"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 783 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 қыркүйекте № 17386 болып тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

      70-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемелер алатын оларға арналған филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен, және (немесе) меценаттық қызметтен, және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетiн ақшаны жұмсауымен;";

      79-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен, және (немесе) меценаттық қызметтен, және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі – қайырымдылық көмек ҚБШ);";

      620-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "620. Кредиттік шартта анықталған бюджеттік кредитті игеру кезеңінде қарыз алушы пайдаланбаған кредит сомасы ББС-ның түсімдер сыныптамасының тиісті кодына игеру кезеңі аяқталған күннен бастап үш күннің ішінде тиісті бюджетке қайтаруға жатады. Бұл ретте, қарыз алушы кредит сомасын қайтаруды жоспарлап отырғаны туралы кредит берушіні кемінде күнтізбелік он күн бұрын хабардар етеді.

      Бюджеттік кредитті игеру кезеңінде қарыз алушы пайдаланбаған сома уақтылы қайтарылмаған жағдайда кредит беруші қарыз алушыға кредиттік шартта белгіленген мөлшерде өсімпұл есептейді. Бұл ретте, өсімпұлдың ең жоғары сомасы бюджеттік кредитті игеру кезеңінде қарыз алушы пайдаланбаған сомадан аспауы тиіс.";

      622-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "622. Қарыз алушыда бюджеттік кредит бойынша берешек (мерзімі өткен берешек) пайда болған және кредиттік шарттың талаптарымен анықталған мерзім ішінде оны өтемеген кезде кредит беруші өсімпұл есептейді.

      Өсімпұлдың мөлшері мерзімін өткізіп алған тоқсан күн ішінде мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының нөл бүтін оннан бір пайызынан аспауға тиіс, мерзімін өткізіп алған тоқсан күн өткеннен кейін мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының нөл бүтін жүзден үш пайызынан аспауы, бірақ кредиттік шарт қолданылатын әрбір жылға берілген бюджеттік кредит сомасының он пайызынан аспауға тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электрондық түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы "__"___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады