағаныңыз үшін шетмемлекеттің құзыретті органдары қылмыстық
тәртіпте қудалап жүрген жоқ па? ________________________ (иә, жоқ)
26. Тұрғылықты мекенжайы, телефоны ________________________________
27. Жеке басын куәландыратын құжат ________________________________
(құжат нөмірі, қашан және кім берді)
Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынамын:
___________________________________________________________________
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын және жазылған деректердің дұрыстығын
растаймын ____________________________ ____________________________
(өтініш берілген күн) (өтініш берушінің қолы)
Өтініш "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы"
Заңның ________негізінде __________________ қарауға қабылданды.
(бабы, бөлігі, тармағы)
Өтінішті толтырудың дұрыстығын және қажетті құжаттардың бар-жоғын тексердім;
өтінішке менің қатысуым мен қол қойылды, өтініш берушінің қолының
түп нұсқалығын растаймын._____________________________________
(құжатты қабылдаған аумақтық көші-қон қызметі бөлінісінің лауазымды адамының
арнайы атағы, лауазымы, тегі, аты-жөні) _____________________________
(лауазымды адамның қолы)
Бастық
_____________________________________________________________________
(аумақтық көші-қон қызметі бөлінісінің атауы)
________________________________ ____________ _______________________
(арнаулы атағы) (қолы) (тегі, аты-жөні) М.О.
Қазақстан Республикасының азаматтығынан жоғалтқан адамдарды есепке алу журналы
№ р/с | Жоғалтқанкүні | Т.А.Ә. (бар болғанжағдайда) | Жоғалту негізі |
1 | 2 | 3 | 4 |