"Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу қызметі бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық саясатты іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 725 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 866 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 қазанда № 17581 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 31 қазандағы № 37 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 31.10.2022 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу қызметі бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық саясатты іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 725 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12776 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 ақпандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) мансаптық өсудің жүйесі мен өлшемшарттарында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кадр резервіне кірген қызметкерлердің мансаптық өсу жүйесі мансаптық өсуді жоспарлау және лауазымдық ауысу мен кәсіби даму кезеңдеріне сәйкес қызмет юойынша қызметкерлердің тағайындауға жалпы көріністерін анықтауда.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мансаптық өсудің жоспарын құру кезінде бірқатар міндеттер:

      қызметкердің әлеуеттік қабілеттілігін қолдану перспективасын анықтау және кәсіби құзыреттілігінің өсуін ынталандыру;

      кәсіби даярлау немесе қайта даярлау, біліктілгін арттыру қажеттілігінің деңгейін анықтау;

      қызметкерлердің мансаптық өсуінің ұзақ мерзімге жоспарлануын қамтамасыз етілуін шешіледі.";

      16, 17, 18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      16. Қызметкерді өсіру схемасын қалыптастыру:

      тігінен, осы кезде қызметкердің жоғары лауазымға өсіру жүзеге асырылады (лауазымдық өсу);

      көлденеңнен, осы кезде жоғары лауазымға тағайындалмай басқа функционалдық облысқа ауысуы жүзеге асырылады (ротация) немесе бөлімшеде белгіленген міндеттерді уақытша атқарады, сонымен қатар, міндеттері кеңейтіледі және күрделенеді (тең деңгейдегі лауазымда функционалдық міндеттердің өзгеруі).

      17. Қызметкердің тігінен өсіру схемасы, мақсатты (жоспарлы) лауазымға тұрмастан бұрын лауазымдардың дәйектілігін пысықтау қажет.

      Сонымен қатар, біліктілік талаптарына сәйкестік міндетті шарт болып табылады.

      18. Қызметкердің көлденеңнен өсіру схемасы, осы немесе басқа бөлімшеде бір деңгейдегі лауазымға ауысу дәйектілігін көрсетеді (тең деңгейдегі лауазымдар).

      Қызметкердің көлденең өсіруді қолдану кезінде құзыреттілігін кеңейту арқылы оның әлеуетін қайта қарау жүзеге асырылады, қызмет саласына сәйкес дағдыларды тереңдету.

      19. Мансаптық өсудің өсіруді схемасымен анықталған барлық аралық кезеңдерін өту кезінде, қызметкер белгіленген тәртіп бойынша мақсатты (жоспарланған) лауазымға тағайындалады немесе оны ауыстыру үшін конкурсқа қатысады.

      20. Мансаптық өсу жоспарына енгізу үшін қызметкерді өсіру схемасын таңдау тікелей басшымен жүзеге асырылады (қажет болған жағдайда кадр қызметінің келісімі бойынша).";

      3-қосымшада:

      Мансаптық өсу жоспарында:

      2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бөлім. Қызметкерді өсіру схемасы";

      1-кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-кесте. 1-нұсқа – қызметкерді тігінен өсіру";

      2-кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-кесте. 2-нұсқа – қызметкерді тігінен өсіру".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады