"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мерзімді баспасөз басылымдарының сайлау комиссияларының хабарларын республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастыру қағидалары мен көлемі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы міндетін атқарушы |
К. Петров |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы міндетін атқарушы |
Б. Мелдешов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрі
_____________ Д. Абаев
2018 жылғы "__" _________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Ә. Смайылов
2018 жылғы "__" _________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_____________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы "__" _________
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/201 қаулысымен бекітілген |
Мерзімді баспасөз басылымдарының сайлау комиссияларының хабарларын республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастыру қағидалары мен көлемі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мерзімді баспасөз басылымдарының сайлау комиссияларының хабарларын республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастыру қағидалары мен көлемі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және мерзімді баспасөз басылымдарының сайлау комиссияларының хабарларын республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастыру тәртібі мен көлемін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мерзімді баспасөз басылымдарына жариялау үшін:
1) Президенттікке кандидаттар тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік жетінші күннен кешіктірмей, әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылын, атқаратын қызметін (кәсібін), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, сондай-ақ кандидаттың қалауы бойынша оның қоғамдық бірлестікке, қай ұлтқа жататыны туралы мәліметтерді көрсете отырып, тіркелгені туралы;
2) партиялық тізімдер тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік оныншы күннен кешіктірмей, саяси партияның атауын және партиялық тізімге енгізілген адамдардың санын, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты күәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылын, атқаратын қызметін (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін көрсете отырып, тіркелгені туралы;
3) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік оныншы күннен кешіктірмей, әрбір ұсынылған кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылын, атқаратын қызметін (кәсібін), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, сондай-ақ кандидаттардың қалауы бойынша қай ұлтқа жататынын көрсете отырып, тіркелгені туралы;
4) сайлау өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын сайлау қорытындылары туралы;
5) сайланған Қазақстан Республикасының Президентін және Қазақстан Республикасының Парламентінің депутаттарын тіркеу туралы;
6) Қазақстан Республикасының Президентін, Парламент депутаттарын сайлау бойынша қайта дауыс беруді өткізу туралы, Президентті, Парламент депутаттарын қайта сайлауды өткізу туралы;
7) Президентті, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде қорға түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері, ерікті қайырмалдықтардың сомасы және сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстар туралы хабарлар ұсынады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.3. Тиісті сайлау комиссиялары мерзімді баспасөз басылымдарына жариялау үшін:
1) сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, сайлау округтерінің шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, сайлау округтерінің тізімін;
2) сайлауға дейін кемінде жеті күн бұрын Сенат депутаттарын сайлау жөніндегі сайлаушылар тізімін ұсынады, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың интернет-ресурстарында орналастырады;
3) Сенат депутаттығына кандидаттар тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік жетінші күннен кешіктірмей, әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылын, атқаратын қызметін (кәсібін), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, сондай-ақ кандидаттың қалауы бойынша оның қоғамдық бірлестікке тиесілілігі және қай ұлтқа жататыны туралы мәліметтерді көрсете отырып, тіркелгені туралы;
4) Парламент Сенаты, мәслихат депутаттарын, әкімдерді қайта сайлауды өткізу туралы;
5) мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдері тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік жетінші күннен кешіктірмей, саяси партияның атауын және партиялық тізімге енгізілген адамдардың санын, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылын, атқаратын қызметін (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін көрсете отырып, тіркелгені туралы;
6) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын мәслихат депутаттығына кандидаттар тіркелгеннен кейін күнтізбелік жетінші күннен кешіктірмей, әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылын, атқаратын лауазымын (кәсібін), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, сондай-ақ кандидаттардың қалауына қарай қай ұлтқа жататынын көрсете отырып, тіркелгені туралы;
7) әкімдікке кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылын, атқаратын лауазымын (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, ұсыну тәсілін, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы мен ұлты туралы мәліметтерді көрсете отырып, тіркеу туралы хабар жариялайды;
8) мәслихаттардың сайланған депутаттарын және әкімдерді тіркеу туралы;
9) сайлау өткізілген күннен бастап жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей, мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары туралы;
10) сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей, әкімдерді сайлау қорытындылары туралы;
11) сайлау комиссияларының жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп жасаған кандидаттардың бөлінген үй-жайда сайлаушылармен кездесу кестесі;
12) Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың сөйлейтін сөздері;
13) Парламент Сенатының, мәслихаттардың депутаттарын сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде қорға түскен ақшаның жалпы сомасы және ерікті қайырмалдықтардың сомасы, оның көздері және сайлау алдындағы үгітке арналған шығыстар туралы;
14) дауыс беру өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, Президентті, Парламент және мәслихаттар депутаттарын, әкімдерді сайлау бойынша дауыс беру уақыты мен орны туралы хабарларды ұсынады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.2-тарау. Мерзімді баспасөз басылымдарының сайлау комиссияларының хабарларын орналастыру тәртібі мен көлемі
4. Мерзімді баспасөз басылымдары тиісті сайлау комиссияларының осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген хабарларын ең жақын нөмірінде жариялайды.
5. Хабарларды мерзімді баспасөз басылымының бір нөмірінде, ал едәуір көлемді болса, басылымға қосымша ретінде жариялау қажет.
6. Хабарлар оларды кейіннен жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарының редакцияларына баспа өнімінің келесі нөмірі шығатын күннің алдындағы күнгі сағат он беске дейін жіберілуі қажет.