Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 201 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 қыркүйекте № 17419 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 282 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14671 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4.Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 201 қаулысымен
бекітілген

Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2021 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік тізілімді қалыптастыруды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) электрондық нысанда жүзеге асырады және уәкілетті орган енгізген тіркелген эмиссиялық бағалы қағаздар және олардың эмитенттері туралы мәліметтер және басқа да орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының дерекқорлары негізінде қалыптастырылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Legal Entity Identifier (Лигал Энтити Айдэнтифайер) коды – халықаралық стандартқа сәйкес заңды тұлғаларға тағайындалатын, қаржы нарығында операцияларға тартылған барлық заңды тұлғаларды халықаралық сәйкестендіруге арналған әріптік-цифрлық код;

      2) әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды (ӘҚНМК) – электрондық құжатқа рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі тағайындайтын нөмір.

2-тарау. Мемлекеттік тізілімді қалыптастыру тәртібі

      4. Мемлекеттік тізілімде мыналар туралы мәліметтер қалыптасады:

      1) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдарын (облигациялық бағдарламаларды) мемлекеттік тіркеу;

      2) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектiсiне (облигациялық бағдарламалар проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу;

      3) акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекіту;

      4) акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекіту туралы жазбаларды заңды күшіне енген соттың шешімі негізінде күшін жою;

      5) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есептерді бекіту;

      6) исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекіту;

      7) исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы есептерді бекіту;

      8) қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекіту;

      9) қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтеу қорытындылары туралы есептерді бекіту;

      10) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жою;

      11) инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату туралы ақпаратты қарау қорытындылары бойынша пайларды өтеу;

      12) мемлекеттік емес облигацияларды өтеу туралы;

      13) инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келісу;

      14) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру;

      15) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды және (немесе) айналысын тоқтата тұру және жаңарту.

      Уәкілетті орган эмитенттің осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда ұсынған құжаттарды қараудан бас тартқан кезде эмитент аталған құжаттарды ұсыну күндері туралы, уәкілетті органның эмитентке жіберген дәлелді бас тартулары бар хаттардың күндері мен нөмірлері туралы ақпараттан, сондай-ақ бар болса эмитенттің пысықталған құжаттарды ұсыну мерзімдері өткен күндер туралы ақпараттан тұратын бас тартулар туралы мәліметтер Мемлекеттік тізілімнің тиісті бөлімінде қалыптастырылады.

      5. Мемлекеттік тізілім мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) акциялар тізілімі;

      2) мемлекеттік емес облигациялар тізілімі;

      3) пайлар тізілімі;

      4) исламдық бағалы қағаздар тізілімі;

      5) қазақстан депозитарлық қолхаттары тізілімі;

      6) шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру тізілімі.

      6. Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мәліметтер (бұдан әрі – Мәліметтер) Мемлекеттік тізілімге:

      1) эмитент Қағидалардың 4-тармағының бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда ұсынған құжаттардағы деректер;

      2) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі эмитентті тарату немесе қайта ұйымдастыру (басқа заңды тұлғаның осы эмитентке біріктіру немесе осы эмитенттен жаңа заңды тұлғаны бөліп шығару жағдайларын қоспағанда) туралы мәліметтер;

      3) акционерлік қоғамды мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімі;

      4) уәкілетті орган бекіткен акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті не акцияларды орналастыру бойынша мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі;

      5) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі;

      6) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының, басқа да орталық мемлекеттік органдардың, "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – орталық депозитарий) ақпараттық жүйелерімен және дерекқорларымен өзара іс-қимылы, оның ішінде Орталық депозитарийдің оларға тағайындалған халықаралық сәйкестендіру нөмірлері (ISIN (АЙСИН) кодтары) туралы мәліметтері негізінде енгізіледі.

      7. Уәкілетті органның мемлекеттік органдар, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арасында ақпарат алмасуын қор биржасы және орталық депозитарий ықпалдасқан ақпараттық жүйелердің және дерекқорлардың өзара іс-қимылы арқылы электрондық нысанда жүзеге асырады.

      8. Уәкілетті орган оларды енгізу негізі туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Мәліметтерді Мемлекеттік тізілімге енгізеді.

      9. Мыналар:

      1) 10-тармақтың 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 27) тармақшаларындағы, 16-тармақтың 1), 2), 3), 5), 6), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларындағы, 17-тармақтың 1), 2), 3), 5), 6), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларындағы, 31-тармақтың 1), 2) 3), 4), 5), 6) тармақшаларындағы, 18-тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларындағы, 22-тармақтың 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларындағы, 26-тармақтың 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларындағы мәліметтер "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйенің деректер қорынан эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі бойынша автоматты түрде Мемлекеттік тізілімде қалыптастырылады;

      2) 10-тармақтың 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26) және 27) тармақшаларындағы 11-тармақтың 1) тармақшасындағы, 16-тармақтың 7), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39) тармақшаларындағы, 17-тармақтың 7), 13), 14), 15), 16), 17) тармақшаларындағы, 18-тармақтың 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39) тармақшаларындағы, 19-тармақтың 1) тармақшасындағы, 20 және 21-тармақтардың 1) және 3) тармақшаларындағы, 22-тармақтың 21, 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22) тармақшаларындағы, 23-тармақтың 1) тармақшасындағы, 24-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы, 25-тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшаларындағы, 26-тармақтың 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30) тармақшаларындағы, 27-тармақтың 1) тармақшасындағы, 30-тармақтың 1) және 3) тармақшаларындағы, 15-тармақтың 1), 3) және 4) тармақшаларындағы, 31-тармақтың 7), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19) тармақшаларындағы мәліметтер эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдарының проспектілерінен Мемлекеттік тізілімде қалыптастырылады;

      3) Қағидалардың 12-тармағының 1), 2), 3), 6), 7) және 10) тармақшаларындағы, 14-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларындағы, 28-тармағының 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларындағы, 29-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларындағы, 32-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларындағы, 33-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларындағы мәліметтер бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есептерден Мемлекеттік тізілімде қалыптастырылады;

      4) Қағидалардың 12-тармағының 1) және 3) тармақшаларындағы, сондай-ақ ISIN (АЙСИН) кодтары туралы мәліметтер Орталық депозитарийдің деректер қорынан автоматты түрде Мемлекеттік тізілімде қалыптастырылады;

      5) 10, 16, 17, 26-тармақтарының 4) тармақшасындағы және 22-тармақтың 3) тармақшасындағы Legal Entity Identifier (Лигал Энтити Айдэнтифайер) кодтары туралы мәліметтер эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымдарының және инвестициялық пай қоры қағидаларының талаптарынан Мемлекеттік тізілімде қалыптастырылады.

      10. Жарияланған акциялар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу кезінде Мемлекеттік тізілімде мынадай мәліметтер қалыптасады:

      1) эмитенттің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық және қысқартылған атауы;

      2) эмитенттің ұйымдық-құқықтық нысаны;

      3) эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН);

      4) Legal Entity Identifier (Лигал Энтити Айдэнтифайер) коды;

      5) эмитент қызметінің негізгі түрі;

      6) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, эмитент түрі туралы ақпарат: "коммерциялық ұйым" немесе "коммерциялық емес ұйым";

      7) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің эмитенттің жарғылық капиталына қатысуы: "иә" немесе "жоқ";

      8) эмитенттің орналасқан жері (Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізіліміне енгізілген);

      9) эмитенттің нақты мекенжайы;

      10) эмитенттің пошталық мекенжайы;

      11) эмитенттің байланыс телефондарының, факсының нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы;

      12) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, эмитенттің құрылу тарихы: "қосу", "бөлініп шығу", "қайта құру", "біріктіру", "бөлу" белгісімен "жаңадан құрылған", "қайта ұйымдастыру";

      13) эмитентті мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы;

      14) эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;

      15) эмитентті алғашқы мемлекеттік тіркеу күні;

      16) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетіле отырып, эмитенттің атынан жарияланған акциялар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды немесе басқа тұлға туралы мәліметтер;

      17) төлем агентінің атауы (бар болса);

      18) кастодианның атауы (бар болса);

      19) жарғылық капиталының мөлшері;

      20) халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN (АЙСИН) коды) туралы мәліметтер;

      21) акциялардың түрі;

      22) акцияларды айырбастау талаптары, мерзімі және тәртібі;

      23) акционерлік қоғамның құрылтайшылары төлейтін акциялардың номиналды құны;

      24) жарияланған акциялардың түрлері бойынша саны;

      25) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер мөлшері;

      26) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, алтын акцияның болуы: "иә" немесе "жоқ";

      27) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның (тұлғалардың) атауы (атаулары) және БСН көрсетіле отырып, сондай-ақ құрылтайшылар сатып алатын акциялар саны және үлесі көрсетіле отырып, акционерлік қоғамның құрылтайшылары туралы мәліметтер;

      28) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні;

      29) уәкілетті органның әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды (ӘҚНМК) бойынша жарияланған акцияларды мемлекеттік тіркеу шығарылымы туралы мәліметтерді эмитенттің атына жіберген күні;

      30) жарияланған акциялар шығарылымының қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық нысандағы проспектісі;

      31) ескертпе (бар болса).

      11. Акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу кезінде Мемлекеттік тізілімде мынадай мәліметтер қалыптасады:

      1) акциялар шығарылымы проспектісіне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы қысқаша ақпарат;

      2) акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу күні;

      3) уәкілетті органның жарияланған акциялардың проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді эмитенттің атына жіберген күні;

      4) өзгерістерін және (немесе) толықтыруларын ескере отырып жарияланған акциялар шығарылымының қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық нысандағы проспектісі.

      12. Акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекіту кезінде Мемлекеттік тізілімде мынадай мәліметтер қалыптасады:

      1) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептің түрі: "түпкілікті" немесе "аралық";

      2) акционерлік қоғамның акцияларын орналастырудың есепті кезеңінің басталған күні;

      3) акционерлік қоғамның акцияларын орналастырудың есепті кезеңінің аяқталған күні;

      4) акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті ұсыну күні;

      5) акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту күні;

      6) акцияларды түрлері бойынша орналастырудың есепті кезеңінде орналастырылған акциялар саны;

      7) есепті кезеңде акцияларды түрлері бойынша орналастырудың көлемі;

      8) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, акцияларды орналастыру тәсілі: "құрылтайшылар арасында", "артықшылықпен сатып алу құқығы", "аукцион", "жазылу", "өзге";

      9) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, акцияларды орналастыруды өткізу орны: "ұйымдастырылған нарық" немесе "ұйымдастырылмаған нарық";

      10) әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды немесе өтініші (ӘҚНМК) бойынша акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекіту туралы мәліметтерді эмитенттің атына жіберген күні;

      11) акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық нысандағы есеп.

      13. Акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы жазбаның күшін соттың заңды күшіне енгізілген шешімінің негізінде жою кезінде Мемлекеттік тізілімде мынадай мәліметтер қалыптасады:

      1) эмитенттің орналастырылған бағалы қағаздары туралы, соттың шешімі орындалғаннан кейін орталық депозитарийден алынған;

      2) эмитенттің соттың тиісті шешімі ескеріле отырып түзетілген жарғылық капиталы;

      3) есептің соттың шешімі бойынша жойылғаны туралы жазба (соттың атауы, заңды күшіне енгізілген шешімнің күні және нөмірі)

      4) ескертпе (бар болса).

      14. Акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту кезінде Мемлекеттік тізілімде мынадай мәліметтер қалыптасады:

      1) акционерлердің жалпы жиналысының (жалғыз акционердің) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы шешімінің күні;

      2) акционерлік қоғамның бір түріндегі айырбасталатын бір орналастырылған акциясының осы қоғамның айырбасталуға тиіс басқа түріндегі акциялары санына арақатынасы;

      3) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау мерзімі;

      4) айырбасталуға тиіс акциялардың түрлері бойынша саны;

      5) айырбасталуға тиіс емес акциялардың түрлері бойынша саны;

      6) айырбасталуы ескеріле отырып орналастырылған акциялар саны;

      7) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есептің бекітілген күні;

      8) электрондық нысандағы акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есеп;

      9) ескертпе (бар болса).

      15. Акциялар шығарылымдарының күшін жою кезінде Мемлекеттік тізілімде мынадай мәліметтер қалыптасады:

      1) акциялар шығарылымының күшін жоюға құжаттарды ұсыну күні;

      2) акциялар шығарылымының күшін жою күні;

      3) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, акциялар шығарылымының күшін жою себебі: "қайта ұйымдастыру (бірігу, қосылу, бөліну, жеке бөлініп шығу, қайта құрылу)", "акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі", "ерікті тарату", "акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз де тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі", "Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлері тізілімінің деректері бойынша тарату", "Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлері тізілімінің деректері бойынша қайта ұйымдастыру";

      4) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, уәкілетті органның талап-арызына сәйкес сот шешімі туралы ақпарат: "иә" немесе "жоқ" (сот шешімінің негізінде күшін жойған кезде);

      5) ескертпе (бар болса).

      16. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу кезінде Мемлекеттік тізілімде мынадай мәліметтер қалыптасады:

      1) эмитенттің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық және қысқартылған атауы;

      2) эмитенттің ұйымдық-құқықтық нысаны;

      3) эмитенттің БСН-і;

      4) Legal Entity Identifier (Лигал Энтити Айдэнтифайер) коды;

      5) эмитент қызметінің негізгі түрі;

      6) мынадай: "иә" немесе "жоқ" жазбаларының бірін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы-бейрезиденттерінің эмитенттің жарғылық капиталына қатысуы;

      7) рейтинг туралы мәліметтер (бар болса);

      8) эмитенттің орналасқан жері (Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген);

      9) эмитенттің нақты мекенжайы;

      10) эмитенттің пошталық мекенжайы;

      11) эмитенттің байланыс телефондарының, факсінің нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы;

      12) мынадай: "жаңадан құрылған", "қосылу" белгісімен "қайта құру", "бөлініп шығу", "қайта құру", "бірігу", "бөліну" жазбалардың бірін көрсетумен эмитенттің құрылу тарихы

      13) эмитентті мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы;

      14) эмитенттің мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні;

      15) эмитенттің бастапқы мемлекеттік тіркелген күні;

      16) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның (заңды тұлғалардың) атауы (атаулары) және БСН көрсетілген эмитенттің қатысушылары немесе ірі акционерлері туралы мәліметтер;

      17) тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) және лауазымын көрсете отырып, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу үшін эмитенттің атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды немесе өзге тұлға туралы мәліметтер;

      18) төлем агентінің атауы (бар болса);

      19) облигацияларды ұстаушылар өкілінің атауы (бар болса);

      20) халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN (АЙСИН) коды) туралы мәліметтер;

      21) мемлекеттік емес облигациялардың түрі;

      22) нақтылы құнын білдіретін валютаны көрсете отырып, мемлекеттік емес облигациялардың нақтылы құны;

      23) жария етілген мемлекеттік емес облигациялардың саны;

      24) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының көлемі;

      25) мемлекеттік емес облигациялардың айналыс мерзімі;

      26) мынадай: "мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күнінен бастап", "қор биржасында мемлекеттік емес облигациялармен алғашқы сауда-саттық күнінен бастап", "мемлекеттік емес облигацияларды қор биржасының листингіне енгізу күнінен бастап", "өзгесі" жазбалардың бірін көрсете отырып, орналастырудың басталу күнінің түрі";

      27) мемлекеттік емес облигацияларды орналастыруды бастау күні (бар болса);

      28) болжамды өтеу күні;

      29) сыйақы мөлшерін көрсетумен мынадай: "дисконт", "белгіленген кірістілік мөлшерлемесі", "құбылмалы кірістілік мөлшерлемесі", "өзгесі" жазбалардың бірін көрсете отырып, мемлекеттік емес облигациялар бойынша сыйақы көрсеткіші;

      30) мемлекеттік емес облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу кезеңділігі (бар болса);

      31) мынадай: "айырбасталмайтын", "айырбасталатын" және "деректер жоқ" жазбаларының бірін көрсете отырып, мемлекеттік емес облигацияларды айырбастау туралы мәліметтер";

      32) мынадай: "көзделген" және "көзделмеген" жазбалардың бірін көрсете отырып, мемлекеттік емес облигацияларды мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігі туралы мәліметтер";

      33) ол басталған кезде эмитенттің мемлекеттік емес облигациялары бойынша дефолт жариялау ықтималдығы бар оқиғалар;

      34) оригинатор туралы мәліметтер (арнайы қаржы компаниясының мемлекеттік емес облигациялар шығаруы кезінде);

      35) мынадай|: "иә" немесе "жоқ" жазбаларының бірін көрсете отырып, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының қайта құрылымдаумен байланыстылығы не байланыссыздығы туралы ақпарат";

      36) мынадай: "ұйымдасқан нарық" немесе "ұйымдаспаған нарық" жазбаларының бірін көрсетумен, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне сәйкес мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру орны";

      37) мынадай: "ұйымдасқан нарық", "ұйымдаспаған нарық" немесе "ұйымдасқан және ұйымдаспаған нарықтар" жазбаларының бірін көрсетумен, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне сәйкес мемлекеттік емес облигациялар айналысының орны";

      38) мынадай: "кепілмен және (немесе) мемлекет кепілгерлігімен қамтамасыз етілген", "банк кепілімен қамтамасыз етілген", "эмитенттің мүлкімен қамтамасыз етілген", "қамтамасыз етілмеген" жазбаларының бірін көрсетумен, мемлекеттік емес облигациялардың болуы және қамтамасыз ету түрі туралы ақпарат;

      39) мемлекеттік емес облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты;

      40) ескертпе (бар болса);

      41) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні;

      42) уәкілетті органның әкімшілік құжаттың немесе өтініштің нөмірі мен коды (ӘҚНМК) бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді эмитенттің атына жіберу күні;

      43) мемлекеттік емес облигацияларды қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда шығару талаптары.

      17. Облигациялық бағдарламалардың шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу кезінде Мемлекеттік тізілімде мынадай мәліметтер қалыптасады:

      1) эмитенттің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық және қысқартылған атауы;

      2) эмитенттің ұйымдық-құқықтық нысаны;

      3) эмитенттің БСН-і;

      4) Legal Entity Identifier (Лигал Энтити Айдэнтифайер) коды;

      5) эмитент қызметінің негізгі түрі;

      6) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің эмитенттің жарғылық капиталына қатысуы: "иә" немесе "жоқ";

      7) рейтинг туралы мәліметтер (бар болса);

      8) эмитенттің орналасқан жері (Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізіліміне енгізілген);

      9) эмитенттің байланыс телефондарының, факс нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы;

      10) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, эмитенттің құрылу тарихы: "қосу", "бөлініп шығу", "қайта құру", "біріктіру", "бөлу" белгісімен "жаңадан құрылған", "қайта ұйымдастыру";

      11) эмитентті мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы;

      12) эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;

      13) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның (тұлғалардың) атауы (атаулары) мен БСН көрсетіле отырып, эмитенттің қатысушылары немесе ірі акционерлері туралы мәліметтер;

      14) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетіле отырып, эмитенттің атынан облигациялық бағдарламалар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды немесе басқа тұлға туралы мәліметтер;

      15) "иә" немесе "жоқ" жазбаларын көрсете отырып, облигациялық бағдарламаны шығара отырып, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын бір мезгілде тіркеу жүргізілетіні туралы ақпарат;

      16) облигациялық бағдарламаның реттік нөмірі;

      17) ескертпе (бар болса);

      18) облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу күні;

      19) уәкілетті органның әкімшілік құжаттың немесе өтініштің нөмірі мен коды бойынша облигациялық бағдарлама шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді эмитенттің атына жіберген күні (ӘҚНМК);

      20) облигациялық бағдарламаны электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде шығару шарттары.

      18. Облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу кезінде Мемлекеттік тізілімде мынадай мәліметтер қалыптасады:

      1) эмитенттің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық және қысқартылған атауы;

      2) эмитенттің ұйымдық-құқықтық нысаны;

      3) эмитенттің БСН-і;

      4) эмитент қызметінің негізгі түрі;

      5) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің эмитенттің жарғылық капиталына қатысуы: "иә" немесе "жоқ";

      6) рейтинг туралы мәліметтер (бар болса);

      7) эмитенттің орналасқан жері (Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізіліміне енгізілген);

      8) эмитенттің нақты мекенжайы;

      9) эмитенттің пошталық мекенжайы;

      10) эмитенттің байланыс телефондарының, факс нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы;

      11) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, эмитенттің құрылу тарихы: "қосу", "бөлініп шығу", "қайта құру", "біріктіру", "бөлу" белгісімен "жаңадан құрылған", "қайта ұйымдастыру";

      12) эмитентті мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы;

      13) эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;

      14) эмитентті алғашқы мемлекеттік тіркеу күні;

      15) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның (тұлғалардың) атауы (атаулары) мен БСН көрсетіле отырып, эмитенттің қатысушылары немесе ірі акционерлері туралы мәліметтер;

      16) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетіле отырып, эмитенттің атынан облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды немесе басқа тұлға туралы мәліметтер;

      17) төлем агентінің атауы (бар болса);

      18) облигацияларды ұстаушылар өкілінің атауы (бар болса);

      19) халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN (АЙСИН) коды) туралы мәліметтер;

      20) мемлекеттік емес облигациялар түрі;

      21) номиналды құны білдірілетін валюта көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигациялардың номиналды құны;

      22) жарияланған мемлекеттік емес облигациялар саны;

      23) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының көлемі;

      24) мемлекеттік емес облигациялардың айналыс мерзімі;

      25) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, орналастыру басталған күн түрі: "мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген күннен бастап", "қор биржасында мемлекеттік емес облигациялармен алғашқы сауда-саттық жасалған күннен бастап", "мемлекеттік емес облигациялар қор биржасының листингіне енгізілген күннен бастап", "басқасы";

      26) мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру басталған күн (бар болса);

      27) болжанған өтеу күні;

      28) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигациялар бойынша сыйақы көрсеткіші: сыйақы мөлшері көрсетіле отырып "дисконт", "кірістіліктің белгіленген мөлшерлемесі", "кірістіліктің өзгермелі мөлшерлемесі", "басқасы";

      29) мемлекеттік емес облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу кезеңділігі (бар болса);

      30) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигацияларды айырбастау туралы мәліметтер: "айырбасталмайтын", "айырбасталатын" және "деректер жоқ";

      31) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигацияларды сатып алу мүмкіндігі туралы мәліметтер: "көзделген" және "көзделмеген";

      32) басталған соң эмитенттің мемлекеттік емес облигациялары бойынша дефолт жариялануы мүмкін оқиғалар;

      33) оригинатор туралы мәліметтер (арнайы қаржы компаниясының мемлекеттік емес облигациялары шығарылған кезде);

      34) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигацияларды шығару қайта құрылымдауға байланысты болатыны туралы ақпарат: "иә" немесе "жоқ";

      35) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне сәйкес мемлекеттік емес облигациялар орналастырылатын жер: "ұйымдастырылған нарық" немесе "ұйымдастырылмаған нарық";

      36) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне сәйкес мемлекеттік емес облигациялардың айналыста болу жері: "ұйымдастырылған нарық", "ұйымдастырылмаған нарық" немесе "ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтар";

      37) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигацияларды қамтамасыз ету туралы ақпарат: "мемлекеттің кепілдігімен және (немесе) кепілдемесімен қамтамасыз етілген", "үшінші тұлғаның кепілдігімен қамтамасыз етілген (мемлекеттен басқа)", "мүлік кепілімен қамтамасыз етілген", "қамтамасыз етусіз";

      38) мемлекеттік емес облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдалану мақсаты;

      39) облигациялық бағдарламаның реттік нөмірі;

      40) ескертпе (бар болса);

      41) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні;

      42) уәкілетті органның әкімшілік құжаттың немесе өтініштің нөмірі мен коды бойынша облигациялық бағдарлама шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді эмитенттің атына жіберген күні (ӘҚНМК);

      43) облигациялық бағдарлама шегінде электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде мемлекеттік емес облигацияларды шығару шарттары.

      19. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу кезінде Мемлекеттік тізілімде мынадай мәліметтер қалыптасады:

      1) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы қысқаша ақпарат;

      2) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу күні;

      3) уәкілетті органның эмитенттің атына мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді әкімшілік құжаттың тиісті нөмірі және коды немесе өтініш (ӘҚНМК) бойынша ол бар болса жіберуі туралы ақпарат;

      4) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, қазақ және орыс тілдеріндегі мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарлама) шарттары электрондық нысанда.

      20. Мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны назарға алу кезінде Мемлекеттік тізілімде мынадай мәліметтер қалыптасады:

      1) мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну күні;

      2) мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны назарға алу күні;

      3) мемлекеттік емес облигацияларды өтеу күні;

      4) ескертпе (бар болса).

      21. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымдарының күшін жою кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға құжаттарды ұсыну күні;

      2) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою күні;

      3) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою себебі: "осы шығарылымның бір де бір мемлекеттік емес облигациясы орналастырылмаған", "осы шығарылымның барлық мемлекеттік емес облигациясын эмитент бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алған", "осы шығарылымның мемлекеттік емес облигацияларының айналыс мерзімі өткен";

      4) ескертпе (бар болса).

      22. Пайлар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу кезінде Мемлекеттік тізілімде мынадай мәліметтер қалыптасады:

      1) басқарушы компанияның қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық және қысқартылған атауы;

      2) басқарушы компанияның БСН-і;

      3) басқарушы компанияның Legal Entity Identifier (Лигал Энтити Айдэнтифайер) коды (бар болса);

      4) басқарушы компания қызметінің негізгі түрі;

      5) басқарушы компанияның орналасқан жері (Ұлттық бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің тізіліміне енгізілген);

      6) басқарушы компанияның нақты мекенжайы;

      7) басқарушы компанияның пошталық мекенжайы;

      8) басқарушы компанияның байланыс телефондарының, факс нөмірлері және электрондық пошта мекенжайы;

      9) басқарушы компанияны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;

      10) басқарушы компанияны алғашқы мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;

      11) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетіле отырып, басқарушы компанияның атынан пайлар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды немесе басқа тұлға туралы мәліметтер;

      12) басқарушы компанияның бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясының нөмірі және күні;

      13) инвестициялық пай қорының қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі атауы;

      14) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, инвестициялық пай қорының түрі: "ашық", "интервалды", "жабық";

      15) халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN коды) туралы мәліметтер;

      16) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, айналыстың басталған күн түрі: "пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күнінен бастап", "қор биржасында пайлармен алғашқы сауда-саттық жасалған күннен бастап", "пайлар қор биржасының листингіне енгізілген күннен бастап", "басқасы";

      17) пайлар айналысының басталу күні (бар болса);

      18) пайларды орналастыруды бастау шарттары;

      19) пайдың номиналды құны;

      20) пайлардың номиналды құны білдірілетін валюта;

      21) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, инвестициялық пай қоры активтерінің құрамы: "жылжымайтын мүлік", "бағалы қағаздар және қаржы құралдары", "аралас активтер", "туынды қаржы құралдары", "жоғарыда аталғандардың ешқайсысы";

      22) кастодианның атауы;

      23) ескертпе (бар болса);

      24) пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні;

      25) уәкілетті органның басқарушы компанияның атына пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе өтініш (ӘҚНМК) бойынша ол бар болса жіберуі туралы ақпарат;

      26) инвестициялық пай қорының қағидалары электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде.

      23. Инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келісу кезінде Мемлекеттік тізілімде мынадай мәліметтер қалыптасады:

      1) инвестициялық пай қорының қағидаларына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы қысқаша ақпарат;

      2) инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келісу күні;

      3) уәкілетті органның басқарушы компанияға жіберген инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келісу туралы хатының нөмірі мен күні;

      4) электрондық нысанда қазақ және орыс тілдеріндегі өзгерістер және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, инвестициялық пай қорының қағидалары.

      24. Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату туралы ақпаратты қарау қорытындылары бойынша пайларды өтеу кезінде Мемлекеттік тізілімде мынадай мәліметтер қалыптасады:

      1) инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату туралы шешім қабылдау күні;

      2) пайларды өтеу күні.

      25. Шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру кезінде Мемлекеттік тізілімде мынадай мәліметтер қалыптасады:

      1) заңнамасы бойынша бағалы қағаздар шығырылымы жүзеге асырылатын мемлекеттің атауы;

      2) аумағында эмиссиялық бағалы қағаз орналастырылатын шет мемлекеттің атауы (бұл ақпарат эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат беру кезінде көрсетіледі);

      3) бағалы қағаздың түрі;

      4) шығарылым валютасы;

      5) шығарылым көлемі;

      6) бағалы қағаздар саны;

      7) номиналды құны;

      8) орналастыру бағасы;

      9) базалық активке арақатынасы (депозитарлық қолхаттарды немесе туынды бағалы қағаздарды шығару кезінде);

      10) рұқсат беру күні;

      11) ескертпе (бар болса);

      12) уәкілетті органның эмитенттің атына шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру туралы мәліметтерді әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды (ӘҚНМК) бойынша немесе өтініш жіберген күні.

      26. Исламдық бағалы қағаздар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу кезінде Мемлекеттік тізілімде мынадай мәліметтер қалыптасады:

      1) эмитенттің және оригинатордың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық және қысқартылған атауы;

      2) эмитенттің және оригинатордың ұйымдық-құқықтық нысаны;

      3) эмитенттің БСН-і;

      4) Legal Entity Identifier (Лигал Энтити Айдэнтифайер) коды;

      5) эмитент және оригинатор қызметінің негізгі түрі;

      6) эмитенттің және оригинатордың орналасқан жері (Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізіліміне енгізілген);

      7) эмитенттің нақты мекенжайы;

      8) эмитенттің пошталық мекенжайы;

      9) эмитенттің және оригинатордың байланыс телефондарының, факс нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы;

      10) эмитентті және оригинаторды мемлекеттік тіркеуді (қайта тірукеуді) жүзеге асыратын уәкілетті органның атауы;

      11) эмитентті және оригинаторды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;

      12) эмитентті және оригинаторды алғашқы мемлекеттік тіркеу күні;

      13) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның (тұлғалардың) атауы (атаулары) мен БСН көрсетіле отырып, эмитенттің ірі акционерлері туралы мәліметтер;

      14) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетіле отырып, эмитенттің атынан исламдық бағалы қағаздар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды немесе басқа тұлға және исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің уәкілетті лауазымды немесе басқа тұлға туралы мәліметтер;

      15) исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылар өкілінің атауы (бар болса);

      16) төлем агентінің атауы (бар болса);

      17) халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN (АЙСИН) коды) туралы мәліметтер;

      18) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, исламдық бағалы қағаздардың түрі: "исламдық жалдау сертификаттары", "исламдық қатысу сертификаттары", "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес исламдық бағалы қағаздар деп танылған бағалы қағаздар";

      19) жарияланған исламдық бағалы қағаздардың саны;

      20) исламдық бағалы қағаздардың номиналды құны (бар болса);

      21) исламдық бағалы қағаздардың номиналды құнының (орналастыру бағасының) валютасы;

      22) исламдық бағалы қағаздар шығарылымының көлемі;

      23) исламдық бағалы қағаздардың айналыс мерзімі (бар болса);

      24) болжанған өтеу күні;

      25) орналастырудың басталу және аяқталу күні;

      26) айналыстың басталған күні;

      27) исламдық бағалы қағаздар бойынша кірісті төлеу талаптары (бар болса);

      28) исламдық бағалы қағаздарды өтеу туралы мәліметтер: күні, тәсілі (бар болса);

      29) исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны пайдалану мақсаты;

      30) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигацияларды қамтамасыз ету туралы ақпарат: "мемлекеттің кепілдігімен және (немесе) кепілдемесімен қамтамасыз етілген", "үшінші тұлғаның кепілдігімен қамтамасыз етілген (мемлекеттен басқа)", "мүлік кепілімен қамтамасыз етілген", "қамтамасыз етусіз";

      31) ескертпе (бар болса);

      32) исламдық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні;

      33) уәкілетті органның эмитенттің атына исламдық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді әкімшілік құжаттың тиісті нөмірі мен коды (ӘҚНМК) бойынша немесе өтініш жіберген күні;

      34) қазақ және орыс тілдеріндегі исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі электрондық түрде.

      27. Исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу кезінде Мемлекеттік тізілімде мынадай мәліметтер қалыптасады:

      1) акциялар шығарылымы проспектісіне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы қысқаша ақпарат;

      2) акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу күні;

      3) уәкілетті органның эмитенттің атына исламдық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді әкімшілік құжаттың тиісті нөмірі мен коды (ӘҚНМК) бойынша немесе өтініш бар болса оны жіберуі туралы ақпарат.

      4) қазақ және орыс тілдеріндегі өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып исламдық бағалы қағаздар проспектісі электрондық түрде.

      28. Исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекіту кезінде Мемлекеттік тізілімде мынадай мәліметтер қалыптасады:

      1) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, есеп түрі: "түпкілікті" немесе "аралық";

      2) исламдық бағалы қағаздар орналастырудың есепті кезеңінің басталған күні;

      3) исламдық бағалы қағаздар орналастырудың есепті кезеңінің аяқталған күні;

      4) исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті ұсыну күні;

      5) исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту күні;

      6) есепті кезеңде орналастырылған исламдық бағалы қағаздардың саны;

      7) есепті кезеңде тартылған қаражат сомасы;

      8) есепті кезең аяқталған күні сатып алынған исламдық бағалы қағаздардың саны;

      9) исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылар туралы мәліметтер;

      10) андеррайтердың атауы (бар болса);

      11) оригинатордың атауы (бар болса);

      12) ескертпе (бар болса).

      29. Исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы есептерді бекіту кезінде Мемлекеттік тізілімде мынадай мәліметтер қалыптасады:

      1) исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы есепті ұсыну күні;

      2) исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту күні;

      3) исламдық бағалы қағаздарды өтеу күні;

      4) мерзімінен бұрын өтелген исламдық бағалы қағаздардың саны;

      5) оригинатор исламдық бағалы қағаздарды өтеу үшін эмитентке аударған ақша сомасы (бар болса);

      6) исламдық бағалы қағаздарды өтеу үшін резервтік қордан тартылған ақша сомасы (бар болса);

      7) исламдық бағалы қағаздар бойынша төленген кірістің жинақтық мөлшері;

      8) исламдық бағалы қағаздарды өтеу сомасы;

      9) ескертпе (бар болса).

      30. Исламдық бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жою кезінде Мемлекеттік тізілімде мынадай мәліметтер қалыптасады:

      1) исламдық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жоюға құжаттарды ұсыну күні;

      2) исламдық бағалы қағаздар шығарылымының күші жойылған күн;

      3) исламдық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою себебі;

      4) ескертпе (бар болса).

      31. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу кезінде Мемлекеттік тізілімде мынадай мәліметтер қалыптасады:

      1) эмитенттің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық және қысқартылған атауы;

      2) эмитенттің ұйымдық-құқықтық нысаны;

      3) эмитенттің БСН-і;

      4) эмитенттің орналасқан жері (Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізіліміне енгізілген);

      5) эмитентті мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы;

      6) эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;

      7) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетіле отырып, қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу үшін эмитенттің атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды немесе өзге тұлға туралы мәліметтер;

      8) халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN (АЙСИН) коды) туралы мәліметтер;

      9) жарияланған қазақстан депозитарлық қолхаттарының саны;

      10) бір қазақстан депозитарлық қолхатына шаққандағы бағалы қағаздардың саны;

      11) қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздар эмитентінің атауы;

      12) қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздар эмитентінің орналасқан елі;

      13) қазақстан депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздың атауы, халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) туралы мәліметтер (бар болса);

      14) қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды өтеу күні (бар болса);

      15) мынадай: "тіркелген кірістілік мөлшерлемесі", "өзгермелі кірістілік мөлшерлемесі", "дисконт" (бар болса) жазбаларының бірін көрсете отырып, қазақстан депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздар сыйақысының түрі;

      16) қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша дивидендтердің мөлшері немесе сыйақы мөлшерлемесі (бар болса);

      17) қазақстан депозитарлық қолхаттары құнының валютасы;

      18) қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алуды және растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент- ұйымының атауы;

      19) листинг санатын көрсете отырып, қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың листингі жүргізілген қор биржасының атауы (бар болса);

      20) қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні;

      21) қазақстандық депозитарлық қолхаттар шығарылымының электрондық нысанда қазақ және орыс тілдеріндегі проспектісі;

      22) ескертпе (бар болса).

      32. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекіту кезінде Мемлекеттік тізілімде мынадай мәліметтер қалыптасады:

      1) мынадай: "түпкілікті" немесе "аралық" жазбаларының бірін көрсете отырып, қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру қорытындылары туралы есеп түрі;

      2) қазақстан депозитарлық қолхаттарды орналастырудың есепті кезеңінің басталған күні;

      3) қазақстан депозитарлық қолхаттарды орналастырудың есепті кезеңінің аяқталған күні;

      4) қазақстан депозитарлық қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есепті ұсыну күні;

      5) қазақстан депозитарлық қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту күні;

      6) қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастырудың есепті кезеңінің аяқталу күніне орналастырылған қазақстан депозитарлық қолхаттардың саны;

      7) қазақстан депозитарлық қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы электрондық нысанда қазақ және орыс тілдеріндегі есеп.

      33. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтеу қорытындылары туралы есептерді бекіту кезінде Мемлекеттік тізілімде мынадай мәліметтер қалыптасады:

      1) қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтеу қорытындылары туралы есепті ұсыну күні;

      2) қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтеу күні;

      3) қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту күні;

      4) есепті кезеңнің аяқталу күніне өтелген қазақстан депозитарлық қолхаттарының саны;

      5) айналым басталған күннен бастап өтелген қазақстан депозитарлық қолхаттарының жалпы саны;

      6) ескертпе (бар болса).

      34. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру және жаңарту кезінде Мемлекеттік тізілімде мынадай мәліметтер қалыптасады:

      1) уәкілетті органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешімінің күні мен нөмірі;

      2) мынадай: "қоғамның акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті ұсынбауы", "акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепте көрсетілген мәліметтердің жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттарға сәйкес келмеуінің болуы", "эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және өтеу талаптарын бұзу", "сыйақы төлеу немесе бұрын шығарылған облигацияларды өтеу жөніндегі міндеттемелерді уақтылы орындамау немесе орындамау фактілерінің болуы" жазбаларының бірін көрсете отырып, акцияларды орналастыруды тоқтата тұру себебі;

      3) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру күні;

      4) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру мерзімінің өту күні немесе ол басталғанда тоқтата тұру мерзімі аяқталатын оқиға (бар болса);

      5) уәкілетті органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды жаңарту туралы хабарламасының күні мен нөмірі;

      6) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды жаңарту күні;

      7) ескертпе (бар болса).

      35. Эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысын тоқтата тұру және жаңарту кезінде Мемлекеттік тізілімде мынадай мәліметтер қалыптасады:

      1) эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысын тоқтата тұру туралы шешімнің күні мен нөмірі;

      2) мынадай: "мемлекеттік емес облигацияларды сатып алу процесінде инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін белгілейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылған" немесе "мемлекеттік емес облигациялармен мәмілелер жасасу талаптары мен тәртібін белгілейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылған" жазбалардың бірін көрсете отырып, мемлекеттік емес облигациялардың айналысын тоқтата тұру себебі;

      3) эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысын тоқтата тұру күні;

      4) мемлекеттік емес облигациялардың айналысын жаңартудың белгіленген күні;

      5) эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысын тоқтата тұру мерзімінің өту күні немесе ол басталғанда тоқтата тұру мерзімі аяқталатын оқиға (бар болса);

      6) уәкілетті органның эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысын жаңарту туралы хабарламасының күні мен нөмірі;

      7) эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысын жаңарту күні;

      8) ескертпе (бар болса).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады