"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 16-9) тармақшасына, 31-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 21 қарашадағы № 62/108 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7307 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Cенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулық осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы қаулының Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында ресми орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы міндетін атқарушы |
К. Петров |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы міндетін атқарушы |
Б. Мелдешов |
Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
1. Осы Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының (бұдан әрі - Конституциялық заң) 12-бабының 16-9) тармақшасына, 31-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 36-1-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті Сенатының, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламенті Мәжілісінің депутаттығына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидаттардың (бұдан әрі – кандидаттар), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың (бұдан әрі - саяси партиялар) сенім білдірілген адамдарын тіркеу рәсімін нақтылайды.
2. Президенттікке, Парламент Сенатының, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың, саяси партиялардың Конституциялық заңның 31-бабының 1-тармағына сәйкес сайлау науқанын жүргізуге көмектесетін, сайлау алдындағы үгітті жүргізетін, кандидаттардың саяси партиялардың мүдделерін білдіретін сенім білдірілген адамдары бола алады.
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдігіне кандидаттар Заңның 36-1-бабының 7-тармағына сәйкес сайлау науқанын жүргiзуге көмектесетiн, сайлау алдындағы үгiттi жүргізетін, мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, сайлау комиссияларымен қарым-қатынастарда кандидаттардың мүдделерiн білдіретін сенім білдірілген адамдары бола алады.
3. Кандидаттар, саяси партиялар сенім білдірілген адамдарды өз қалауы бойынша айқындайды және Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес тиісті сайлау комиссиясына сенім білдірілген адамдарды тіркеу туралы өтініш береді.
Кандидат, саяси партия сенiм бiлдiрiлген адамдар ретiнде ұсынған адамдар тиiстi сайлау комиссиясына өзiнiң сенiм бiлдiрiлген адам болуға келiскенi туралы өтінішін Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес табыс етедi.
4. Кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы өтінішке кандидаттың жеке өзі немесе сенімхат бойынша ол уәкілеттік берген адамдар қол қояды.
Саяси партиялардың сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы өтінішке саяси партияның немесе оның филиалының (өкілдігінің) уәкілетті адамы қол қояды.
5. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың, саяси партиялардың тиісті сайлау округіндегі әр сайлау учаскесіне үш адамнан аспайтын санда сенім білдірген адамдары бола алады.
Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың әрбір ауданда, қалада, қаладағы ауданда бір-бірден сенім білдірілген адамы бола алады.
Парламент Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын депутаттығына кандидаттың үш сенім білдірілген адамы бола алады.
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдігіне кандидаттың бестен аспайтын сенім білдірілген адамы бола алады.
6. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірген адамдарын, саяси партиялардың сенім білдірген адамдарын тіркеуді тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеуді облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеуді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдігіне кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеуді тиісті аудандық, қалалық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
7. Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидаттар Орталық сайлау комиссиясы олардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, Конституциялық заңының талаптарына сәйкестiгiн анықтағаннан кейiн тиiстi сайлау комиссияларына сенiм бiлдiрген адамдарын тiркеу туралы өтiнiшпен жүгінеді.
Парламент Сенатының депутаттығына кандидат облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиясы оның Қазақстан Республикасы Конституциясының, Конституциялық заңының талаптарына сәйкестiгiн анықтағаннан кейін тиісті сайлау комиссиясына сенім білдірген адамдарды тіркеу туралы өтінішпен жүгінеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар оларды Орталық сайлау комиссиясы тіркегеннен кейін сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы өтінішпен жүгінеді.
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдігіне кандидат оны тиісті аудандық, қалалық сайлау комиссиясы тіркегеннен кейін сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы өтінішпен жүгінеді.
Саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде және аумақтық сайлау комиссиясы мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімдерді тіркегеннен кейін сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы өтінішпен тиісті аумақтық сайлау комиссияларына жүгінеді.
8. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірген адамдарын тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешімді тиісті сайлау комиссиясы өтініш келіп түскеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде қабылдайды және сайлау комиссиясының хаттамасымен ресімдейді.
Тиісті сайлау комиссиясы сенім білдірген адамдарды тіркегеннен кейін оларға куәліктер береді.
9. Тиісті сайлау комиссиясы мынадай жағдайларда, егер кандидаттың, саяси партияның сенім білдірген адамы:
1) Қазақстан Республикасының азаматы болмаса;
2) сайлау комиссиясының мүшесі болса;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына сәйкес мемлекеттік саяси қызметші лауазымын атқарса;
4) Парламент Сенатының депутаттарын, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімін сайлауда мәслихат депутаты болса, оны тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.
10. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірген адамдарын тіркеудің күнін жою туралы шешімді сайлау комиссиясы сәйкессіздік анықталған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде қабылдайды және хаттамамен ресімдейді, оны жиырма төрт сағат ішінде кандидаттың, саяси партияның, учаскелік комиссиялардың назарына жеткізеді.
11. Сенім білдірілген адамның Конституциялық заңның 31-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкестігі кандидаттың, саяси партияның ұсынған құжаттарының негізінде осы Нұсқаулықтың 3-тармағына сәйкес анықталады.
12. Сенім білдірілген адамдар сайлау науқаны аяқталғаннан кейін, өз ұйғарымымен, кандидаттың және саяси партияның шешімімен, сондай-ақ кандидатты, партиялық тізімді тіркеудің күші жойылған, Конституциялық заң бұзылған жағдайларда өз мәртебесінен айырылады.
Сенім білдірілген адамдарды тіркеу туралы өтініш
Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарын сенім білдірген адамдарым ретінде тіркеуді сұраймын.
Қосымша:
_________________сенім білдірілген адамның тізімі ____ парақта (қағаз түрінде және электрондық жеткізушіде).
____________________________ (қолы) (аты-жөнінің бірінші әріптері, тегі) 20___жылғы_________________ (өтініштің берілген күні) |
Ескерту: Егер өтініш пен сенім білдірілген адамдардың тізіміне басқа адам нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде қол қойса, өтінішке сенімхаттың көшірмесі қоса беріледі.
Саяси партия өкілінің өкілеттерін растайтын құжат қоса беріледі.
Өтінішке қосымша |
Кандидаттың (саяси партияның) сенім білдірген адамдарының тізімі
___________________________________________________________________
№ |
Сенім білдірілген адамдардың | байланыс деректері (телефон) |
1. | ||
2. | ||
3. | ||
4. | ||
5. | ||
Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша |
|
____________________сайлау комиссиясына (комиссияның атауы) ____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)) |
Сенім білдірілген адам болуға келіскені туралы өтініш
Мен, Қазақстан Республикасының азаматы,
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))
Қазақстан Республикасы _____________________________________________
кандидат ___________________________________________________________
(кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))
сенім білдірілген адамы болуға келісімімді беремін.
Қазақстан Республикасының __________________________________________
саяси партиясынан сенім білдірілген адам болуға келісімімді беремін.
Жеке басымды куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса тіркедім.
Сайлау комиссиясының мүшесі емеспін.
Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.
Байланыс деректері:
_____________________________________________________________
__________ _______________________ | |
(қолы) (аты-жөнінің бірінші әріптері, тегі) |
|
20___жылғы________________ ________ | |
(өтініштің берілген күні) |
Ескерту: Парламент Сенатының депутаттарын, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкiмiн сайлау кезінде мәслихат депутаты кандидаттың сенім білдірілген адамы бола алмайды.