Қара және түсті металдар сынығы мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 қазандағы № 719, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 28 және Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 928 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қазандағы № 17613 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының аумағынан легирленген болаттың қалдықтары мен сынықтарын, оның ішінде тотығуға төзімді болатты (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 7204 21 1 00 0, 7204 21 900 0) және өзгелерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7204 29 000 0);

      Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшін әкелінетін және кері әкетілетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан жөндеу үшін әкетілетін және кері әкелінетін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 8607 19 100 1, 8607 19 100 9, 8607 19 900 9, 8607 21 1009 , 8607 21 900 9, 8607 30 000 0, 8607 99 800 0, 8607 29 000 0, 8607 12 000 0) бұрын қолданыста болған жылжымалы құрамның элементтерін қоспағанда, қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды) 7204, 7404 00, 7602 00, 8548 10 210 0, 8548 10 290 0, 8548 10 910 0), сондай-ақ бұрын қолдануда болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемдері мен жылжымалы құрамның элементтерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7302, 7303, 7304, 7305, 7306, 8607) автокөлікпен әкетуге 2 жыл мерзімге тыйым салу енгізілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.08.2019 № 639, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 02.09.2019 № 952 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.08.2019 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      1-1. Осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші абзацында көрсетілген тауарлар бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар бес жұмыс күні бұрын, бірақ тауарларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізудің болжамды күніне дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне жылжымалы құрамның элементтеріне жөндеу жүргізуге арналған шарттарды (келісімшарттарды), тауарларға арналған декларацияны (қажет болған жағдайда), сондай-ақ көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде орындалған жұмыстардың актісін ұсынады. Құжаттарды ұсыну тауарларды өткізу жоспарланып отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктінің атауы мен күнін көрсете отырып беріледі.

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан осы бұйрықтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, тауар, күні және тауарларды өткізу жоспарланып отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункті туралы хабардар етсін.

      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.08.2019 № 639, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 02.09.2019 № 952 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.08.2019 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлісіп Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының орындаун қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл тәртібін айқындасын.

      4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, қаржы, ұлттық экономика вице-министрлеріне жүктелсін.

      6. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ______________ Ж. Қасымбек
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ______________ Ә. Смайылов
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      __________ Т. Сүлейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады