"Кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 463 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 994 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 қазанда № 17609 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) "Кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 463 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6580 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2010 жылғы 30 қазанда № 288-289/(26349-26350 жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 139 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13622 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 7 маусымда жарияланған) өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрықтары тізбесінің 5-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады