"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 22) тармақшасына, "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12-6) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы Ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.07.2024 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, беру, таныстыру, сақтау және жою жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектiлерiне, сондай-ақ Комитеттiң аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы мониторингі
агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет)
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 8 бұйрыққа 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, беру, таныстыру, сақтау және жою жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, беру, таныстыру, сақтау және жою жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 12-6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық және оған теңестірілген органдарының архивтік жұмыс бөлімшелерінің (бұдан әрі – архивтік жұмыс бөлімшелері) тоқтатылған қылмыстық істерді қағаз және электрондық форматтарда қабылдауын, беруін, таныстыруын, сақтауын және жоюын регламенттейді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.07.2024 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры – тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, беру, таныстыру, сақтау және жою бойынша Заңға сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық және оған теңестірілген органдарының (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық органдары) қызметкері;
2) прокуратура органдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, әскери және көлік прокуратура органдары, облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың прокуратуралары) прокуратуралар, аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған прокуратуралар) прокуратуралар;
3) Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – СДТБТ) – автоматтандырылған деректер базасы, онда Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 180-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері, олар бойынша қабылданған процестік шешімдер, жүргізілген әрекеттер, қылмыстық іс жүргізудің қозғалысы, арыз иелері мен қылмыстық процестің қатысушылары туралы мәліметтер енгізіледі, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында электрондық форматта қылмыстық іс жүргізу жүргізіледі;
4) электрондық қылмыстық іс – қылмыстық қудалау органы бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық себебі бойынша е-ҚІ модулі арқылы электрондық форматта жүргізетін бөлек іс жүргізу;
5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 04.07.2024 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау
4. Архивтік жұмыс бөлімшелері тоқтатылған қылмыстық істерді прокуратура органдарынан аумақтылығы бойынша ҚР ҚПК-нің 289, 290-баптарының талаптары орындалғаннан кейін сақтауға қабылдайды.
Прокуратура органдары заттай дәлелдеменің тағдыры шешілген сәттен бастап, үш жұмыс күнінен кешіктірмей, сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 289-бабының екінші бөлігінің және ҚР ҚПК-нің 290-бабының екінші бөлігінің талаптарын орындағаннан кейін тоқтатылған қылмыстық істі аумақтылығы бойынша тиісті архивтік жұмыс бөлімшесіне береді.
5. Aрхивтік жұмыс бөлімшелері:
1) ҚР ҚПК-нің 118-бабының үшінші бөлігіне сәйкес заттай дәлелдемелер туралы (жою туралы актіні немесе өзге де актіні қоса бере отырып);
2) мүлікке тыйым салуды жою туралы;
3) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулының көшірмесін және конституциялық құқығы бұзылған адамға зиянды өтеу туралы талаптар қою тәртібі және мерзімдері түсіндірілген хабарламаны жіберу туралы;
4) қылмыстық процеске қатысушыларды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату және тоқтату негіздері туралы хабардар етуі және сотқа дейінгі іс жүргізуді тоқтату туралы қаулының көшірмесін алу туралы мәліметтері жоқ;
5) таңдалған бұлтартпау шарасын және өзге де процестік мәжбүрлеу шараларын жою туралы;
6) қорғалатын адамға қатысты қауіпсіздік шараларын жою, сақтау немесе өзгерту туралы мәселелері шешілмеген қылмыстық істерді қабылдамайды.
Жоғарыда көрсетілген мәліметтер қабылданған процестік шешімнің заңдылығын зерделеусіз, тоқтатылған қылмыстық істің материалдарымен салыстырып тексеріледі.
6. Архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры:
сақтауға келіп түскен тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдауды;
мыналарды:
1) қағаз форматындағы тоқтатылған қылмыстық іс;
2) қағаздағы материалдар (электрондық қылмыстық іске енгізілмеген, ҚР ҚПК-нің 120-бабымен көзделген электрондық қылмыстық істер құжаттарының, ҚР ҚПК-нің 119-бабымен көзделген процестік әрекеттердiң хаттамаларының түпнұсқалары) келіп түскен кезде осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Тоқтатылған қылмыстық іске карточка" 2-А нысанды электрондық ақпараттық есепке алу құжатын (бұдан әрі – 2-А нысанды ЭАЕҚ) қоюды;
"Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) (бұдан әрі – ЭАЕҚ) СДТБТ-ға енгізілген нысандар мәліметтерінің қылмыстық іс бойынша қабылданған процестік шешімдерінің сәйкестігіне салыстырып тексеруді;
мемлекеттік құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар қылмыстық істерді қоспағанда, тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарын сканерлеуді жүзеге асырады. Бұл ретте, тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарын сканерлеу сөгусіз жасалады.
Нұсқаулықтың 5-тармағының талаптарының бұзушылығы анықталған сәттен бастап, оның ішінде орнатылған ЭАЕҚ тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарына сәйкес келмесе, архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры тоқтатылған қылмыстық істі прокуратура органдарына үш жұмыс күні ішінде бұзушылықты жою үшін кері қайтаруды жүзеге асырады.
Бұзушылықтарды жойғаннан кейін тоқтатылған қылмыстық істерді архивтік жұмыс бөлімшесіне кері қайтаруды прокуратура органдары ол келіп түскен сәттен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.
7. Комитеттің аумақтық органдарының, прокуратура органдары мен қылмыстық қудалау органдарының арасында ай сайын ЭАЕҚ-ның анықтығының белгісіне, қылмыстық қудалау органдарының прокуратура органдарына, прокуратура органдарының архивтік жұмыс бөлімшелеріне тоқтатылған қылмыстық істерді уақтылы жіберуіне салыстырып тексеру жүргізіледі.
1-параграф. Тоқтатылған қылмыстық істерді қағаз форматында қабылдау
8. Қағаз форматындағы тоқтатылған қылмыстық істің сыртқы тысында жоғары тұрған органның ресми атауы және қылмыстық қудалау органы мен мекемесінің ресми атауы, материалдың тіркеу нөмірі, қысқаша фабуласы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы (бұдан әрі – ҚР ҚК) және сақтау мерзімі көрсетіледі.
Тоқтатылған электрондық қылмыстық істердің қағаз материалдарының сыртқы тысында "№ _____ электрондық қылмыстық іс бойынша материалдар" деп көрсетіледі. Бұл ретте, ішкі тізімдемеде электрондық қылмыстық істегі электрондық құжаттарды басып шығармастан, қолда бар қағаз материалдар көрсетіледі.
Бірнеше томнан (қосымшалардан) тұратын тоқтатылған қылмыстық істердің сыртқы тыстарын ресімдеу кезекті томның (қосымшаның) нөмірлерін қоя отырып ұқсас түрде жүргізіледі.
Сыртқы тыстағы жазбалар жарыққа төзімді сиямен жазылады.
9. Архивтік жұмыс бөлімшелеріне тапсыруға жататын әрбір тоқтатылған қылмыстық іс бес реттен көп емес тесу арқылы мықты жіппен қатты тысқа тігіледі. Істе металл заттарды қалдыруға жол берілмейді.
10. Тоқтатылған қылмыстық істің әрбір томы 180 парақтан артық болмауы керек. Тоқтатылған қылмыстық істегі барлық парақтар графиттік қарындашпен нөмірленеді (әрбір том жеке), барлық құжаттар ішкі тізімдемеге енгізіледі. Тізімдеменің соңында қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді аяқтаған адам лауазымын және тегін көрсете отырып, қорытынды жазба жасайды.
11. Шимай жазбаларды, жеке құжаттарды, қайтарылуға жататын және тоқтатылған қылмыстық іске қатысы жоқ құжаттарды тігуге жол берілмейді.
Тігуге жарамайтын құжаттар ішкі тізімдемеге енгізіледі және тоқтатылған қылмыстық іске тігілетін (жапсырылатын) конвертке салынады.
12. Әрбір томның (қосымшаның) соңында арнайы тігілген парақта қорытынды бекіту жазбасы жасалады, онда нөмірленген парақтардың саны жазбаша түрде көрсетіледі. Бекіту жазбасын лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) көрсете отырып, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді аяқтаған адам жүргізеді, оның жеке қолымен және "Пакеттер үшін" мөрімен бекітіледі.
13. Тоқтатылған қылмыстық істерге екі данада ілеспе хат қоса беріледі. Ілеспе хатта тоқтатылған қылмыстық істердің тіркеу нөмірлері, әрбір томдағы парақтар саны, хаттың соңында орган басшысының қойылған қолы көрсетіледі.
Тоқтатылған қылмыстық істі қолма-қол берген кезде архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры ілеспе хаттың екінші данасына қол қояды.
Тоқтатылған қылмыстық іс келіп түскен сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры СДТБТ-да 2-А нысанды ЭАЕҚ-ны қояды.
2-параграф. Тоқтатылған электрондық қылмыстық істерді қабылдау
14. Қылмыстық процесті жүргізетін қылмыстық қудалау органы іс жүргізуді тоқтату туралы шешім қабылданғаннан кейін электрондық қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы прокуратура органдарына бекітуге жіберіледі.
ҚР ҚПК-нің 290-бабының бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген шешім қабылданған жағдайда, электрондық іс СДТБТ-ның Қадағалау журналының "архив" салымына келіп түседі, бұл ретте архивтік жұмыс бөлімшесі прокурорының тоқтатылған қылмыстық істің барлық салымына рұқсаты бар.
15. Тоқтатылған электрондық қылмыстық істер бойынша архивтік жұмыс бөлімшелеріне тек бастапқы кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу барысында, қылмыстық құқық бұзушылықты СДТБТ-ға тіркеу кезінде қағаз жеткізгіште құрастырылған ҚР ҚПК-нің 119, 120-баптарында көзделген процестік құжаттардың (оқиға орнын қарап шығу хаттамасы, сұрау салулар, сауалнамалар) түпнұсқалары ғана жіберіледі.
Архивтік жұмыс бөлімшелеріне жіберу үшін электрондық қылмыстық істерді басып шығаруға жол берілмейді.
Қылмыстық қудалау органдары осы тармақпен көзделген барлық көрсетілген талаптарды сақтаған кезде, архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры электрондық тоқтатылған қылмыстық істерге материалдар қағаз жеткізгіштерде келіп түскен сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде СДТБТ-да 2-А нысанды ЭАЕҚ-ны қояды.
3-тарау. Тоқтатылған қылмыстық істерді беру
16. Тоқтатылған қылмыстық істерді архивтік жұмыс бөлімшелері прокуратура органдарының не жоғары тұрған прокуратураның сұрау салулары бойынша береді.
17. Соттың және қылмыстық қудалау органының сұрау салулары бойынша тоқтатылған қылмыстық істерді беруді архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры прокуратура органдарына хабарлай отырып жүзеге асырады.
18. Бір ведомствоның тоқтатылған қылмыстық істері басқа ведомствоның қылмыстық қудалау органына прокуратура органдары арқылы қылмыстық қудалау органының сұрау салуы бойынша беріледі.
Тоқтатылған қылмыстық істі сұрату туралы сұрау салу келіп түскен кезде архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры тоқтатылған қылмыстық істі судьяға бір жұмыс күнінде, прокуратура органдары мен қылмыстық қудалау органдарына мынадай:
шағымдарды ҚР ҚПК-нің 105, 105 тәртібінде, сондай-ақ жекелеген сұрау салулар бойынша (Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмалары) қараған кезде – бір жұмыс күнінде;
1-ден 10-ға дейін тоқтатылған істерді сұратқанда – сұрау салу келіп түскен күннен бастап бастап үш жұмыс күніне дейінгі;
11-ден 50-ге дейін істерге - сұрау салу келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күніне дейінгі;
50 және одан көп істерге – сұрау салу келіп түскен күннен бастап он жұмыс күніне дейінгі мерзімдерде береді.
18-1. Тоқтатылған қылмыстық іс отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге беріледі.
Тоқтатылған қылмыстық істі зерделеу үшін қосымша уақыт қажет болған кезде, берілген тоқтатылған қылмыстық іс жатқан органның басшысы тиісті архивтік жұмыс бөлімшесіне оның мерзімін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзарту туралы жазбаша хабардар етеді.
Прокуратура органдары архивтен талап етілген қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күші жойылған жағдайда қаулының көшірмесін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей архивтік жұмыс бөліміне жібереді.
Қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмесі келіп түскеннен кейін архив жұмысы бөлімінің прокуроры қылмыстық істі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей архивтік есепке алудан алып тастайды.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және (немесе) мереке күндері қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмесі келіп түскен жағдайда, архив жұмысы бөлімінің прокуроры келесі жұмыс күні қылмыстық істі архивтік есептен шығарады.
Тоқтатылған қылмыстық істерді беру, қайтару, архивтік есепке алудан шығару кезінде архивтік жұмыс бөлімінің прокуроры жиырма төрт сағат ішінде 2-А нысанды жаңа ЭАЕҚ-қа енгізеді.
Ескерту. 18-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Бас Прокурорының 04.07.2024 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1-параграф. Тоқтатылған қылмыстық істерді қағаз форматында беру
19. Сұрау салулар бойынша тоқтатылған қылмыстық істі қағаз форматында беру осы Нұсқаулықтың 16, 17-тармақтарына сәйкес және Журналға белгілей отырып, арнайы пошталық байланыс арқылы не істі сұратқан қылмыстық қудалау органының қызметкеріне қызметтік куәлігін, соттың қызметкеріне тиісті сенімхатты ұсынғаннан кейін қолма-қол беріледі.
20. Беру кезінде архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры парақтардың нөмірлерін және тоқтатылған қылмыстық іс құжаттарының жай-күйін тексереді.
21. Тоқтатылған қылмыстық істі қабылдау кезінде де архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры парақтардың нөмірлерін және іс құжаттарының жай-күйін тексереді.
Бүлінгені, ішкі тізімдемеде құжаттардың нөмірленген парақтарымен сәйкес келмеуі, онда жеке парақтарының болмауы анықталған кезде архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тоқтатылған қылмыстық істің парақтарының болуын және оның жай-күйін тексеру актісін (бұдан әрі – Акт) екі данада толтырады, оған Комитеттің аумақтық органының басшысы бекіткеннен кейін, бес жұмыс күні ішінде қалпына келтіру үшін тоқтатылған қылмыстық істі сұратқан қылмыстық қудалау органдарының басшысына жібереді.
Актінің бір данасы тоқтатылған қылмыстық істі талап еткен органның басшысына ескертулерді жою үшін бес жұмыс күні ішінде жіберіледі, бұл туралы прокуратураға аумақтық бойынша бір мезгілде хабарланады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.07.2024 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Архивтік істерді пайдалану кезінде құжаттарға қандай да бір белгі қоюға, астын сызуға, түзетулер енгізуге, іс парақтарын бүгуге, істерді сөгуге және олардан жекелеген құжаттарды алып қоюға жол берілмейді.
Архивтік жұмыс бөлімшесінің прокурорына сақтауға өткізілген тоқтатылған қылмыстық істерден құжаттарды алуға жол берілмейді.
2-параграф. Тоқтатылған электрондық қылмыстық істерді беру
23. Тоқтату туралы шешім қабылдаған қылмыстық қудалау органдарына тоқтатылған электрондық қылмыстық іске қолжетімділікті архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры СДТБТ арқылы қашықтықтағы форматта береді.
24. Тоқтатылған электрондық қылмыстық істі соттарға беру Таныстыру актісін толтыра отырып, электрондық тасымалдаушыларда көшірме жасау арқылы жүзеге асырылады.
4-тарау. Тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарымен таныстыру және олардың көшірмелерін беру
25. Тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарымен таныстыруды, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулылардың көшірмелерін, тоқтатылған қылмыстық істің басқа материалдарын беруді архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры тек қылмыстық процеске қатысушыларға ғана жүзеге асырады.
Тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарымен таныстыру, олардың көшірмелерін беру қорытындысы бойынша архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры прокуратура органдарын хабардар ете отырып, осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша қылмыстық процеске қатысушыларды тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарымен таныстыру, тоқтатылған қылмыстық істен көшірмелерді беру хаттамасын (бұдан әрі - Хаттама) жасайды.
Архивтік жұмыс прокуроры Хаттамада оны толтыру күнін, айын, орнын, қылмыстық процеске қатысушылардың тегін, аты-жөні мен лауазымдарын, парақтардың санын көрсете отырып, сұратылған процестік материалдар атауларының тізімін көрсетеді.
26. Қылмыстық процеске қатысушылар ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен тоқтатылған қылмыстық іс материалдарының көшірмелерін жасауға құқылы.
Процеске қатысушыларды тоқтатылған электрондық қылмыстық істерімен таныстыру материалдарды электрондық жеткізгіштерде (басып шығарусыз) сақтау мүмкіндігімен компьютерлік техникалардың көмегімен жүзеге асырылады.
27. Алып тасталды – ҚР Бас Прокурорының 04.07.2024 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-тарау. Тоқтатылған қылмыстық істерді сақтау мерзімдері
28. Қылмыстық теріс қылықтар бойынша тоқтатылған қылмыстық істер сақтауға келіп түскеннен кейін архивтік жұмыс бөлімшелерінде бір жыл сақталады.
29. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 71-бабына сәйкес қылмыстар бойынша тоқтатылған қылмыстық істер мынадай мерзімдерде сақталады:
1) онша ауыр емес қылмыстар бойынша - сақтауға келіп түскеннен кейін екі жыл;
2) ауырлығы орташа қылмыстар бойынша - сақтауға келіп түскеннен кейін бес жыл;
3) ауыр қылмыстар, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша - сақтауға келіп түскеннен кейін он жыл;
4) аса ауыр қылмыстар бойынша - сақтауға келіп түскеннен кейін он бес жыл мерзімдерінде сақталады.
Адамдардың қылмыстық емес жоғалып кету фактілері бойынша, сондай-ақ адамдардың қылмыстық емес қайтыс болу фактілері бойынша тоқтатылған қылмыстық істер архивтік жұмыс бөлімшелерінде екі жыл сақталады.
Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 04.07.2024 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.30. Тұрақты сақтау мерзіміне ҚР ҚК-нің 71-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес ескіру мерзімі қолданылмайтын қылмыстар туралы қылмыстық істер тұрақты сақталу мерзіміне жатады.
6-тарау. Тоқтатылған қылмыстық істерді жою
31. Сақтау мерзімдері өткен тоқтатылған қылмыстық істерді жою Комитеттің аумақтық органы бастығының немесе оның орнындағы адамның бұйрығы бойынша құрылатын комиссия арқылы жүргізіледі.
Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен (Комитеттің аумақтық органының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, қылмыстық қудалау органының қызметкерлері) тұрады. Комиссияның жалпы құрамы бес адамнан кем емес.
Комиссияның төрағасы болып Комитеттің аумақтық органы басшысының орынбасары тағайындалады, ол оның шақырылуын және жұмысын ұйымдастырады.
Комиссияның хатшысы архив жұмысы бөлімшесінің прокуроры болып табылады, ол комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Комиссияны шақыру және оның жұмысы комиссияның төрағасы бекіткен кестесіне сәйкес жылына кемінде екі рет жүзеге асырылады.
Тоқтатылған қылмыстық істердің жойылған күні, уақыты және орны туралы комиссия хатшысы алдын ала, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей комиссия мүшелеріне хабарлайды.
Жоқ мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
Комиссия мүшелерінің бірі келмеген жағдайда, комиссияның төрағасы сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді жою үшін, бастапқы тағайындалған мерзімнен үш жұмыс күнінен кешіктірмей басқа күнді белгілейді.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.07.2024 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31-1. Комиссия хатшысы:
комиссия шақырылғанға дейін сақтау мерзімдері біткен тоқтатылған қылмыстық істердің, тізімдік мәліметтерін жасайды;
тоқтатылған қылмыстық істерді сканерлеуді жүргізеді, файлдар 2-А нысанды тиісті ЭАЕҚ-қа салынады;
тізімдік мәліметтер негізінде осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді Жою туралы актіні (бұдан әрі – Жою туралы акт) бір данада жасайды.
Ескерту. 31-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Бас Прокурорының 04.07.2024 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31-2. Комиссия мүшелері тізімдік мәліметтердің ҚК-нің 71-бабына сәйкес сақтау мерзімдеріне сәйкестігін, сондай-ақ Жою туралы актідегі мәліметтердің толықтығын тексереді.
Ескертулер болмаған кезде комиссия мүшелері Жою туралы актіге қол қояды және оны комиссия төрағасы бекітеді.
Сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді жою фото- бейнетіркеу құралдарын қолдана отырып, арнайы бейімделген үй-жайларда өртеу арқылы комиссия Жою туралы актіні бекіткен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
Хатшы күнтізбелік он күн ішінде СДТБТ-ға тоқтатылған қылмыстық істерді жою туралы 2-А нысанды ЭАЕҚ-қа енгізіледі.
Ескерту. 31-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Бас Прокурорының 04.07.2024 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32. Жою туралы акт тоқтатылған қылмыстық істерді жою процесін фото-бейнежазба материалдары бар дискіні қоса бере отырып, Комитеттің аумақтық органының номенклатуралық ісінде сақталады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.07.2024 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.33. Мемлекеттік құпияларды және өзге де заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен регламенттеледі.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, беру, таныстыру, сақтау және жою жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша |
|
нысан |
"Тоқтатылған қылмыстық іске карточка" 2-А нысанды электрондық ақпараттық есепке алу құжаты
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.07.2024 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Тоқтатылған қылмыстық істің нөмірі _____________________________________
2. Тоқтатылған қылмыстық істің келіп түскен күні 20__ жылы "__" ______
3. Тоқтатудың негізі (1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi (бұдан әрі – ҚР ҚПК) ___________________________________________
3.1 Тоқтатудың негізі ҚР ҚПК-нің __________________________________________
Тоқтату күні "__" ______ 20__ жылы
4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық және оған теңестірілген органының (бұдан әрі – архивтік жұмыс бөлімшесі) атауы _______________ (анықтамалық бойынша код)
5. Қор № ________________________
6. Тізімдеме № ___________________
7. Архив № ________________
Архивтік нөмір берілген күні "__" ______ 20__ жылы
8. Томдардың саны _______
9. Тоқтатылған қылмыстық іс туралы мәліметтер: берілді (01), қайтарылды (02), жойылды (03), қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жоюға байланысты архивтік есепке алудан шешілді (04).
9.1 Сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді жою үшін бөлу туралы актінің шығыс/кіріс нөмірі ______________________________________________________
9.2 ______________________________________________________________ берілді
(тоқтатылған қылмыстық істі қолма-қол алған прокурордың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
9.3 Берілген күні "__" ______ 20__ жылы
10. Қылмыстық іс бойынша өткізілетін адамдар
Тегі | Аты | Әкесінің аты (ол бар болса) | Туған күні |
11. Ескертпе
12. Салымдар
Архивтік жұмыс бөлімшесі прокурорының тегі және аты-жөні
__________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, беру, таныстыру, сақтау және жою жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша |
|
нысан | |
БЕКІТЕМІН ____________________________ ____________________________ ___________________ басшысы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық және оған теңестірілген органының атауы ____________________________ |
|
аты, тегі, әкесінің аты (ол бар болса) ____________________________ (жеке қолы) 20__ жылғы "__" ______ |
Тоқтатылған қылмыстық істің парақтарының болуын және оның жай-күйін тексеру актісі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.07.2024 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
актінің реттік нөмірі № ____
Толтыру орны
_____________№ ___ тоқтатылған қылмыстық істің парақтарының болуын және оның
жай-күйін тексеру
1. Тоқтатылған қылмыстық істің ішкі тізімдемесі бойынша № __________ есептеледі
__________________________________________________________________________
том (-дар) бойынша барлығы __________, оның ішінде беттер саны (томдар бойынша)
__________________________________________________________________________
(сандармен және жазбаша)
2. Барлығы ______________________________________________________________
(сандармен және жазбаша)
________________________________________________ тоқтатылған қылмыстық істің
парақтары болмады.
3. Ішкі тізімдемедегі құжат парақтарының нөмірленуінің құжаттардың нөмірленген
парақтарымен сәйкессіздігі анықталды ________________________________________
__________________________________________________________________________
4. Зақымдалған парақтар ___________________________________________________
5. Істің сипатталмаған ______________________________________________________
________________________________________________________________ беттері бар
(сандармен және жазбаша)
Уәкілетті органның ресми атауы _____________________________________________
__________________________________________________________________________
Акт екі данада жасалды
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің аумақтық және оған теңестірілген органы бөлімінің бастығы:
__________________________________________________ _______________________;
аты, тегі, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Актіні архив жұмысы бөлімшесінің
прокуроры жасады ____________________________________ ________________
қолы
МО "____" _______________20____ж.
актінің жасалған күні
Осы актінің данасын алды:
_________________________________________________________ ________________
(лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, беру, таныстыру, сақтау және жою жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша |
_____________________________ "___"___________ 20__ жылы
(жасалған орны) (жасалған уақыты)
Қылмыстық процеске қатысушыларды тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарымен таныстыру, оларға тоқтатылған қылмыстық істен көшірмелерді беру хаттамасы
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.07.2024 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мен, __________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық және оған теңестірілген органының атауы
(бұдан әрі – архивтік жұмыс бөлімшесі)
архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры ______________________________________
__________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Архивтік жұмыс бөлімшесі ғимаратының ____ кабинетінде, Қазақстан
Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің (бұдан әрі – ҚР ҚПК)
290-бабының 3-бөлігін басшылыққа ала отырып, тоқтатылған қылмыстық істің
материалдарымен танысу/тоқтатылған қылмыстық істен олардың көшірмелерін беру
рәсімі жүргізілді _____________________________________
_________________________________________________________________________
қылмыстық процеске қатысушыларының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
істің нөмірі № ______________________________________;
парақтардың саны ______, том _________
Арыз иесінің мәртебесі: анықтамалық бойынша (ҚР ҚПК-нің 7-бабының 25) тармағына сәйкес)
Кіріс нөмірі және жолданым берілген күні "___" ________ 20__ жылғы № ___
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса),
архивтік жұмыс бөлімшесі қызметкерінің қолы __________________________
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, беру, таныстыру, сақтау және жою жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша |
|
нысан | |
БЕКІТЕМІН ___________________________ ___________________________ __________________ басшысы, |
|
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық және оған теңестірілген органының атауы ____________________________ аты, тегі, әкесінің аты (ол бар болса) ____________________________ (жеке қолы) "__" ______20__ жылы |
Сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді жою туралы 20___ жылғы "__" _________ № _______ АКТ
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.07.2024 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
__________________________________________________________________________
толтыру орны
Бiз, төменде қол қоюшылар, құрамы:
1. Комиссияның төрағасы ______________ ___________________________________
(жеке қолы) (лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (ол бар болса)
2. Комиссияның мүшесі ______________ ___________________________________
(жеке қолы) (лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (ол бар болса)
3. Комиссияның мүшесі ______________ ___________________________________
(жеке қолы) (лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (ол бар болса)
4. Комиссияның мүшесі ______________ ___________________________________
(жеке қолы) (лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (ол бар болса)
5. Комиссияның мүшесі ______________ ___________________________________
(жеке қолы) (лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (ол бар болса)
Барлығы ______________________________________________________ осы актінінің
(сандармен және жазбаша)
_________________________________________ жылдардағы тоқтатылған қылмыстық
(сандармен және жазбаша)
істерді және құжаттарды жою туралы жасады
№№ р/с | Қордың № тізімдеменің № | Архивтік істің № | Қылмыстық істің № | Қылмыс фабуласы | Парақтардың саны | Соңғы жылдар | Сақтау мерзімі - тізбенің бабы | Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi бойынша бабы | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Тоқтатылған қылмыстық істерді жою кезінде: фото (01), бейнетүсірілім (02)
Сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді өңдеуді жүргізген архив жұмысы бөлімшесі қызметкерінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(жеке қолы)
Күні "__" ______ 20__ жылы
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 8 бұйрыққа 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, сақтау және беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2018 жылғы 19 шiлдедегi № 91 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17272 болып тіркелген);
2) "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, сақтау және беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2018 жылғы 19 шілдедегі № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 9 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19885 болып тіркелген);
3) "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, сақтау және беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2018 жылғы 19 шілдедегі № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 174 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26400 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.