Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 282 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 қаңтарда № 14671 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 201 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 201 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті (Хаджиева М.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына оны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
Басқармасының
2016 жылғы 28 қарашадағы
№ 282 қаулысымен
бекітілген

Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары

      1. Осы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) жүргізу талаптары мен тәртібін анықтайды.

      2. Мемлекеттік тізілімді жүргізу электрондық нысанда жүзеге асырылады.

      3. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды, эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектілеріне өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есептерді, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептерге өзгерістер мен толықтыруларды қарау және бекіту, эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жою және олардың эмитенттері, шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсаттар беру туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару, эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік тіркелген, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есеп, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістер мен толықтырулар қаралған және бекітілген, эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы жойылған, шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Мемлекеттік тізілімге енгізеді.

      4. Мәліметтер Мемлекеттік тізілімге:

      1) бағалы қағаздар эмитенттері бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды, эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуге, эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есепті, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістер мен толықтыруларды қарауға және бекітуге, эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жоюға, шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат алуға табыс еткен құжаттардағы деректердің;

      2) уәкілетті органның эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды, эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есепті, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістер мен толықтыруларды бекіту, эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жою, шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру туралы шешімінің;

      3) уәкілетті органның мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды және туынды бағалы қағаздарды орналастыруды және айналысын тоқта тұр және қайта жаңарту туралы шешімінің;

      4) уәкілетті органның сот не сот орындаушылары жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану немесе акционерлік қоғамын мәжбүрлеп тарату туралы заң күшіне енген сот шешімін берген жағдайда акциялар шығарылымын жою туралы шешімінің;

      5) уәкілетті органның акционерлік қоғамдардың акциялары шығарылымын жою туралы шешімінің, Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі тарату немесе қайта ұйымдастыру (басқа заңды тұлғаның осы акционерлік қоғамына біріктіру немесе осы акционерлік қоғамнан жаңа акционерлік қоғамды бөліп шығару жағдайларды қоспағанда) туралы мәліметтердің;

      6) уәкілетті органның Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде таратылуы қамтылған эмитенттің облигациялар шығарылымын жою туралы шешімінің;

      7) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар және туынды бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану туралы сот шешімінің негізінде енгізіледі.

      5. Мемлекеттік тізілім:

      1) акциялар тізілімінен;

      2) облигациялар тізілімінен;

      3) пайлар тізілімінен;

      4) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар тізілімінен;

      5) ислам бағалы қағаздары тізілімінен;

      6) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарға берілген ұлттық сәйкестендiру нөмiрлерiнің журналынан;

      7) шет мемлекеттің аумағында Қазақстан Республикасының резиденттері ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға және (немесе) орналастыруға берілген рұқсаттар журналынан тұрады.

      6. Акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеу кезінде акциялар тізіліміне мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) эмитенттің атауы;

      2) эмитенттің ұйымдық-құқықтық нысаны;

      3) эмитенттің мәртебесі (қаржы агенттігі);

      4) эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      5) эмитент қызметінің түрі;

      6) "Шетелдің қатысуынсыз" немесе "Шетелдің қатысуымен" жазбаларының біреуі көрсетілген Қазақстан Республикасының резидент еместерінің эмитенттің жарғылық капиталына қатысуы;

      7) "Мемлекеттің үлесі жоқ", "Мемлекеттің үлесі бар" жазбаларының біреуі көрсетілген эмитенттің жарғылық капиталында мемлекеттік үлестің болуы;

      8) "Иә" немесе "Жоқ" жазбаларының біреуін көрсете отырып, ұйымның коммерциялық немесе коммерциялық емес нысаны туралы ақпаратты ұсыну;

      9) эмитенттің мекенжайы (Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген);

      10) эмитенттің байланыс телефондарының, факстың нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы;

      11) "жаңадан құрылған", "біріктіру", "бөлініп шығу", "қайта құру", "бірігу", "бөліну" немесе "басқасы" жазбаларының біреуі көрсетілген эмитенттің құрылу тарихы;

      12) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы;

      13) эмитенттің мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні ("кк.аа.жж." форматында);

      14) эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі;

      15) акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеу күні ("жж.кк.аа." форматында);

      16) жарғылық капиталдың мөлшері;

      17) "акциялардың басқа түріне ауыстыру мүмкіндігісіз жай акциялар", "акциялардың басқа түріне ауыстыру мүмкіндігімен жай акциялар", "акциялардың басқа түріне ауыстыру мүмкіндігісіз артықшылықты акциялар", "акциялардың басқа түріне ауыстыру мүмкіндігімен артықшылықты акциялар" жазбаларының бiреуi көрсетiлген акциялардың түрi;

      18) акционерлік қоғам құрылтайшыларының арасында орналастырылатын акциялардың номиналды құны;

      19) жарияланған акциялардың түрлері бойынша саны;

      20) артықшылықты акциялар бойынша кепілдік берілген дивидендттің мөлшері;

      21) акциялардың түрлері бойынша ұлттық сәйкестендiру нөмiрi;

      22) эмитенттің лауазымды тұлғалары туралы мәліметтер;

      23) төлем агентінің атауы (бар болса);

      24) тіркеушінің атауы;

      25) эмитенттің қаржылық есептілігі аудитін жүзеге асырған аудиторлық ұйымның атауы;

      26) акциялар орналастырудың есепті кезеңінің басталған күні ("жж.кк.аа." форматында);

      27) "Орналастырылатын", "Толық орналастырылған", "Орналастыру тоқтатылған" жазбаларының біреуі көрсетілетін эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру жағдайы;

      28) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару және оның эмитенті бойынша ескерту (бар болса).

      Акциялар шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу кезінде мұндай мәліметтер акциялар шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар тіркелген күнін көрсете отырып, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты акциялар тізіліміне енгізіледі.

      7. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау және бекіту кезінде акциялар тізіліміне мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) акциялар орналастырудың есепті кезеңінің басталған күні ("кк.аа.жж." форматында);

      2) акциялар орналастырудың есепті кезеңінің аяқталған күні ("жж.кк.аа." форматында);

      3) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуге ұсыну күні ("жж.кк.аа." форматында);

      4) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің бекітілген күні ("жж.кк.аа." форматында);

      5) акцияларды түрлері бойынша орналастырудың есепті кезеңінің аяқталған күні орналастырылған акциялар саны;

      6) эмитенттің дауыс беретін акцияларының жалпы санына оларға тиесілі дауыс беретін акциялардың пайыздық арақатынасын көрсете отырып, ірі акционерлер.

      8. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде акциялар тізілімінде мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күні;

      2) орналастырылған акциялардың (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) жалпы санынан он немесе одан көп пайызға ие акционерлер;

      3) акциялар туралы мәліметтер:

      жай және артықшылықты акциялардың санын көрсете отырып, жарияланған акциялардың жалпы саны;

      ұлғаюға тиіс орналастырылған акциялардың саны (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде), олардың санын ұлғайту тәртібі;

      айырбасталуға тиіс акциялардың саны және айырбасталуға тиіс емес акциялардың саны, орналастырылған акцияларды айырбастау тәртібі.

      9. Акциялар шығарылымын жою кезінде акциялар тізіліміне мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) акциялар шығарылымын жоюға құжаттарды ұсыну күні ("жж.кк.аа." форматында);

      2) құжаттардың түпнұсқаларын қайтару күні ("жж.кк.аа." форматында);

      3) акциялар шығарылымын жою күні ("жж.кк.аа." форматында);

      4) акциялар жойылған сома;

      5) жойылған акциялардың саны;

      6) акциялар шығарылымын жою себебі;

      7) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жоюға ескерту (бар болса).

      10. Облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу кезінде акциялар тізіліміне мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) эмитенттің атауы;

      2) эмитенттің ұйымдық-құқықтық нысаны;

      3) эмитенттің мәртебесі (қаржы агенттігі);

      4) эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      5) эмитент қызметінің түрі;

      6) "Шетелдің қатысуынсыз" немесе "Шетелдің қатысуымен" жазбаларының біреуі көрсетілген Қазақстан Республикасының резидент еместерінің эмитенттің жарғылық капиталына қатысуы;

      7) "Мемлекеттің үлесі жоқ", "Мемлекеттің үлесі бар" жазбаларының біреуі көрсетілген эмитенттің жарғылық капиталында мемлекеттік үлестің болуы;

      8) эмитенттің мекенжайы (Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген);

      9) эмитенттің байланыс телефондарының, факстың нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы;

      10) "жаңадан құрылған", "қосылу", "бөлініп шығу", "қайта құру", "бірігу", "бөліну" немесе "басқасы" жазбаларының біреуі көрсетілген эмитенттің құрылу тарихы;

      11) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы;

      12) эмитенттің мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні ("жж.кк.аа." форматында);

      13) эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі;

      14) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды тіркеу күні ("жж.кк.аа." форматында);

      15) эмитенттің лауазымды тұлғалары туралы мәліметтер;

      16) облигациялар ұстаушылар өкілінің атауы;

      17) төлем агентінің атауы (бар болса);

      18) тіркеушінің атауы;

      19) эмитенттің қаржылық есептілігі аудитін жүзеге асырған аудиторлық ұйымның атауы;

      20) "Орналастырылатын", "Толық орналастырылған", "Орналастыру тоқтатылған" жазбаларының біреуі көрсетілген эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру жағдайы;

      21) "агенттiк облигациялар", "қамтамасыз етілмеген дисконттық облигациялар", "дисконттық индекстелген облигациялар", "қамтамасыз етілген дисконттық облигациялар", "инфрақұрылымдық облигациялар", "ипотекалық облигациялар", "купондық индекстелген облигациялар", "қамтамасыз етілмеген купондық облигациялар", "қамтамасыз етілген купондық облигациялар", "реттелген дисконттық облигациялар" және "реттелген купондық облигациялар" жазбаларының бiреуi көрсетiлген облигациялардың түрi;

      22) облигациялардың номиналды құны;

      23) облигациялардың саны;

      24) облигациялар шығарылымының көлемі;

      25) облигациялар айналысының мерзімі;

      26) облигациялардың ұлттық сәйкестендiру нөмiрi;

      27) "Құжатсыздандырылған" немесе "Құжаттандырылған" жазбаларының бiреуi көрсетiлген облигацияларды шығару нысаны;

      28) облигациялар бойынша купондық сыйақының мөлшері;

      29) "айырбасталмайтын", "айырбасталатын" және "деректері жоқ" жазбаларының біреуін көрсете отырып, облигацияларды айырбастау мүмкіндігі;

      30) "көзделген" және "көзделмеген" жазбаларының біреуін көрсете отырып, облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі туралы мәліметтер;

      31) "көзделген" және "көзделмеген" жазбаларының біреуін көрсете отырып, облигацияларды сатып алу мүмкіндігі туралы мәліметтер;

      32) басталуынан облигациялар бойынша дефолт жариялануы мүмкін оқиғалар;

      33) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару және оның эмитенті бойынша ескерту (бар болса).

      Облигациялар шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу кезінде мұндай мәліметтер облигациялар шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар тіркелген күнін көрсете отырып, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты облигациялар тізіліміне енгізіледі.

      11. Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау және бекіту кезінде облигациялар тізіліміне мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуге ұсыну күні ("жж.кк.аа." форматында);

      2) облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің бекітілген күні ("жж.кк.аа." форматында);

      3) облигациялар орналастырудың есепті кезеңінің басталған күні ("жж.кк.аа." форматында);

      4) акциялар орналастырудың есепті кезеңінің аяқталған күні ("жж.кк.аа." форматында);

      5) есепті кезеңде орналастырылған облигациялардың саны;

      6) облигациялар орналастырудың басталған күнінен бастап орналастырылған облигациялардың саны;

      7) есепті кезеңде тартылған қаражат көлемі;

      8) есепті кезең аяқталған күні сатып алынған облигациялар саны;

      9) облигациялар орналастыруды өткізу орны (ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған).

      12. Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті қарау және бекіту кезінде облигациялар тізіліміне мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті бекітуге ұсыну күні ("жж.кк.аа." форматында);

      2) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептің бекітілген күні ("жж.кк.аа." форматында);

      3) облигацияларды өтеу күні;

      4) облигацияларды өтеу көлемі.

      13. Облигациялар шығарылымын жою кезінде облигациялар тізіліміне мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) облигациялар шығарылымын жоюға құжаттарды ұсыну күні ("жж.кк.аа." форматында);

      2) құжаттардың түпнұсқаларын қайтару күні ("жж.кк.аа." форматында);

      3) облигациялар шығарылымын жою күні ("жж.кк.аа." форматында);

      4) облигациялар шығарылымын жою себебі;

      5) облигациялар шығарылымын жоюға ескерту (бар болса).

      14. Пайлар шығаруды мемлекеттік тіркеу кезінде пайлар тізіліміне мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды тіркеу күні ("жж.кк.аа." форматында);

      2) инвестициялық пай қорының атауы;

      3) инвестициялық пай қорының түрі;

      4) басқарушы компанияның атауы;

      5) басқарушы компанияның мекенжайы (Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген);

      6) басқарушы компанияның бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      7) "иә" немесе "жоқ" жазбаларының біреуін көрсете отырып, пайлар айналысы мерзімінің болуы туралы мәліметтер;

      8) пайлар айналысының мерзімі (бар болса);

      9) бастапқы орналастырылатын пайлардың номиналды құны;

      10) тіркеушінің атауы;

      11) кастодианның атауы;

      12) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару және оның эмитенті бойынша ескерту (бар болса).

      Пайлар шығару қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды келісу кезінде мұндай мәліметтер пайлар шығару қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар келісілген күнін көрсете отырып, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты пайлар тізіліміне енгізіледі.

      15. Пайларды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау және бекіту кезінде пайлар тізіліміне мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) пайларды орналастыру қорытындылары туралы есептің бекітілген күні ("жж.кк.аа." форматында);

      2) пайлар орналастырудың есепті кезеңінің басталған күні ("жж.кк.аа." форматында);

      3) пайлар орналастырудың есепті кезеңінің аяқталған күні ("жж.кк.аа." форматында);

      4) пайларды орналастыру қорытындылары туралы есепті ұсыну күні ("жж.кк.аа." форматында);

      5) орналастырылған пайлардың жалпы санында пайлардың меншік иелерінің әрбір санатына тиесілі үлесті көрсете отырып, пайлардың меншік иелерінің санаттары бойынша пайлардың меншік иелері туралы мәліметтер;

      6) пайлар орналастырудың аяқталған күні инвестициялық пай қорының таза активтерінің құны.

      16. Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату туралы ақпаратты назарға алу кезінде пайлар тізіліміне мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату туралы шешім қабылданған күні ("жж.кк.аа." форматында);

      2) инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату туралы ақпаратты назарға алу күні ("жж.кк.аа." форматында).

      17. Қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар шығаруды мемлекеттік тіркеу кезінде қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар тізіліміне мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) эмитенттің атауы;

      2) эмитенттің ұйымдық-құқықтық нысаны;

      3) эмитенттің мекенжайы (Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген);

      4) эмитенттің байланыс телефондарының, факстың нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы;

      5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы;

      6) эмитенттің мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні ("жж.кк.аа." форматында);

      7) эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі;

      8) эмитенттің лауазымды тұлғалары туралы мәліметтер;

      9) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар саны;

      10) бір қазақстандық депозитарийлiк қолхатқа келетін бағалы қағаздардың саны;

      11) қазақстандық депозитарийлiк қолхатты орналастыру бағасы;

      12) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттың айналыс мерзімі;

      13) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың негізгі активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздар эмитентінің атауы;

      14) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың негізгі активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздар эмитентінің орналасқан елі;

      15) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың негізгі активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздар эмитентінің орналасқан жері;

      16) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың негізгі активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздар эмитентінің ұйымдық-құқықтық нысаны;

      17) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың негізгі активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенті қызметінің түрі;

      18) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың негізгі активі болып табылатын бағалы қағаздардың түрі, типі, санаты, сәйкестендіру нөмірі;

      19) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың негізгі активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың айналыс мерзімі;

      20) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың негізгі активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуды және олар бойынша құқықты растауын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидентi емес ұйымның атауы;

      21) листинг санатын көрсете отырып, қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың негізгі активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың листингі жүргізілген сауда-саттықты ұйымдастырушының атауы;

      22) андеррайтердің атауы;

      23) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару және олардың эмитенті бойынша ескерту (бар болса).

      18. Қазақстандық депозитарийлiк қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау кезінде қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар тізіліміне мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау үшін ұсыну күні ("жж.кк.аа." форматында);

      2) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау күні ("жж.кк.аа." форматында);

      3) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар орналастырудың есепті кезеңінің басталған күні ("жж.кк.аа." форматында);

      4) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар орналастырудың есепті кезеңінің аяқталған күні ("жж.кк.аа." форматында);

      5) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар орналастырудың есепті кезеңінің аяқталған күні орналастырылған қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың саны;

      6) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар ұстаушылардың саны.

      19. Қазақстандық депозитарийлiк қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есепті қарау кезінде қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар тізіліміне мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есепті қарауға ұсыну күні ("жж.кк.аа." форматында);

      2) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттарды өтеудің аяқталған күні (есепті күн) ("жж.кк.аа." форматында);

      3) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есепті қарау күні ("жж.кк.аа." форматында).

      20. Ислам бағалы қағаздарын шығаруды мемлекеттік тіркеу кезінде ислам бағалы қағаздары тізіліміне мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) эмитенттің және оригинатордың атауы;

      2) эмитенттің және оригинатордың ұйымдық-құқықтық нысаны;

      3) эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      4) эмитент және оригинатор қызметінің түрі;

      5) эмитенттің және оригинатордың мекенжайы (Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген);

      6) эмитенттің және оригинатордың байланыс телефондарының, факстың нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы;

      7) эмитентті және оригинаторды мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы;

      8) эмитенттің және оригинатордың мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні ("жж.кк.аа." форматында);

      9) эмитентті және оригинаторды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі;

      10) ислам бағалы қағаздарын шығаруды мемлекеттік тіркеу күні ("жж.кк.аа." форматында);

      11) эмитенттің лауазымды тұлғалары туралы мәліметтер;

      12) ислам бағалы қағаздарын ұстаушы өкілінің атауы;

      13) төлем агентінің атауы (бар болса);

      14) тіркеушінің атауы;

      15) эмитенттің қаржылық есептілігі аудитін жүзеге асырған аудиторлық ұйымның атауы;

      16) "исламдық жалдау сертификаттары" немесе "исламдық қатысу сертификаттары" жазбаларының біреуі көрсетілетін ислам бағалы қағаздарының түрі;

      17) ислам бағалы қағаздарының номиналды құны (бар болса);

      18) ислам бағалы қағаздары шығарылымының көлемі;

      19) ислам бағалы қағаздарының айналыс мерзімі;

      20) ислам бағалы қағаздары бойынша кіріс мөлшері;

      21) ислам бағалы қағаздары бойынша кіріс төлеу кезеңділігі;

      22) ислам бағалы қағаздарын өтеу туралы мәліметтер;

      23) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару және олардың эмитенті бойынша ескерту (бар болса).

      21. Ислам бағалы қағаздарын орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау және бекіту кезінде ислам бағалы қағаздары тізіліміне мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) ислам бағалы қағаздарын орналастыру қорытындылары туралы есептің бекітілген күні ("жж.кк.аа." форматында);

      2) ислам бағалы қағаздарын орналастырудың есепті кезеңі басталған күні ("жж.кк.аа." форматында);

      3) ислам бағалы қағаздарын орналастырудың есепті кезеңі аяқталған күні ("жж.кк.аа." форматында);

      4) ислам бағалы қағаздарын орналастыру қорытындылары туралы есепті ұсыну күні ("жж.кк.аа." форматында);

      5) эмиссиялық бағалы қағаздарын орналастыру қорытындылары туралы есептің бекітілген күні орналастырылған ислам бағалы қағаздарының саны.

      22. Ислам бағалы қағаздарын өтеу қорытындылары туралы есепті қарау және бекіту кезінде ислам бағалы қағаздары тізіліміне мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) ислам бағалы қағаздарын өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту үшін ұсыну күні ("жж.кк.аа." форматында);

      2) ислам бағалы қағаздарын өтеу қорытындылары туралы есептің бекітілген күні ("жж.кк.аа." форматында).

      23. Ислам бағалы қағаздары шығарылымын жою кезінде ислам бағалы қағаздары тізіліміне мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) ислам бағалы қағаздары шығарылымын жоюға құжаттарды ұсыну күні ("жж.кк.аа." форматында);

      2) құжаттардың түпнұсқаларын қайтару күні ("жж.кк.аа." форматында);

      3) ислам бағалы қағаздары шығарылымын жою күні ("жж.кк.аа." форматында);

      4) құжаттардың түпнұсқаларын қайтару күні ("жж.кк.аа." форматында);

      5) ислам бағалы қағаздары шығарылымын жою себебі;

      6) ислам бағалы қағаздары шығарылымын жоюға ескерту (бар болса).

      24. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарға берілген ұлттық сәйкестендiру нөмiрлерiнің журналына мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) эмитенттің атауы;

      2) мемлекеттік бағалы қағаздың түрі;

      3) шығарылым валютасы;

      4) мемлекеттік бағалы қағаздың айналыс мерзімі;

      5) мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының реттік нөмірі;

      6) мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырудың болжанған күні;

      7) орналастыру көлемі;

      8) мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу күні.

      25. Шет мемлекеттің аумағында Қазақстан Республикасының резиденттері емес ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға және (немесе) орналастыруға берілген рұқсаттар журналына мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) эмитенттің атауы;

      2) аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру жүзеге асырылатын мемлекеттің (мемлекеттердің) атауы;

      3) эмиссиялық бағалы қағаздың түрі;

      4) эмиссиялық бағалы қағаздардың саны;

      5) эмиссиялық бағалы қағаздың номиналды құны;

      6) шет мемлекеттің аумағында Қазақстан Республикасының резиденттері ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсаттар беру күні.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
Басқармасының
2016 жылғы 28 қарашадағы
№ 282 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы № 382 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2574 тіркелген, 2004 жылғы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде, № 1-4, 908-құжат жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы № 382 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 76 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4198 тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген, 2007 жылғы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 5-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 тіркелген, 2010 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, № 14 жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар тiзбесiнің 3-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады