"Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 366 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 10 қазанда № 17525 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.10.2021 № 297 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10937 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-2-тармақ алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аукцион – жеке және заңды тұлғаларға сауда-саттық объектісін сатуға бағытталған сауда-саттықты өткізу нысанында қатысушылардың ұсынған бағасы сауда-саттық жеңімпазын айқындау басты өлшемшарты болып табылады;

      2) аукционшы – аукцион өткізетін адам;

      3) бастапқы баға – әрбір сауда-саттық объектісі бойынша сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) басталатын баға;

      4) ең төменгі баға – объектіні бұдан төмен бағаға сатуға болмайтын баға.

      Сауда-саттықтағы (конкурстардағы, аукциондардағы) объектінің ең төменгі бағасы, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы айқындаған және Жер кодексінің 14-1–бабында белгіленген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы өз құзыреті шегінде бекіткен кадастрлық (бағалау) құнынан төмен, ал ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне меншік құқығын сатқан кезде оның кадастрлық (бағалау) құнының елу пайызынан төмен белгіленбейді;

      5) жер учаскесі –Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;

      6) кадастрлық (бағалау) құны - мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелері және оларға түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны;

      7) конкурс – сауда-саттық объектісін пайдаланудың неғұрлым қолайлы шарттарын ұсынған жеке және заңды тұлғаларға оны сатуға бағытталған сауда-саттықты өткізу нысаны;

      8) қатысушы – сауда-саттыққа қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе заңды тұлға;

      9) құжаттың электрондық көшірмесі – төлнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;

      10) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі – лицензиялауды, сәйкестендіру нөмірін бере отырып, рұқсат алу бөлігінде рұқсат беру рәсімдерін электрондық түрде жүзеге асыруға, өтінім берушінің хабарлама жіберуіне және сол процестерді қамтамасыз етуге арналған, "электрондық үкіметтің" компоненті болып табылатын ақпараттық жүйе;

      11) сауда-саттық – сауда-саттық объектілерін сатудың аукциондық немесе конкурстық нысаны;

      12) сауда-саттық объектісі – жер учаскесіне жеке меншік құқығы немесе жалдау құқығы;

      13) сауда-саттықтың ағылшындық әдісі – бастапқы баға алдын ала хабарланған қадаммен неғұрлым жоғары баға ұсынған бір қатысушы қалған сәтке дейін көтерілетін сауда-саттық әдісі;

      14) сауда-саттықтың голландтық әдісі – бастапқы баға хабарланған қадаммен хабарланған баға бойынша қатысушылардың бірі объектіні сатып алуға келіскен сәтке дейін төмендейтін сауда-саттық әдісі;

      15) сатушы – Жер кодексінің 48-бабының 4-тармағына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;

      16) сатып алушы – сатушымен сатып алу-сату шартын жасасқан сауда-саттықтың (конкурстың, аукционның) жеңімпазы;

      17) уәкілетті орган – Жер кодексінің 14-1-бабында белгіленген олардың құзыреті шегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы;

      18) ұйымдастырушы – меншік иесі немесе онымен шарттың негізінде әрекет ететін мамандандырылған ұйым.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сатушы сауда-саттық объектісін сату жөніндегі сауда-саттықты дербес ұйымдастырады және өткізеді не сауда-саттық объектілерін сату бойынша электрондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізуге олардың ұйымдастырылуы мен өткізілуін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдармен (операторлармен) шарт жасасады.";

      2- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Сауда-саттықтың аукциондық нысаны және аукцион өткізуге дайындық";

      3- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Аукционды өткізу";

      33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Аукцион төменде сипатталған екі әдістің біреуі бойынша өткізіледі:

      1) ағылшындық әдіс – аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттыққа қатысушылар аукциондық нөмірді көтеруі арқылы бастапқы бағаны өсіреді, бірақ хабарланған қадамнан кем болмауы керек.

      Аукционшы қолайлы болу үшін объект бағасын ағымдағы қадамның жартысынан аспайтын шамаға дейін дөңгелектейді. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушының аукциондық нөмірін хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген аукциондық нөмірлер болмаған кезде, балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды;

      2) голландтық әдіс – аукционшы объектінің бастапқы бағасын хабарлайды және жаңа бағаны хабарлай отырып, оны мәлімделген қадаммен төмендетеді.

      Аукционшы баға хабарланған кезде аукциондық нөмірді бірінші көтерген қатысушының нөмірін атайды және балға соғу арқылы оны аукционда жеңіп шыққан адам деп жариялайды.

      Егер екі немесе одан көп нөмір бір мезгілде көтерілген жағдайда, нөмірді бірінші көтерген адам туралы шешімді аукционшы қабылдайды.

      Егер бастапқы баға хабарланған сәтте ұсынылған бағамен келісетін екі және одан да көп қатысушы болған жағдайда, аукционшы жеңімпаз анықталған сәтке дейін бағаны тіркелген қадам шамасына көтере бастайды.

      Егер аукционшы объектінің ең төмен бағасын хабарлаған кезде қатысушылардың бірде-біреуі аталған объектіні сатып алуға ниет білдірмесе, онда объект аукционнан алынады.

      34. Әрбір сатылған сауда-саттық объектісі бойынша аукцион нәтижелері, аукцион өткізілген күні жеңімпаздың қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

      Хаттама сатушы және жеңімпаз үшін бір-бір данадан екі данада жасалады.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Сауда-саттықтың конкурстық нысаны, конкурсты өткізуге дайындық";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мерзімді баспа басылымында, сатушының ресми интернет-ресурсында және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде конкурс қорытындылары шығарылған күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жарияланады.

      Конкурс өткізу туралы хабарламада мынадай мәліметтер:

      1) конкурсқа қатысу тәртібі;

      2) жер учаскесінің орналасқан орны, алаңы, нысаналы мақсаты;

      3) бастапқы бағасы;

      4) кепілдік жарнаның мөлшері мен енгізу тәртібі;

      5) қатысушылардың конверттерін ашу және конкурс қорытындыларын шығару жөніндегі конкурстық комиссия отырысының өтетін күні, уақыты және орны;

      6) конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі;

      7) өтінімнің нысаны;

      8) жер учаскесінің бағасы және оны пайдалану жөніндегі ұсыныстарды (конкурстық өтінімдерді) ұсыну мерзімі;

      9) жер учаскесін пайдаланудың шарттары мен талаптары қамтылады.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Конкурсқа қатысу шарттары";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Конкурсқа қатысушылардың ұсыныстарын (конкурстық өтінімдерін) қарау тәртібі";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Сатушы конкурстық комиссияның қорытындысына қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурстың жеңімпазын айқындайды, ол хаттамамен ресімделеді, оған жеңімпаз қол қояды.

      Хаттама сатушы және жеңімпаз үшін бір-бір данадан екі данада жасалады.";

      7-тарау алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары-
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      __________________ Д. Абаев

      2018 жылғы " " ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономикаминистрі

      министрі

      _____________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы " " ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады