Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін – Қазақстан Республикасының азаматында, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасы мен оның үлестес тұлғаларында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 22 тамыздағы № 353 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 қыркүйекте № 17365 болып тіркелді.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін – Қазақстан Республикасының азаматында, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасы мен оның үлестес тұлғаларында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 22 тамыздағы
№ 353 бұйрығымен
бекітілген

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін – Қазақстан Республикасының азаматында, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасы мен оның үлестес тұлғаларында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін айқындау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін – Қазақстан Республикасының азаматында, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасы мен оның үлестес тұлғаларында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-7) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Әдістеме ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілуі мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін (бұдан әрі – жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлері) айқындау үшін бірыңғай тәсілді қалыптастыру және жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерлерді пайдалану шарттары мен ерекшеліктеріне байланысты жергілікті өкілді және атқарушы органдардың бірлескен ұсыныстарын тұжырымдау мақсатында әзірленді.

      3. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аймақтылық коэффициенті – жер учаскелерінің республика аумағындағы табиғи жағдайлар бойынша аймақтарда орналасуын көрсететін коэффициент;

      2) жермен қамтамасыз етілу коэффициенті – жалпы республика бойынша ұқсас көрсеткішке қатысты экономикалық белсенді ауыл халқының бір бірлігіне есептегендегі, нақты облыстың әкімшілік ауданы бойынша ауыл шаруашылығы алқаптары (егістік, шабындықтар, жайылымдар) алаңының мөлшерін көрсететін коэффициент;

      3) жер учаскесі – жер қатынастары субъектілеріне белгіленген тәртіппен бекітіліп берілген, тұйықталған шекарамен бөлінген жердің бөлігі;

      4) жер учаскесінің шекті (ең жоғары) мөлшері – ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша (егістік, шабындық, жайылым) бір әкімшілік ауданның шегінде өндірістің оңтайлы құрылымын ескере отырып, жерлерді тиімді пайдалануға арналған жер учаскесінің мөлшері;

      5) суландырылу коэффициенті – әкімшілік ауданның аумағындағы табиғи жағдайлар бойынша аймақтарда су көздерінің барлығын көрсететін коэффициент;

      6) үлестес тұлға – мемлекеттік емес заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын немесе тәуелді акционерлік қоғам болып танылатын ұйым.

2-тарау. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін айқындау

      4. Осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлері облыстың әрбір әкімшілік ауданы, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана (бұдан әрі – аудан) бойынша жер учаскелерінің базалық шекті алаңдарын ауыл шаруашылығы алқаптарының түріне қарай жермен қамтамасыз етілу, аймақтық және жайылымдардың суландырылу коэффициенттеріне көбейту жолымен есептелінеді.

      5. Алқаптар түрлері бойынша ауданның жер учаскелерінің базалық шекті алаңы алқаптар түрлері (егістік, шабындықтар, жайылымдар) бойынша жеке-жеке, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және босалқы жерлердегі ауданның ауылдық округінің орташа алаңынан мынадай мөлшерде айқындалады:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін – бес пайыз;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына және оның үлестік тұлғаларына ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін – жиырма бес пайыз.

      Ауыл шаруашылығы мақсатындағы және босалқы жерлердің орташа алаңы аудандағы ауылдық округ алқаптарының түрлері (егістік, шабындықтар, жайылымдар) бойынша жеке-жеке, аудандағы алқаптардың аталған түрлерінің жалпы алаңын аудандағы ауылдық округтердің санына бөлу жолымен есептеледі.

      6. Жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін есептеген кезде қолданылатын түзету коэффициенттері (жермен қамтамасыз етілу, табиғи-ауыл шаруашылығы аймақтары бойынша аймақтылық, жайылымдардың суландырылуы) осы Әдістемеге 2-қосымшада келтірілген.

      7. Суармалы ауыл шаруашылығы алқаптары бойынша жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін есептеу кезінде белгіленген мөлшерлерге қосымша мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:

      жерасты суларының тереңдiгi: тұщы су - 3 метрден асатын, минералды су - 6 метрден астатын тұзданбаған топыраққа - 0,7;

      жерасты суларының тереңдiгі: аз минералданған су 3-6 метр болатын аз тұзданған топыраққа - 0,8;

      жерасты суларының тереңдiгi: минералданған су 3 метрден төмен болатын орташа және қатты тұзданған топыраққа - 0,9.

      8. Бұл ретте аудан шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының (егістік, шабындықтар, жайылымдар) түрлері бойынша есептелген жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлері ауданның ауылдық округі алқаптарының (егістік, шабындықтар, жайылымдар) түрлері бойынша жеке-жеке ауыл шаруашылығы мақсатындағы және босалқы жерлердің орташа алаңының елу пайызынан аспайды.

      Жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері осы тармақтың бірінші бөлімінде көрсетілген мөлшерден асып кеткен жағдайда, ол ауданның ауылдық округі алқаптарының (егістік, шабындықтар, жайылымдар) түрлері бойынша жеке-жеке ауыл шаруашылығы мақсатындағы және босалқы жерлердің орташа алаңының елу пайызы мөлшерінде алынады.

  Шаруа немесе фермер
қожалығын жүргізу үшін –
Қазақстан Республикасының
азаматында, ауыл шаруашылығы
өндірісін жүргізу үшін
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік емес заңды тұлғасы
мен оның үлестес тұлғаларында
болуы мүмкін
ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер учаскелерінің
шекті (ең жоғары) мөлшерлерін
айқындау әдістемесіне
1-қосымша

Жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін есептеу

      Егістік бойынша:

      Мең жоғ. шқ/заңды тұлға = БША шқ/заңды тұлға × Kжер × Kайм.

      БША шқ = Sегістік / Nауылдық округтер× 5 %

      БША заңды тұлға = Sегістік / Nауылдық округтер × 25 %

      Шабындықтар бойынша:

      Мең жоғ. шқ/заңды тұлға = БША шқ/заңды тұлға × Kжер × Kайм.

      БША шқ = Sшабындық / Nауылдық округтер× 5 %

      БША заңды тұлға = Sшабындық / Nауылдық округтер × 25 %

      Жайылымдар бойынша:

      Мең жоғ. шқ/заңды тұлға = БША шқ/заңды тұлға × Kжер × Kайм. × Kсуланд.

      БША шқ = Sжайылым / Nауылдық округтер× 5 %

      БША заңды тұлға = Sжайылым / Nауылдық округтер × 25 %,

      мұнда:

      Мең жоғ. шқ/заңды тұлға – жоғарылатын және төмендететін коэффициенттерді ескере отырып, бір шаруа немесе фермер қожалығына немесе мемлекеттік емес заңды тұлға мен оның үлестес тұлғаларына ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілетін алқап түрлері бойынша жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлері, гектар;

      БША шқ/заңды тұлға – бір шаруа немесе фермер қожалығына немесе мемлекеттік емес заңды тұлға мен оның үлестес тұлғаларына ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілетін ауданның базалық шекті алаңы;

      Kжер – жермен қамтамасыз етілу коэффициенті;

      Kсуланд. – суландырылу коэффициенті;

      Kайм. – аймақтылық коэффициенті;

      Sегістік, Sшабындық, S жайылым – ауданның ауыл шаруашылығы мақсатындағы және босалқы жерлерінің ауыл шаруашылығы алқаптары (егістік, шабындықтар, жайылымдар) алаңы;

      Nауылдық округтер – аудан аумағындағы ауылдық округтер саны.

  Шаруа немесе фермер
қожалығын жүргізу үшін –
Қазақстан Республикасының
азаматында, ауыл шаруашылығы
өндірісін жүргізу үшін
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік емес заңды тұлғасы
мен оның үлестес тұлғаларында
болуы мүмкін
ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер учаскелерінің
шекті (ең жоғары) мөлшерлерін
айқындау әдістемесіне
2-қосымша

Жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін есептеген кезде қолданылатын түзету коэффиценттері (жермен қамтамасыз етілу, табиғи-ауыл шаруашылығы аймақтары бойынша аймақтылық, жайылымдардың суландырылуы)

      1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ауыл шаруашылығы алқаптарының (егістік, шабындықтар, жайылымдар) түрлері бойынша ауданның жермен қамтамасыз етілу коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

      Кауд. жер = (S(егістік, шабындық, жайылым) / Сэконом. белсенді ауыл халқы) / Креспублика жер,

      мұнда:

      Кауд. жер – жермен қамтамасыз етілу коэффициенті;

      * Креспублика жер – республиканың жермен қамтамасыз етілу коэффициенті (ескертпеге сәйкес тұрақты шама);

      S(егістік, шабындық, жайылым) – ауданның ауыл шаруашылығы мақсатындағы және босалқы жерлерінің ауыл шаруашылығы алқаптары (егістік, шабындық, жайылым) алаңы;

      Сэконом. белсенді ауыл халқы – ауданның экономикалық белсенді ауыл халқының саны, адам.

      Республика бойынша жермен қамтамасыз етілу коэффициенті:

Ауыл шаруашылығы алқаптарының атауы

Коэффициент

егістік

6,46

шабындық

1,1

жайылым

38,2

      Аталған коэффициенттер Қазақстан Республикасы жер теңгерімінің деректері бойынша республика және облыстың бір ауданының (қаланың) шегінде бірыңғай нормативтік көрсеткіштерді және есепті кезеңнің басталуына сәйкес келетін ресми статистикалық ақпаратты қолдану арқылы, республиканың ауыл шаруашылығы мақсатындағы және босалқы жерлерінің ауыл шаруашылығы алқаптары (алқаптар түрі бойынша) алаңының белсенді ауыл халқының 1 бірлігіне арақатынасы ретінде есептелген.

      2. Табиғи-ауыл шаруашылығы аймақтары бойынша аймақтылық және жайылымдардың суландырылу коэффициенттерінің мәні:

Табиғи-ауыл шаруашылығы аймағының атауы

Коэффициент

табиғи-ауыл шаруашылығы аймақтары бойынша аймақтылық

орманды дала және дала

1,3

қуаң дала

1,1

шөлейтті және шөлді

1,0

тау етегi-шөлдi-дала

1,1

тау етегi-шөлдi

1,2

таулы-далалы және таулы

1,3

жайылымдардың суландырылуы

орманды дала және дала

0,88

қуаң дала

1,08

шөлейтті және шөлді

0,92

тау етегi-шөлдi-далалық

1,76

тау етегi-шөлдi

1,92

таулы-далалы және таулы

1,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады