"Қара және түсті металдар сынығы мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 қазандағы № 719, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 928, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 28 бірлескен бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 639, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 952 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 23 тамыздағы № 76 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 9 қыркүйекте № 19354 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қара және түсті металдар сынығы мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 қазандағы № 719, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 928, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 28 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17613 болып тіркелген, 2018 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының аумағынан легирленген болаттың қалдықтары мен сынықтарын, оның ішінде тотығуға төзімді болатты (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 7204 21 1 00 0, 7204 21 900 0) және өзгелерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7204 29 000 0);

      Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшін әкелінетін және кері әкетілетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан жөндеу үшін әкетілетін және кері әкелінетін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 8607 19 100 1, 8607 19 100 9, 8607 19 900 9, 8607 21 1009 , 8607 21 900 9, 8607 30 000 0, 8607 99 800 0, 8607 29 000 0, 8607 12 000 0) бұрын қолданыста болған жылжымалы құрамның элементтерін қоспағанда, қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды) 7204, 7404 00, 7602 00, 8548 10 210 0, 8548 10 290 0, 8548 10 910 0), сондай-ақ бұрын қолдануда болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемдері мен жылжымалы құрамның элементтерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7302, 7303, 7304, 7305, 7306, 8607) автокөлікпен әкетуге 2 жыл мерзімге тыйым салу енгізілсін.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші абзацында көрсетілген тауарлар бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар бес жұмыс күні бұрын, бірақ тауарларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізудің болжамды күніне дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне жылжымалы құрамның элементтеріне жөндеу жүргізуге арналған шарттарды (келісімшарттарды), тауарларға арналған декларацияны (қажет болған жағдайда), сондай-ақ көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде орындалған жұмыстардың актісін ұсынады. Құжаттарды ұсыну тауарларды өткізу жоспарланып отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктінің атауы мен күнін көрсете отырып беріледі.

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан осы бұйрықтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, тауар, күні және тауарларды өткізу жоспарланып отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункті туралы хабардар етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму, қаржы, ұлттық экономика вице-министрлеріне жүктелсін

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр
     
      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов
     
      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Дәленов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады