РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1."Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11382 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын тәртіппен және мөлшерлерде алым алынады.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеудің тәртібі";
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық нұсқасы;";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) осы Қағидалардың 6-тармағында қарастырылған құжаттарды www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы қабылдау;
2) мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды тексеру, осы ғарыш объектісіне мәлімделетін құқықтар мен тіркелген құқықтар арасында қайшылықтардың жоқ екендігін, сондай-ақ мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн негiздiң болмауын анықтау;
3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы құжатты www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру.";
16, 17, 18-тармақтары алып тасталсын;
Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялауға Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы |
А. Ержанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________________Т. Сүлейменов
2018 жылғы " " ___________
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігінің
Аэроғарыш комитеті
Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
____________________________________________________________________ тиесілі
(мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға және оның тіркелген жері)
___________________________________________________________ ғарыш объектісін
(ғарыш объектісінің тағайындалуы мен оның жалпы мақсаты)
Ғарыш объектілерінің тіркеліміне және ________________________________________
__________________________________________________________________ негізінде
(құқық белгілейтін құжаттың атауы)
оған құқықты* тіркеуіңізді сұраймын.
Ғарыш объектісінің ұшырылатын (болжамды ұшырылатын) күні және жері:
____________________________________ "___"_________________________________
Орбитаның негізгі параметрлері: апогей, км _________ перигей, км _____
еңіс бұрышы, град._________________ айналу кезеңі, сек. _____________
Қосымша мәліметтер: ___________________________________________
Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін:
___________________________________________________________________
(өтініш беруші) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болса)
20___ ж. "___" ___________
Ескертпе: * Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектісіне қатысты толтырылады
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігінің
Аэроғарыш комитеті
Ғарыш обьектісін мемлекеттік тіркеу туралы №_____куәлік
1. Ғарыш объектісінің тағайындалуы және оның жалпы мақсаты | 2. Ғарыш обьектісінің тіркеу нөмірі | 3. Ұшырылған күні және орны | 4. Орбитаның негізгі параметрлері |
5. Тіркелген құқық түрі *__________________________________________________
(құқық белгілейтін құжаттың атауын көрсете отырып)
6. Мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға _______________________
__________________________________________________________________________
7. Осы арқылы ғарыш обьектісінің белгіленген тәртіппен Ғарыш обьектілерінің
тіркелімінде тіркелгендігі расталады
____________________________ ____________ _________________________________
(уәкілетті органның басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болса)
20___ж. "___" _________
Ескертпе: * Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектісіне қатысты толтырылады