"Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 706 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 қазанда № 17574 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11197 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жолаушылар сыйымдылығы, жүк көтергіштігі, шекті қуаты және қозғалтқыш саны, желкендердің рұқсат етілетін алаңы, жүзу ауданы, кеме жүзе алатын толқын биіктігі, су үсті бортқа отыру, құтқару және өртке қарсы құралдармен, сигнал оттарымен, навигациялық және басқа да жабдықтармен жарақталуы бойынша белгіленген шарттарды, нормаларды және техникалық талаптарды сақтай отырып, шағын көлемді кемелер кеме кітабында мемлекеттік тіркелгеннен, борт тіркеу нөмірлерінің белгіленуінен, сонымен қатар техникалық куәландырылуынан кейін оларды пайдалануға жол беріледі (палубалы шағын көлемді кемелер үшін).";

      10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мынадай:

      кеме кітабында тіркелмеген;

      техникалық куәландырудан өтпеген (палубалы шағын көлемді кемелер үшін);

      борт нөмірлері жоқ;

      қайта жабдықталған;

      тиеу, жолаушылар сыйымдылығы, аудан және жүзу шарттары бойынша нормалары бұзылған;

      өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігі жоқ;

      мас күйінде шағын көлемді кемені басқаруға;";

      35-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кеме жүргізушіде шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігінің, жыл сайын техникалық куәландырудан өткені туралы белгі қойылған кеме билеті болмаса (палубалы шағын көлемді кемелер үшін);".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары-

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      _________________ Ө. Шөкеев

      2018 жылғы "__" ____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      ________________ Е. Сағадиев

      2018 жылғы "__" ____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ________________ Қ. Қасымов

      2018 жылғы "__" ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады