Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2023 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 29.12.2021 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 6-бабы 12-6) тармақшасына, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы заңының 37-бабы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, сақтау және беру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 29.12.2021 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (әрі қарай – Комитет):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жаиялау және енгізу үшін жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты орындау үшiн мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiне және Комитеттiң аумақтық органдарына орындау үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. |
Е. Кененбаев |
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры міндетін атқарушының 2018 жылғы 19 шiлдедегi № 91 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, сақтау және беру жөніндегі нұсқаулық
Ескерту. Нұсқаулық жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 29.12.2021 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, сақтау және беру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 12-6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары архивтік жұмыс бөлімшелерінің (бұдан әрі – архивтік жұмыс бөлімшелері) тоқтатылған қылмыстық істерді қағаз және электрондық форматтарда қабылдауын, сақтауын және беруін регламенттейді.
3. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры – тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдауды, сақтауды және беруді жүзеге асыру бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының функцияларын іске асыру мақсатында Заңға сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық органдарының қызметкері;
2) прокуратура органдары – аудан, республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстар прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар;
3) Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – СДТБТ) – автоматтандырылған деректер базасы, онда Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (бұдан әрі – ҚПК) 180-бабының бірінші бөлігінде атап көрсетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері, олар бойынша қабылданған процестік шешімдері, жүргізілген әрекеттер, қылмыстық іс жүргізудің жылжуы, қылмыстық процестің арыз иелері мен қатысушылары туралы мәліметтер енгізіледі, сондай-ақ қылмыстық сот ісін жүргізу электрондық форматта сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында жүзеге асырылады;
4) электрондық қылмыстық іс – қылмыстық қудалау органы бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық себебі бойынша е-ҚІ модулі арқылы электрондық форматта жүргізетін бөлек іс жүргізу;
5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау
4. Архивтік жұмыс бөлімшелері тоқтатылған қылмыстық істерді прокуратура органдарынан аумақтылығы бойынша ҚПК-нің 289, 290-баптарының талаптары орындалғаннан кейін сақтауға қабылдайды.
Прокуратура органдары заттай дәлелдеменің тағдыры шешілген сәттен бастап, үш жұмыс күнінде кешіктірмей, сондай-ақ ҚПК-нің 289-бабының екінші бөлігінің және ҚПК-нің 290-бабының екінші бөлігінің талаптарын орындаудан кейін тоқтатқан қылмыстық істі аумақтылығы бойынша тиісті архивтік жұмыс бөлімшесіне береді.
5. Aрхивтік жұмыс бөлімшелері:
1) ҚПК-нің 118-бабының үшінші бөлігіне сәйкес заттай дәлелдемелер туралы (жою туралы актіні немесе өзге де актіні қоса бере отырып);
2) мүлікке тыйым салуды жою туралы;
3) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулының көшірмесін және конституциялық құқығы бұзылған адамға зиянды өтеу туралы талаптарды келтіру тәртібін және мерзімдерін түсіндіру арқылы хабарламаны жіберу туралы;
4) қылмыстық процеске қатысушыларды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату және тоқтату негіздері туралы хабардар етуі және сотқа дейінгі іс жүргізуді тоқтату туралы қаулының көшірмесін алу туралы мәліметтері жоқ;
5) таңдалған бұлтартпау шарасын және өзге де процестік мәжбүрлеу шараларын жою туралы;
6) қорғалатын адамға қатысты қауіпсіздік шараларын жою, сақтау немесе өзгерту туралы мәселелері шешілмеген қылмыстық істерді қабылдамайды.
Жоғарыда көрсетілген мәліметтер қабылданған процестік шешімнің заңдылығын зерделеуінсіз тоқтатылған қылмыстық істің материалдарымен салыстырып тексеріледі.
6. Архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры:
сақтауға келіп түскен тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдауды;
мыналарды:
1) қағаз форматындағы тоқтатылған қылмыстық іс;
2) қағаздағы материалдар (электрондық қылмыстық іске енгізілмеген, ҚПК-нің 120-бабымен көзделген электрондық қылмыстық істер құжаттарының, ҚПК-нің 119-бабымен көзделген процестік әрекеттердiң хаттамаларының түпнұсқалары) келіп түскен кезде осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Тоқтатылған қылмыстық іске карточка" 2-А нысанды электрондық ақпараттық есепке алу құжатын (бұдан әрі – 2-А нысанды ЭАЕҚ) қоюды;
"Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) (бұдан әрі – ЭАЕҚ) СДТБТ-ға енгізілген нысандар мәліметтерінің қылмыстық іс бойынша қабылданған процестік шешімдерінің сәйкестігіне салыстырып тексеруді;
мемлекеттік құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар қылмыстық істерден басқа, тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарын сканерлеуді жүзеге асырады. Бұл ретте, тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарын сканерлеу сөгусіз жасалады.
Нұсқаулық талаптарының бұзушылығы анықталған сәттен бастап, оның ішінде орнатылған ЭАЕҚ тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарына сәйкес келмесе, архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры тоқтатылған қылмыстық істі прокуратура органдарына үш жұмыс күнінде ішінде бұзушылықты жою үшін кері қайтаруды жүзеге асырады.
Бұзушылықтарды жойғаннан кейін тоқтатылған қылмыстық істерді архивтік жұмыс бөлімшесіне кері қайтаруды, ол келіп түскен сәттен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде прокуратура органдары жүзеге асырады.
7. Комитеттің аумақтық органдарының, прокуратура органдары мен қылмыстық қудалау органдарының арасында ай сайын ЭАЕҚ-ның анықтығының белгісіне, қылмыстық қудалау органдарының прокуратура органдарына, прокуратура органдарының архивтік жұмыс бөлімшелеріне тоқтатылған қылмыстық істерді уақтылы жіберуіне салыстырып тексеру жүргізіледі.
1-параграф. Тоқтатылған қылмыстық істерді қағаз форматында қабылдау
8. Қағаз форматындағы тоқтатылған қылмыстық істің сыртқы тысында жоғары тұрған органның ресми атауы және қылмыстық қудалау органы мен мекемесінің ресми атауы, материалдың тіркеу нөмірі, қысқаша фабуласы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы (бұдан әрі – ҚР ҚК) және сақтау мерзімі көрсетіледі.
Тоқтатылған электрондық қылмыстық істердің қағаз материалдарының сыртқы тысында "№ _____ электрондық қылмыстық іс бойынша материалдар" деп көрсетіледі. Бұл ретте, ішкі тізімдемеде электрондық қылмыстық істегі электрондық құжаттарды басып шығармастан, қолда бар қағаз материалдар көрсетіледі.
Бірнеше томнан (қосымшалардан) тұратын тоқтатылған қылмыстық істердің сыртқы тыстарын ресімдеу кезекті томның (қосымшаның) нөмірлерін қоя отырып ұқсас түрде жүргізіледі.
Сыртқы тыстағы жазбалар жарыққа төзімді сиямен жазылады.
9. Архивтік жұмыс бөлімшелеріне тапсыруға жататын әрбір тоқтатылған қылмыстық іс бес реттен көп емес тесу арқылы мықты жіппен қатты тысқа тігіледі. Істе металл заттарды қалдыруға жол берілмейді.
10. Тоқтатылған қылмыстық істің әрбір томы 180 парақтан артық болмауы керек. Тоқтатылған қылмыстық істегі барлық парақтар графиттік қарындашпен нөмірленеді (әрбір том жеке), барлық құжаттар ішкі тізімдемеге енгізіледі. Тізімдеменің соңында қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді аяқтаған адам лауазымын және тегін көрсете отырып, қорытынды жазба жасайды.
11. Шимай жазбаларды, жеке құжаттарды, қайтарылуға жататын және тоқтатылған қылмыстық іске қатысы жоқ құжаттарды тігуге жол берілмейді.
Тігуге жарамайтын құжаттар ішкі тізімдемеге енгізіледі және тоқтатылған қылмыстық іске тігілетін (жапсырылатын) конвертке салынады.
12. Әрбір томның (қосымшаның) соңында арнайы тігілген парақта қорытынды бекіту жазбасы жасалады, онда нөмірленген парақтардың саны жазбаша түрде көрсетіледі. Қажет болған жағдайда нөмірлеуде кеткен ауытқулар және істен алып тасталған парақтар саны көрсетіледі. Бекіту жазбасын лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) көрсете отырып, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді аяқтаған адам жүргізеді, оның жеке қолымен және "Пакеттер үшін" мөрімен бекітіледі.
13. Тоқтатылған қылмыстық істерге екі данада ілеспе хат қоса беріледі. Ілеспе хатта тоқтатылған қылмыстық істердің тіркеу нөмірлері, әрбір томдағы парақтар саны, хаттың соңында орган басшысының қойылған қолы көрсетіледі.
Тоқтатылған қылмыстық істі қолма-қол берген кезде архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры ілеспе хаттың екінші данасына қол қояды.
Тоқтатылған қылмыстық іс келіп түскен сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры СДТБТ-да 2-А нысанды ЭАЕҚ-ны қояды.
2-параграф. Тоқтатылған электрондық қылмыстық істерді қабылдау
14. Қылмыстық процесті жүргізуші орган іс жүргізуді тоқтату туралы шешім қабылданғаннан кейін, электрондық қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы прокуратура органдарына бекітуге жіберіледі.
ҚПК-нің 290-бабының бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген шешім қабылданған жағдайда, электрондық іс СДТБТ-ның Қадағалау журналының "архив" салымына келіп түседі, бұл ретте архивтік жұмыс бөлімшесі прокурорының тоқтатқан қылмыстық істің барлық салымына рұқсаты бар.
15. Қағаздағы материалдар (электрондық қылмыстық іске енгізілмеген, ҚПК-нің 120-бабымен көзделген электрондық қылмыстық істері құжаттарының түпнұсқалары, ҚПК-нің 119-бабымен көзделген процестік әрекеттердiң хаттамалары), сондай-ақ архивтік жұмыс бөлімшесіне тапсырылуға жатады.
3-тарау. Тоқтатылған қылмыстық істерді беру, олардың материалдарымен таныстыру
16. Тоқтатылған қылмыстық істерді архивтік жұмыс бөлімшелері прокуратура органдарының не жоғары тұрған прокуратураның сұрау салулары бойынша береді.
Соттың және қылмыстық қудалау органының сұрау салулары бойынша тоқтатылған қылмыстық істерді беруді архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры прокуратура органдарына хабарлай отырып, жүзеге асырады.
17. Бір ведомствоның тоқтатылған қылмыстық істері басқа ведомствоның қылмыстық қудалау органына прокуратура органдары арқылы қылмыстық қудалау органының сұрау салуы бойынша беріледі.
Тоқтатылған қылмыстық істерді сұрату туралы сұрау салу келіп түскен кезде архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры тоқтатылған қылмыстық істі судьяға бір жұмыс күнінде, прокуратура органдары мен қылмыстық қудалау органдарына мынадай:
шағымдарды ҚПК-нің 105, 105 тәртібімен, сондай-ақ жекелеген сұрау салулар бойынша (Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмалары) қараған кезде – бір жұмыс күніне дейінгі;
1-ден 10-ға дейін тоқтатылған істерді сұратқанда – сұрау салу келіп түскен күннен бастап бастап үш жұмыс күніне дейінгі;
11-ден 50-ге дейін істерге - сұрау салу келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күніне дейінгі;
50 және одан көп істерге – сұрау салу келіп түскен күннен бастап он жұмыс күніне дейінгі мерзімдерде береді.
18. Қылмыстық процестің қатысушылары болып табылатын адвокаттарға, жеке және заңды тұлғаларға тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарын таныстыру, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулылардың көшірмелерін, сондай-ақ қылмыстық істің басқа да материалдарын беру прокуратура органадары арқылы жүргізіледі.
Қылмыстық процестің қатысушылары болып табылатын адвокаттардан, жеке және заңды тұлғалардан тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарымен таныстыру мәселесі бойынша, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулылардың, сондай-ақ тоқтатылған қылмыстық істің басқа да материалдары көшірмелерін беру туралы жолднаым келіп түскен кезде, осы жолданым көшірмесін архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры үш жұмыс күні ішінде прокуратура органдарына танысу, беру мүмкіндігі туралы хатпен қайта жібереді. Прокуратура органдары үш жұмыс күні ішінде жауапты жазбаша түрде архивтік жұмыс бөлімшесіне жібереді, оның негізінде архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры арыз иесіне жауап береді.
19. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулы шығарылған қылмыстық іс отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.
Тоқтатылған қылмыстық істі зерделеу үшін қосымша уақыт қажет болған кезде, берілген тоқтатылған қылмыстық іс бар органның басшысы тиісті архивтік жұмыс бөлімшесіне оның мерзімі ұзартылғаны туралы жазбаша хабардар етеді, бірақ мерзімі отыз жұмыс күнінен аспайды.
Прокуратура органдары архивтен сұратылған қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күші жойылған жағдайда, жиырма төрт сағаттан кешіктірмей, тиісті қаулының көшірмесі қабылданған шешім туралы бір мезгілде ЭАЕҚ-ны СДТБТ-да орналастыра отырып, архивтік жұмыс бөлімшесіне жібереді.
Архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры қылмыстық істі тоқтатудың күшін жою туралы қаулы шығарылған қылмыстық істерді дереу архивтік есептен шығарады.
Тоқтатылған қылмыстық істерді беру, қайтару, архивтік есептен шығару кезінде архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры 2-А нысанды ЭАЕҚ-ның тиісті деректемелерін толтырады.
1-параграф. Тоқтатылған қылмыстық істерді қағаз форматында беру
20. Сұрау салулар бойынша тоқтатылған қылмыстық істі қағаз форматында беру осы Нұсқаулықтың 16, 17-тармақтарына сәйкес және Журналға белгілей отырып, арнайы пошталық байланыс арқылы не істі сұратқан қылмыстық қудалау органының қызметкеріне қызметтік куәлігін, соттың қызметкеріне тиісті сенімхатты ұсынғаннан кейін қолма-қол беріледі.
Беру кезінде архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры парақтардың көшірмелері және тоқтатылған қылмыстық іс құжаттарының жай-күйін тексереді.
21. Тоқтатылған қылмыстық істі сұратқан органнан тоқтатылған қылмыстық істі қабылдау кезінде архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры сондай-ақ парақтар нөмірлерін және істің құжаттарының жай-күйін тексереді.
Бүлінгені, онда жеке парақтарының болмауы, ішкі тізімдемеде құжаттардың нөмірленген парақпен сәйкес келмеуі анықталған кезде осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша Тоқтатылған қылмыстық істің парақтарының болуын және оның жай-күйін тексеру актісі толтырылады, ол тоқтатылған қылмыстық істің материалдарын екі жұмыс күні ішінде қалпына келтіру үшін тоқтатылған қылмыстық істі сұратқан органның басшысына жіберіледі.
22. Архивтік істерді пайдаланған кезде қандай да бір белгі жасауға, сызуға, құжатқа түзетулер жасауға, істің парақтарын бүгуге, істі сөгуге және одан жекелеген бір құжаттарды алуға тыйым салынады.
Архивтік жұмыс бөлімшелерінің прокурорына, егер өзгесі заңнамамен көзделмесе, сақтауға өткізілген тоқтатылған қылмыстық істерден құжаттарды алуға жол берілмейді.
2-параграф. Тоқтатылған электрондық қылмыстық істерді беру
23. Тоқтату туралы шешім қабылдаған қылмыстық қудалау органына тоқтатылған электрондық қылмыстық іске рұқсатты архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры СДТБТ арқылы қашықтықтағы форматта прокуратура органдарын хабардар ете отырып береді.
24. Тоқтатылған электрондық қылмыстық істі соттарға электрондық форматта беру Таныстыру актісін толтыра отырып, электрондық тасымалдаушыларда көшірме жасау арқылы жүзеге асырылады.
4-тарау. Тоқтатылған қылмыстық істерді сақтау мерзімдері
25. Қылмыстық теріс қылықтар бойынша тоқтатылған қылмыстық істер сақтауға келіп түскеннен кейін архивтік жұмыс бөлімшелерінде бір жыл сақталады.
26. Қылмыстар бойынша тоқтатылған қылмыстық істер ҚК-нің 71-бабына сәйкес мынадай:
1) онша ауыр емес қылмыстар бойынша - сақтауға келіп түскеннен кейін екі жыл;
2) ауырлығы орташа қылмыстар бойынша - сақтауға келіп түскеннен кейін бес жыл;
3) ауыр қылмыста, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша - сақтауға келіп түскеннен кейін он жыл;
4) аса ауыр қылмыстар бойынша - сақтауға келіп түскеннен кейін он бес жыл мерзімдерінде сақталады.
27. Тұрақты сақтау мерзіміне ҚК-нің 71-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес ескіру мерзімі қолданылмайтын қылмыстар туралы қылмыстық істер тұрақты сақталу мерзіміне жатады.
28. Сақтау мерзімдері өткен тоқтатылған қылмыстық істерді жою комиссиялық түрде фото-бейнетіркеу құралдарын қолдана отырып, арнайы бейімделген үй-жайларда өртеу арқылы жүргізіледі.
Комитеттің аумақтық органында басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығы бойынша комиссия құрылады, оның құрамына мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлері кіреді.
Комиссияның Төрағасы болып Комитеттің аумақтық органының басшысы немесе оның орынбасары тағайындалады, ол оның шақырылуын және жұмысын ұйымдастырады.
Комиссияны шақыру және оның жұмысы Комитеттің аумақтық органының басшысы не оны алмастыратын адамның бекіткен кестесіне сәйкес жылына кемінде екі рет жүзеге асырылады.
Комиссия мүшелерінің бірі келмеген жағдайда, комиссия төрағасы сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді жою үшін, бірақ бастапқы тағайындалған мерзімнен үш жұмыс күнінен кешіктірмей басқа күнді белгілейді. Осы мерзімде комиссия мүшесінің келу мүмкіндігі болмаған кезде, сол ведомствоның уәкілетті қызметкері қатысады.
Комиссия сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді жоюды Комитеттің аумақтық органының басшысы немесе оны алмастыратын адам осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, Сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді жою үшін бөлу туралы актіні (бұдан әрі – Жою үшін бөлу туралы акт) бекіткен күннен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Жою үшін бөлу туралы акт, оның тізімін анықтаған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бір данада жасалады және Комитеттің аумақтық органының номенклатуралық ісіне қоса тігіледі.
Сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді жойғанға дейін, комиссия деректерді цифрлау бойынша жүргізілген іс-шаралармен, тиісті қойылатын қолдардың болуына, жоюға негіз болған құжаттармен салыстырып тексеру жүргізеді.
29. Жойылған қағаз форматындағы тоқтатылған істің электрондық көшірмесін сақтауды архивтік жұмыс бөлімшесі жүзеге асырады.
Тоқтатылған қылмыстық істерді жою туралы мәліметтерді архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры 2-А нысанды ЭАЕҚ-на енгізеді.
30. Мемлекеттік құпиялары және өзге де заңмен қорғалатын құпиясы бар, сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен регламенттеледі.
нысан
"Тоқтатылған қылмыстық іске карточка" 2-А нысанды электрондық ақпараттық есепке алу құжаты
1. Тоқтатылған қылмыстық істің нөмірі ______________________________________________________________
2. Тоқтатылған қылмыстық істің келіп түскен күні 20__ жылғы "__" ______
3. Тоқтатудың негізі (1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi (бұдан әрі – ҚПК) _________________________________________________________________________________
3.1 Тоқтатудың негізі ҚПК _________________________________________________________________________
Тоқтату күні 20__ жылғы "__" ______
4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің архивтік жұмыс бөлімшесі және оның аумақтық органдары (бұдан әрі – архивтік жұмыс бөлімшесі) ___________ (анықтамалық бойынша код)
5. Қор № __
6. Тізімдеме № ___
7. Архив № ___ Архивтік нөмір берілген күні 20__ жылғы "__" ______
8. Томдардың саны _______
9. Тоқтатылған қылмыстық іс туралы мәліметтер: берілді (01), қайтарылды (02), жойылды (03), қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жоюға байланысты архивтік есептен шығарды (04).
9.1 Сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді жою үшін бөлу туралы актінің шығыс/кіріс нөмірі _________________________________________________________________________________________________
9.2 Кімге берілді __________________________________________________________________________________ (тоқтатылған қылмыстық істі қолма қол қабылдаған прокурордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))
9.3 Берілген күні 20__ жылғы "__" _________
10. Қылмыстық іс бойынша өткізілетін адамдар
Тегі | Аты |
Әкесінің аты | Туған күні |
11. Ескертпе
12. Салымдар
Архивтік жұмыс бөлімшесі прокурорының тегі, аты-жөні _________________________________________ __________________________________________________________________________________________
нысан
Тоқтатылған қылмыстық істің парақтарының болуын және оның жай-күйін тексеру актісі
Жоғары тұрған органның ресми атауы _____________________________________ _________________________________________________________________________________
Ұйымның ресми атауы _____________________________________________ _________________________________________________________________________________
БЕКІТЕМІН _________________________ _________________________ _________________________ Комитеттің аумақтық органы басшысының аты, тегі, әкесінің аты (ол болған кезде) ________________________ (жеке қолы) 20__ жылғы "__ " _________ |
№ ____АКТ Толтыру орны № ___ архивтік іс парақтардың болуын және оның жай-күйін тексеру __________________________
Осы акт мынадай комиссия құрамында ________________________________________
_________________________________________________________________________________
(комиссия төрағасы мен мүшелерінің аты, тегі, әкесінің аты (ол болған кезде))
_________________________________________________________________________________
байланысты _____________________________________________________________________
(негізі)
_____жасалды.
Тексерумен анықталғаны:
1. Істің ішкі тізімдемесі бойынша барлығы _____________________________________
__________________________________________________________________________
(сандармен және жазбаша)
_____________________________________________________________________________
(сандармен және жазбаша)
_______________________________________________________________________ парақ бар.
(уәкілетті органның ресми атауы)
2. Барлығы ________________________________________________
_________________________________________________________________________________
(сандармен және жазбаша)
____ істің парақтары болмады.
Уәкілетті органның ресми атауы __________________________________
_________________________________________________________________________________
3. Істің тізімдемесіне енгізілмеген _____________________________________________
__________________________________________________________________ парақ бар.
(сандармен және жазбаша)
4. Архивтік іс бойынша барлығы _________________________________
(сандармен және жазбаша)
оның ішінде: 1) ___________________________________________________ іс жаңғыртуды талап етеді;
(сандармен және жазбаша)
2) ____________________________________________ іс тыстауды және тігуді талап етеді;
(сандармен және жазбаша)
3) _______________________________________________________________________________
(сандармен және жазбаша)
________________________ істердің өшіріле бастаған мәтінін қайта қалпына келтіруді талап етеді;
4) ______________________________________________ түзетілуге келмейтін зақымданған іс;
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(құжаттардың жай-күйінің және оларды сақтау шарттарының жалпы сипаттамсы)
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(құжаттардың жай-күйінің және оларды сақтаудың шарттарының негізгі теріс көріністері)
Тексеруді жүргізді: Комиссияның төрағасы ______________ ____________________________________
(жеке қолы) қолды таратып жазу
Комиссияның мүшелері ______________ _______________________________
(жеке қолы) қолды таратып жазу ______________ _________________________
(жеке қолы) қолды таратып жазу
Күні 20__ жылғы "___"_______
нысан
Сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді жоюға бөлу туралы акті
Жоғары тұрған органның атауы _____________________________________
_________________________________________________________________________________
Ұйымның ресми атауы _____________________________________________
_________________________________________________________________________________
БЕКІТЕМІН _______________________________ ________________________________ __________________________________ Комитеттің аумақтық органы басшысының аты, тегі, әкесінің аты (ол болған кезде) ________________________________ (жеке қолы) 20__ жылғы "__ " _________ |
№ _______АКТТолтыру орны
Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы
______________________________________________________________________________________
(құжаттардың тізбесінің атауы, шығару орны және жылы, оларды сақтау мерзімін көрсете отырып)
негізінде______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
(архивтік қордың атауы және нөмірі) ____________ тоқтатылған қылмыстық істер жоюға таңдалып алынды:
№№ р/с | Қордың № тізімдеменің № | Архивтік істің № | Қылмыстық істің № | Қылмыс фабуласы | Парақтардың саны | Соңғы жылдар | Сақтау мерзімі - тізбенің бабы | Қазақстан Республикасының Қылмыстық- кодексi бойынша бабы | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
_____________________________________ жылғы ___________________________________
(сандармен және жазбаша)
_____________________ тоқтатылған қылмыстық істердің және құжаттардың барлығы.
Құжаттарды өңдеген адамның лауазымы,тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
(жеке қолы)
Комиссия төрағасы ______________ ________________________________________
(жеке қолы) қолды таратып жазу
Комиссия мүшелері ______________ ______________________________
(жеке қолы) қолды таратып жазу
______________ _______________________________
(жеке қолы) қолды таратып жазу
Күні 20__ жылғы "___"_______
А4 форматы (210Х297)
Ескертпе: сақтауға жатпайтын электрондық жеткізгіштегі құжаттарды жоюға бөлу туралы актісі осы қосымшада көрсетілген нысан бойынша толтырылады.