Әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 14 тамыздағы № 350 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 18 қыркүйекте № 17383 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 201 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 05.06.2023 № 201 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.

      "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.09.2022 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми-интернет ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
М. Әбілқасымова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Білім беру және ғылым министрі

      _____________ Е. Сағадиев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрі

      _____________ Е. Біртанов

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2018 жылғы 14 тамыздағы
№ 350 бұйрығына
қосымша

Әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және әлеуметтік қорғау саласындағы келесі әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын ұсынады:

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік жұмыскер;

      2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5) мүгедектігі бар балаларды және он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер жатады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.09.2022 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптар

      2. Әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік жұмыскердің біліктілігіне қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      екінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім, мамандығы бойынша жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      3. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттың біліктілігіне қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      екінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      4. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның біліктілігіне қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      екінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      біліктілігі орташа деңгейдегі маман:

      жоғары санаттағы – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санаттағы – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      екінші санат – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      5. Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкерге қойылатын біліктілік талаптары:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      екінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      біліктілігі орташа деңгейдегі маман:

      жоғары санаттағы – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санаттағы – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      екінші санаттағы – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім немесе негізгі орта білім және әлеуметтік даярлық туралы сертификат.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.09.2022 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мүгедектігі бар балаларды және психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкерге қойылатын біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      екінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      біліктілігі орташа деңгейдегі маман:

      жоғары санаттағы – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санаттағы – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      екінші санаттағы – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім немесе негізгі орта білім және әлеуметтік даярлық жөніндегі сертификат.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.09.2022 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады