"Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 656 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 қыркүйекте № 17420 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген, 2015 жылы 15 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) (бұдан әрі – тапсырыс беруші) қызметін және негізгі функцияларын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      Жобалау және құрылыс жұмыстарын орындау кезінде тапсырыс берушінің нақты міндеттері тараптардың келісімімен айқындалады.

      Құрылысқа қатысу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшаларын тарту есебінен, объектілердің құрылысын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде тапсырыс берушінің функциялары "Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі.";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) салынған объектіні пайдалануға қабылдау және объектіні қабылдау актісін бекіту;";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Инвестициялық жобаларды іске асыру процесінде тапсырыс берушінің негізгі функциялары";

      11-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) мердігерге белгіленген тәртіпте:

      онымен келісілген мерзімде жер учаскесіне құқық белгілейтін құжатты және осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларына сәйкес тиісті ұйымдардан алынған рұқсатты;

      геодезиялық бөлу негізінің құрамында: құрылыс торын, қызыл сызықтарды, ғимараттың (құрылыстың) габаритін анықтайтын бас бөлу остерін, биік қада белгін, инженерлік коммуникациялардың, автожолдардың, электрмен жабдықтау желілерінің, байланыс, су құбыры, кәріз, жылу беру, газдандыру трассаларының бас остерін, ресімделген құрылыс үшін геодезиялық бөлу негіздерін қабылдау актісін;

      бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы және құрылысқа қажетті құрылыс өндірісін ұйымдастыру бойынша нормативтік-техникалық құжаттармен регламенттелген басқа да құжаттарды береді.

      Бұл ретте, мердігер өз күшімен не мамандандырылған ұйымды тарта отырып, жұмыстарды жүргізу жобасын (бұдан әрі – ЖЖЖ) әзірлейді. Жұмыстарды жүргізу жобасында (ЖЖЖ) әзірленетін негізгі құжаттардың құрамы осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген. ЖЖЖ жалпы объектінің құрылысына әзірленеді және жұмыстардың жеке түрлерін орындау жобаларынан тұрады;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік жоспарын, кестелерін сақтай отырып құрылысты жалпы жүргізуді, бақылауды және объект құрылысының мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;";

      12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бухгалтерлiк және статистикалық есепке алуды ұйымдастырады және жүргiзедi, сондай-ақ:

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес орындалатын жұмыстарды (базистік-индекстік әдіс бойынша) қабылдау актісіне;

      осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес орындалатын жұмыстарды (ресурстық әдіс бойынша) қабылдау актісіне;

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес орындалған құрылыс жұмыстары (базистік-индекстік әдіс бойынша) мен шығындар құны туралы анықтамаға;

      осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес орындалған құрылыс жұмыстары (ресурстық әдіс бойынша) мен шығындар құны туралы анықтамаға қол қояды.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мердігерден (бас мердігерден) объектіні пайдалануға қабылдаудың дайындығы туралы хабарламаны және атқарушылық құжаттаманың жиынтығын алған тапсырыс беруші Заңның 11-тарауына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдауды жүзеге асырады:

      1) объектінің дайындығын кешенді тексеруді ұйымдастырады;

      2) сынақтан өткізу және қабылдау кезінде объектінің пайдалану режимін анықтайды;

      3) қажет болған жағдайда объектіде іске қосу-жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз етеді;

      4) мердігерден, техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдардан қол қойылған, "Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 235 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15150 болып тіркелген) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындыны, орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындыны және сәйкестік туралы декларацияны сұратады;

      5) сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытынды негізінде мердігермен, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын адамдармен бірге атқарушылық техникалық құжаттаманы болуы және жинақтылығы (оның ішінде инженерлік-геодезиялық іздестірулер (атқарушылық түсірілім)) мәніне тексереді, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысаны бойынша объектіні тексереді және пайдалануға қабылдайды.

      Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiне осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар негізінде тапсырыс берушi, мердiгер (бас мердiгер), техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдар қол қояды.

      Салынған объектiнi пайдалануға қабылдауды Заңның 74-бабында және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16165 болып тіркелген) бекітілген Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларында, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанында көзделген жағдайларда меншiк иесi (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) өздігінен жүргiзедi.

      6) бекiтiлген жобалық шешiмдердi және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтердi бұзушылықтар анықталған жағдайда, сондай-ақ терiс қорытындылар болған кезде тапсырыс берушi объектiнi мердiгер (бас мердiгер) бұзушылықтарды жойғаннан кейiн пайдалануға қабылдайды.

      Объектiнiң пайдалануға жарамсыздығы немесе құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасыз орындалғаны туралы авторлық және (немесе) техникалық қадағалау қорытындысын алған кезде тапсырыс беруші тиісті мемлекеттік органдарға бұзушылықтарға жол берген құрылысқа қатысушыларды жауапқа тарту үшін жүгінеді, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес шаралар қабылдайды;

      7) объектіні пайдалануға қабылдау актісін бекітеді.

      Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылған күн оның бекітілген күні және объектінің пайдалануға берілген күні деп есептеледі.

      Объектіні пайдалануға берген күннен бастап объектіні күтіп-ұстауға байланысты шығыстарды тапсырыс беруші көтереді;

      8) объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілгеннен кейін бір күн ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" акционерлік қоғамына объектінің техникалық сипаттамаларын және осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін жібереді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Объектіні пайдаланудың кепілдік мерзімі ішінде тапсырыс беруші мердігермен және пайдаланушы ұйыммен бірігіп объектіні тексеруге қатысады және ақаулар тиісінше пайдаланбау салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, анықталған ақауларды мердігердің немесе оның есебінен жоюды қамтамасыз етеді.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Тапсырыс берушінің жобаны басқару бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын тұлғамен өзара іс-қимылы";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 19 қыркүйектегі"
№ 656 бұйрығына
1-қосымша
  Тапсырыс берушінің
(құрылыс салушының)
қызметі ұйымдастырудың
және функцияларын жүзеге
асыру қағидаларына
1-қосымша

Құрылысты ұйымдастыру жобасында (ҚҰЖ) әзірленетін негізгі құжаттар құрамы

      1. Құрылыстың күнтізбелік (объектілі) жоспары, онда негізгі және қосалқы ғимараттар мен құрылыстарды салу мерзімдері мен кезектілігі, күрделі салымдарды және құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемдерін бөлу айқындалады.

      2. Құрылыстың бас жоспары, онда тұрақты және уақытша ғимараттар мен құрылыстардың, жолдардың, инженерлік желілердің орналасқан жері, электр энергиясы, су, жылу, бу көздерін көрсете отырып, қолданыстағы желілерге уақытша инженерлік коммуникацияларды қосу, сондай-ақ қойма алаңдарын, негізгі монтаждау крандарын және басқа механикаландырылған қондырғыларды, тарату желілерінің бөлу белгілерін, ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру орындары көрсетілген.

      Егер ұйымдастыру-техникалық шешімдері құрылыс алаңымен жанасатын аумақты қамтитын болса, онда материалдық-техникалық база кәсіпорны, карьерлер, тұрғын кенттері, сыртқы жолдар (олардың ұзындығын және өткізу қабілеттілігін көрсете отырып), темір жолдар, жанасу станциялары, теңіз, өзен айлақтары, байланыс желілер, электр желілер, ағашты кесу және басқа бар объектілер көрсетілген құрылыстың бас жоспарынан басқа, ахуалдық жоспар әзірленеді.

      3. Ғимараттар мен құрылыстарды салудың оңтайлы жүйелілігін анықтайтын ұйымдастырушылық-технологиялық схемалар.

      4. Негізгі құрылыс-монтаждау және арнайы жұмыстар көлемдерінің ведомосі.

      5. Негізгі құрылыс ресурстарын сатып алу/жабдықтау (пунктер, дайындаушы кәсіпорындар, жеткізушілері) көздерін көрсете отырып, уақыты бойынша күнтізбелік (объектілі) жоспардың графикалық бөлімімен үйлестірілген құрылыс конструкциялары, бұйымдар, материалдар мен жабдықтар қажеттілігінің ведомосі.

      6. Уақыты бойынша күнтізбелік (объектілі) жоспардың графикалық бөлімімен үйлестірілген негізгі құрылыс машиналары және көлік құралдары қажеттілігінің кестесі.

      7. Уақыты бойынша күнтізбелік (объектілі) жоспардың графикалық бөлімімен үйлестірілген құрылыс кадрлары қажеттілігінің кестесі.

      8. Түсіндірме жазба, онда құрылыс жағдайларының сипаттамасымен қатар, жұмыс жүргізу және оларды қоса атқару, оның ішінде қысқы жағдайдағы маусымдық сипатта вахталық әдіспен орындалатын жұмыс әдістері негізделеді. Еңбекті қорғау, қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар көзделеді. Негізгі құрылыс машиналары және механизмдері, көлік құралдары, электр энергиясы, бу, су, оттегі, қысылған ауа қажеттілігіне негізделеді.

      Кадрлардың, тұрғын үйлердің, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетудің қажеттілігі, құрылыстың ұзақтығы негізделеді.

      Құрылысты ұйымдастыру жобасында мынадай техникалық-экономикалық көрсеткіштер келтіріледі:

      құрылыстың, оның ішінде дайындық кезеңінің және жабдықтарды монтаждау кезеңінің жалпы ұзақтығы (аймен);

      жұмыскерлердің ең көп саны;

      ірілендірілген нормалар бойынша еңбек шығындары ведомосіне енгізілген құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін еңбек шығыны (адам/күн), оның негізінде объектілі күнтізбелік жоспардың есептеу бөлігі жасалады.

      ҚҰЖ құрамы мен мазмұны ҚҰЖ жасалуы бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес құрылыс объектісінің күрделілігін есепке ала отырып, көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерге байланысты толықтырылады.

  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 19 қыркүйектегі"
№ 656 бұйрығына
2-қосымша
  Тапсырыс берушінің
(құрылыс салушының) қызметін
ұйымдастырудың және
функцияларын жүзеге асыру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      Тапсырыс беруші:

      __________________________________________________________________________

      (толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі,

      мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер)

      Мердігер: ________________________________________________________________

      (толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі,

      мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер)

      Құрылыс: _________________________________________________________________

      (атауы, мекенжайы)

      Объект: __________________________________________________________________

      (атауы)

      _____________ № _______ мердігерлік шарт (келісімшарт)

Орындалған жұмыстарды қабылдау актісі (базалық-индекстік әдіс бойынша)

      20__жылғы ____________

      ________ жұмыстарына

      2001 жылғы бағада жасалды

р/с №

Норматив позициясының шифры және №

Жұмыстың және шығындардың атауы, өлшем бірлігі

Саны

Бірліктің құны, мың теңге

Жалпы құны, мың теңге

Үстеме шығыс-тар, мың теңге -------- %

Еңбек шығындары, адам сағат, құрылысшы жұмысшылар

Барлы-ғы

Машиналарды пайдалану

Барлы-ғы

Машина-ларды пайдалану

Машиналарға қызмет көрсететін жұмысшылар

құрылысшы жұмысшылар-дың жалақысы

оның ішінде машинистер-дің жалақысы

құрылысшы жұмысшылардың жалақысы

оның ішінде машинис-тердің жалақысы

бірлігі

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      Барлық тікелей шығындар

      оның ішінде мыналардың құны:

      материалдар, бұйымдар және конструкциялар

      жабдықтардың

      өзге де шығындар

      Үстеме шығыстар:

      жалақы

      еңбек қажеттілігі

      Жиыны:

      Сметалық жалақысы

      Нормативтік еңбек қажеттілігі

      Жиыны, ағымдағы бағаларда:

      Салықтар, алымдар, міндетті төлемдер

      Жиыны:

      Қосылған құн салығы (әрі қарай - ҚҚС):

      Барлығы:

Тапсырды (Мердігер)

Қабылдады (Тапсырыс беруші)



_____________________________________________________
(ұйымның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі)

__________________________
(ұйымның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі
немесе жеке сәйкестендіру нөмірі)



_________________________________
(лауазымы, қолы, қолтаңбаның толық жазылуы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)

___________________________
(лауазымы, қолы, қолтаңбаның толық жазылуы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Техникалық қадағалау сарапшысы(лары): ________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты,

      жеке сәйкестендіру нөмірі, аттестат №, қолы)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Құрылыс жобасын әзірлеушілер

      немесе авторлық қадағалау сарапшысы(лары): ____________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру

      нөмірі, бұйрық немесе аттестат №, қолы)

  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 19 қыркүйектегі"
№ 656 бұйрығына
3-қосымша
  Тапсырыс берушінің
(құрылыс салушының) қызметін
ұйымдастырудың және
функцияларын жүзеге асыру
қағидаларына
3-1-қосымша
  Нысан

      Тапсырыс беруші:

      __________________________________________________________________________

      (толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі,

      мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер)

      Мердігер: _________________________________________________________________

      (толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі,

      мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер)

      Құрылыс: _________________________________________________________________

      (атауы, мекенжайы)

      Объект: ___________________________________________________________________

      (атауы)

      _____________ № _______ мердігерлік шарт (келісімшарт)

Орындалған құрылыс жұмыстарын қабылдау актісі (ресурстық әдіс бойынша) №___

      20___ жылғы __________

      ________ жұмыстарына

      20___ жылға ағымдағы бағада жасалды.

р/с №

Нормалардың шифрі, ресурстың коды

Жұмыстың және шығындардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Бірліктің құны, теңге

Жалпы құны, теңге

Үстеме шығыстар, теңге

Үстеме шығыстармен және сметалық пайдамен жиынтық құны, теңге

Барлығы

Машиналарды пайдалану

Барлығы

Машиналарды пайдалану

Материалдар

құрылысшы жұмысшылардың жалақысы

машинистердің жалақысы

құрылысшы жұмысшылардың жалақысы

машинистер-дің жалақысы

жабдық, жиһаз, мүкәммал

сметалық пайда, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12














Тапсырды (Мердігер)

Қабылдады (Тапсырыс беруші)



______________________________________
(ұйымның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі)

_____________________________________
(ұйымның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі)



______________________________________
(лауазымы, қолы, қолтаңбаның толық жазылуы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)

_____________________________________
(лауазымы, қолы, қолтаңбаның толық жазылуы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Техникалық қадағалау сарапшысы(лары): ________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты,

      жеке сәйкестендіру нөмірі, аттестат №, қолы)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Құрылыс жобасын әзірлеушілер

      немесе авторлық қадағалау сарапшысы(лары): ___________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру

      нөмірі, бұйрық немесе аттестат №, қолы)

  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 19 қыркүйектегі"
№ 656 бұйрығына
4-қосымша
  Тапсырыс берушінің
(құрылыс салушының)
қызметін ұйымдастырудың
және функцияларын жүзеге
асыру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      Тапсырыс беруші:

      Мердігер:

      Құрылыстың атауы және мекенжайы:

Орындалған құрылыс жұмыстарының құны және шығындары туралы анықтама (базалық-индекстік әдіс бойынша)

      20__жылғы ____________

Код

Код

Шарт

Қаржыландыру көзі

Ұйымдастыру-құқықтық нысаны

тапсырыс беруші

мердігер

номері

күні

атауы

коды

атауы

коды

Іске қосу кешендерінің, объектілердің атауы

Орындалған жұмыстардың құны және шығындар, мың теңге

ҚҚС (1-баған бой-ынша)

Тө-лемге бар-лығы

ҚҚС қоса алғанда, жылдың басынан бастап есепті айға дейін

ҚҚС-сыз есепті айда (____ үшін)

1-бағаннан

2001 жылғы базалық баға деңгейіндегі құрылыс монтаждау жұмыста-рының құны

оның ішінде

2001 жылғы базалық баға деңгейіндегі ҚМЖ құрамына кірмейтін өзге де шығындар-дың құны

қосымша шығындар

есепті айда

жабдықты монтаждау бойынша

мате-риал-дарды сатып алуға

басқа қосымша шығыс-тар

А

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Тапсырыс беруші ____________________________________________________

      (лауазымы, аты-жөні, қолы бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе

      жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Мердігер ___________________________________________________________

      (лауазымы, аты-жөні, қолы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе

      жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Құрылыс жобасын әзірлеушілер

      немесе авторлық қадағалау сарапшысы(лары): _________________________

      (лауазымы, аты-жөні, қолы, бизнес сәйкестендіру нөмірі

      немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, бұйрық немесе аттестат №)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Техникалық қадағалау сарапшысы(лары): ______________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру

      нөмірі, аттестат №, қолы)

  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 19 қыркүйектегі"
№ 656 бұйрығына
5-қосымша
  Тапсырыс берушінің
(құрылыс салушының)
қызметін ұйымдастырудың
және функцияларын жүзеге
асыру қағидаларына
4-1-қосымша
  Нысан

      Тапсырыс беруші:

      Мердігер:

      Құрылыстың атауы және мекенжайы:

Орындалған құрылыс жұмыстарының құны және шығындары туралы анықтама (ресурстық әдіс бойынша)

      20__жылғы ____________

Код

Код

Шарт

Қаржыландыру көзі

Ұйымдастыру құқықтық нысаны

тапсырыс беруші

мердігер

номері

күні

атауы

коды

атауы

коды

Іске қосу кешендерінің, объектілердің атауы

Орындалған жұмыстардың құны және шығындар, мың теңге

ҚҚС (1-баған бойынша)

Төлемге барлығы

ҚҚС қоса алғанда, жылдың басынан бастап есепті айға дейін

ҚҚС-сыз есепті айда (____ үшін)

1-бағаннан

Сметалық баға деңгейіндегі құрылысмонтаждау жұмыстарының құны

оның ішінде

20__ жылғы базалық баға деңгейіндегі құрылыс монтаждау жұмыстарынның құрамына кірмейтін өзге де шығындардың құны

қосымша шығындар

есепті айда

жаб-дықты монтаждау бойынша

мате-риал-дар сатып алуға

басқа қосым-ша шы-ғыстар

А

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Тапсырыс беруші _______________________________________________________

      (лауазымы, аты-жөні, қолы бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе

      жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Мердігер ______________________________________________________________

      (лауазымы, аты-жөні, қолы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе

      жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Құрылыс жобасын әзірлеушілер

      немесе авторлық қадағалау сарапшысы(лары): ____________________________

      (лауазымы, аты-жөні, қолы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе

      жеке сәйкестендіру нөмірі, бұйрық немесе аттестат №)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Техникалық қадағалау сарапшысы(лары): _________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты,

      жеке сәйкестендіру нөмірі, аттестат №, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады