Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшы лауазымдарын конкурстық негізде ауыстырудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 238 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2018 жылғы 11 қазанда № 17531 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 184 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 06.08.2019 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің конкурстық негізде ауыстырылатын басшы лауазымдарының тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Ұлттық бюро):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап, күнтізбелік он күн ішінде, оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін, екі жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін, екі жұмыс күні ішінде олардың орындалуы туралы мәліметтерді Агенттіктің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ұлттық бюро басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
А.Шпекбаев

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 238 бұйрығына
1-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Конкурстық негізде ауыстырылатын басшы лауазымдарының тізбесі

      1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі –Ұлттық бюро) департаменті басшысы;

      2) Ұлттық бюро департаменті басшысының орынбасары;

      3) Ұлттық бюроның дербес басқарма басшысы;

      4) Ұлттық бюроның дербес басқарма басшысының орынбасары;

      5) Ұлттық бюро департаментінің басқарма басшысы;

      6) Ұлттық бюро департаментінің басқарма басшысының орынбасары;

      7) Ұлттық бюроның аумақтық органы басшысының орынбасары;

      8) Ұлттық бюроның аумақтық органының басқарма басшысы;

      9) Ұлттық бюроның аумақтық органының басқарма басшысының орынбасары;

      10) Ұлттық бюроның аумақтық органының дербес бөлімінің басшысы;

      11) Ұлттық бюроның аумақтық органы басқармасының бөлім басшысы.

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 238 бұйрығына
2- қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізуқағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 33 – бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшы лауазымдарына конкурс (бұдан әрі-конкурс) өткізудің тәртібін айқындайды.

      2. Конкурс конкурстық негізде орналасатын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшы лауазымдарының тізбесінде көрсетілген бос және уақытша бос басшы лауазымдарға (бұдан әрі – бос лауазымдар) өткізіледі.

      3. Конкурс келесі түрлерден тұрады:

      1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері арасындағы ішкі конкурс (бұдан әрі - ішкі конкурс);

      2) барлық құқық қорғау органдары, олардың ведомствосы, мекемелері, білім беру ұйымдары, аумақтық немесе оларға теңестірілген құрылым қызметкерлері арасындағы ведомствоаралық конкурс (бұдан әрі - ведомствоаралық конкурс);

      4. Ішкі конкурста конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттар болмаған кезде ведомствоаралық конкурс өткізіледі.

      5.Конкурс бірқатар жүйелі кезеңдерді:

      1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

      2) конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген қызметкерлердің құжаттарын қабылдау;

      3 )конкурсқа қатысушылардың құжаттарын "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына кандидаттарды іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 7 қазандағы № 4 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 қазанда № 14318 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін (бұдан әрі – біліктілік талаптары) қарастыру;

      4) әңгімелесуді Ұлттық бюроның Кадр мәселесі жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі-Комиссия) жүргізеді;

      5) Комиссиясы отырысының қорытындысы.

      6. Комиссия шешімінің негізінде әңгімелесуге жіберілген конкурс қатысушылары бос лауазымға орналасуға кандидаттар (бұдан әрі – кандидаттар) болып табылады.

      7. Комиссия конкурсқа қатысушылар берген құжаттарды қарап, кандидаттармен әңгiмелесу өткiзедi және олардың арасында бос лауазымдарға орналасуға iрiктеудi жүзеге асырады.

      8. Комиссия шешімі бос басшы лауазымдарына тағайындауға немесе сол лауазымға тағайындаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

2-тарау. Ішкі конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары

1-параграф. Ішкі конкурс туралы хабарландыру

      9. Ішкі конкурсты өткізу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі– Агенттік) интернет –ресурсында жарияланады, Ұлттық бюроның және оның аумақтық органдарының ғимаратарын орналастырылады және мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) құжаттарды қабылдау үшін оның орналасқан орны пошталық мекенжайлары, телефон және факс нөмiрлерi, электрондық пошта мекенжайлары мекенжайы көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттiк органның атауы;

      2) негiзгi функционалдық мiндеттемелері көрсетiлген бос лауазым атауы;

      3) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;

      4) құжаттарды қабылдау мерзімі, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап есептеледі;

      5) осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі.

      10. Егер конкурс уақытша бос лауазымға өткізілетін болса, бұл Шарт ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.

      11. Ішкі конкурс жария етілген бос лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері арасында өткізіледі.

2-параграф. Ішкі конкурсқа қатысатын тұлғалардың құжаттарын қабылдау

      12. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері конкурс жариялаған кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына келесі құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ішкі конкурсқа қатысу үшін өтініш;

      2) құрылым бөлімше басшысылары бірі қол қойған жұмыстағы негізгі көрсеткіштер мен шынайы жетістіктерді көрсететін қызметтік іс-әрекеттің нәтижелері туралы мінездеме;

      13. Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей есептеледі.

      14. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну, сондай –ақ белгіленген мерзімді бұза отырып, кандидатты әңгімелесуге жібермеуге негіз болып табылады.

3-параграф. Ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарастыру

      15. Толық және жан-жақты ақпарат алу үшін кандидаттардың тізімі құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ішкі қауіпсіздік қызметіне жіберіледі.

      16. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ішкі қауіпсіздік қызметі конкурсқа қатысушылардың тізімдерін алған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тиісті ақпаратты кадр қызметіне жібереді.

      17. Кадр қызметі кандидаттарды ымыралы мәліметтердің бар-жоғына тексеру нәтижелері туралы мәліметтерді алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде кандидаттардың материалдарын (қызметтік тізім, қызметтік іс-әрекеттің нәтижелері туралы мінездеме, жүргізілген аттестаттау нәтижелері, кандидаттарды ымыралы мәліметтердің бар-жоғына тексеру нәтижелері) Комиссияның қарауына жібереді.

      18. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша комиссия кадр қызметінен алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде кандидаттарды конкурстың келесі кезеңдеріне жіберу немесе рұқсат беруден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Шешім хаттама түрінде ресімделеді және оған комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

      19. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесу өткізу күні мен уақыты туралы комиссия шешім қабылдаған күннен бастап келесі жұмыс күні өткенге дейін және әңгімелесу өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.

      Хабарлама өтініште көрсетілген қатысушылардың электрондық мекенжайларына, ұялы телефондарына ақпарат жіберу және телефон арқылы жүзеге асырылады.

3-тарау. Өзге де құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында ведомствоаралық конкурс өткізу тәртібі мен шарттары

1-параграф. Ведомствоаралық конкурс туралы хабарландыру

      20. Ведомствоаралық конкурс өткізу кезінде хабарландырулар Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылады, Ұлттық бюроның және оның аумақтық органдарының ғимараттарында орналастырылады және осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген мәліметтерді қамтиды.

      Бұл ретте, ведомствоаралық конкурсқа қатысу үшін кандидаттар осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

2-Параграф. Ведомствоаралық конкурсқа қатысатын тұлғалардың құжаттарын қабылдау

      21. Ведомствоаралық конкурсқа өзге де құқық қорғау органдарының, олардың ведомстволарының, мекемелерінің, білім беру ұйымдарының, аумақтық немесе оларға теңестірілген бөлімшелердің қызметкерлері қатысады.

      22. Ведомствоаралық конкурсқа қатысу үшін өтініш конкурс жариялаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр қызметіне хабарландыру жарияланған сәттен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.

      23. Ведомствоаралық конкурсқа қатысуға ниет білдірген қызметкерлер конкурс жариялаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте немесе электрондық түрде хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ішкі конкурсқа қатысу үшін өтініш;

      2 құрылымдық бөлімше басшыларының бірі қол қойған, жұмыстағы негізгі көрсеткіштер мен нақты жетістіктерді көрсететін қызметтік іс-әрекеттің нәтижелері туралы мінездеме;

      3) өз қызметін жүзеге асыратын кандидаттар: құқық қорғау органының кадр қызметі куәландырған, өткізілген аттестаттау нәтижелері.

      24. Осы Қағиданың 23-тармағында көрсетілген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған, сондай-ақ осы Қағиданың 22-тармағында көзделген мерзім бұзылған жағдайда, кадр қызметі кандидаттың конкурсқа қатысуға өтінішін қабылдамайды.

3-параграф. Ведомствоаралық конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау

      25. Кандидаттар туралы толық және жан - жақты ақпарат алу үшін кадр қызметі құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ішкі қауіпсіздік қызметіне тексеру үшін кандидаттардың тізімін жібереді. Қажет болған жағдайда ақпарат кандидаттың жұмыс орны бойынша құқық қорғау органынан сұралады.

      26. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ішкі қауіпсіздік қызметі конкурсқа қатысушылардың тізімдерін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тиісті ақпаратты кадр қызметіне жібереді.

      27. Кадр қызметі кандидаттарды ымыралы мәліметтердің бар-жоғына тексеру нәтижелері туралы мәліметтерді алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде кандидаттардың материалдарын (қызметтік тізім, қызметтік іс-әрекеттің нәтижелері туралы мінездеме, жүргізілген аттестаттау нәтижелері, кандидаттарды ымыралы мәліметтердің бар-жоғына тексеру нәтижелері) Комиссияның қарауына жібереді.

      28. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Комиссия үш жұмыс күні ішінде кандидаттарды конкурстың келесі кезеңдеріне жіберу немесе рұқсат беруден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Шешім хаттама түрінде ресімделеді және оған комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

      29. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесу өткізу күні мен уақыты туралы комиссия шешім қабылдаған күннен бастап келесі жұмыс күні өткенге дейін және әңгімелесу өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.

      Хабарлама өтініште көрсетілген қатысушылардың электрондық мекенжайларына, ұялы телефондарына ақпарат жіберу және телефон арқылы жүзеге асырылады.

4-тарау. Әңгімелесу жүргізу тәртібі

      30. Кандидатпен әңгімелесу Комиссиямен жүргізіледі.

      31. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте өтеді.

      32. Конкурсқа қатысушы конкурстық комиссияның мүшесі бола алмайды.

      33. Комиссия хатшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр қызметінің өкілі болып табылады, ол оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.

      Комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушылар кадр қызметтері мен штабтар лауазымдарына үміткер кандидаттармен әңгімелесу өткізу кезінде қатыса алады, сондай-ақ Комиссияның қорытынды отырысына қатыса алады.

      Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

      Әңгімелесу процесінде байқаушылар кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушылардың комиссия жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауына, кандидаттардың дербес деректеріне, кандидаттар қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жария етуіне, олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануына жол берілмейді.

      Бақылаушылардың қатысуымен олардың пікірі қорытынды отырыстың хаттамасында көрсетіледі.

      Комиссия отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

      34. Әңгімелесуді бейне байланыс арқылы жүргізуге жол беріледі.

      35. Әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркеледі.

      36. Техникалық жазба құралдарының көмегімен әңгімелесу барысында тіркелген материалдар конкурс аяқталған сәттен бастап кемінде 6 ай кадр қызметінде сақталады.

      37. Әңгімелесу мақсаты кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.

      Әңгімелесу барысында үміткерге бейінді, уәждемелік сұрақтар, құзыреттілік бойынша сұрақтар, сондай-ақ ситуациялық міндеттер қойылады.

      38. Комиссия шешімі кандидат болмаған кезде ашық дауыс беру жолымен қабылданады.

      39. Кандидат комиссия құрамынан қатысушылардың көпшілігі дауыс берген жағдайда оң қорытынды алады.

      40. Дауыстар тең болған кезде басшы лауазымға кадрлық резервте тұрған кандидаттарға басымдық беріледі. Дауыстар қайта тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      41. Комиссия әңгімелесу қорытындысы бойынша келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) жарияланған бос лауазымға тағайындауға ұсыну;

      2) жарияланған бос лауазымға тағайындаудан бас тартылсын.

      42. Комиссия шешімі хаттама түрінде ресімделеді және оған комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

      Комиссияның техникалық жазба құралдарын қолдануы туралы комиссия отырысының хаттамасында белгі қойылады.

      43. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр қызметі кандидаттарды Комиссия қабылдаған шешім туралы қорытынды отырыс хаттамасына қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      44. Жарияланған бос лауазымдарға тағайындауға ұсынылған кандидаттардың тізімі комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылады.

5-тарау. Қорытынды ереже

      45. Конкурста комиссияның оң қорытындысын алған Кандидат комиссия шешімі қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей жарияланған бос лауазымға тағайындалады.

      46. Комиссияның шешіміне жоғары тұрған органға не сотқа шағым жасалуы мүмкін.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет органдарындағы жоғары
тұрған басшы лауазымдарына
конкурс өткізу қағидаларына
1-қосымша
  Форма
  ____________________________
(мемлекеттік органның атауы)
___________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) (лауазымы)

Ішкі конкурсқа қатысуға арналған өтініш

      Мені___________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (лауазым атауы)

      бос лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің органдарында бос лауазымына орналасудың ішкі конкурс өткізу қағидаларының шарттарымен және талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

      Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

      Ұсынылған құжаттарымның түпнұсқалығын растаймын.

      _____________________________________ ___________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Қолы

      20 __ ж. "___"_______________

      Байланыс телефоны________________________________________

      /электрондық пошта_______________________________________

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет органдарындағы жоғары
тұрған басшы лауазымдарына
конкурс өткізу қағидаларына
2-қосымша
Форма
  ____________________________
(мемлекеттік органның атауы)
___________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) (лауазымы)

Ведомствоаралық конкурсқа қатысуға арналған өтініш

      Мені___________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (лауазым атауы)

      бос лауазымына орналасуға арналған ведомствоаралық конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің органдарында бос лауазымға орналасуға арналған ведомствоаралық конкурс өткізу қағидаларының шарттарымен және талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

      Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

      Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.

      _____________________________________ _________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Қолы

      20 __ ж. "___"_______________

      Байланыс телефоны_______________________________________

      /электрондық пошта______________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады